Оқу демалыстары және оқитын қызметкерлерге берілетін жеңілдіктер

148
Степуро Лариса Михайловна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», практикующий юрист, г. Алматы
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарынан басқа, ана болуға, балалардың күтіміне, өндірістен қол үзбей білім алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату деп белгіленген әлеуметтік демалыстар көзделген.

Қазіргі уақытта қызметкерлер өндірістен қол үзбей білім алып жүрген жағдайлар жиі кездеседі. Жұмыс істеп жүрген адамдардың білім алуы, біліктілігін көтеру, жоғары білім алу және т.с.с.болуы мүмкін. Осы мақалада қызметкерлердің білім алуымен байланысты, еңбек қатынастары қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін реттейтін, қолданыстағы Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының ережелерін қарастыру ұсынылады.

Оқу демалысы

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарынан басқа, ана болуға, балалардың күтіміне, өндірістен қол үзбей білім алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату деп белгіленген әлеуметтік демалыстар көзделген (Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) 100-бабы). Яғни, оқу демалысы әлеуметтік демалыстардың бір түрі болып табылады.

Сөйтіп, ҚР ЕК 112-бабына сәйкес, білім беру ұйымдарында оқып жүрген қызметкерлерге:

  • сынақтар мен емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру;
  • зертханалық жұмыстарды орындау;
  • дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау және қорғау;
  • әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасынан өту үшін оқу демалыстары беріледі.

         Білім беру ұйымында оқып жүрген қызметкерлерге оқу демалысын беру – жұмыс берушінің міндеті екенін ескеру керек.

НА ЗАМЕТКУ Оқу демалысын пайдаланған қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын, сол сияқты басқа да әлеуметтік демалыстарды алу құқығынан айырылмайды.

Қызметкерге оқу демалысын бергенде мыналарды ескеру керек:

1. Қызметкерді оқу демалысынан шақыртып алуға болмайды.

2. Оқу демалысын ақшалай өтемақымен ауыстыруға болмайды. Бұл, аталған демалысты қызметкердің демалатын уақыты деп санауға болмайтынымен байланысты.  Оқу демалысы жұмыс істейтін адамдардың білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін кепілдік болып табылады.

3. Оқу демалысы ұзартылмайды.

Егер оқу демалысы уақытында қызметкер ауырып қалса және оның аяқталуына дейін еңбекке жарамсыздығы жалғасса, онда қызметкер жұмысқа шығуға тиісті болған күннен бастап, оған уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты жәрдемақы төленеді.

Оқу демалысын ресімдеу

Оқу демалысын ресімдеу үшін қызметкерге:

  1. оқу демалысының мақсатын көрсете отырып, оқу демалысын беру туралы өтініш (мысалы, сынақтар мен емтихандарды тапсыру үшін);
  2. білім ұйымы берген анықтаманы, ол жерде мыналар көрсетілу керек:
  • оқу демалысының себебі;
  • жұмыс берушімен берілетін мерзім.

ҚР ЕК 114-бабына орай, оқу демалысын беру жұмыс берушінің тиісті актісімен ресімделеді – қызметкер қол қойып, танысатын, оқу демалысын беру туралы бұйрықпен (1-қосымша).

Оқу демалысының мерзімі аяқталғанда, оқу демалысы кезеңінде оқытудан өткенін растау ретінде, білім ұйымы оқу процесінің тиісті кезеңінің аяқталуы туралы мәліметтермен анықтама толтырады (сессияның, сынақтарды тапсырудың аяқталуы және т. с. с.). Оқу демалысы аяқталған соң жұмыс беруші сондай анықтаманы талап етуге құқылы.

Оқу демалысы күнтізбелік күндермен ұсынылады. Сонымен бірге,  жұмыс емес күндер, оның ішінде оқу демалысымен сәйкес келетін, мерекелік күндер уақыт есебіне алынады.

Оқу демалысын төлеу

Енді жұмыс беруші еңбек демалысын төлеу керек пе, соны талқылайық. Ол үшін Еңбек кодексінің бір қатар баптарын талдап көрейік. Сөйтіп, ҚР ЕК 1-бабының 14) тармақшасына сәйкес, демалыс - жұмыс орны (лауазымы) мен Еңбек кодексінде  белгіленген жағдайларда орташа жалақысын сақтай отырып, қызметкердің жыл сайынғы тынығуын қамтамасыз ету немесе әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату. Яғни, жоғарыда айтылғандай, оқу демалысы әлеуметтік демалыстардың бір түрі болып табылады.

Қолданыстағы еңбек заңнамасының әлеуметтік демалыстар туралы нормалары жұмыс берушінің әлеуметтік демалыстарды төлеудің міндеттілігін көздемейді, оның ішінде оқу демалыстарының. Дегенмен, ҚР ЕК 112-бабының 2-тармағында оқу демалысына ақы төлеу еңбек шартында, ұжымдық шартта, оқу шартында айқындалатыны ескерілген.

  ҚР ЕК 139-бабына сәйкес, оқу шарты – ол - жұмыс беруші мен оқитын адамның арасындағы кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру шарттары туралы жазбаша келісім.

Оқу шарты ҚР ЕК 144-бабында белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс, және:

  • оқитын адам алатын нақты кәсіпке, мамандыққа, біліктілікке сілтемені;
  • жұмыс берушінің және оқитын адамның құқықтары мен міндеттерін;
  • оқыту мерзімін және оқыту аяқталғаннан кейін жұмыс берушіде жұмыспен өтеу мерзімін;
  • оқытуға байланысты кепілдіктер мен өтемақы төлемдерін;
  • тараптардың жауапкершілігін қамтуға тиіс.

Оқыту шартында тараптардың келісімімен айқындалған өзге де талаптар қамтылуы мүмкін (2-қосымша). Демек, оқу демалысын төлеу, нақты айтқанда төлемақы мөлшері еңбек, ұжымдық немесе оқу шарттарында тараптармен белгіленеді. Сөйтіп, егер еңбек немесе ұжымдық шарттарда әлде оқу шартында оқу демалысының төлемақысы қамтылмаса, онда жұмыс беруші оқу демалысы үшін төлеуге міндетті емес.

Алайда, бұл ережеде қызметкерлердің кейбір санаттары үшін заңнамамен белгіленген бір ерекшелік бар. ҚР ЕК 235-бабының 3-тармағында біліктілігін арттырудан немесе азаматтық қызмет бейініне сәйкес келетін мамандық бойынша қайта даярлаудан өтіп жатқан азаматтық қызметшілерге ақылы оқу демалысы берілетіні ескертілген.

Оқу шарты мен кестеге сәйкес азаматтық қызметші жұмыс істейтін ұйымның жіберуі арқылы азаматтық қызметшілердің біліктілігін арттыру мен қайта даярлықтан өтуі жүзеге асырылады. Сонымен қатар ҚР ЕК 239-бабының 2-тармағына сәйкес, жоғары оқу орындарында оқитын азаматтық қызметшілерге жұмыс берушімен келісім бойынша емтихандар тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) дайындау мен қорғау, оқу бітіру емтихандарын тапсыру кезеңіне ақылы оқу демалыстары беріледі. Сөйтіп, оқу демалысының төлемақысы біліктілігін арттырудан немесе азаматтық қызмет бейініне сәйкес келетін мамандық бойынша қайта даярлаудан өтіп жатқан азаматтық қызметшілерге ғана көзделген. Қалған жағдайларда азаматтық қызметшілерге оқу демалысының төлемақысы, тараптардың келісімімен ескерілгенде ғана төленеді.

Жұмыс берушінің қызметкерлерге оқу демалысын беру міндетінен басқа, ҚР ЕК 140-бабының 3-тармағында жұмыс берушінің кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан немесе біліктілігін арттырудан өтетін қызметкерлерге Еңбек кодексінде, келісімдерде, ұжымдық шартта, еңбек шартында көзделген жұмысты оқумен қатар алып жүру үшін жағдайлар жасайтын міндеті ескерілген.

Жұмыс берушінің жолдамасы бойынша білім беру ұйымдарында оқитын адамдарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру оқыту шартына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражаттар есебінен жүзеге асырылады (ҚР ЕК 141-бабының 1-тармағы).

              Қызметкердің оқудан кейін жұмыспен өтеу міндеттері

ҚР ЕК 143-бабының 4-тармағына сәйкес, кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру аяқталғаннан кейін оқитын адам тараптар оқыту шартында келіскен мерзімде жұмыс берушіде жұмыспен өтеуге міндетті.

Оқыту шартында келіскен мерзімде жұмыс берушіде жұмыспен өтемей, жұмыстан босатуға өтініш жазған қызметкерге, жұмыс беруші қарсылық білдірмеу керек, өйткені мәжбүрлі еңбекке ҚР ЕК 8-бабымен тыйым салынған. Бұл жағдайда оқуға жұмсалған шығындарды өтеу түрінде қызметкердің міндеттері пайда болады.

Оқуға байланысты шығындар

ҚР ЕК 23-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, егер жеке еңбек шартының талаптарында ескертілген болса, қызметкерді оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге құқығы бар. Сөйтіп, жұмыс беруші мұқият болып, еңбек шартында оқу шартынан бөлек қызметкердің шығындарды өтеу құқығын бекіту керек.

Еңбек шарты қызметкердің бастамасы бойынша немесе қызметкердің кінәсі салдарынан жұмыс берушінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда қызметкер өзін оқытуға байланысты шығындарды жұмыспен өтеу мерзімінің жұмыс істелмеген мерзіміне барабар мөлшерде жұмыс берушіге өтейді (ҚР ЕК 143-бабының 5-тармағы).

Дау-дамайды болғызбау үшін қызметкердің оқуына жұмсалатын шығындардың мөлшері оқу шартында бекітілу қажет. Ондай болмаған жағдайда жұмыс беруші оқуға жұмсалған шығындарды фактілер бойынша дәлелдеуге тиіс болады. Егер оқыту білім ұйымында өтсе, бұны істеу қиын емес, бірақ құжат арқылы дербес оқуға кеткен шығындарды растау қиынға соғады.

Оқу бойынша расталмаған және негізсіз шығындарды қызметкер төлеуге міндетті емес.

Оқитын қызметкерлерге берілетін жеңілдіктер

ҚР ЕК 141-бабының 2-тармағында, келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында оқытуға байланысты жеңілдіктер мен өтемақы төлемдері көзделуі мүмкін.

Қосымша жеңілдіктердің сипаты мен мәні тараптардың келісімімен белгіленеді.

Сөйтіп, қызметкердің оқытудан өтуіне байланысты қосымша жеңілдіктерді беру және өтемақыларды төлеу міндетті емес, бірақ, жеңілдіктер мен өтемақылар қызметкер мен жұмыс берушінің келісімінде немесе еңбек шарты мен ұжымдық шартта ескерілген жағдайда, осындай жеңілдіктерді беру және (немесе) өтемақыларды төлеу жұмыс беруші үшін міндетті болады.

Сонымен қатар, бұл ережеде де, ҚР ЕК 181-бабында ескертілген, он сегіз жасқа толмаған, білім беру мекемелерінде оқитын және оқу жылы ішінде оқуды жұмыспен қатар алып жүретін қызметкерлер үшін ерекшеліктер бар. Мұндай санаттағы қызметкерлерге міндетті тәртіппен жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді:

  • 14 жастан 16 жасқа дейінгі оқушы болып табылатын қызметкерлер үшін - күніне 2,5 сағат;
  • 16 жастан 18 жасқа дейінгі қызметкерлерге – күніне 3,5 сағат.

Білікті қызметкерлерге мүдделі жұмыс беруші, өзінің компаниясының қызметін дамыту және жетілдіру мақсатында, олардың оқуына қаражат жұмсауға дайын болады. Бірақ өзінің мүддесін сақтай отырып, ол, білімін жетілдіруге мүмкіндік алатын, оқитын қызметкердің де жағдайын жасайды. Сонымен бірге, жұмыс беруші, қызметкердің оның оқуына салынған ақшаны адал өтейтініне, жұмыстан шығып кетпейтініне сенімді болу керек. Қызметкердің міндеттері мен құқықтарын бекітуге дұрыс ресімделген оқу шарты көмектеседі.

Дереккөз: «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы»

1-қосымша

Жұмыс берушінің қызметкерді оқуға жіберу туралы бұйрығының

«__________»

жауапкершілігі

шектеулі

серіктестігі

БҰЙРЫҚ

Эмблема, логотип, қызмет көрсету белгісі,

тауар белгісі

Товарищество

с ограниченной ответственностью

«_________»

ПРИКАЗ

«__» ________ 20__жыл

Алматы қаласы

№ ____

город Алматы

Оқуға жіберу туралы  ____________

                                      (қызметкерді аты-жөні)

Қызметкердің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1.(Аты-жөні, лауазымы, құрылымдық бөлімше) «_________» оқу мекемесіне (№ __  ______ жылғы лицензиясы (аккредитациясы)) «_________» оқу бағдарламасы (курсы) бойынша кәсіби оқытудан өту, емтихандарды тапсыру және біліктілік аттестатын (дипломын) алу үшін,  «__» _____ 20___ жылдан  «__» ______ 20___  жылға дейінгі мерзіммен.  

2. Оқудың бүкіл кезеңінде (Аты-жөні)-нің лауазымы мен орташа айлық есебі 100 % мөлшерімен сақталсын.

Негіздеме:  (Аты-жөні)-мен  «__» ______ 20___жылғы  № ___ оқу шарты.

Директор                                                   (қолы)                        (Аты-жөні)

Бұйрықпен таныстым:                                  (қолы)                              (Аты-жөні)

_________

(күні)

2-қосымша

Оқу шартының үлгісі

№______ОҚУ ШАРТЫ

Алматы қаласы                                                                    20___жылғы «___» _________

«___________________________» ЖШС, бұдан әрі «Жұмыс беруші» деп аталатын, Жарғы негізінде әрекет ететін директор_____________________________ және_____________________________ (аты-жөні),  жеке куәлігі (төлқұжаты) № ____________,  «__»________ _____ жылы берілген, ЖСН ____________,   _________________________________ мекенжайы бойынша тұратын, бұдан әрі «Оқитын адам» деп аталатын, екінші жақтан, Тараптар деп аталатындар, төмендегілер туралы келісімге келіп, осы Шартты жасады:

1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

1.1. Осы Шарт Жұмыс беруші мен Оқитын адамның арасындағы, оқуға байланысты (біліктілікті көтеру (қайта даярлау) және басқа) соңғысының оқу нысанында (жеке (топтық) және басқа).

1.2. Осы Шарт  Тараптар арасындағы 20___ жылғы «__» ______  №__ еңбек шартына қосымша болып табылады. Осы Шарт мерзіміне Оқитын адам еңбек шарты бойынша еңбек міндеттерінен босатылады.

1.3. Өзінің қаражаты есебінен және өзінің мүдделерінде Жұмыс беруші Оқитын адамды оқуға, біліктілігін көтеруге немесе қайта даярлықтан өтуге тиісті оқу мекемелеріне/ұйымдарға/курстарға/семинарларға (бұдан әрі – оқу) жібереді. Оқитын адам өз тарапынан, оқудан өтуге, осы Шарт белгілеген мерзімдерді Жұмыс берушіде жұмыспен өтеуге және/немесе ЖШС-нің оқуға жұмсалған шығындарын өтеуге міндеттенеді.

1.4. Оқитын адамды Жұмыс беруші оқуға (біліктілігін арттыруға, қайта даярлықтан өтуге)

____________________мерзімімен_______________________________________________________

                                                                                 (оқытатын ұйымның атауы)

оқуға жіберіледі. Осы мерзім ішінде Оқитын адам _________________________________ біліктілігін (мамандығын, кәсіпті) алу керек.                                                 (өзгені көрсету)

                     

               1.5. Жұмыс беруші Оқитын адамның оқуын __________________ теңге сомасында төлейді.

                               (санмен және жазбаша)

            1.7. Оқитын адам оқудан кейін, Жұмыс берушіде оқудың (сынақ мерзімінің) толық аяқталған күнінен бастап, егер Жұмыс берішінің бұйрығымен өзгелері көзделмесе, _______ ай жұмыспен өтеуге міндеттенеді.

2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1. Оқитын адамның міндеттері:

2.1.1. Тиісті оқу орындары мамандарының шақыруымен немесе Жұмыс берушінің жіберуімен кәсіптік оқу, біліктілігін  арттыру, қайта даярлау курстарынан өту. Оқу курстары, оқу мекемесінің оқу бағдарламасымен белгіленген көлем бойынша өтіледі. Оқу аяқталғаннан кейін Оқитын адам Жұмыс берушіге (қажет болған жағдайда) оқудың аяқталғаны туралы, оқу бөлімінің мөрімен куәландырылған құжаттың көшірмесін ұсынады.

2.1.2. Білім ұйымының белгілеген ережелері мен талаптарын сақтау және орындау, оқу бағдарламасының талаптарын орындау.

2.1.3. Осы Шарттың талаптарын адал орындау, білім мен дағдыларды үйренуге жауапкершілікпен қарау.

2.1.4. Осы Шарттың 1.4-тармағында белгіленген мерзімдерді, Жұмыс берушінің қаражаты жұмсалған, құжатпен расталған оқудың әр процесінен кейін, жұмыспен өтеу.

2.1.5. Болған жағдайлар туралы дереу Жұмыс берушіге хабарлау:

1) Оқитын адамның оқуына кедергі болған және (немесе) ары қарай оқуын жалғастыруға немесе Жұмыс берушінің ұйымында істеуге мүмкіндік бермейтін жағдайлар, сол сияқты сондай жағдайлардың қаупі болса;

2) Оқитын адамның оқуға немесе Жұмыс берушінің ұйымында істеуге мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар.

2.2. Жұмыс берушінің міндеттері:

2.2.1. Осы Шарттың талаптары бойынша Оқитын адамның кәсіптік оқуын төлеу.

2.2.2. Оқу кезеңінде Оқитын адамның лауазымы мен жалақысын 100 % сақтау.

2.3. Жұмыс берушінің құқықтары:

2.3.1. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде ескерілген негіздер бойынша, осы Шартта белгіленген мерзім аяқталғанша, Оқитын адам жұмыстан босатылған жағдайда, сол сияқты, Оқитын адамның оқуына кедергі болған және (немесе) ары қарай оқуын жалғастыруға немесе Жұмыс берушінің ұйымында істеуге мүмкіндік бермейтін жағдайлар болса, сол сияқты, Оқитын адамның оқуға немесе Жұмыс берушінің ұйымында істеуге мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар болған жағдайда, осы Шартты мерзімінен бұрын бір жақты бұзуға құқылы.

3. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

3.1. Осы  Шарттың 2.3.1-тармағын қоспағанда, Тараптардың ешқайсысы осы Шартты бір жақты бұзуға құқығы жоқ.

3.2. Оқитын адам Жұмыс берушіге, оның оқуына жұмсалған шығындарын, өтемеген мерзімдерге  сәйкес,  келесі жағдайларда өтеуге тиіс:

1) Осы Шарттың 1.4-тармағында көрсетілген мерзімдер аяқталғанша, Оқитын адамның немесе Жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзғанда;

2) Осы Шарттың қосымшаларында – қосымша келісімдерде көрсетілген мерзімдер аяқталғанша Тараптардың қалауына тәуелсіз жағдайларға байланысты еңбек шарты тоқтатылғанда;

3) Осы Шарттың қосымшаларында – қосымша келісімдерде көрсетілген мерзімдер аяқталғанша, Осы  Шарттың 2.3.1-тармағында ескерілген жағдайлар болғанда.

3.3. Осы Шарттың 3.2-тармағында белгіленген шығындарды Оқитын адам Жұмыс берушінің талабы бойынша, кез келген негіздеме бойынша еңбек шартының тоқтатылғаны немесе бұзылғаны туралы бұйрық шығарылған күннен бастап, 30 күннің ішінде өтеуге тиіс.

5. ҚОСЫМША ТАЛАПТАР

5.1  Осы Шарт Тараптар қол қойғаннан кейін бастап күшіне енеді.

5.2. Осы Шарт, заңдылық күштері бірдей екі данада жасалған, әр Тарапқа бір данадан.

5.3. Осы Шарт еңбек шартының мерзімі біткенше қолданыста болады.

5.4. Осы Шарттың ережелері жұмысқа қабылдау барысында сынақ мерзімі кезінде Оқитын адамға қатысты емес.

5.5. Осы Шарт өз әрекетін мына жағдайларда тоқтатады:

– еңбек шартының тоқтатылуы немесе бұзылуы;

             – осы шарт бойынша Тараптардың барлық міндеттемелердің толық орындалуы.

6. ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ

Жұмыс беруші

Оқитын адам

«___________________________» ЖШС

Мекен-жайы: ___________________________

БСК: ____________________________

ЖСН:_____________________________

БСН _____________________________

Директор

 ________________ /______________ /

          (қолы)                         (Аты-жөні)                

М. О.

жеке куәлік № _______________________,

берілген ____________________________,

берілген күні_______________________,

ЖСН:______________________________,

Мекен-жайы:______________________, ____________________көш,  ____үй, ___кв., тел.______________________

________________ /_________________/

          (қолы)                         (Аты-жөні)                



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль