Жұмыстан шығаруға себеп жоқ

79
Кейде жұмыс берушінің белгіленген тәртіптің ережелері мен нормаларын сақтамауы қызметкерді өте ыңғайсыз жағдайда қалдырады, тек Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жақсы білгені қызметкерді де жұмыс берушіні де қажетсіз дау-дамайдан қорғауы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер бойынша бақылау сот алқасымен азаматша А-ның тәртіптік жазаларды қолдану туралы бірқатар бұйрықтарды заңсыз деп тану туралы, оның ішінде жұмыстан босату мен 50 % сыйлықақыдан айыру туралы «А» АҚ мен «Б» ЖШС-не талап арызы бойынша, кассациялық комиссия шешімін қайта қарау туралы, бұрынғы жұмыс орнына қайта алу, мәжбүрлі жұмыстан қалған уақыт үшін еңбекақыны өндіріп алу, сыйлықақының алмаған сомасы мен моралдық зияны үшін бір миллион теңге мөлшерінде ақшалай өтемақы  туралы өтініші қаралды.

СӨЗ – ТАЛАПКЕРГЕ

Азаматша А. тәртіптік жазаларды қолдану туралы бірқатар бұйрықтарды заңсыз деп тану туралы, оның ішінде жұмыстан босату мен 50 % сыйлықақыдан айыру туралы, бұрынғы жұмыс орнына қайта алу, мәжбүрлі жұмыстан қалған уақыт үшін еңбекақыны өндіріп алу, сыйлықақының алмаған сомасы мен моралдық зияны үшін бір миллион теңге мөлшерінде ақшалай өтемақы  туралы «А» АҚ мен «Б» ЖШС-нің үстінен сотқа талап арыз жазды.

Талаптарында азаматша А. өзінің көп жылдар бойы «Б» ЖШС директорының міндетін атқарғаны, жұмыс барысында марапаттаулар алғаны, ал 2012 жылы оған заңсыз тәртіптік жазалар қолданылып, еңбек шартының тоқтатылғаны туралы дәлелдер келтірілген.  

Сонымен қатар, ҚР ЕК 54-бабы 1-тармағының 6) тармақшасы бойынша қолданған тәртіптік жазаға қарсы өзін қорғау үшін талапкер жұмыс орнында болмаған дәлелді себептерді келтірді:

  • 2012 жылғы қыркүйектің 10-нан 14-не дейін ол жақын туысының қайтыс болуына байланысты жұмысқа келмеді;
  • 2012 жылғы 24-қыркүйектен 4-қазанға дейін алдын ала жұмыс берушіге ескертіп және оның келісімін алып, қысқартылған жұмыс күніне байланысты істеді.

СӨЗ – ЖАУАПКЕРГЕ

Азаматша А. «Б» ЖШС-де директор болып жұмыс істеді. Бірінші тәртіптік жаза оған сөгіс түрінде 2012 жылғы 30 шілдеде № 94-ж бұйрығымен «А» АҚ президиумының жер телімін қайта тіркеу бойынша және дебиторлық берешекке қаражатты негізсіз аударғаны үшін шешімін орындамағаны үшін қолданылған.

2012 жылғы 9 тамыздағы № 32 бұйрықпен азаматша А-ның сыйлықақысы  50 % қысқартылған.

Екінші талапкерге қатысты тәртіптік жаза (сөгіс) 2012 жылғы 4 қазандағы бұйрық бойынша, бұйрықты орындамағаны және 2012 жылғы 30 шілдедегі бұйрықтың орындалғаны туралы ақпарат бермегені үшін шығарылды.

Келесі 2012 жылғы 22 қазандағы № 125-ж бұйрықпен азаматша А. 2012 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) 252-бабы 54-тармағының 6), 13) тармақшаларының негізінде қызметінен босатылды.

2012 жылғы 29 қазандағы № 137-ж бұйрықпен жоғарыда айтылған бұйрыққа өзгертулер енгізілді – жұмыстан босату күні «2012 жылғы 29 қазаннан» – «еңбекке жарамсыз парағын жапқаннан кейін жұмысқа шыққан күннен бастап» деген күнге ауыстырылды. 

Негізінде, талапкермен еңбек шартын бұзу үш негіз бойынша жасалған:

  1. қызметкер бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмағаны үшін (ҚР ЕК 54-бабы 1-тармағының 6) тармақшасы);
  2. тәртіптік жазасы бар қызметкер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамаған немесе қайталап тиісінше орындамағаны үшін (ҚР ЕК 54-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы);
  3. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шарты тоқтатылғаны үшін (ҚР ЕК 252-бабы)

           Азаматша А. 2012 жылғы 22 қазанда жұмыстан босату туралы бұйрықта 2012 жылғы 30 шілде мен 4 қазандағы бұйрықтарда белгіленген, жер телімін қайта тіркеу бойынша және дебиторлық берешекке қаражатты негізсіз аударғанына байланысты жөнсіздіктер көрсетілген, олар үшін қолданылған тәртіптік жазалар да сөгіс түрінде берілген. Бұдан басқа бұл бұйрықта 2012 жылғы қыркүйектің 10-нан 14-не дейін және 24 қыркүйектен 4 қазанға дейін «А» АҚ басшылығының рұқсатысыз дәлелсіз себептермен талапкердің жұмыста болмағаны еңбек шартын қосымша бұзғанын көрсетеді. 

СОТ ОТЫРЫСЫНЫҢ БАРЫСЫНДА

2013 жылғы 28 қаңтардағы А. қаласы сотының шешімімен азаматша А. арызы жартылай қанағаттандырылды.

Талапкерге шығарылған «А» АҚ-ның:

  • 2012 жылғы 30 шілдедегі № 94-ж тәртіптік жазаға тартылу туралы;
  • 2012 жылғы 9 тамыздағы № 32-ж 50 % сыйлықақыдан айыру туралы;
  • 2012 жылғы 4 қазандағы № 130-ж тәртіптік жазаға тарту туралы;
  • 2012 жылғы 22 қазандағы № 135-ж қызметінен босату туралы;
  • 2012 жылғы 29 қазандағы № 137-ж 2012 жылғы 22 қазандағы бұйрыққа өзгертулер енгізу туралы бұйрықтары заңсыз деп қабылданды және күштерін жойды.

Талапкер «Б» ЖШС-не директор қызметіне қайта тағайындалды.

Азаматша А. пайдасына «Б» ЖШС-нен мәжбүрлі жұмысқа келмеген уақытына 441 980 теңге ақы өндіріп алынды. «А» АҚ-нан талапкердің пайдасына моралдық зиянды өтеу үшін 25 000 теңге және мемлекет кірісіне 13 259 теңге мемлекеттік баж өндіріп алынды.

А. қаласы сотының азаматтық және әкімшілік істері бойынша апелляциялық сот алқасының 2013 жылғы 26 наурыздағы қаулысымен бірінші инстанция сотының шешімі өзгертусіз қалдырылды.

А. қаласы сотының кассациялық сот алқасының 2013 жылғы 28 мамырдағы сот актілері өзгертілді. «А» АҚ-ның 2012 жылғы 30 шілдедегі № 94-ж тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрығын заңсыз деп санау және күшін жою туралы бөлімінде сот актілері өзгертілмеді. Басқа бөлімдерінде сот актілері күштерін жойды және азаматша А-ға оның талап арызынан бас тарту туралы жаңа шешім қабылданды.

СОТ ПОЗИЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕМЕСІ

Азаматша А-ның тәртіптік жазалар қолданған бұйрықтарды заңсыз деп санау бойынша, сыйлықақыдан айыру және бұрынғы жұмыс орнына қайта алу туралы талабын қанағаттандырып, бірінші және апелляциялық сот инстанциялары жұмыс берушінің мұндай бұйрықтар шығарғанда жөнсіздіктер жібергенін заңды түрде негізге алып отыр.

         2012 жылғы 30 шілдедегі бірінші бұйрықта тәртіптік жаза қолдану мерзімдерінің өткеніне байланысты, заңды бұзғаны деп саналады. Соттардың бұл шешімімен кассациялық комиссия да келісті, сондықтан бұл бөлігіндегі шешімді өзгертпеді.

         2012 жылғы 4 және 22 қазанда сөгіс түрінде берілген екінші тәртіптік жазаны қолдану және қызметтік міндеттерін екінші рет лайықсыз орындағаны үшін жұмыстан босату туралы келесі бұйрықтар, 2012 жылғы 30 шілдедегі бұйрыққа негізделген, ал заңмен бір теріс қылығы үшін екінші рет тәртіптік жаза қолдануға жол берілмейді.  Сондықтан, бірінші бұйрық заңсыз болғаннан кейін, оны кассациялық комиссия да мойындаған соң, оның 2012 жылғы 4 қазандағы бұйрыққа негізге алынуы мүмкін емес. Оның устіне, бұл бұйрықта талапкердің 2012 жылғы 30 шілдедегі бұйрықты орындамағаны және ақпарат бермегені туралы айтылған, ал 2012 жылғы 30 шілдедегі бұйрықта ақпарат туралы ешнәрсе көрсетілмеген. Демек, бұл жерде талапкер жағынан қызметтік міндеттерін орындамағанының немесе екінші рет лайықсыз орындағанының белгілері жоқ, және оны ҚР ЕК 54-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы бойынша жұмыстан босатуға ешқандай себеп жоқ.

         Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысымен еңбек қатынастарын мезгілінен бұрын бұзуды көздейтін, бұйрықтағы ҚР ЕК 252-бабына сілтеме де негізсіз, оны бірінші және аппеляциялық инстанциялардың соттары да заңды түрде көрсетті.

         Заңның бұл нормасы еңбек шартын мезгілінен бұрын бұзғаны үшін өтемақылық төлемдерді көздейді, бірақ аталған оқиғада ол жоқ. 

Кассациялық комиссияның тұжырымдары бойынша бұйрықта көрсетілген талапкердің жұмыста дәлелді себепсіз үш күннен артық болмағаны, назарға тұрарлықтай, өйткені талапкер өзінің дәлелді себепсіз жұмыс орнында болмағанын куәландыратын ешқандай құжаттарды бермеген. Істегі бар мәліметтерге қарағанда, ол осы кезеңде шипажайда болған.

Сонымен бірге, кассациялық инстанция, сот актілерін өзгерткенде және жаңа шешім қабылдағанда, қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуды және жұмыс берушімен тәртіптік жаза қолдану туралы акт шығаруды рұқсат етпейтін, ҚР ЕК 55, 73 баптарының талаптарын ескермеді.

Талапкердің уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты, жауапкер 2012 жылғы 29 қазандағы бұйрықпен, 2012 жылғы 22 қазандағы бұйрықта талапкерді жұмыстан шығару күнін еңбекке жарамсыз парағын жапқаннан кейінгі жұмыс күніне ауыстырды. Сол кезде, жұмыстан босату туралы бұйрық 2012 жылғы 22 қазанда шығарылған және бұл бұйрықты жұмыс беруші онда көрсетілген күні бойынша қайта қарастырмаған, ал ҚР ЕК 73-бабының 5-тармағына сәйкес, жұмыс берушінің қызметкерге тәртіптік жаза қолдану туралы актісі қызметкердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңінде шығарылмайды.

Іс материалдарында азаматша А. 2012 жылғы 19 қазаннан 2 қарашаға дейін емделуде болған,  бұйрық та, оған енгізілген өзгертулер де осы кезеңде жасалған.

СОТ ШЕШІМІ

Заңның аталған талаптарын сақтамауы, еңбек шартын бұзу негіздеріне тәуелсіз, азаматша А-ның бұрынғы жұмыс орнына қайта алуға сөзсіз негіз болып табылады.

Сөйтіп, азаматттық және әкімшілік істер бойынша бақылау сот алқасы, кассациялық инстанцияның қаулысы өзгертуге жатады, ал бірінші инстанция мен апелляциялық алқаның шешімдерін өз күшінде қалдыру деген қорытындыға келді.



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль