Нострификациялау

88
Кулинкова Виктория Викторовна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрист, г. Караганда
Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәліктер қатаң есептілік бланкілері болып табылады, «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкноттық фабрикасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында жасалады, есептік нөмірі және сериясы болады.

Қазіргі уақытта шетелде білім алған мамандар үлкен әйгілілікке ие болуда. Шетелдік ұйымдар берген білім туралы құжаттар, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық келісімдер (шарттар) негізінде мойындалады. Халықаралық келісімдер (шарттар)болмаса, шетелдік ұйымдарда алынған құжаттар нострификациялауға жатады, содан соң құжат иелеріне тиісті куәлік беріледі. Нострификациялау дегеніміз не, оны кім және қандай тәртіппен жүзеге асырады, осы мақаладан білесіздер.

Нострификациялау деген не?

Білім туралы құжаттарды нострификациялау – ол,   халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған тұлғалардың құжаттарының баламалылығын анықтау мақсатында, білім туралы құжаттарды тану туралы аталған мемлекетпен халықаралық шарт болмаған жағдайларда, жүргізілетін рәсім.

Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттары бар жеке тұлғаларға, сондай-ақ сенімхат негізінде алушының мүддесін білдіретін тұлғаларға көрсетіледі.

Білім туралы құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдарында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында құрылған және жұмыс істеп жатқан халықаралық және шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) алған тұлғалар берілген білімнің деңгейіне және даярлау бейіміне сәйкес Қазақстан Республикасында білім беру және/немесе кәсіби қызметке қол жеткізу мақсатында тану және нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс.

Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау рәсімін:

  • Қазақстан Республикасының «Еуропалық өңірдегі кәсіптік жоғары білім беруге жататын біліктілікті тану туралы конвенцияны ратификациялау туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына (Лиссабон Конвенциясы);
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережелеріне (2013.09.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (бұдан әрі – Ережелер) сәйкес жүзеге асырылады.

Тану және нострификациялау рәсімін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық) жүзеге асырады.

Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау және тиісті куәліктерді беру білім туралы құжат иесінің (қосымша), сондай-ақ сенімхаты негізінде өтініш берушінің мүддесін білдіретін тұлғаның өтініші бойынша жүзеге асырылады.

Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәліктер қатаң есептілік бланкілері болып табылады, «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкноттық фабрикасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында жасалады, есептік нөмірі және сериясы болады.

Тану және нострификациялауға қажетті құжаттар

        Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі – ХҚКО) жүгініп, келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтініш;
2) білім туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін);
3) білім туралы құжатқа мынадай ақпараттары бар қосымшасының түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін):
  1. оқу пәндерінің тізбесі;
  2. өтілген оқу пәндері мен практикаларының сағат/кредит көлемі;
  3. алған қорытынды бағалары;
  4. курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстары;
  5. басқа да оқу процесін құрайтын қосымша (бар болған жағдайда);
4) білім туралы құжаттың және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (білім туралы құжаттың және оған көшірменің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге).
Құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары куәландырады.

Өтініш білдіруші осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген білім туралы апостильденген не заңдастырылған құжаттарын не оқығанын және білім туралы құжат алғанын растайтын оқу орнынан мұрағаттық анықтама ұсынады;

 5) білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі. Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың немесе паспорттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге);
 6) оқу орнының мөрімен расталған (негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда) білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясы және/немесе аккредитеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға және басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) ұсыну қажет;
7) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (салыстыру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжаты - алушының өкілі жүгінген кезде;              
8) төлем туралы түбіртек.

Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырса, тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқа теңестіру үшін).

Өтінішті ХҚКО арқылы беру кезінде өтініш білдіруші ақпаратты жүйелерде сақталатын заңмен қорғалатын құпиясы бар мәліметтерді пайдалануға жазбаша түрде келісім береді.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі жеке басын куәландыратын құжаттар, неке туралы немесе оны бұзу туралы куәліктер (2008 жылдан кейін берілген) туралы мәліметтерді ХҚКО уәкілетті тұлғаның электронды цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электронды құжат нысанында ХҚКО ақпараттық жүйелері арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алады.

Өтініш, білім туралы құжат және оның қосымшасы, білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған аудармасы, неке туралы куәлік, білім туралы құжатты берген білім беру ұйымының лицензиясы және/немесе аккредиттеу туралы куәлігі, білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпарат, төлемдер туралы түбіртек, оқу орны туралы мұрағаттық анықтама, уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын куәлігі немесе паспорты және алушының өкілі жүгінген кезде өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжаты ХҚКО қызметкерінің ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электронды көшірмелер нысанында өтінішке қоса тіркеледі.

Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚКО қызметкері құжаттардың түпнұсқасын мемлекеттік ақпарат жүйелеріндегі мәліметтермен және құжаттардың электронды көшірмелерімен салыстырады, содан кейін түпнұсқаны өтініш білдірушіге немесе сенімхаты негізінде алушының мүддесін білдіретін тұлғаға кері қайтарады.

Жоғарыда көрсетілген құжаттардың электронды көшірмелерін ХҚКО қызметкері өтініш берілген сәттен бастап бір күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жібереді.

Өтінішті қарау мерзімдері  

Білім туралы құжатты тану туралы өтінішті қарау мерзімі көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған уақыттан бастап төрт айды құрайды.

Білім туралы құжатты тану туралы өтінішті қарау мерзімі келесі жағдайларда ұзартылады:

  1. егер білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы Орталықтың өтініш білдірушінің білім туралы құжаттарының түпнұсқалығын растау бойынша ресми түрде жолдаған өтінішіне жауап бермеген жағдайда, білім туралы құжатты тану туралы өтінішті қарау мерзімі бір айға ұзартылады.
  2. тану рәсіміне жататын білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес болмаса, өтініш білдіруші Қазақстан Республикасының ұйымдарында тестілеуден өту үшін өтінішті қарау мерзімі бір айға ұзартылады.

Нострификациялау рәсімінің кезеңдері

Ережелердің 26-тармағына сәйкес, нострификациялау рәсімі екі бөлімнен тұрады:

1) негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттардан басқа, білім туралы құжаттардың тұпнұсқалығын анықтау;

2) білім беру туралы құжаттардың түпнұсқалығын анықтау жүргізілгеннен кейін шетелде алған білімнің мазмұны Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының мемлекеттік талаптардың ең төменгі шегі және оқу орнын бітірушілердің дайындық деңгейлерінің сәйкестігін анықтау рәсімі.

           Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігін анықтауды сараптау топтары жүзеге асырады. Білім деңгейлері бойынша саны 3-5 адамнан тұратын сараптау топтары уәкілетті органның бұйрығымен білім беру жүйесінің жоғары білікті мамандары қатарынан құрылады.

       Сараптамалық қорытынды мынадай өлшемдердің қаралуы негізінде қабылданады:

  • оқу мерзімі;
  • оқытылған пәндер тізбесі;
  • бақылау нысандары (емтихандар мен сынақтар);
  • практиканың бар болуы және оның ұзақтығы;
  • оқу барысындағы оқитын адамның бағалары (жетістіктері);
  • қорытынды аттестаттаудың және деңгейінің бар болуы.

Өтілген бейінді пәндер тізбесіндегі айырмашылық 35 % - дан асқан кезде сараптау комиссиясының шешімімен өтініш білдірушіні тестілеуден өту үшін оқу орнына жібереді.

Егер шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжатта көрсетілген біліктілік Қазақстан Республикасының білім деңгейі бойынша дайындық бағыттары мен мамандықтары жіктеуішісінде болмаған жағдайда білім мазмұнына сәйкес жүргізілетін жақын мамандықтар анықталады.

Тестілеу нәтижесі оң болған жағдайда, өтініш білдірушінің білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сараптау комиссиясының отырысында қаралады, керісінше жағдайда, құжаттар пакеті иесіне кері қайтарылады.

Құжаттарды қарау нәтижесі

       Орталық білім туралы құжатты нострификациялау туралы бұйрықтың негізінде  Ереженің 4-9 қосымшаларына сәйкес, білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы тиісті куәлік ресімдейді.

       Куәлік өтініш берушінің жеке өз қолына немесе оның сенімхаты арқылы басқа тұлғаға беріледі.

Қосымша
 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау  комитетінің төрағасына

______________________________

(кімнен: тегі, аты, әкесінің аты)

______________________________

(мекенжайы, телефоны)

______________________________
   (оқу немесе жұмыс орны)

______________________________

               (ұйымның телефоны /факс)

Өтініш

Сізді  ________________________________________________________________ берген

(құжатты берген ұйымның атауы) (признать, нострифицировать документ)

____________________________________________________________мамандық бойынша

_____________________________________________________________________________
                                                  (аттестат, диплом, куәлік)

___________________________________________________________________ сұраймын.

                                    (құжатты тануды, нострификациялауды)

Оқыған елі ________________________________________________________.

Осы өтінішпен, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылатын жеке деректерімді пайдалануға, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерінің электрондық құжат нысанындағы сұранымға менің отымнан қол қоюына, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде мен ұсынған құжаттардың түпнұсқаларының электрондық көшірмелерін халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің куәландыруына өз келісімімді  растаймын.

 «___» _________ 20__жыл
____________________

(жеке қолы)

____________________

(сенімді адамының қолы)
____________________

(негіздеме)

____________________

(күні)

      

Ескерту: Өтініш иесі ұсынылған деректердің дұрыстығына  жауапты болады..



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль