Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру және ауыстыру

1788
Третьякова Альбина Анатольевна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрисконсульт, г. Алматы
Қызметкер былтырғы жылғы пайдаланылмаған еңбек демалысын биылғы жылғы демалысқа қосып алғысы келген жағдайда, құжаттарды (өтініш, бұйрық) қалай дұрыс ресімдеу керек? Қызметкер еңбек демалысын шет елде өткізіп, түрлі жағдайларға байланысты (құжаттарының жоғалуына байланысты оралу мәселесі, шет елде жедел түрде белгіленген операция) жұмыс берушіні мезгілімен хабардар етпеген жағдайда кадр маманына не істеу керек? Ауа-райына байланысты, барлық рейстер тоқтатылып, қызметкер жұмысқа еңбек демалысы аяқталғаннан кейін, бірнеше күн кешігіп келген жағдайда не істеу керек?

«Еңбек демалысы» ұғымы және оның ұзақтығы

2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-III Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (2015.09.02. берілген өзгерістермен толықтыруларымен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) 1-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, демалыс - жұмыс орны (лауазымы) мен ҚР ЕК белгіленген жағдайларда орташа жалақысын сақтай отырып, қызметкердің жыл сайынғы тынығуын қамтамасыз ету немесе әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату.

Егер қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін басқа нормативтік құқықтық актілерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта және жұмыс берушінің актілерінде көп күн саны көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы күнтізбелік 24 күн болатын жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы беріледі. Бұдан басқа қызметкерлерге ҚР ЕК 102-бабында белгіленген қосымша демалыстар беріледі. Назар аударамыз, ҚР ЕК-де жұмыс беруші-ұйымда бірінші жұмыс жылынан бастап, жыл сайын демалыс берілу қажет екенін білдіретін, «жыл сайынғы еңбек демалысы» деген ұғым көрсетілген. Ал демалыс берілетін кезең, ҚР ЕК 106-бабына сәйкес, қызметкердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген, он екі айды құрайтын, жұмыс жылы болып табылады.

Ақылы еңбек демалысына құқық беретін еңбек стажы

Қызметкер жыл сайынғы еңбек демалысына құқық беретін, еңбек стажы болса, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқылы. Еңбек стажына мыналар кіреді:

1) нақты жұмыс істелген уақыт;

2) қызметкер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт;

3) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына, оның ішінде жүктілігіне және босануына орай демалыста болған уақытына байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт;

4) қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт қосылады.

Өткен жылдардың пайдаланылмаған еңбек демалысын беру

ҚР ЕК 105-бабына сәйкес, қызметкерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.

НА ЗАМЕТКУ Заң шығарушы қызметкерді күнтізбелік жыл ішінде өткен жылдардың жыл сайынғы еңбек демалыстарын пайдалану құқығынан айырмайды.

Жыл сайынғы еңбек демалысын беру негіздемесі:  

  1. ҚР ЕК 107-бабындағы белгіленген тәртіпте ағымдағы жылға ұйымның жұмыс берушісімен бекітілген, еңбек демалыстарының кестесі;
  2. жыл сайынғы еңбек демалысын беру туралы қызметкердің өтініші.

      Демалысты беру, ауыстыру, ұзарту не демалыстан шақырып алу жұмыс берушінің актісімен ресімделеді (ҚР ЕК 114-бабы).

Жұмыс беруші өткен жылдар үшін жыл сайынғы еңбек демалысын, бірінші кезекте, еңбек демалыстарының бекітілген кестесі, қызметкердің өтініші және жыл сайынғы еңбек демалысын беру туралы ресімделген бұйрық негізінде береді.

Қызметкерге демалыс беру бұйрығында (1-қосымша) мыналар көрсетіледі:

  • берілетін демалыстың түрі (жыл сайынғы, қосымша ақылы, оқу, жалақысы сақталмайтын және т.б.);
  • демалыс берілетін кезең;
  • демалыстың ұзақтығы (демалыс берілетін күнтізбелік күндер);
  • демалыс берілетін күндер;
  • осындай бұйрықты шығару негіздемесі: қызметкердің демалыс беру туралы өтініші және (немесе) демалыстар кестесі.

Егер қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін басқа нормативтік құқықтық актілерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта және жұмыс берушінің актілерінде көп күн саны көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы күнтізбелік 24 күн болатын жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы беріледі. Күндер саны келесі формуламен есептеледі:

12 айда 24 күнтізбелік күн = 1 жұмыс істеген айда 2 күнтізбелік күн.

Еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі (ҚР ЕК 110-бабы).

Еңбек демалысын бермегені үшін жұмыс берушінің жауаптылығы

Заң шығарушы ҚР ЕК 108-бабының 3-тармағында, еңбек демалысын қатарынан екі жыл бойы бермеуге тыйым салынады, деп бекіткен. Мұндай тыйымды бұзғаны үшін жұмыс беруші,

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235 - V Кодексінің (2015.14.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) 88-бабы бойынша, айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлщерінде айыппұл салуды көздейтін, әкімшілік жауаптылыққа тартылады:

  • лауазымды адамдарға – 20 АЕК мөлшерінде;
  • шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 40 АЕК мөлшерінде;
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 60 АЕК мөлшерінде;
  • iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне  – 100 АЕК мөлшерiнде. 

Жыл сайынғы еңбек демалысын қатарынан екі жыл берілмеген жағдайды қарастырған  кезде,  заңнама жыл сайынғы еңбек демалысының ең аз ұзақтығын – 24 күнтізбелік күн деп белгілейтінін ескеру керек. Сонда жыл сайынғы еңбек демалысының ең көп ұзақтығы заңнамамен белгіленбеген. Бұдан басқа ҚР ЕК 103-бабының 2-тармағында жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығы ең жоғарғы шекпен шектелмейді деп көрсетілген.

Еңбек демалысын ауыстыру

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 17 ақпандағы № 566-ІV Заңы енгізген ҚР ЕК өзгерістеріне сәйкес, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы ұзартылмайды. Енді еңбек демалысы толық немесе оның бір бөлігі ауыстырылатынын (108-бап) айтып өту қажет.

ҚР ЕК 105-бабының 3-тармағына сәйкес, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін.

Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудің кезектілігі жұмыс беруші қызметкерлердің пікірін ескере отырып бекітетін демалыс кестесінде белгіленеді не тараптардың келісімімен белгіленеді (ҚР ЕК 107-бабының 1-тармағы).

Сонымен бірге бұл норма жұмыс берушіні жыл сайынғы еңбек демалысын бөліп беруге, ал қызметкерді демалысты бөліп пайдалануға міндеттемейді. Демалысты бөлу шешімі жұмыс беруші мен қызметкердің келісімімен қабылданады. Сол сияқты тараптардың келісімімен жыл сайынғы еңбек демалысын бөліп беру, демалыстың ең аз бөлігі және еңбек демалысының бөліктерін беру уақыты белгіленеді.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы (оның бір бөлігі) қызметкердің жазбаша келісімімен немесе оның өтінуі бойынша ауыстырылады. Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша келесі жылғы еңбек демалысына қосылуы немесе қызметкердің өтініші бойынша басқа уақытта бөлек берілуі мүмкін.

Сөйтіп, еңбек демалыстарының беру кезектілігі еңбек демалыстарының кестесінде белгіленбеген қызметкерлерге, жыл сайынғы еңбек демалысы тараптардың келісімімен жұмыс жылының кез келген уақытында толық көлемде немесе нақы жұмыс істеген уақыты үшін беріледі. Еңбек демалысының кезектілігі еңбек демалыстарының кестесінде белгіленген болса, онда еңбек демалысы толық көлемде беріледі.

ВНИМАНИЕ Ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы ҚР ЕК 108-бабы 3-тармағының талаптарын сақтай отырып, ҚР ЕК 108 және 109 баптарында белгіленген тәртіптерде және жағдайларда ауыстырылады, ұзартылады, үзіледі.

Егер қызметкер мезгілінде жұмысқа шықпаса...

Кадр қызметінің маманы, қызметкер жыл сайынғы еңбек демалысынан кейін жұмысқа шықпай қалған жағдаятпен қақтығысуы мүмкін. Оның жұмысқа шықпауы дәлелді себеп сияқты, дәлелесіз себеппен де болуы мүмкін. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында қызметкердің жұмыс орнында болмаған дәлелді себептерінің тізбегі қарастырылмаған. Сондықтан қызметкердің жұмыс орнында болмау себептерінің дәлелдігін жұмыс беруші өзі анықтайды. Бірақ, қызметкер жұмыс берушінің шешімімен келіспесе сотқа шағымдануы құқылы.  Сол сияқты, қызметкер бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған жағдайда  жұмыс беруші оған тәртіптік жаза қолдануға құқылы (ҚР ЕК 54-бабы 1-тармағының 6) тармақшасы).

Заң шығарушы қызметкерге еңбек тәртібін сақтауды міндеттейді. (ҚР ЕК 22-бабы 2-тармағы 2) тармақшасы).

Жыл сайынғы еңбек демалысы кезеңіне қызметкердің жұмыс орны сақталады. Сондықтан, еңбек демалысы аяқталысымен қызметкер, еңбек демалысының соңғы күнінен кейінгі жұмыс күнінде жұмысқа шығуға міндетті.

Қызметкер жұмысқа мезгілінде шығуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, міндетті түрде жұмыс берушіге ескертуі қажет.

СИТУАЦИЯ Қызметкер еңбек демалысында басқа елге ұшып кетті, бірақ қайта келуі бірнеше күнге кешіктірілді (ауырып қалып, ауруханада жатыр; құжаттарын жоғалтып алды және т.с.с.)

Егер жұмыс беруші қызметкерден жұмысқа мезгілінде шыға алмайтыны туралы, себебі көрсетілген хабарлама алса, онда жұмыс беруші ҚР ЕК 111-бабында көрсетілген тәртіппен, қызметкерге жалақы сақталмайтын демалыс беруге құқылы. Жалақы сақталмайтын демалыс беру жұмыс берушінің актісімен  (бұйрығымен ресімделуі керек (2-қосымша).

Қызметкер хабарламаны электрондық пошта немесе факс арқылы жіберуі мүмкін екенін ескеру қажет.

Қызметкер жұмыс берушіні мезгілінде ескертпеген жағдайда, жұмыс беруші қызметкердің жұмыс орнында болмағанын оның жұмысқа келмеуі деп санап, ҚР ЕК 72–74 баптарындағы тәртіппен оған тиісті тәртіптік жаза қолдануға құқылы.

1-қосымша

«Эдельвейс»

жауапкершілігі

шектеулі

серіктестігі

БҰЙРЫҚ

Эмблемасы, логотип, қызмет көрсету белгісі, тауар белгісі

Товарищество

с ограниченной ответственностью

«Эдельвейс»

ПРИКАЗ

06 сәуір 2015 жыл

Алматы қаласы

№ 35-К

город Алматы

Н. К. Кошелеваға жыл сайынғы

ақылы еңбек демалысын беру

туралы

2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-III Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес және 2015 жылғы Демалыстар кестесін орындау мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

Маркетинг бөлімінің менеджері Кошелева Надежда Константиновнаға 01.03.2013 жылдан 30.04.2014 жылға дейінгі жұмыс кезеңі үшін, ұзақтығы 24 күнтізбелік күн болатын, 06.04.2015 жылдан 29.04.2015 жылға дейін  ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы берілсін.

Негіздеме: 2015 жылғы 01 сәуірдегі тіркеу № 25 Н. Кошелеваның өтініші, еңбек демалыстарының кестесі.

 Бас директор                                  (қолы)                                    Қолының толық жазылуы

Бұйрықпен таныстым:

____________      ____________________

(қолы)                       (қолының толық жазылуы)

«__» ________ 20__ жыл

2-қосымша

«Эдельвейс»

жауапкершілігі

шектеулі

серіктестігі

БҰЙРЫҚ

Эмблема, логотип, знак обслуживания, товарный знак

Товарищество

с ограниченной ответственностью

«Эдельвейс»

ПРИКАЗ

30 сәуір 2015 жыл

Алматы қаласы

№ 38-К

город Алматы

Н. К. Кошелеваға жалақысы сақталмайтын

еңбек демалысын беру туралы

2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-III Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес және 2015 жылғы Демалыстар кестесін орындау мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

Маркетинг бөлімінің менеджері Кошелева Надежда Константиновнаға 2015 жылғы 30 сәуірден 02 мамырға дейінгі 3 күнтізбелік күнге, жалақысы сақталмайтын еңбек демалысы  берілсін. Жұмысқа шығу күні – 2015 жылғы 04 мамыр. 

Негіздеме: 2015 жылғы 30 сәуірдегі тіркеу № 28 Н. Кошелеваның өтініші.

Бас директор                         (қолы)                                    Қолының толық жазылуы

Бұйрықпен таныстым:

____________      ____________________

    (қолы)                      (қолының толық жазылуы)

«__» ________ 20__ жыл



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль