Ұлттық біліктілі жүйесі – еңбек ресурстарын қалыптастыру құралы

60
Бектемиров Абдраш Карбозович
Автор журнала «Охрана труда. Казахстан», заместитель директора ТОО «Институт сейсмологии», к. э. н., ассоциированный профессор РАМ
Қазақстан Республикасында еңбек нарығының талаптарын ескере отырып Ұлттық біліктілік жүйесін әзірлеу және енгізу жалғасуда. Біліктіліктің жүйелерін әзірлеу мен жетілдірудің өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы, еңбек нарығының талаптарын, Қазақстанның халықаралық білім кеңістігіне бірігуін ескере отырып жоғары білікті кадрларды дайындау қажеттілігімен шарттасқан.

Ғылыми-техникалық прогресс қарқынының жылдамдатылуы, технологиялардың үнемі жаңартылуы арнайы білімдер мен дағдылардың тез ескіріп қалатынына алып келеді, ал әлемдік экономиканың жаһандануы жұмыс күшінің жинақылығы мен әртүрлі елдерден алған біліктіліктерді салыстыруға  жаңа талаптар қояды.  Сондықтан дамыған елдер дәйекті түрде ұзақ мерзімді келешекте тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, кәсіби білім мен еңбек нарығын реттеуге жаңа тәсілдер қалыптастырады. Еңбек қатынастарындағы жаңа жүйенің  табысты болуының басты шарты,  кәсіпқорларды даярлау мен қайта даярлау процесінде жұмыс күшін тиімді пайдалануды көтеру мен шығындардың төмендеуіне (уақытша, қаржылық және т.б.) мүмкіндік беретін еңбек нарығы (қызметкерлер, жұмыс берушілер мен мемлекеттік институцияларды қосқанда) мен білім салаларының сындарлы механизмін құру болып табылады. Осы мақалада біз Ұлттық біліктілік жүйесін әзірлеу мен рөлін қарастырамыз.

                                                       Біліктілік шеңбері

Қазақстан Республикасында еңбек нарығының талаптарын ескере отырып Ұлттық біліктілік жүйесін (бұдан әрі – ҰБЖ) әзірлеу және енгізу жалғасуда. Біліктіліктің жүйелерін әзірлеу мен жетілдірудің өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы, еңбек нарығының талаптарын, Қазақстанның халықаралық білім кеңістігіне бірігуін ескере отырып жоғары білікті кадрларды дайындау қажеттілігімен шарттасқан.

Біліктіліктің ұлттық шеңбері мен жүйелерін жасау Еуропа елдерінде білім саласындағы бірігу процестеріне байланысты. Бәріне мәлім, Еуропа одағының шеңберінде білім саласында екі бірігу процесі жүзеге асырылуда – Болон процесі (жоғары білім саласындағы біліктілік құрылымдарды үйлестіру бойынша) және Копенгаген процесі (кәсіби білім саласы бойынша). Екі процесс те  еуропалық кеңістіктің әлеуметтік және экономикалық дамуының қалыптасуына айтарлықтай ықпал етеді. Бұл елдер өздерінің біліктілік шеңберлерін еуропалық біліктілік шеңберімен салыстырмалы болуға мүдделі.

Кейбір елдер – Еуропа Одағының мүшелері – біліктіліктің ұлттық шеңберлері мен жүйелерін жасап, бекітіп қойды. Сонымен бірге біліктіліктің барлық шеңберлері оқыту нәтижелеріне негізделеді, өйткені осындай амал, біліктіліктің деңгейін құрылымдап, салыстыруға мүмкіндік береді.  Сонымен бірге, оқыту нәтижелерінің негізінде еңбек нарығы мен азаматтардың  қажеттіліктеріне жауап беретін, білім стандарттары мен бағдарламаларын тиянақты қалыптастыруға болады.

Біліктіліктің ұлттық шеңберін әзірлейтін барлық елдерде, шеңбер біліктіліктің ұлттық жүйесінің бөлігі ретінде қарастырылады, оның мақсаты – Еуропалық біліктіліктің шеңберімен және білім деңгейімен салыстырмалы болу.

Ұлттық біліктілік шеңберін (бұдан әрі – ҰБШ) құрудың  шет елдерінің мысалдарына тоқталайық.  

Австрия. ҰБШ әзірлеу бойынша ұлттық стратегиялық топ 2007 жылы құрылған. Сол сәттен бастап барлық мемлекеттік деңгейде барлық мүдделі тараптармен кеңестер басталды.

Әзірлеу бойынша қызмет Австрия еңбек, өнер және мәдениет Министрлігінің Бас директоратымен басқарылды. ҰБШ әзірлеу бойынша жұмыс 2010 жылы аяқталды.  

Италия. ҰБШ қалыптастыру бойынша жұмыс 2006 жылы басталды. Еңбек министрлігі, ҰБШ әзірлеу мен енгізуге бағытталған «Ұлттық кестені» дайындады. Шеңберді дайындауда білім министрлігі, университеттер, аймақтар мен әлеуметтік серіктестер қатысты. Ал міндеті мүдделі тараптармен берілген барлық дәрежелерді, мамандықтар мен дипломдарды бірыңғай шеңберге біріктіру болды.

Великобритания. 2000 жылы, сегіз негізгі деңгейі бар, ҰБШ-нің бірінші баспасы қабылданды. Алғашында бірнеше ҰБШ жұмыс істеді:

  1. есептік бірлік пен біліктіліктің шотландық шеңбері;
  2. Уэльстың есептік бірлігі мен біліктілігі;
  3. Англия, Уэльс және Солтүстік Ирландия жоғары білімінің біліктілік шеңбері.

Жаңа Ұлттық біліктілік шеңбері 2008 жылы қабылданды.

Қазақстан Республикасы. Ұлттық біліктілік жүйесін құру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 616 қаулысымен «Ұлттық біліктілік жүйесін кезең-кезеңімен әзірлеу жоспары» бекітілді.

Ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеу

Қазақстан Республикасында ҰБШ  сегіз біліктілік деңгейінен тұрады, бұл Ұлттық біліктілік жүйесінің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады және Еуропалық біліктілік шеңберіне сәйкес келеді. ҰБШ  кезең-кезеңімен әзірлеу жоспары  «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңына сәйкес келеді.

Жоспар келесі іс-шаралар кешенінен тұрады:

  1. Ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеу және бекіту.

           Қазақстан Республикасының ҰБШ Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-ө-м бірлескен бұйрығымен бекітілді. Қазақстан Болон декларациясына қол қоюшы-жас мемлекет болып табылады және Ұлттық біліктілік шеңберін қабылдаған 27 мемлекеттердің санына кіреді.

           Біліктілік деңгейі белгілі білім бағдарламасы мен (немесе) практикалық тәжірибені игерудің нәтижесі болып табылады. Біліктілікті жетілдіру немесе оның бейінін өзгерту үшін әрбір деңгейде кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің қосымша білім бағдарламалары бойынша тиісті лицензиялары бар ұйымдарда оқуға болады. Біліктілік деңгейі практикалық жұмыс тәжірибесін меңгеруіне, өз бетінше білім алуына және оқуына қарай жетілуі мүмкін.

        Қызметкердің практикалық тәжірибесін, біліктілікті арттыру курстарын және осы сияқтыларды ескеру арқылы жеке білім беру траекториясын құруға болады, бұл біліктілік деңгейлерін алға және жоғары қарай да дамытуға мүмкіндік береді.

         Ұлттық біліктілік шеңбері келесі деңгейлерге бөлінеді:

  • бірінші және екінші деңгейлер жалпы орта білімге сәйкес;
  • үшінші және төртінші деңгейлер – техникалық және кәсіби білімге (жоғары дәрежелі)
  • бесінші деңгей – техникалық және кәсіби білімге (орта буын маманы), содан кейін – орта және жоғары білімге;
  • алтыншы деңгей – жоғары білімге;
  • жетінші және сегізінші деңгейлер – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімге (бакалавриат, магистратура және докторантура)

ҰБШ мамандар біліктілігінің сәйкестігін растау және оны беру жүйесінің негізі болып табылады.

  1. Біліктіліктің салалық шеңберлерінің әзірленуі және енгізілуі.

ҰБШ біліктіліктердің салааралық салыстырмалығын қамтамасыз ете отырып, салалық біліктілік шеңберін (бұдан әрі – БСШ), кәсіби стандарттарды (бұдан әрі – КС) әзірлеу үшін бірыңғай шәкілді айқындайды және мамандар біліктілігінің сәйкестігін растау және оны беру жүйесі үшін негіз болып табылады.

БСШ салаларда, жұмыстың күрделілігіне және пайдаланған құзыретінің сипатына қарай, маманның біліктілігіне талаптарды жүйелейді, сонымен қатар жұмысты тарифтеуде, аттестаттауда, персонал мансабының өсу траекториясын құруда маңызды рөл атқарады.

3. Кәсіби стандарттарды әзірлеу және енгізу.

КС әзірлеу уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерімен және біліктіліктің салалық шеңберлері негізінде қызметкерлердің салалық бірлестіктерімен  бірлесіп жүзеге асырылады.

КС әзірлеу мақсатында халықаралық талаптарға сәйкес келесі жұмыстар атқарылды:

  • Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 17 ақпандағы № 566-IV «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – ҚР ЕК) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен   ҚР ЕК өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Заңнамалы түрде ұлттық біліктілік шеңбері, салалық біліктілік шеңберлері, кәсіби стандарттар, кәсіби даярлықты бағалау мен мамандардың біліктілігінің сәйкестігін растау;
  • Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-ө-м бұйрығымен кәсіби стандарттардың құрылымы мен әзірлеу ережелері, қайта қаралуы, қолданылуы мен апробациясы бекітілді.
  • Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 маусымдағы  № 292-ө-м бұйрығымен кәсіби стандарттарды әзірлеу және ресімдеу бойынша Әдістемелік ұсынымдар бекітілді.

Қазақстанда барлығы 257 кәсіби стандарттар салаларда әзірленді: мұнай-газ және химиялық салада, байланыста, геологияда, тау-кен өнеркәсібінде, энергетикада, көлікте, құрылыста т.б. Тағы да 147 КС әзірлеу жоспарланды. Жоспарға сәйкес 800–900 мамандықтарға арналған КС әзірлеу жоспарлануда.

4. Мамандардың кәсіби даярлығы мен біліктілігін растау деңгейінің бағалау жүйесін енгізу.

Жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектерін тек қана кәсіби даярлығының деңгейін растағаннан кейін кәсіби қызметке рұқсат ететін әлемдік тәжірибеге сәйкес, жұмыс берушілер қоғамдастығында, Қазақстан Республикасында 2015 жылы 75 % колледж түлектері және 35 % жоғары оқу түлектері жұмыс берушілер қоғамдастығында біліктілікті растаудың тәуелсіз жүйесін өтетіні жоспарлануда.

Қазіргі уақытта білім бағдарламасына дайындалған стандарттарды енгізу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, индустрияландыру міндеттерін жүзеге асыру мақсатында дайындалатын кадрлар үшін, он жоғары оқу орны, сонша орта арнаулы оқу орны таңдалып алынды.

Салалық ассоциациялар да анықталды: тау-металлургиялық, туристік пен мұнай-газ. Осылардың негізінде түлектер өздерінің біліктілігін алғашқы сынақ тәртібінде растайды. Оларға:

  • республикалық тау-кен және тау-металлургиялық кәсіпорындар ассоциацияларының  HR-жобалар орталығы;
  • Қазақстан туристік ассоциациясының «Қонақжайлылық индустриясының сертификатталған орталығы» ЖШС;
  • «KazEnergy» қоғамдық қор ассоциациясының жанындағы персоналды сертификаттау бөлімі;

Ұлттық шеңберлер мен біліктілік жүйесі саласындағы қазақстандық және халықаралық тәжірибені зерттей отырып, негізгі жауапты және басты кейіпкерлер мемлекеттік органдар болып табылады деген тұжырымға келуге болады, яғни, салалық министрліктер, әртүрлі жұмыс берушілер мен кәсіподақтар ұйымдастырған қауымдастықтар,

Бұдан, нәтижелері кәсіби білім жүйесінің ерекшелігімен тікелей байланысты екені, яғни, жұмыс берушілердің мемлекеттік саясатқа қатысу және аталған салада шешім шығару деңгейіне байланысты екені белгілі болады.

Кәсіби стандарттарды дайындағандардың бірі «Қазақстан Республикасы Денсаулық және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК болып табылады. 2013 жылы институт мамандары Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінде 19 кәсіби стандарттарды әзірлеп, бекітті: қызметшілер лауазымдарына, экономикалық қызметтің жалпы барлық салаларына, сол сияқты әлеуметтік-еңбек саласына. Сондай-ақ, 2014 жылы өнеркәсіп меншігі мен жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеу салаларында КС әзірленді.

Елбасының «Қазақстанды әлеуметтік модернизациялау: Жалпылай Еңбек Қоғамына жиырма қадам» мақаласында лайықты жұмыспен қамту қол жетімділігін кеңейту мен еңбек ресурстарындағы дамып келе жатқан экономиканың қажеттілігін қанағаттандыруға ерекше көңіл бөлінген.

Ұлттық біліктілік жүйесі – адам капиталының дамуы мен еңбек ресурстарының қалыптасуының жәрдем құралы. Сондықтан, қазіргі заманның еңбек нарығындағы талаптарды ескеріп, мамандарды білікті даярлау үшін, еліміздің ҰБЖ құруда маңызды орын барлық мүдделі тараптардың белсенді қатысуына берілу керек. 



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль