text
Справочник кадровика

Әлеуметтік-еңбек саласын цифрлық жүйеге көшіру

  • 12 октября 2018
  • 471
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрлық жүйеге көшіру

Еңбек кітапшаларын, денсаулық паспорттарын және басқа да құжаттарды цифрлау қалай жүзеге асырылады. Инфрақұрылымдар халықтың және бизнестің қажеттіліктерін алдын ала болжап, оларға қызметтерін қалай көрсетеді. Электрондық еңбек шарттарын есепке алу жүйесін енгізу.

Артымызға қарап, әртүрлі уақытта адамдардың қалай өмір сүргенін зерттесек, әр тарихи кезеңге ғылым мен техниканың және барлық адамзаттың дамуына байланысты белгілі бір трансформация тән екенін көреміз. Қазіргі уақытта біз бүкіл әлемде байқалатын және цифрлық технологиялармен тығыз байланысты экономикалық және әлеуметтік салалардағы өзгерістерді бастан кешіріп жатырмыз. Мақалада  қазіргі кезде  әлеуметтік-еңбек саласына сандық технологияларды енгізу қалай жүргізіледі, қандай бағдарламалардың аясында жүзеге асыру жүргізіледі.

Экономика мен бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік өсуі, инновациялық технологиялардың дамуы және көптеген елдердің салаларды цифрлық жүйеге көшіруі ауқымы шын мәнінде қуантатын технологиялық революцияға алып келді.

Осыдан он жыл бұрын жер бетіндегі халықтың кем дегенде бесінші бөлігіне Интернет қолжетімді болды. Бүгін әлемдік халықтың жартысына жуығы Интернетті пайдаланады. Және пайдаланушылардың мұндай өсу қарқыны күн сайын өсіп келеді.

Экономикалық саланы цифрландыру көптеген елдердің үлкен дамуына әсер етеді. Сондықтан осы жылдың маусым айында Қазақстанда халықты цифрлық сауаттылыққа үйрететін курстардың өз жұмысын бастағаны таң қаларлық жайт емес. Болжам бойынша, қазақстандықтардың үштен екі бөлігі цифрлық сауаттылықтың, ең болмағанда, базалық құзыреттіліктерін меңгереді. Курстар «Цифрлық Қазақстан» атты мемлекеттік бағдарлама аясында ұйымдастырылған.

Бағдарламаны іске асырудың бес негізгі бағыты:

1. «Экономика салаларын цифрландыру» – еңбек өнімділігін арттыратын  және капиталдандырудың өсуіне алып келетін серпінді технологиялар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының экономика дәстүрлі салаларын  түрлендіру бағыты.

2. «Цифрлық мемлекетке көшу» – халықтың және бизнестің қажеттіліктерін алдын ала болжап, оларға қызмет көрсету инфрақұрылымы ретінде мемлекет функцияларын түрлендіру бағыты.

3. «Цифрлық Жібек жолын іске асыру» – деректерді беру, сақтау және өңдеудің  жылдамдығы жоғары және қорғалған инфрақұрылымын дамыту бағыты.  Болашақта Цифрлық Жібек жолын іске асыру бірқатар іс-шараларды қамтитын екі бастаманы көздейді – бұл байланыс желілерін кеңейту және киберқауіпсіздікті күшейту. 

4. «Адами капиталды дамыту» – жаңа шындықтарға – білім экономикасына көшуді қамтамасыз ету үшін креативті қоғамды қамтитын түрлендіру бағыты. 

5. «Инновациялық экожүйесін құру» – бизнес, ғылым саласы және мемлекет арасындағы тұрақты көлденең байланыстары бар технологиялық кәсіпкерлікті және инновацияларды дамыту үшін жағдай жасау бағыты.

Мемлекет өндіріске инновацияларды генерациялауға, бейімдеуге және енгізуге қабілетті экожүйелер катализаторының рөлін атқарады.

Аталған бес бағыттың аясында 17 бастама мен 100-ден астам іс-шаралар қалыптасты, оларды іске асырудың нәтижесін жақын арадағы жылдарда айқын көруге болады, сондай-ақ негізгі нәтижесін келесі онжылдықта көруге тура келетін болашақ экономиканың жаңа саласы ретінде цифрлық сектордың  негіздерін қалыптастыратын іс-шаралар қалыптасты.

 Әлеуметтік-еңбек саласын цифрлау ведомствоның қызметінің еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік сақтандыру, зейнетақылық және әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және көші-қон сияқты барлық бағыттары бойынша 11 ақпараттық қосымша жүйелерін қамтиды. Еңбекпен қамтудың нысаны мен құрылымын өзгерту көзделіп отыр. Қашықтан жұмыспен қамту бағытына қарай көбірек назар аударылады.

Бағдарлама аясында үш ауқымды жобаны іске асыру жоспарланып отыр:

1. Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту.

2. Электронды еңбек биржасы.

3. Электрондық еңбек шарттарын есепке алу жүйесін енгізу.

Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі, М. Е. Әбілқасымова өзінің «Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру мәселелері туралы» баяндамасында (Астана қ., 2018 жылғы 23 мамырда) Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің қазақстандықтарды туғаннан бастап бүкіл өмір бойы дербестендірілген есепке алынуын қамтамасыз етуге бағытталғанын және оның барлық кезеңдерінде автоматтандырылған қызмет көрсететінін түсіндірді. Министрліктің 34 қызметтерінің 17-сіне автоматтандыру жүргізілді, баланың туылуына байланысты екі қызмет көрсету бірнеше коммуникация арқылы кешенді түрде жасалады, үш қызмет қызмет ішінара автоматтандырылған, жеті қызмет бойынша тағайындау туралы ақпаратты электрондық түрде алуға болады.

Жетілдіру келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

Сондай-ақ, М. Е. Әбілқасымова өз баяндамасында әлеуметтік-еңбек саласын  цифрландырудың екінші үлкен жобасын іске асыру туралы айтып берді – бұл Электронды еңбек биржасы. Қазіргі уақытта биржасы құрылды және Бағдарламаның бірінші іске асырылған жобасы болып табылады. Оның негізінде азаматтарды жұмысқа орналастыру процесі электрондық нұсқаға көшіріліп, ізденушілер мен бос жұмыс орындарының ірі базасы қалыптастырылған. Электрондық еңбек биржасының артықшылықтары еңбек нарығының барлық қатысушыларына қолжетімді. Ел азаматтары, үйден шықпай-ақ, жұмыс іздеуді дербес жүзеге асыра алады және жұмыс берушілермен байланыса алады.

Алматы қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының бағыттарын енгізуі 

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында, сондай-ақ электрондық форматтағы қызмет көрсетуді көбейту мақсатында:

Электронды еңбек биржасы (бұдан әрі – Е-Биржа) жұмыс іздеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін және қызметкерлерді іріктеуге жәрдемдесетін жұмыспен қамту жөніндегі бірыңғай цифрлық алаңын білдіреді. Республика бойынша бос орындар және ізденушілер туралы ақпарат күн сайын әртүрлі көздерден жаңартылады:

• жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер өз бетінше;

• бос жұмыс орындар мен жұмыс іздеушілердің мемлекеттік деректер қорынан (халықты жұмыспен қамту орталықтарымен қалыптастырылатын Мемлекеттік деректер базасымен бірігу);

• жеке жұмыспен қамту агенттіктерінен;

• бұқаралық ақпарат құралдарынан;

• жұмысқа орналастыру бойынша онлайн-алаңынан.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Е-Биржа порталы: позволяет:

  • Жеке кабинетін тіркеп, бос орынды немесе түйіндемені орналастыруға;
  • жіберілімдерге жазылуға және өз электронды мекен-жайыңа немесе Telegram мессенджеріне порталда жаңадан жарияланатын бос жұмыс орындары және түйіндемелерді алуға, белгіленген өлшемдерге сәйкес (қызмет саласы, кәсібі, аймағы);
  • әңгімелесуге шақырулар мен пікірлер режимін пайдалана отырып, жұмысқа қабылдауға немесе жұмысқа қабылдануға;

Жұмыс берушінің жеке кабинетінде арнайы жұмыс орындарын субсидиялауға арналған өтінімді орналастыруға;

  • онлайн режимінде халықты жұмыспен қамту орталықтарына ағымдағы бос жұмыс орындары туралы мәліметтер тапсыруға;
  • кәсіптік бағдарын тексеру үшін тесттен өтуге және порталда тест нәтижелеріне тиісті бос жұмыс орындарын  табуға мүмкіндік береді.

Е-Биржада тіркелу, бос жұмыс орындары мен түйіндемелердің деректер базасына қолжетімділік, бос орындар, түйіндеме және басқа да ақпаратты жариялау тәулік бойы және ақысыз негізде беріледі.

Е-Биржамен жұмыс пен қызметкерлерді іздеу бұл жылдам, ыңғайлы және оңай!

Порталдың Facebook, VK, ОК, Twitter, Instagram әлеуметтік желілерінде өзінің ресми парақшалары бар. Ресми парақшаларда күнделікті бос орындар және порталдың статистикалық мәліметтері туралы ақпарат жарияланып тұрады.

Жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 28-бабының 2-тармағының 1-ші және 2) тармақшаларына сәйкес:

1) бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы жiберуге;

2) жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына не жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндірістер және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты алдағы уақытта жұмыскерлердiң жұмыстан босайтыны туралы, жұмыстан босатылуы мүмкiн жұмыскерлердiң саны мен санаттары туралы ақпаратты босатылатын жұмыскерлердiң лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, бiлiктiлiгiн және еңбегіне ақы төлеу мөлшерiн және олар жұмыстан босатылатын мерзiмдерді көрсете отырып, жұмыстан босату басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы толық көлемде беруге міндетті.

Ал енді қорытындылайық. Болашақта әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру процесінде пайда болатын қызметтерін Қазақстан халқының көпшілігі пайдаланатын болады.  Алайда, бұл үшін екі жағдай сақталуға  тиіс:

  • біріншіден, барлық аймақтар Интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз етілуі тиіс;
  • екіншіден, адамдар өздері ең болмағанда сандық технологиялармен өзара іс-қимыл ең төменгі дағдыларын білуі тиіс. Сондықтан қазір ауылдарды кең жолақты Интернетке қосу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, еліміздің әр аймағында оқыту іс-шаралары өткізілетін болады. Халыққа цифрлық сауаттылық әліппесін оқытатын болады.

Жақында еңбек процесінің барлық қатысушылары электрондық сервис арқылы шарттық қатынастарға түсе алады. Жұмысқа орналастыру процесі электрондық форматта жүргізілетін болады. Бос жұмыс орындарының орасан зор базасы құрылды, осы электрондық платформада барлық ниет білдірген азаматтар тіркеліп, өзіне жұмыс таба алады. Ізденушілерге енді көп құжат жинаудың қажеті жоқ, өйткені жеке ісі автоматты түрде Электрондық еңбек биржасында қалыптастырылады. Сондай-ақ, қағаз еңбек кітапшасы да қажет болмайды. Барлық мәліметтер тіркеліп, электрондық форматта сақталады.

Сондай-ақ, цифрландыру аясында кезең-кезеңімен электрондық денсаулық паспорттарын енгізу жоспарланған. Және болашақта еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы парақтары электронды түрде қолжетімді болады.

 Әрине, ақпараттандыру және компьютерлендіру бізге күнделікті өмірде көмектеседі, уақытымыз бен қаражатымызды үнемдейді. Цифрлық технологиялар бізге неғұрлым жоғары өмір сүру сапасын қамтамасыз етеді. Бірақ, жаңа және инновациялық технологиялар, өз кезегінде, бізден күш-жігерімізді талап етеді. Уақытпен қатар жүру үшін, біз жаңа білім алуымыз керек, жаңа технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруымыз қажет, өзімізді және өз ортамызды соған қажетті ресурстармен қамтамасыз етуіміз қажет. Әрине, біз өзіміздің ойлау қабілетіміздің сипатын өзгертіп, өзгерістер мен инновацияларға дайын болуымыз керек. Сонда Интернет - бәрімізге қолжетімді, ал цифрлық технологиялар түсінікті болады.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться