text
Справочник кадровика

Лауазымдық нұсқаулықтар: әзірленуі және міндеті

  • 18 марта 2015
  • 3732
Лауазымдық нұсқаулықтар: әзірленуі және міндеті

Лауазымдық нұсқаулық – бұл қызметкер өзінің әрекеттеріне басшылық: яғни, оның қандай іс-әрекеттер жасау керек екендігі және еңбегінің нәтижесін қандай өлшемдермен бағалайтыны туралы білім береді, қызметкердің лауазымы бойынша біліктілік деңгейін көтеру үшін бағдар береді, сонымен қатар, қызметкердің еңбек қызметінің нәтижелерін бағалаудың, оның алдағы уақыттағы ішкі қозғалысы мен қайта даярлығы туралы (жоғарылауы, ауыстырылуы, жұмыстан босатылуы, басқарушы кадрлардың резервіне қосылуы, қосымша оқуға жіберілуі және т.с.с.) шешімнің негізі.

Лауазымдық нұсқаулық – қызметкердің ұйымдық-құқықтық жағдайын, оның міндеттерін, құқықтары мен жауапкершілігін регламенттеу мақсатында, оның кәсіпорында (ұйымда) тиімді жұмыс істеу үшін жағдайын қамтамасыз ететін жергілікті нормативтік актілердің бірі. ҚР ЕК 11-бабына сәйкес, жұмыс беруші осы Кодекске және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, еңбек шартына, келісімдерге, ұжымдық шартқа сәйкес өз құзыреті шегінде актілер шығарады. Сондықтан, еңбек қатынастарын регламенттеу үшін, сол сияқты оларды әзірлеу, келісу және бекіту тәртібін дербес белгілеу үшін, жұмыс берушілер лауазымдық нұсқаулықтарды (бұдан әрі – ЛН) енгізулері мүмкін.

Бұл ішкі ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды жасаудың мақсаты, мемелекеттік органдар тексергенде, тиісті есептілік ретінде ұсыну ғана емес, сең алдымен ұйымның стратегиялық дамуы мен өндірістік жоспарларға сәйкес, ұйымның қызметкерге талаптар сипаттамасының болуы.

ҚР ЕК 125-бабының 1-тармағына сәйкес, қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен белгілі бір жұмыс түрлерінің күрделілігі БТБА, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары, Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы, сондай-ақ ұйымдар басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары негізінде белгіленеді.

ЛН әзірлеу міндетін жұмыс беруші кімге тапсыру керек екені туралы заңнамамен ескерілмейді. Оларды орындау, тиісті білімді, шеберлік пен дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасқанда көрсететін – білім, біліктілік, арнайы білімі немесе кәсіби дайындығы туралы құжаттарымен расталады.

Ұйым қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін бөлу мәселесі, олардың міндеттері мен өкілеттіктері нақты түрде көрсетілетін, ішкі ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттардың негізінде жасалады (жарғы, бұйрықтар, өкімдер, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер және т.с.с.).

Тәжірибе барысында ЛН құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерімен әзірленеді (әдетте, басшылармен немесе осы бөлімшелердің жұмыс берушінің уәкілетті білікті қызметкерлерімен), соған тиісті, өзгерістер мен толықтыруларды осы бөлімшелердің басшылары енгізеді.

Лауазымдық нұсқаулықтардың негізі – заңнамалық база

ЛН әзірлеу ақпарат жинаудан басталады. Осы құжаттарды қалыптастыру,  лауазымдар атауы туралы стандартты ақпаратты, қызметкерлердің біліктілік деңгейіне қойылатын талаптарды, негізгі функциялар мен лауазымдық міндеттер туралы қамтитын, келесі базалық нормативтік актілерді қолданбай жүргізу мүмкін емес, яғни:

  • Жұмыспен қамту классификаторын – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік классификаторы (ҚР МК 01-2005) және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығымен бекітілген Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;
  • Мемлекеттік қызмет туралы заңды;
  • Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасын;
  • Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын;
  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-ө-м бірлескен бұйрығымен бекітілген Ұлттық біліктілік шеңбері;
  • Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау мен еңбек министрінің 2007 жылғы 19 шілдеде № 165-ө бұйрығымен бекіткен Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің БТБА-сын, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын, Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын, сондай-ақ ұйымдар басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, сынақтау, қайта қарау, бекіту және қолдану ережесін.
  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін.

Ақпараттар кейсін қалыптастыру

ЛН әзірлегенде құрылымдық бөлімше туралы ереже пайдаланылады.  Ереже мен ЛН өзара байланысқан құжаттар, өйткені әрбір қызметкердің міндеті бүкіл қызметтің міндеті мен қызметінен шығады.

ЛН мәтіні қызметкердің міндеттерін, қызметін толық және айқын белгілеу қажет. Әрбір қызметкердің қызмет саласын дұрыс анықтамаса, ол қызметтің тұрақсыздығына және кейбір қызметкерлер әрекеттерінің келіспеушілігіне әкеледі. Әрине, қызметкердің өз міндеттерін дұрыс түсінбеген мұндай жағдай,  даудың пайда болатынына себеп болады.

 ЛН мәтіні жеке тармақтар бойынша баяндалады.

Дегенмен БТБА қызметкердің алдына қойылған міндеттерді толық сипаттауға бермейді, әдеттегідей, кадрлар бөлімінің маманы оларға сүйенеді, бірақ ЛН-ды анағұрлым егжей-тегжейлі сипатталуына тырысады. Мұндай жағдайда кадр маманы қызметкердің кәсіптік міндеттері мен лауазымдық міндеттерінің толық кейсін анағұрлым дәл қалыптастыру үшін өз жұмысына желілік басшылар мен кәсіпорынның бірінші басшыларын қосуы орынды болады.

Қажетті ақпараттар қатарында міндетті түрде мыналар көрсетілуге тиіс, яғни:

  • ұйымның, бөлімшенің атауы;
  • жалпы ережелер, лауазымдарды айқындау;
  • ұйым туралы қысқа мәліметтер;
  • бағыныштылық схемасы;
  • алмастыру мүмкіндігі;
  • жұмысты қысқа сипаттау;
  • мақсат үшін орындалатын жұмыстың мақсаты;
  • құқық;
  • жауапкершілік;
  • лауазымдық міндеттер (жұмыс мазмұндары);
  • талап етілетін нәтижелер мен бағалау өлшемдері;
  • анағұрлым жиі іскерлік байланыстар (ішкі, сыртқы);
  • бөлімшелер арасындағы ақпараттар ағымының схемасы;
  • бастапқы құжаттамаларды жүргізу;
  • жұмыс жағдайы (қауіпсіздік, жұмыс режимі, еңбекақы төлеу және т.б.);
  • еңбек қатынастарын ресімдеу тәртібі.

Лауазымдық нұсқаулықтардың үлгісін реттейтін айқын ережелердің жоқтығын ескеру қажет, жұмыс беруші өзіне ыңғайлы үлгілерді өзі таңдауға құқылы. ЛН-ды әзірлемесе және қолданбаса жұмыс беруші үміткерді таңдауда қателесуі мүмкін. ЛН жұмыс берушіге қызметкерді жұмысқа қабылдаған кезде немесе сынақ мерзімі барысында оны бағалау нәтижелері бойынша кәсіби біліксіздігі себебінен жұмыстан босатқан кезде негізделген жауап беруге мүмкіндік береді.

Қызметкерлердің міндеттерін сауатты бөлген жағдайда, жұмыс беруші өндірістік процестің тиімділігін қамтамасыз етеді. Еңбек міндеттеріне сәйкес еңбекақысын әділетті бөлу, еңбектің ынталандыруын дұрыс бақылауға және қызметкер мансабының өсуіне кепіл болады. Тағы бір жағымды жағы – еңбек қатынастарында даулар, қақтығыстар болған жағдайда жұмыс беруші мен қызметкер құқықтарының заңды қорғауы.

Дереккөз: «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Чтобы обеспечить качество материалов и защитить авторские права редакции, многие статьи на нашем сайте находятся в закрытом доступе.
Предлагаем вам зарегистрирроваться и продолжить чтение. Это займет всего полторы минуты, а вы получите:
  • доступ к 8 500+ полезным статьям
  • 10 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль