Тасқа жазылған хат

45
Тыналин Алим Онербекович
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрист, г. Алматы
– Бұл компания «Ерекше қызмет көрсету бюросы» деп аталады. Олар клиенттеріне өзіндік, басқаларға ұқсамайтын қызмет көрсетеді, бірақ сол үшін қомақты қаламақы сұрайды. Бізді, өздірнің біраз тапсырмаларын жүзеге асыру үшін, қосалқы мердігерлікке алады. Сол тапсырмалардың орындалуымен сен айналысасың, – деді басшы Әнуарға.

Құрметті оқырмандар, сіздерді Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз!    Жаңа жылда денсаулықтарыңыз мықты болып, жоспарларыңыздың орындалғанын тілейміз!Кәсіби шеберлік мектебінде 2015 жылы, сіздердің назарларыңызға, бір консалтингілік агенттіктің қызметіндегі оқиғалардың топтамасын, сонымен қатар, олардың жасаған құжаттарының заңдылығын тексеруді ұсынамыз.

Әнуар, маркетингілік агенттіктің сату жөніндегі менеджері, басшы бөлмесінен аң-таң болып шықты.

Басшы оны ертеңмен шақырып, оған, салиқалы, маңызды клиентке қызмет көрсету міндеті жүктелетінін  хабарлады.

Ол Әнуардың жарнама саласындағы соңғы табыстары туралы, оның еңбегі «Кемпірқосақ» агенттігіне үлкен дивиденттер алып келгені туралы  ұзақ айтты. Сондықтан бұл жобаны ол фирманың ең үздік қызметкеріне ұсынғысы келгенін хабарлады.

– Бұл компания «Ерекше қызмет көрсету бюросы» деп аталады. Олар клиенттеріне өзіндік, басқаларға ұқсамайтын қызмет көрсетеді, бірақ сол үшін қомақты қаламақы сұрайды. Бізді, өздірнің біраз тапсырмаларын жүзеге асыру үшін, қосалқы мердігерлікке алады. Сол тапсырмалардың орындалуымен сен айналысасың, – деді басшы Әнуарға.

Сонымен қатар, ол өзінің менеджеріне, алғашқы тапсырманың он бес минуттан кейін келетінін айтты. Сондықтан, Әнуардың жұмыс орнында болғанын талап етті.

Әнуар өз орнына отырып, өзінің электрондық поштасына тапсырма хаттың келуін күтіп, немесе ол тапсырманы курьер әкелетін шығар деген үмітпен, ағымды істерімен айналысып кетті.

Бірақ «Ерекше қызмет көрсету бюросы» ол тапсырмасын күтпеген тәсілмен жіберді.

«Кемпірқосақ» компаниясы орналасқан бизнес орталықтың жетінші қабат терезелерінің арғы жағында, кенет қатты гүілдеген дыбыстар естілді. Жақын бір жерде вертолет ұшып бара жатқандай болды. Бір кезде терезеге кішкентай темір зат тоқылдата бастады.

Терезеге жақынырақ отырған офис-менеджер Таня, бұрылып қарады да, шыңғырып жіберді. Оның көзіне, офиске өрмекші тәрізді бір нәрсе тырмысып кіріп келе жатқаны көрінді.

Қызметкерлер терезеге қарай жүгіріп келгенде, олар офиске, шынымен, темір аяқтары бар, төбесінде зырылдауығы бар, бір құбыжықтың кіргісі келіп тұрғанын көрді.

– Бұл дрон ғой! – деп айқайлап жіберді Олег, компанияның жүйелік администраторы.

Ол терезені ашып еді, дрон, ауада сәл қалықтап тұрды да, бөлмеге ұшып кіріп, Әнуардың жанына келді. Дронның ішінде бір нәрсе тырс етті де, ішінен жасыл түсті пластикалық цилиндр үстелдің үстіне түсті.

Содан соң «ұшқыш» офистің ішінен салтанатты түрде терезеге келіп, ұшып кетті.

Әнуар жіберілген жолдауды ашып болғанша, барлық қызметкерлер қасында жиналып қарап тұрды.

– Бұл тапсырма «Ерекше қызмет көрсету бюросынан»! –  деді менеджер, қызықты курьер туралы естіп, жүгіріп келген басшы мен әріптестеріне.

Тапсырманы оқып, Әнуар бұл түсі шығар деп ойланып қалды.  Ол басын шайқап, қайта оқыды.

Тапсырушы одан,  бүгінгі кешке бір клиентіне  хат апаруын ұсыныпты. Хаттың мәтіні дайын екен. Оны тек тасымалдаушыға қондырып, адресатқа жіберу керек. Барлығы оп-оңай сияқты, бірақ тасымалдаушы ретінде қағаз емес,  Word или Excel файлдық құжаттар емес, тіпті, сурет те емес. Өзіндік хатты кәдімгі таста қашау керек екен, мәрмәр тас немесе гранит болса тіпті жақсы,  салмағы жүз килограммнан кем болмауы тиіс, және оны тездетіп жіберу талап етілген.

Таң қалған Әнуар, сөйлей алмай, жиналып  тұрған әріптестеріне қарады.

Не жазыпты? – деп, басшы хатты алып, оқыды.

Алғашында ол абдырап қалды, бірақ Бюро ұсынған құнды көріп, Әнуарға, уақытты өткізбей тапсырманы орындауға бұйрық берді.

Сәл ойланып, Әнуар, қаржылық ресурс болса, мұндай хатты жазу қиын емес деп ойлады. Ал, «Ерекше қызмет көрсету бюросы» ұсынған қаржы жеткілікті.

Әнуар ғаламтордан бірнеше хабарландыру тауып алып, тасты жеткізушілермен, нақышшылармен хабарласып, краны бар жүк көлігін жалдады. Соның бәрі оның бір сағат қана уақытын алды. Содан кейін тапсырысын ала салып, ол, нақышшылардың шеберханасына жарты сағаттан кейін алып келетін тасқа шауып кетті.

Тасты Әнуар келген соң, он минуттан кейін жеткізді.

Шебер бірден жұмысқа кірісіп кетті.

Хатта былай делінген:

««Арго» ЖШС басшысы  Ж. Ш. Бушевке.

Құрметті Жанболат Шынұлы!

Осы хатпен, Сіздің компанияңыз, 2014 жылы қараша айында, 2014 жылғы 3 қаңтардағы  № 23/134 Шарттың, №2 қосымшасына сәйкес, апарған мұнай өнімдері төлемінің мерзімін тағы да өткізіп алғанын ескертеміз. Сонымен қатар, 2014 жылы сіздерге жеткізілген тауарлардың төлемдерін де толық атқармағандарыңызды бірнеше рет еске салғанбыз. 

Жоғарғы айтылғандарға байланысты, Шарт бойынша өз міндеттеріңізді орындауларыңызды сұраймыз. Олай болмаған жағдайда, біз басқа әдістерді қолдануға, тіпті,  «жауынгерлік әрекеттерге» баруға дайынбыз.

Құрметпен  «Калибан» ЖШС басшысы  Жанузаков А. Г.»

Арнайы құралдардың көмегімен екі сағат ішінде мәрмәр тасқа хат қашалып, жазылды. Суықтан қатты тоңған Әнуар, жүк көлігін шақыртты, тез арада хат қажетті мекен-жай бойынша заулап кетті.

Ештеңені сезбеген «Арго» ЖШС күзетшілері жүк көлігін қоймаға өткізіп жіберді, бірақ, Әнуар орталық есікке баруды бұйырды. Түс мезгілі болатын, фирманың қызметкерлері көрінбеді. Хатты дәл офистің есігінің алдына түсіру ешқандай қиындық туғызбады.  

Әнуар көлікке қайта отырғанда, оның қасына күзетшілер мен офис-менеджер қыз жүгіріп келіп:

– Бұл не істегеніңіз? Тез арада тасты алып тастаңыз!!! – деп айқайлады.

–   Ол  тас емес – деді Әнуар – Ол жолдау. Оны оқып, алғандарыңызды растап, қол қойыңыздаршы.

«Арго» ЖШС абдырап қалған қызметкерлері хаттың мәтінін оқып тұрғанда, жүк көлігі бұрылып, фирманың аймағынан шығып кетті.

Тапсырма берушінің тапсырмасы толығымен орындалды.

Бұл нөмірдің сұрағы: Жоғарыда аталған хатты ресімдеу барысында іс қағаздарын жүргізудің қандай бұзулары жіберілді?  

 Өздеріңіздің жауаптарыңызда «Кәсіби шеберлік мектебі» (№ 1, 2015) белгісімен мына мекенжайға: 050009, Алматы қ., Шевченко көш., 165б/72г, 712-кеңсе немесе shkola@mcfr.kz электрондық поштаға жолдаңыздар, міндетті түрде тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын, лауазымыңызды, жұмыс орныңызды және толық пошталық мекенжайыңызды көрсетіңіз.

Сіздер жүлделі ойынға журналдың кез келген нөміріне жауап беріп, қатыса алатындарыңызды ұмытпаңыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль