Кешігулері үшін қызметкерді жұмыстан босатуды қалай дұрыс жүзеге асыру керек? (1-бөлім)

801
Қызметкерлер жұмысқа жиі кешігеді. Біреулер он бес минутқа, ал кейбіреулері жарты сағатқа. Өкінішке орай, солай болған, болып жүр, болатын да шығар. Себебі – өте көп. Мәселе басқада: мұнымен қалай күресу керек? Яғни, жазалау үшін және ұқыпсыздықтың нәтижесін басқаларға көрсету үшін, кешігетін қызметкерді жұмыстан босатуға бола ма?

КЕШІГУЛЕРІ ҮШІН ҚЫЗМЕТКЕРДІ ЖҰМЫСТАН БОСАТУДЫ ҚАЛАЙ ДҰРЫС ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕРЕК?

Біріншіден, қызметкерге тәртіптік жазаны еңбек тәртібін бұзуы, сондай-ақ еңбек міндеттерін құқыққа қайшы келетіндей кінәмен орындамауы немесе тиісінше орындамауы үшін ғана қолдануға болады. Жұмысқа кешігіп, қызметкер осы бұзушылықты жасады деп айтуға бола ма? Әлбетте, солай.

Кешігу, яғни, қызметкердің жұмыс орнында белгіленген уақыттан кеш келуі, сол сияқты, жұмыс беруші белгілеген түскі үзілістен кейін жұмыста мезгілімен болмағаны, оны жұмыстан босатуға негіз болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі – ҚР ЕК) қызметкердің негізгі міндеттерінің ішінде еңбек тәртібін сақтауды және еңбек шартына, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес еңбек міндеттерін орындауды көрсетеді (22-бабының 2-тармағы).

Еңбек тәртібі дегеніміз жұмыс беруші мен қызметкерлердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ келісімдерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде, құрылтай құжаттарында белгіленген міндеттемелерді тиісінше орындауы (ҚР ЕК 1-бабы 1-тармағының 32) тармақшасы).

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 9 нормативтік қаулысының 24-тармағына сәйкес, қызметкерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы жұмыс берушінің бұйрығына дау айту жөніндегі арызды қарау кезінде, еңбек міндеттерін (ішкі еңбек тәртіп ережесін, лауазымдық нұсқаулық пен ережені, жұмыс берушінің бұйрықтарын, техникалық ережелерді және т.б. бұзу) орындамау немесе тиісінше орындамауға кінәлі еңбек тәртібін бұзу болып табылатынын ескеру керек.

Еңбекті ұйымдастыруда қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы қатынастарды реттеу тәртібін орнататын негізгі акті, жұмыс беруші қызметкерлер өкілімен келісіп бекітілетін, ішкі еңбек тәртібінің ережелері болып табылады (бұдан әрі – Ережелер). Ережелерде, қызметкерлер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттеріне, жұмыс уақытының режимі мен қызметкерлердің демалысына, еңбек тәртібін қамтамасыз ету шарттарына байланысты және басқа мәселелер реттеледі.

Қызметкер өз жұмысын орындайтын жұмыс уақыты, оның еңбек шартында және Ережелерде көрсетілген.

НА ЗАМЕТКУ) Қызметкердің дәлелді себепсіз белгілі бір уақыт ішінде (жұмыс күнінің басында әлде соңында ма, маңызды емес) жұмыста болмағаны, еңбек тәртіптемесін бұзғаны болып табылады, нәтижесінде, жұмыс берушіге қызметкерге қатысты белгілі бір шара қолдануға мүмкіндігі береді.

Жұмыс берушінің міндетті түрде орындауға тиісті құқықтық құжаттарымен қызметкер міндетті түрде танысып, қол қоюы қажет. Құжаттармен танысып, қол қоймаған жағдайда, істеген теріс қылығы үшін қолданған тәртіптік жазаны заңды деп тануға болмайды.

ҚР ЕК 23-бабы 2-тармағының 6) тармақшасымен жұмыс берушінің міндеті белгіленгенін ескеру қажет – қызметкерді ұйымдағы ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен және жұмыс берушінің қызметкердің жұмысына (еңбек функциясына) тікелей қатысы бар өзге де актілерімен және ұжымдық шартпен таныстыру. Осы баппенҚР ЕК көзделген жағдайларда жұмыс берушінің қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тартуға құқығы бар (1-тармақтың 6) тармақшасы).

Сөйтіп, егер қызметкер жұмысқа кешіксе, жұмыс беруші оны еңбек тәртіптемесін сақтамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқылы. Бір рет кешіккені үшін ықпал ету шаралары ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіспен шектеледі (ҚР ЕК 72-бабы).

ВАЖНО Бір рет кешіккені үшін жұмыстан босатуға болмайды.

Үнемі кешігулері үшін мұндай шараны қолдануға болады, егер қызметкердің тәртіптік жазасы барболса (ҚР ЕК 54-бабы 1-тармағы 13) тармақшасы) және ол еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамаған уақытта әлі алып тасталған болмаса. Бұл негіз бойынша қызметкерді жұмыстан босату үшін рәсімнің барлық кезеңін қатаң сақтау маңызды. Егер сот қателерді анықтаса, онда қызметкер өзін бұрынғы жұмысына алдыртып, амалсыз бос жүрген (жұмыстан шеттетілген) барлық уақыты үшін жалақы өндіріп алуы мүмкін.

Әр кешіккені үшін қызметкерге тәртіптік жаза қолдану қажет, мысалы, ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс. Ал алдағы уақытта, ҚР ЕК 54-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына сәйкес, «қызметкердің тәртіптік жазасы бар болған жағдайда, ол еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамағаны үшін» жұмыстан босатуға болады, өйткені кешігу – бос жүрген уақыт емес, еңбек тәртібін бұзу болып саналады.

Екіншіден, қызметкерді тәртіптік жауапкершілікке кінәсі болғанда ғана тартуға болады. Қызметкердің кінәсін жұмыс беруші ғана анықтай алады. Бұл ретте, жаза істеген теріс қылығына шамалас болу қажет екенін ескеру қажет. Егер қызметкерге ескерту, сөгіс және қатаң сөгіс берілген болса, онда келесі әрекет оны жұмыстан босату болып табылады.

Сонымен, үнемі кешігулеріне байланысты қызметкерді жұмыстан шығарудың қадамдық рәсімін қарастырайық.

1-КЕЗЕҢ

Кешігу фактілерін құжаттау (еңбек тәртібін бұзу)

Алдымен, кешігу фактілерін құжаттау қажет. Кешігулер келесі құжаттарда белгіленеді:

  1. құрылымдық бөлімше басшысының қызметтік хатында (баяндау хатында);
  2. қызметкердің жұмыс орнында болмағаны туралы актіде;
  3. электрондық рұқсатнамалық жүйесінің мәліметтерін алу хаттамасында (болған жағдайда);
  4. жұмыс уақытын есепке алу табелінде.

Сол сияқты осы құжаттармен қызметкерді таныстырып, қол қойғызуға кеңес беріледі, ал танысудан бас тартқан жағдайда тиісті акт жасау қажет.

НА ЗАМЕТКУ Қолданыстағы заңнама жұмыс берушіні қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасаған фактілерін құжаттауға міндеттемейді. Бірақ қызметкер жұмысқа қайта алу туралы сотқа арызданған жағдайда, бұл құжаттардың болғаны жұмыс беруші әрекеттерінің заңдылығын растауға көмектеседі.

1-қадам Қызметкердің кешіккені туралы құрылымдық бөлімше басшысының қызметтік (баяндау) хатын ресімдейміз.

Құрылымдық бөлімше басшысы бірінші басшының атына қызметкердің кешіккені туралы қызметтік (баяндау) хат жазады, хатта кешігуге байланысты барлық фактілерді көрсетеді (1-қосымша).

2-қадам Қызметкердің жұмыс орнында болмағаны туралы (қызметкердің жұмысқа кешіккені туралы) акт жасаймыз.

Қызметкердің жұмысқа кешігіп келгенін белгілейтін акт жасау қажет (2-қосымша).

Мұндай акт кешіккен қызметкердің тікелей басшысының, кадр қызметі өкілінің және кем дегенде екі куәгердің (жұмыс орындары кешіккен қызметкердің жұмыс орнының жанында орналасқан қызметкерлердің) қатысуымен жасалуы тиіс. Бұл, соттың күмәні болмауы үшін қажет: актіге, қызметкердің бір рет жұмысқа кешіккенін белгілеу үшін, басқа бөлімнің адамдары емес, қызметкердің шынымен белгілі бір уақытқа кешіккенін  көру үшін, оның әріптестері шақырылады.

Мұндай актінің сәйкестендірілген нысаны заңнамамен белгіленбеген, сондықтан ұйым оны өзі жасауы мүмкін. Актіде келесі ақпарат қамтылуы тиіс:

  • күні, құжаттың жасалған орны мен нақты уақыты;
  • қызметкердің жұмыс орнында болмаған уақыты;
  • тәртіп бұзушының аты-жөнін, лауазымын көрсете отырып,  тәртіптік теріс қылықтың  сипаттамасын жазу.
  • құжатты жасағанда қатысқан қызметкерлердің аты-жөні;
  • құжатты жасаған адамның аты-жөні, лауазымы;
  • құжатты жасаған адамның және құжатты жасағанда қатысқандардың қолдары.

3-қадам Электрондық рұқсатнамалық жүйенің мәліметтерін алу хаттамасын ресімдейміз.

Егер ұйымда қызметкерлердің кіруін және шығуын есепке алудың электрондық жүйесі орнатылған болса, сол жүйенің мәліметтерін пайдалануға болады. Мәліметтерді алу туралы хаттама немесе акт жасаған дұрыс, оларға да бірнеше адамнан тұратын комиссия қол қояды: ішкі қауіпсіздік қызметінің, ІТ- бөлімшесінің өкілдері, егер жүйені қолдануды бақылау солардың құзыретінде болса, және кадр қызметінің өкілі.

Ең қолайлысы осындай электрондық рұқсатнамалық жүйесін пайдалану, оның мәліметтерін алудың және белгілеудің тәртібі мен мерзімділігі туралы, оның ішінде жауапты адамдарды көрсете отырып, жұмыс берушінің жергілікті актісін шығару.

ВАЖНО электрондық жүйенің мәліметтерін сот дәлел ретінде қабылдау үшін, оның жұмысын регламенттейтін жұмыс берушінің жергілікті актісінде, жүйені қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ғана емес, қызметкерлердің жұмыс уақыты режимін сақтауын бақылау үшін енгізілгенін көрсету маңызды. Қызметкерлер осы жергілікті актімен танысып, қол қоюы керек.

4-қадам  Жұмыс уақытын есепке алу табелін толтырамыз

Жұмыс уақытын есепке алу табелі «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығына 59-қосымшаға сәйкес толтырылады.

Жұмыс уақытын есепке алу табелі –ұйымның әр қызметкерінің бір ай бойы нақты жұмыс істеген уақыты мен жұмысқа келмеген уақыты туралы ақпаратты қамтитын құжат. Соның негізінде еңбекақыны есептеу жүзеге асырылады.

Жұмыс уақытын есепке алу табелі бір ай бойы күнделікті жүргізіледі, айдың соңғы күнінде әр қызметкердің жұмыс істеген және жұмысқа келмеген сағат саны қорытындыланады.

Аталған құжат бір данамен жасалып, бухгалтерияға тапсырылады.

           Құжатқа жұмыс уақытын есепке алу табелін толтыруға жауапты адам, сол сияқты құрылымдық бөлімшенің басшысы, кадр қызметінің қызметкері және ұйым басшысы қол қояды.

            Жұмыс уақытын есепке алу табелінде қызметкердің кешігу фактісін және кешіккен уақытын белгілеу қажет. Табелде қызметкердің нақты істеген жұмыс күнінің немесе ауысымның уақытын белгілейтін графалар бар. Қызметкерге 8-сағаттық жұмыс уақыты белгіленген жағдайда, ол бір сағатқа кешіксе, онда табелде тиісті күнге жұмыс істелген 7 сағат белгіленеді және т. с. с.

(Жалғасы № 5, 2015)

1-қосымша

Қызметкердің жұмысқа кешіккені туралы қызметтік хатты жасау үлгісі

ҚЫЗМЕТТІК ХАТ

«МИГ» ЖШС директоры

А.А.Кадыровқа

2015 жылғы 10 наурыз

2015 жылғы 10 наурызда сағат 09.00-ден 10.30-е дейін, жеткізілім бөлімінің аға менеджері қызметін атқаратын Сулейменов М.С., жұмыс орнында болмағанын хабарлаймын. 01.09.2013 № 40 еңбек шартының 3.1-тармағына сәйкес жұмыс күні сағат 09.00-де басталады. Оның кешіккені компания үшін жағымсыз нәтижеге– ірі жеткізушімен келіссөздің болмай қалғанына алып келді.

Қызметкермен немесе оның туыстарымен ұялы немесе үй телефондары арқылы байланысуға тырыстық, бірақ ешқандай нәтиже шықпады.

Жоғарыда айтылған дәлелдер негізінде М.С.Сулейменовті тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін шара қолдануыңызды сұраймын.

Қосымша: _________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (тәртіптік теріс қылыққа қатысты құжаттардың тізбесі, құжат атауының түрін көрсете отырып, көшірмесі немесе түпнұсқасы, парақтарының саны).

Жеткізілім бөлімінің басшысы

Титов

И. Титов

2-қосымша

Қызметкердің жұмыс орнында болмағаны туралы акт жасау үлгісі

«МИГ»

жауапкершілігі

шектеулі

серіктестігі

Товарищество

с ограниченной ответственностью

«МИГ»

АКТ

АКТ

2015 жылғы 10 наурыз

Алматы қаласы

№ 7

город Алматы

М.С. Сулейменовтың жұмыс орнында болмағаны туралы

Актінің жасалған орыны: Алматы қ., Бөгенбай батыр көшесі, 75-үй, 215-кеңсе

Актінің жасалған уақыты: 10.35

Біз, төменде қол қоюшылар: директордың орынбасары Ахметова А.А., жеткізілім бөлімінің басшысы Титов И.М., ІТ-бөлімінің жетекші маманы Стеклов А.П., кадр қызметінің басшысы Жилина И.В. төменде айтылған туралы осы актіні жасадық:

2015 жылғы 10 наурызда қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібін сақтауын тексеру барысында жеткізілім бөлімінің аға менеджері Сүлейменов Марат Сұлтанұлының мына мекенжай бойынша: Алматы қ., Бөгенбай батыр көшесі, 75-үй, 215-кеңсе жұмыс орнында болмағаны туралы анықталды.

Жұмыс орнында болмаған уақыты – 1 сағат 30 минут

Осы актінің мазмұнын растап, қол қоямыз:

Директордың орынбасары                  Ахметова         А. Ахметова  10.03.2015

Жеткізілім бөлімінің басшысы            Титов               И. Титов       10.03.2015 

ІТ-бөлімінің жетекші маманы              Стеклов           А. Стеклов   10.03.2015

Кадр қызметінің басшысы                    Жилина            И. Жилина    10.03.2015

Осы актіні жасаған:

Кадр қызметінің басшысы                    Жилина            И. Жилина  

Актімен таныстым: Күні: 10.03.2015

Жеткізілім бөлімінің аға менеджері   Сулейменов       М.Сулейменов



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль