Справочник кадровика

Далалық геологтық-барлау жұмыстарын қауіпсіз ұйымдастыру

  • 25 августа 2018
  • 648
Автор журнала «Охрана труда. Казахстан», начальник отдела промышленной безопасности, охраны труда и окружающей среды АО “Tin One Mining”, эксперт электронной системы "ACTUALIS: Кадровое дело"
Далалық геологтық-барлау жұмыстарын қауіпсіз ұйымдастыру

Геологтық-барлау жұмыстарын жүргізу көбінде далалық жағдайлардағы өндіріс ретінде түсініледі, бұл жерде жұмыскерлер биологиялық, физикалық, психофизиологиялық және химиялық сипаттағы әртүрлі зиянды және қауіпті факторлардың әсер етуіне ұшыраулары мүмкін


Қазақстан экономикасы қазіргі кезде ғана емес, болашақта да минералдық-шикізаттық кешеннің жай-күйіне байланысты болады. Осыған байланысты геология мен геологиялық барлаудың рөлі неғұрлым жоғары деңгейге көтерілуі тиіс, өйткені ол экономикалық дербестікті және тұтастай алғанда республиканың инвестициялық тартымдылығын нығайту негізінде тұр. 
Нақ осы сала елдің отын-энергетикалық, тау-кен-металлургиялық, агрохимиялық және құрылыс кешендері кәсіпорындарының қызметін қамтамасыз етеді. Қазақстанның пайдалы қазбалар ресурстары 133 млрд тоннадан асады – бұл дүние жүзіндегі 4 - орын.

 

 

Геологтық - барлау жұмыстарының ерекшелігі


Геологиялық ұйымдардағы еңбекті қорғау жұмыстардың ерекшелігіне сәйкес ерекше маңызға ие болады, бұл жұмыстар көбінде адам аяғы жетпейтін, адамдар аз мекендеген, ірі елді мекендерден шалғай аудандарда, күрделі климаттық жағдайларда жүргізіледі. Жұмыстарды қауіпсіз жүргізу ережелерін білуден бөлек, геологтар жергілікті жерде бағдарлану әдістерін, су бөгеттерінен өту тәсілдерін, салт атпен жүру дағдыларын меңгерулерлері қажет. Геологтық-барлау жұмыстарын ұйымдастыру кезінде оларды жүргізу аудандарының ерекшеліктері ескерілуі, еңбектің қауіпсіз жағдайларының жасалуы, тұрғын үй-тұрмыстық мәселелер шешілген болуы тиіс.
Бұл міндеттерді шешу үшін мыналарды қарастыру қажет:

  • Жұмыстар жүргізудің неғұрлым ыңғайлы мерзімдері, оларды орындау кезектілігі, маршруты.
  • Отрядтың партиямен, өндірістік базамен байланысы. Тиісті керек-жарақпен, қол сұғылмайтын қор жинақталымымен қамтамасыз ету.
  • Жұмыстарды орындау графиктері, адам аяғы жетпейтін аудандарда болу ережелері.
  • Отрядтың, партиялардың жұмыстар жүргізуге дайындығы туралы актілерді дайындау.
  • Объект, отрядтың орналасу жерін таңдау.
  • Санитариялық - гигиеналық іс-шаралар, аумақты жиыстырып-тазарту, аурулардан (оның ішінде кене энцефалитімен, туляремиямен) сақтандыру, улы жәндіктердің шағуы, жануарлардың тістеулерінен қорғану құралдарымен жарақтану.
  • Тұрғын кентті құру, далалық жағдайларда тамақтануды, моншаны, арнаулы киімді жуу мен кептіруге арналған үй-жайларды, техникалық және ауызсумен үздіксіз қамтамасыз ету тәртібін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар кешені.
  • Жұмыстар жүргізу объектілеріне және кері қарай адамдар мен жүктерді тасымалдау тәртібі, көлік қозғалысының графиктері, қауіпті учаскелерді, адамдарды түсіру орындарын көрсетумен және жолдар сұлбаларын қоса берумен тасымалдаулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құтқару құралдарының тізбесі мен оларды пайдаланудың ережелері.
  • Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін есепке алумен жабдықтарды, керек-жарақтарды, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын, азық-түлікті, жанар-жағар материалдарды (бұдан әрі - ЖЖМ) жеткізу тәртібі.
  • Алыс сапарларға (100 шақырымнан астам) аттану кезінде – көліктің қажетті саны, тамақтың, судың, ЖЖМ-дың қол сұғылмайтын қоры, медициналық қобдишалар, өрт сөндіру құралдары, жүргізушілердегі радиобайланыс құралдары.

★ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ★

Жоғары қауіптілікпен байланысты жұмыстардың түрлері мен кәсіптер бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды бес жылда бір рет қайта қарастыру және қайта бекіту қажеттігі қандай нормативтік құжаттарда атап көрсетілген? 


Жарақат алу үшін


Жарақаттанушылықты талдау мен жазатайым оқиғалар себептерін бағалау жарақаттар саны мен олардың ауырлығы (62 %) геолог жұмыс күнінің екінші жартысында басым болатындығын көрсетеді. Тәжірибелі мамандардың пікірінше, жарақаттану ықтималдылығы 3–4 үздіксіз маршруттық күннен кейін айтарлықтай артады.
Осылайша, маршруттық жұмыстардың қиындығы геологтардан жоғары зияткерлік және физикалық жұмылдырылуды талап етеді. Далалық маусымда жұмыс күндерінің біркелкі бөлінбеуі далалық кезеңнің соңына қарай қалжырауға әкелетін қосымша қауырттылық енгізеді.
Геологиялық маршруттардағы негізгі жұмыстар ауырлығының жоғары санаты іздестіру партиялары геологтарының денсаулығы мен еңбек қабілеттілігіне жағымсыз әсер етуді төмендететін іс-шараларды әзірлеу қажеттігін анықтайды.
Бұл үшін мыналар ұсынылады:

  • жоғары физикалық қауырттылықты талап ететін жұмыстар көлемін қысқарту, бұл зерттеулер сапасын арттырады және жарақаттанушылық ықтималдылығын азайтады;
  • далалық бөлімшелерді табиғи жағдайларға сәйкес келетін сенімді көлікпен қамтамасыз ету;
  • далалық кезеңде маршруттық, камеральдық және демалыс күндерінің үйлесімді кезектесуін ұйғаратын еңбек пен демалыстың ғылыми әзірленген режимдерін енгізу.

Далалық геологтық-барлау жұмыстарын қауіпсіз ұйымдастыру

Іздестіру - түсіру партиялары мен бұрғылаушы вахталық бригадалар – бұл өз ерекшелігі, мақсаттары, міндеттері мен еңбек пен тұрмыстың ерекше жағдайларын туындататын қызмет мазмұны бар еңбек ұжымдары. Партиялар далалық жағдайларда жылдың белгілі бір бөлігінде жұмыс істейді. Қалған уақытта олардың негізгі құрамы экспедиция базасында болады. Осылайша, маусымдық, сондай-ақ стационарлық ұжымдардың қасиеттеріне ие болады. Бұрғылау бригадалары еңбек сипаты, техникалық жарақталуы, құрамының тұрақтылығына қарай, олар бірқатар жағдайларда маусымдық жағдайларда жұмыс істейтіндердің ерекшеліктерін сақтаса да, тұрақты өндіріске көбірек ұқсайды.

Далалық геологтық-барлау жұмыстарын қауіпсіз ұйымдастыру
Қарым-қатынас тапшылығы, үйреншікті ортадан қол үзу ұжымның әрбір мүшесінің психикалық жай-күйіне және топтық психикалық процестердің өтуіне елеулі ықпал ететін төтенше фактор болып табылады, бұл жарақат қауіпті жағдайлардың туындау ықтималдылығын арттырады. Далалық жағдайларда тіршілік қарекетінің екі саласы: өндіріс пен тұрмыс тығыз ұштасып кетеді. Бұл ретте кәсіпорынның жоғары басқарушылық буына жоқ болады. СТИКЕР Партия, учаске бастығы, бұрғылау шебері жеке және өндірістік сипаттағы әртүрлі жағдайларда өздігінен жауапты шешімдер қабылдауы тиіс, сондықтан ұжымдық өзін-өзі басқарудың рөлі өсе түседі.


★Мәртебе★

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫ БАСҚАРУДЫҢ ҚАЗІРГІ БЕТАЛЫСЫ
Далалық геологтық-барлау жұмыстарын қауіпсіз ұйымдастыру

С. Ғ. Бисақаев 

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК бас директоры, техника ғылымдарының докторы, Астана қ.

Далалық жағдайларда геологиялық -барлау жұмыстарын ұйымдастыру тәртібі


Далалық жағдайларда жүргізілетін геологиялық - барлау жұмыстары (геологиялық - түсіру, іздестіру, геофизикалық, гидрогеологиялық, инженерлік - геологиялық, топографиялық, тақырыптық, бұрғылаушылық) жұмыстар аймағының ерекшелігі мен табиғи-климаттық мәліметтерін ескерумен жоспарланады және орындалады.
 

 Маршруттар мен геологиялық-барлау жұмыстарын жеке дара жүргізу мен орындауға, адам аз қоныстанған (таулы және шөлді) аудандарда лагерьде бір ғана қызметкерді қалдыруға жол берілмейді.

Қан сорушы жәндіктер бар аудандарда жұмыстар жүргізген кезде далалық бөлімшелердің қызметкерлері тиісті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Далалық жұмыстар басталғанға дейін бүкіл далалық маусымға:

  • базалар құрылысы, көліктік құралдармен, материалдармен, керек-жарақ пен азық- түлікпен қамтамасыз ету мәселелері шешіледі;
  • күнтізбелік жоспар әзірленеді және барлық жолдарды, соқпақтарды, қауіпті жерлерді (өзен арқылы өткелдер, жүріп өтуге қиын учаскелер) көрсетумен жұмыстар ауданының табиғи-климаттық жағдайлары есепке алына отырып, алаңдарды, учаскелерді, маршруттарды дайындау сұлбасы жасалады;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша іс-шаралар жоспары, технологиялық регламенттер әзірленеді;
  • далалық жұмыстардың ұзақтығы, қайтып оралудың тәртібі мен мерзімдері белгіленеді.

Далалық геологтық-барлау жұмыстарын қауіпсіз ұйымдастыру
Далалық жұмыстардың мерзімдерін ұзартуға ерекше жағдайларда ұйым басшылығының рұқсатымен және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша іс-шаралар жүргізілген жағдайда жол беріледі.
Шалғайдағы және адам аз қоныстанған аудандарда жұмыстар жүргізетін ұйымдар далалық бөлімшелерді мыналармен қамтамасыз етеді:

  • оперативті ауа райы мәліметтерімен және ауа райы болжамдарымен;
  • жұмыстар ауданында жыртқыш және улы жануарлардың бар-жоқтығы туралы ақпаратпен.

Далалық бөлімшенің жұмысқа шығуына жұмыстарға дайындық тексерілгеннен кейін жол беріледі. Бұл ретте осы мақалаға № 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша далалық жұмыстарға шығуға дайындықты тексеру актісі ресімделеді. Айқындалған кемшіліктердің бәрі далалық жұмыстарға шығуға дейін жойылады.
Далалық жұмыстар аяқталғаннан кейін далалық бөлімшенің базаға шығуы қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, тағайындалған бақылаушы тұлғаның басқаруымен, ұйымдасқан түрде жүзеге асырылады.
 

Әрбір далалық бөлімшенің құрамына медициналық қызметкер кіреді. Медициналық қызметкерлерді тағайындау мен дайындау тәртібін, олардың құқықтары мен іс-әрекеттерін геологиялық-барлау ұйымы белгілейді.


Вахталық кенттерді құру және лагерьлерді ұйымдастыру


Далалық бөлімшелердің жұмыскерлері тұруы үшін далалық жағдайларда жұмыс жүргізетін ұйым олар басталғанға дейін вахталық кенттерді, уақытша базалар немесе лагерьлерді құруды жүргізеді. Лагерь құру үшін орын таңдауды партия басшысы белгілейді.
Лагерьді:

  • тік және жарлы беткейлердің жанына;
  • шатқалдардың және құрғақ арналардың түбіне;
  • аласа, су басып кететін және жарлауыт, су оңай шайып кететін жағалауларда, өзеннің енсіз жолақтарына, аралдарға;
  • үлкен ағаштар өскен беткейлердің астына;
  • су келу-су қайту аймағындағы теңіз жағалауларына;
  • жайылымдар мен мал өрістеріне;
  • карстенген және көшкін қаупі бар алаңдарға;
  • ағаштар құлауы мүмкін шектерге орналастыруға жол берілмейді.

Шатырлар берік бекітілуі және су ағуға арналған жыралар қазылуы тиіс. Шатырлардың арасындағы арақашықтық – 3 метрден кем емес. Шатырларда жылытушы және қыздырушы аспаптар орнатылған кезде арақашықтық 10 метрге дейін арттырылады.
     Шатырға кірер жерді сол жердегі желдің басым бағытын ескерумен, желге қарсы жағына орналастыру қажет.
Жол берілмейді:

  1. орманды аудандарда, шөпті далаларда, қамыстарда алаңшаны өртеумен тазартуға;
  2. шатырларды жеке тұрған биік ағаштардың астына орнатуға.

Лагерьді жаңа орынға партияның жоқ жұмыскерлерін және жоғары тұрған ұйым басшылығын оның орналасу жағдайларын егжей-тегжейлі көрсетумен жаңа лагерьдің нақты орналасқан жері туралы алдын ала хабардар етусіз, орын ауыстыруға жол берілмейді.
Технологиялық тәртіп пен қауіпсіздік ережелері далалық жағдайларда туындайтын проблемаларды дер кезінде айқындауға және жоюға мүмкіндік береді. Кәсіптің қиындықтары, тұрмыстық жайлылықтардың жеткіліксіздігі қызметкерлерге ерекше талаптар қояды, олар физикалық төзімділігімен, жылдам бағдарлана білу шеберлігімен, шешім қабылдауымен, командада жұмыс істеуімен ерекшеленулері тиіс.

Геолог кәсібі үшін: жүрек аурулары, артериялық қысымның бұзылулары; жүйке-психикалық бұзылулар; тырысулар, есінен айырылу; көрудің түзетімделмейтін төмендеуі; түс айырудың, бинокулярлы көрудің бұзылуы; естудің бұзылуы; вестибулярлы бұзылулар, тепе-теңдікті сезінудің бұзылуы; қозғалыстар үйлесімділігінің бұзылулары; қолдардың дірілдеуі; сөйлеудің бұзылуы; биіктіктен қорқу; омыртқа, буындар мен аяқтардың, ас қорыту мүшелерінің аурулары; қант диабеті; айқын білінген тән кемшіліктері қарсы көрсетілімді. Жыл сайынғы медициналық кәсіптік қарап-тексеру денсаулық проблемаларын дер кезінде айқындауға және оны қалпына келтіру іс-шараларын қабылдауға көмектеседі.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 2, 2018  

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться