Үйде және қашықтықта істейтін жұмыс: құқықтық реттеудегі айырмашылықтар

104
Үйде және қашықтықта істейтін жұмыс: құқықтық реттеудегі айырмашылықтар
Вазенмиллер Елена Геннадьевна
Автор журнала «Справочник кадровика. Казахстан», руководитель подразделения юридической службы КГКП «Региональный центр переподготовки и повышения квалификации государственных служащих» акимата Костанайской области, г. Костанай
Еңбек қатынастарының үйде және қашықтықта істейтін жұмыс ең алдымен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, отбасы міндеттерін атқаратын адамдарға, жұмысты қоса атқаратындарға, студенттерге және т.с.с. лайықты.

Үйде істейтін жұмыс пен қашықтықта істейтін жұмыстың арасында айырмашылық бар ма? Бір қарағанда олардың ұқсастығы бар, алайда іс-тәжірибеде олардың арасында түбегейлі айырмашылықтар бар. Осы мақалада біз, үйде істейтін жұмыс пен қашықтықта істейтін жұмыстың арасында айырмашылық неде және еңбек қатынастарының мұндай нысандарын ұйымдастырудың ерекшеліктері қандай, талқылап көрейік.

                Үйде істейтін жұмыс

Қазақстан Республикасының заңнамасында өзінің еңбек міндеттерін үйде немесе қашықтықта жүзеге асыра алатын жұмыскерлердің нақты санаты айқындалмаған. Еңбек қатынастарының бұл нысандары ең алдымен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, отбасы міндеттерін атқаратын адамдарға, жұмысты қоса атқаратындарға, студенттерге және т.с.с. лайықты.

Қазақстанда қашықтықта жұмыс істейтін жұмыскерлер немесе «үйде істеушілер» ретінде алдыңғы қатарда ІТ-мамандар болады. Жұмыс беруші қашықтықтағы ІТ-маманға, ІТ-бағдарлама және бағдарламалау, сондай-ақ жүйелік басқару сияқты жұмыс түрлерін тапсыратын жағдайлар жиі кездеседі. Сондай-ақ қашықтықта істейтін жұмысқа сату, қаржы, бухгалтерия, рекрутинг және дизайн саласындағы мамандар тартылады.                

Жұмыс беруші қаржысын үнемдеу мақсатында «үйде істейтіндер» деп атайтын, үйде істейтін жұмыскерлерді жалдауы мүмкін.

Үйде істейтін еңбек, әдетте, кейбір жұмыскерлер үшін, өте жайлы және қолайлы және қандай да бір жағдайларға байланысты өзінің еңбек міндеттерін тікелей кәсіпорында істей алмайтын  адамдар үшін тиімді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексінің (бұдан әрі - ҚР ЕК) 137-бабының 1-тармағына сәйкес: «Жұмыс берушімен жұмысты өз материалдарымен және өзінің немесе жұмыс беруші бөліп беретін не жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды пайдалана отырып, үйде жеке еңбегімен орындау туралы еңбек шартын жасасқан адамдар үйде жұмыс істейтін жұмыскерлер деп есептеледі».

Осылайша, үйде жұмыс істейтін жұмыскерлерді басқа жұмыскерлер санатымен салыстырғандағы, негізгі ерекшеліктері:

  1. үйде жұмыс істейтін жұмыскерлер жұмысты жұмыс берушінің мүддесінде орындайды, бірақ, белгілі өндірістік жұмыс орындарында емес, өзінің үйінде;
  2. жұмыс жеке басының еңбегімен орындалады;
  3. жұмыскер өзінің материалдарын, жабдықтарын, құрал-саймандарын және құрылғыларын пайдалануы мүмкін;
  4. материалдарды, жабдықтарды, құрал-саймандарды және құрылғыларды жұмыс беруші беруі мүмкін немесе соның есебінен алынуы мүмкін.

Жұмыскердің жұмысты үйде орындауы еңбек шартын жасасқанда және еңбек шартының қолданылу мерзімінің ішінде еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізумен белгіленуі мүмкін.

Еңбек шартының осы өзгерістері басқа жұмысқа ауыстыру болып табылады, және ҚР ЕК 38-бабына сәйкес, міндетті түрде жұмыскердің келісімін талап етеді.

Сондай-ақ, ҚР ЕК 38-бабының 3-тармағына сәйкес, жұмыскердің денсаулық жағдайына байланысты медициналық қорытындымен расталған қарсы көрсетілімдер болған кезде, жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыруға жол берілмейтінін есте сақтау қажет.

 Үйде жұмыс істейтін жұмыскерлермен еңбек шарты ҚР ЕК 33-бабына сәйкес, жалпы негіздерде жасалады – жазбаша нысанда кемінде екі данада жасалады және оған тараптар қол қояды. Үйде жұмыс істейтін жұмыскерлермен еңбек шартын жасасқанда, ҚР ЕК 28-бабында еңбек шартына қойылатын жалпы талаптардан басқа, еңбек шартында:

1) жұмысты жұмыскерге меншік құқығымен тиесілі немесе жұмыс беруші бөліп беретін не жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды, материалдарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды пайдалана отырып орындау;

2) жұмыскерді жұмысты орындау үшін қажетті шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен қамтамасыз ету тәртібі мен мерзімдері;

3) жұмыскерге төленетін өтемақы және өзге де төлемдер туралы талаптар міндетті түрде көзделуге тиіс.

Үйде жұмыс істейтін жұмыскерге төленетін өтемақы және өзге де төлемдерге жұмыскердің меншік құқығына қатысты жабдықтарды, материалдарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды пайдалану үшін жұмсалған шығындар жатады. Өтемақы төлемдерінің мөлшері еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша белгіленеді. Жұмыскердің жеке мүлкін жұмыс берушінің мүддесі үшін пайдалануға байланысты, өтемақы төлемдерін жүзеге асыру ҚР ЕК 129-бабында көзделген.

Үйде істеушілердің жұмыс уақытын есептеу және сынақ мерзімі

Үйде жұмыс істейтін жұмыскерлерді жұмысқа қабылдағанда оларға сынқ мерзімін белгілеуге бола ма?

Сынақ мерзімі әдетте жұмыскердің тапсырылған жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатында белгіленеді. ҚР ЕК 36-бабына сәйкес, маусымдық жұмыскерлерден (ҚР ЕК 134-бабының 3-тармағы) басқа, кез келген жұмыскерлер санатына сынақ мерзімі белгіленеді. Демек,  үйде жұмыс істейтін жұмыскерлерге сынақ мерзімі жалпы тәртіппен белгіленеді.

Үйде істейтіндердің есебі жүргізілуге тиісті ме? Егер солай болса, онда оларға жұмыс уақыты есебінің табелін қалай дұрыс толтыру керек, жұмыс істелген уақытқа қанша сағат қойылады?

Үйде істейтіндердің жұмыс уақытының есебі, басқа жұмыскерлермен бірдей, міндетті түрде жүргізіледі. Табель, жұмыскерге белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына және аптадағы жұмыс күндеріне сүйене отырып толтырылады. Осылайша, 40-сағаттық бес күндік жұмыс аптасында үйде істейтін жұмыскерге жұмыс істеген бір күні үшін табельде 8 сағат қойылады. Демалыс және уақытша еңбекке қабілетсіздік уақыты аптасында үйде істейтін жұмыскерлердің жұмыс уақытын есептеу табелінде әдеттегі тәртіппен, яғни, жұмыскерлердің басқа санаттарымен бірдей көрсетіледі.

Жұмыс уақытын есептеуді жүргізу нысаны мен тәртібі жұмыс берушінің актісінде айқындалады.

Қашықтықтан жұмыс істеу

Ақпараттық технологиялардың және байланыс желілерінің тез дамуы жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында түбегейлі жаңа құқықтық қатынастардың қалыптасуына, яғни,  қашықтықтан жұмыспен қамтылуға әкеп соқты.

«Қашықтықтан жұмыс істеу» ұғымы Қазақстан заңнамасында 2012 жылы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы еңбек кодексіне өзгерістер енгізіліп, «Қашықтықтан жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері» 23-1-тарау қосылған.

ҚР ЕК 2016 жылғы үлгісінде  қашықтықта жұмыс істеуге қатысты барлық нормалардың барлығы сақталды.

Қашықтықтан жұмыс істеу жұмыс процесінде ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, еңбек процесін жұмыс беруші орналасқан жерден тысқары жерде жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады (ҚР ЕК 138-бабының 1-тармағы).

Үйде істейтін жұмыспен бірдей, қашықтықтан істейтін жұмыс та жұмыс берушінің орналасқан жерінен тыс жерде жүзеге асырылады.

Қашықтықтан істейтін жұмыстың айырмашылығы, жұмыскердің өз еңбек міндеттерін үйінен тысқары жерде орындауына болатыны.

Қашықтықтан істейтін жұмыстың негізгі ерекшеліктері:

  • жұмыс процесінде ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдаланады;
  • жұмыс беруші жұмыскерге коммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) береді;
  • байланыс құралдарын орнату мен оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды көтереді;
  • жұмыс беруші өтемақы төлей отырып, жұмыскерге меншікті коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдалануға жол беріледі.
  • жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының тіркелген есебі белгіленеді және оны бақылау жүзеге асырылады.

           Қашықтықтан істейтін жұмыскермен еңбек шарты жалпы негіздер бойынша жасалады. Сонымен бірге еңбек шартында келесі нормаларды жазу қажет:

  • жұмыскер меншікті коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланғанда оған берілетін өтемақының мөлшері мен төлеу тәртібі;
  • жұмыс беруші үшін жұмысты орындауға байланысты өзге де шығыстарды (электр энергиясының, судың құны және және басқа да шығыстар) өтеу.
  • жұмыс уақытының тіркелген есебін бақылау ерекшеліктері.

Қашықтықтан және үйде істейтін жұмыскерлер ұйымның штатына басқа жұмыскерлермен тең кіргізіледі.

Қашықтықтан және үйде істейтін  жұмысты ресімдеудің салыстырмалы кестесі

Үйде істейтін жұмыс

Қашықтықтан істейтін жұмыс

Ерекше өзешеліктері

Жұмыс үйде атқарылады.

Жұмыскердің материалдары мен жабдықтары қолданылады.

Жұмыс берушінің жабдығы қолданылуы мүмкін

Жұмыс жұмыс беруші орналасқан жерден тысқары жерде атқарылады.

Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдаланады

Жұмысты орындау орны

Жұмыскер жұмысты үйде орындайды.

Жұмыс беруші орналасқан жерден тысқары жерде (үйде орындау міндетті емес)

Еңбек шартын жасасу тәртібі

Еңбек шарты жалпы негіздер бойынша жасалады.

Үйде істейтін жұмыс еңбек шартын жасасқанда және еңбек шартының қолданылу мерзімінің ішінде белгіленуі мүмкін.

Еңбек шарты жалпы негіздер бойынша жасалады.

Еңбек шартындағы міндетті нормалар

Жұмыс кімнің жабдығымен жүргізілетінін көрсету (жұмыскердің әлде жұмыс берушінің).

Жұмыскерді жұмысты орындау үшін қажетті шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен қамтамасыз ету тәртібі мен мерзімдері.

Жұмыскерге төленетін өтемақы және өзге де төлемдер.

Жұмыс уақытының тіркелген есебін бақылау ерекшеліктері.

Жұмыскерге төленетін өтемақы және өзге төлемдер

Жұмыскердің жеке мүлкін жұмыс берушінің мүддесі үшін пайдалануы мүмкін

Жұмыскер меншікті коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланған жағдайда, міндетті түрде тараптардың келісім бойынша белгіленеді.

Жұмыс уақытының есебі

Заңнама белгілемеген (тараптардың келісімі бойынша айқындалады).

жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының тіркелген есебі белгіленеді

Сынақ мерзімі

Жалпы негіздер бойынша белгіленеді.

Жалпы негіздер бойынша белгіленеді.

Дереккөз: «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы»



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль