Орташа жалақыны есептеу ережелері

365
Орташа жалақыны есептеу ережелері
Маликова Надежда Июрьевна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрисконсульт, г. Алматы
Жаңа Қағидаларда келесі ұғымдарға анықтамалар беріледі, мысалы, ай – тиісті айдың 1-нен бастап 30-күніне (31-күніне) дейін қоса алғандағы (ақпанда – 28-күніне (29-күніне) дейін қоса алғандағы) кезең; жұмыс уақытының балансы – 36 сағаттық, 40 сағаттық жұмыс аптасы кезіндегі (бес күндік, алты күндік) жұмыс күндерін (сағаттарын) ескере отырып, тиісті күнтізбелік жылға арналған жұмыс уақытының нормаларын ай бойынша бөлу көрсеткіштерінің кестесі.

Бухгалтерлердің жұмысында қолданылатын ең маңызды есептердің бірі орташа жалақыны есептеу болып саналады. Орташа жалақы көптеген әртүрлі жағдаяттарда есептеледі: мысалы, еңбек демалысының төлемдерін, өтемақы төлемдерін, кепілдіктерді және басқа көптеген көрсеткіштерді есептегенде.

Осы мақалада біз жаңа Орташа жалақыны есептеу ережесіне талдау жасап, 2015 жылғы 7 шілдедегі бұйрық міндетті төлемдер есебіне әсер етті ме, соны талқылаймыз.

2015 жылғы 20 тамызға дейін орташа жалақыны есептеу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1394 қаулысымен бекітілген, Орташа жалақыны есептеу ережесі бойынша жүргізілген.

2015 жылғы 20 тамыздан бастап 2015 жылғы 7 шілдедегі № 567 бұйрықпен бекітілген, Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидалары күшіне енді, ал 2015 жылғы 30 қарашада  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы»  жаңа № 908 бұйрығы шығарылды (бұдан әрі – Қағидалар).

Жаңа Қағидалар енгізген негізгі өзгерістер мен толықтырулар

Қағидалар жаңа анықтамалармен  және қолданыстағы анықтамаларды түсіндірулермен толықтырылды, бұл, сөзсіз, құжатта қолданылатын терминдерді түсінуге көмектеседі.

Жаңа Қағидаларда келесі ұғымдарға анықтамалар беріледі, мысалы, ай – тиісті айдың 1-нен бастап 30-күніне (31-күніне) дейін қоса алғандағы (ақпанда – 28-күніне (29-күніне) дейін қоса алғандағы) кезең; жұмыс уақытының балансы – 36 сағаттық, 40 сағаттық жұмыс аптасы кезіндегі (бес күндік, алты күндік) жұмыс күндерін (сағаттарын) ескере отырып, тиісті күнтізбелік жылға арналған жұмыс уақытының нормаларын ай бойынша бөлу көрсеткіштерінің кестесі.

Жаңа Қағидаларда, орташа айлық жалақыны айқындаудың барлық жағдайлары үшін есеп айырысу кезеңінен Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексіне (бұдан әрі – ҚР ЕК) сәйкес, мереке күндері, сондай-ақ демалыс күндері болып табылатын мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар – православиелік Рождество алынып тасталатыны айтылған.

Қазақстан Республикасындағы ресми мерекелер

Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері деп танылады (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» N 267-ІІ Заңының 5-бабы). 

Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке – 16–17 желтоқсанда атап өтілетін 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелер – мына күндері атап өтілетін мерекелер:

  • 1–2 қаңтар – Жаңа жыл;
  • 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
  • 21–23 наурыз – Наурыз мейрамы;
  • 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
  • 7 мамыр – Отан қорғаушы күні;
  • 9 мамыр – Жеңіс күні;
  • 6 шілде – Астана күні;
  • 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.
  • 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

Орташа жалақыны есептеу және орташа күндік (сағаттық) жалақыны есептеу тәртібі

Жаңа Қағидаларға сәйкес, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409-І Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім) (2015.24.11 берілген өзгерістер мен толықтырулармен) бойынша, азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу үшін айқындалған орташа айлық жалақыны қоспағанда, бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйлықақылар және еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік (сағаттық) жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі.

Бұл ретте орташа күндік (сағаттық) жалақы ретінде уақыт бірлігі (күн, сағат) үшін төленетін орташа жалақы түсініледі.

Қағидалардың 7, 8, 9-тармақтарында орташа жалақыны есептеу және орташа күндік (сағаттық) жалақыны есептеу тәртібі белгіленген: қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есептеледі. Барлық жағдайларда орташа күндік (сағаттық) жалақы есеп айырысу кезеңде есептелген жалақы сомасын есеп айырысу кезеңдегі жұмыс күндерінің (сағаттарының) санына бөлу жолымен айқындалады.

 Егер есеп айырысу кезеңі жұмыспен толық өтелмесе, онда орташа күндік (сағаттық) жалақы жұмыс істелген уақыт үшін есептелген жалақының сомасын осы жұмыс істелген уақытқа сәйкес келетін бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы кезіндегі жұмыс күндерінің (сағаттарының) санына тиісінше бөлу жолымен айқындалады. Бұл тармақтар 2007 жылғы Ережелерге ұқсас, тек құжат тармақтарының нөмірлері өзгерген.

Қағидалардан вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақылар үшін төленетін орташа жалақыны есептеу тәртібі алынып тасталды.

Жылдық сыйлықақы

Қағидаларда, орташа жалақыны есептегенде, жылдық сыйлықақы қалай бөлінетіні белгіленген.

 Жаңа толықтыруларға сәйкес, жылдық сыйлықақылар орташа жалақының есебіне кіреді, атап айтқанда: өткен жылдың жұмыс қорытындысы бойынша төленетін жылдық сыйлықақылар, сыйақылар орташа жалақыны есептеу кезінде, есеп айырысу кезеңі шегіндегі жылдық сыйлықақыны, сыйақыны нақты төлеу айының алдындағы әрбір айға 1/12 мөлшерінде нақты төлеу сәтінен бастап есептеледі.

Есеп айырысу кезеңі жұмыспен толық өтелмесе, жылдық сыйлықақы нақты жұмыс істеген айларға бөлінеді және сыйлықақы төлеу айының алдындағы әрбір нақты жұмыс істеген айға нақты төлеу сәтінен бастап есептеледі.

Орташа жалақыны есептегенде акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі, ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басқарушы жұмыскерлерінің жылдық сыйақылары ескерілмейді.

Орташа жалақыны есептеу кезінде ескерілмейтін төлемдерге мыналар:

      1) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі үшін өтемақы;

      2) еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы, сондай-ақ жұмыс беруші белгілейтін әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне қосымша төлемдер;

      3) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде қызметкерлерге төленетін сауықтыруға арналған жәрдемақы;

      4) қызметтік іссапарға жіберілетін қызметкерлерге берілетін өтемақы;

      5) тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипатында не қызмет көрсететін учаскелері шегінде қызметтік сапарлармен байланысты болған жағдайларда берілетін өтемақы төлемдері;

      6) дала жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге берілетін далалық жабдықталым;

      7) қызметкерді жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауыстыру немесе көшіру кезіндегі өтемақы төлемі;

      8) қызметкердің (жеке тұлғаның) жеке мүлкін тараптардың келісімі негізінде жұмыс берушінің мүдделері үшін пайдаланған кездегі шығыстарды өтеу;

      9) Еңбек кодексіне сәйкес берілген арнайы киімнің, арнайы аяқ киімнің және басқа да жеке қорғану, алғашқы медициналық көмек құралдарының, жуу және зарарсыздандыру материалдарының, сүттің, емдеу-профилактикалық тағамдардың және басқа да құралдардың құны;

      10) қызметкер еңбек міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша төлемдер (жоғалтқан жалақысы бөлігіндегі төлемдерден басқа);

      11) қызметкерлерге жұмыс беруші (бала туған кезде, дәрігерлік қызметтің ақысын төлеу үшін, жерлеуге және басқа да жағдайларда) көрсететін материалдық көмек (ақшалай жәрдемақы), сондай-ақ жұмыс берушінің қаражаты есебінен ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актісінде қосымша көзделген өтемақылар мен әлеуметтік кепілдіктер төлемдері;

      12) «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының № 267-II Заңында белгіленген мерекелік күндерге, мерейтой күндеріне байланысты, лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін, мінсіз еңбек қызметі үшін, зейнетақыға шығуына орай жұмыс беруші еңбекақы төлеу қоры есебінен беретін біржолғы көтермелеу төлемдері (біржолғы ақшалай сыйақыларды қоса алғанда);

      13) ҚР ЕК сәйкес жұмыс берушінің кінәсінен жалақы төлемдері кешіктірілген кезде және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін жұмыс берушінің қызметкерге төлейтін өсімақылары;

      14) қызметкерлерді оқытуға және біліктілігін арттыруға байланысты жұмыс берушінің шығыстары;

      15) спорттық байқауларда, конкурстар мен жарыстарда жүлделі орындар үшін берілетін ақшалай наградалар;

      16) ҚР ЕК 124-бабына сәйкес қызметкерге мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындайтын жері бойынша төленген жалақы;

      17) ҚР ЕК 72-бабына сәйкес қызметкерлерге күнделікті жұмысын (жұмыс ауысымын) бөліктерге бөлу кезіндегі жұмысы үшін өтемақы төлемдері;

      18) үйде жұмыс істейтін қызметкерлерге төленетін өтемақы төлемдері жатады;

      19) баланы (балаларды) тамақтандыруға арналған үзілістер кезінде сақталатын орташа жалақы, ҚР ЕК 82-бабына сәйкес.

Осылайша, заңнамада орташа жалақыны есептеу тәртібі бойынша түбегейлі өзгерістер енгізілмеді деген қорытынды жасауға болады. Жаңа Қағидалар орташа жалақыны есептеу кезінде, көкейде жүрген сұрақтарға жауап беріп, бухгалтерлердің жұмысын бірталай жеңілдететін, есептеу тәртібін нақтылауға бағытталған.



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль