Жаңа көзқарас – іскер әйел

249
Немировская Елена Александровна
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», менеджер по работе с персоналом, г. Алматы
Бизнес саласы мен мансабының өсуі бұл әйел үшін оның негізгі мүдделері болып табылады, ол белсенді түрде ер адамның рөлін атқарады. Мұндай әйел, әдетте, оқуда да, жұмыста да, спортта да табысты болады...

Қазіргі уақытта саясат пен бизнесте ер адамдармен тең жетістікке жететін, нәзік жандылардың белсенді өкілдері жиі кездеседі. Бұл сонда: уақыт талабы ма әлде эмансипация салдары ма? Нәзік әйел бола тұра, бизнес шыңдарына қалай жетуге болады? Мансабының жолында іскер әйелдер қандай қиындықтармен кездеседі?

Бірден «іскер әйел» терминін анықтап алауға тырысайық.

Іскер әйел деп басқарушылық жұмыста істейтін немесе жеке бизнесі бар әйелді айтады. Бұған, іскер әйелдің өмірінде «іс – ақша (және онымен байланысты билік)» бағыты негізгі болып табылатынын қосуға болады.

Қағида бойынша, оның болмысы күшті, тәуелсіз, өз қадірін өзі білетін адам. Өз қабілеттерін жоғары бағалап, бұл әйелдер өздерінің ғана емес, басқалардың да іс-әрекеттері үшін жауапты болады. Оларды от анасының рөлі қанағаттандырмайды. Олар тек қана ер адамдар ақша тауып, отбасын асырауға тиіс деп санамайды.

Іскер әйел тәуекел тобына жатады. Отбасы мен мансаптың арасында таңдау жасағанда, мұндай типтегі әйелдер: күйеуін, балалары мен үйін екінші орынға қояды, кейде тіпті отбасы олар үшін қиын мәселеге айналады.

Бизнес саласы мен мансабының өсуі бұл әйел үшін оның негізгі мүдделері болып табылады, ол белсенді түрде ер адамның рөлін атқарады. Мұндай әйел, әдетте, оқуда да, жұмыста да, спортта да табысты болады...

Гендерлік мәселе

Көбінесе, адамдар мансап  пен бизнесте табысқа жеткен әйелді, сүйкімсіз, тұрмыс құрмаған және баласыз кісі деп ойлайды. Олардың пікірі бойынша, ол бүкіл әлемге ашулы, және жеке өміріндегі сәтсіздіктерді мен өзінің кемшіліктерін өтеу мақсатында мансабының өсуімен және бизнеспен айналысады.

Дегенмен қазіргі уақыттағы ақиқат іскер әйел бейнесін мүлдем басқаша көрсетеді. Ол сүйкімді, ақылды, білімді. Бұл әйелдің отбасы бар, өзінің жұмысбастылығына қарамастан, ол отбасына әрқашан көңіл бөледі. Үнемі өз білімін өзі көтерумен айналысып, ол өзінің сырт келбетіне де күтім жасауды ұмытпайды.

Қоғамның дамуы мен қазіргі уақыттағы өркениет, әйелдің мұндай бейнесін бізге, кәдімгі азат етудің шарасыз нәтижесі деп қабылдауға себеп болады. Әйелдер өмірдің барлық салаларында ерлермен тең құқықтық болу үшін белсенді күресті, және барлық дамыған елдерде әйелдер осы мақсаттарын іске асырды.     

Алайда әлі күнге дейін гендерлік стереотип сақталып келеді: әйелдер – әлсіз жандар, от анасы, олардың  жазмышы  –  білім алу, тұрмыс құру және бала өсіру.

Қыздарды тәрбиелегенде, оған болашақта әйелдің рөлін атқаратынын түсіндірген (қазір де түсіндіреді). Біздің, әйелдің рөлі екінші орында тұратын, яғни, ол бағынышты болатын, патриархалдық қоғамда, «ерлер әлемінде» өмір сүріп жатқанымызды мойындауымыз керек. Мұндай жағдайларда әйел мансабының өсу жолы күрделі болады, өйткені көптеген адамдар, тек ер адам ғана басшы бола алады деп есептейді. Бұл, сөзсіз, өзінің қабілеттеріне сәйкес, қызмет сатысымен жоғарылау үшін, әйел өтетін, кедергілер жасайды.

Тіпті жұмысқа қабылданғанда да кемсітушілік пайда болады. Жұмыс берушілер ерлерге отбасы жағдайына байланысты сұрақтар қоймайды. Ал әйелдерден отбасы, балалары, олар ауырып қалған жағдайда, оларға кім күтім жасайтыны туралы сұрастырады.

Ер адам, жоғары және жауапты қызмет атқарса да, ешқашан жұмыс пен отбасы арасында таңдау жасамайды. Әйел адам мансабының алғашқы қадамынан таңдау жасау керек (әлде жұмыс пен отбасыны қоса атқаруы керек).

Бизнес әлемінде, әйелге қолданылатын өлшемдер жоғары, ал талаптар – қатал.

Іскер әйелдің негізгі қасиеттері

Әрине, бизнес вуменнің барлық қасиеттерін айту қиын – олардың көбісі дара қасиеттері, бірақ біз негізгілерін белгілейміз:

1. Іскер әйел өзінің және өзгенің уақытын бағалайды. Бұл кейбіреулердің тума қасиеті, оны дамыту қажет. Бұл қасиет іскер әйелді, іскерлік кездесулерге кешікпеуге және барлық ісін істеп үлгеруге мүмкіндік беріп, нәзік жандылардың  басқа өкілдерінен ерекшелендіреді.

2. Іскер әйел өте білімді, сондықтан ол сауатты және сыпайы сөйлейді.

3. Іскер әйелдің денсаулығы жақсы. Ауыру мен сырқаттану істің табыстылығына себеп болмайды ғой. Жоспарларын сәтсіздікке ұшыратпау үшін, ол әрдайым тамаша күйде жүреді.

Негатив пен позитив

Әлбетте артықшылықтары бар. Іскерлік өмір әйелге белгілі бір ізін қалдырады, және көп жағдайларда оны басқалардың жанында тартымды қылып көрсетеді. Әлбетте, іскер әйел өзінің жұмыс үдерісінде жақсы мәнерлерді жеткілікті деңгейде меңгереді. Бұл оған жұмыста да, отбасында да, және достарымен қарым-қатынаста да көмектеседі.

Одан басқа, өзін өзі бағалауында және туыстар мен таныстары тарапынан сыйластықта, іскер әйелдің және оның отбасы өмірінің жоғары материалдық деңгейі  үлкен рөл атқарады.

Алайда кемшіліктері де бар. Іскер әйелдер фирманың табысы мен өркендеуі үшін, өзінің отбасылық және жеке басының амандығын құрбан ететін жағдайлар жиі кездеседі.

 Одан басқа, бизнес саласында әйел адам, бұл қоғамда қабылданған көптеген нормалар ерлер үшін деген пікірмен көп қақтығысады. Айналасындағылар басшы әйелге күлімдеп немесе кешіріммен қарайды.

Қоғамдық көзқарастарға  сәйкес әйел бағынышты қызметкердің рөлін атқарады. Ол өзіне және айналасындағы адамдарға басшы қызметін атқаруға лайық екенін немесе өзінің жеке бизнесін жүргізе алатынын үнемі дәлелдеу керек.

 Кез келген жағдайда, іскер әйел – күшті және өзін толыққанды көрсете алатын адам. Ең бастысы – бизнес пен өмірдің басқа да жақтарының арасында саналы теңгерімді табу.

АҚШ-та табысты әйелдерге бақылау жүргізілген. Табысты әйелге тән қасиеттер – жоғары физикалық және әлеуметтік белсенділік, өзімшілдік, отбасының қолдауына сенімділік,  әлеуметтік рөлдерін тез ауыстыруы (жұмыста – басшы, үйде – бағынышты адам).

    

Коммуникацияның жаңа дағдылары

Іскер әйел қарым-қатынаста болуы керек. Табысты іскер әйел, жұмыс бабымен байланысты дұрыс орнатуды, адамдармен өзара әрекеттесуді білуге тиіс. 

1 – қағида. Жұмыста барлық адамдарға атын және әкесінің атып, жүгініңіз. Кеңседе бейресми жағдайды ынталандырмау қажет: бұл клиенттерді құрметтемеуді көрсетіп, олардың тарапынан сенімсіздікті тудырады.

2 – қағида. Телефон арқылы сөйлескенде, адамға бірінші рет қоңырау соғып тұрсаңыз, әрдайым өз атыңызды, тегіңізді және әкеңіздің атын айтыңыз. Бұл байланыс орнатып, қарым-қатынаста болуға көмектеседі.

3 – қағида. Сізбен таныстырған адамдардың атын ұмытпауға тырысыңыз. Әр адамға оның аты өте маңызды. Егер сіз келешегі бар клиентті кездестірген болсаңыз, әңгіме барысында бірнеше рет оны атын қайталаңыз.   

4 – қағида. Бизнесте физикалық байланыстың әдістері өте аз. Ең кең тарағандардың бірі – қол алысу.

5 – қағида. Күлімдеңіз: бизнестегі күлкі – сирек кездесетін құбылыс. Күлкімен сіз өзіңіздің шынайылығыңызды, өзіңізге деген сенімділігіңізді, сондай-ақ, сізбен тез байланыс орнатуға болатынын көрсетесіз.

6 – қағида. Сұхбаттасыңызға қараңыз. Әңгімені бастамас бұрын, міндетті түрде сұхбаттасыңыздың көздеріне қарап, күлімдеңіз. Келіссөз өтетін бөлмеге кіргенде, бөлмеде отырған барлығына күлімсіреп қараңыз.

7 –  қағида.  Адамдарды бір-бірімен батыл таныстырыңыз. Көп адамдар бұны дұрыс істей алмайды. Бизнесте атқаратын қызметі төмен адамдарды жоғары қызметтегі адамдарға таныстыру керек.  Бұл ретте жоғары тұрған адамның атын бірінші атаңыз.

Бизнес-ледилердің қолынан келетін іс

Көптеген әйелдер бизнесте табысқа жетіп, нағыз бизнес-леди болғысы келеді. Бірақ барлығы бұл табысқа әртүрлі қарайды. Біреулер үшін табысты бизнес – ол ақша, кейбіреулерге – қалайтын ісімен айналысу мүмкіндігі.

Анықталу керек. Бірінші кезекте, қай салада табысты іскер әйел болғыңыз келеді, соны анықтау қажет. Өзіңіз үшін, кім болғыңыз келетінін шешіп алыңыз: кәсіпкер ме әлде лауазымды тұлға ма.

Білім. Табысты іскер әйел болу үшін, жақсы білім алу қажет. Кез келген істе табысқа жету үшін, білім қажет. Сізге бизнесті жүргізу бойынша ғана емес, сонымен бірге, тікелей сіздің ісіңізге қатысты тереңірек білім негіздері қажет. Көп кітаптар және журналдар оқуға тырысыңыз, конференцияларға, семинарлар мен курстарға қатысыңыз.

Еңбек. Табысты бизнес – үлкен еңбек екені ешкімге құпия емес. Сіз жұмысқа бар уақытыңызды беруге дайын болуыңыз керек. Бәрін тастап кеткің келетін сәттер де болады. Оған да дайын болып, жұмысыңызды жалғастырыңыз.

Жылдамдық маңызды. Соңғы кезде әйелдер бизнесте үлкен табыстарға жетіп жатқандарына қарамастан, табысты бизнесмендердің ішінде көбінесе ерлер басымырақ.  Ол, әйелдердің нашарлығы емес, оларға іскер ойынның ережелерін үйрену үшін көбірек уақыт қажет екені. Әйелдер шешім қабылдағанда ұзағырақ ойланады, сондықтан олар аталған үдерісті бақылауды үйренуі қажет.

Бизнесте тез шешімдер қабылдай білу қажет, әйтпесе табысқа жету мүмкін емес.

Әйел болып қалыңыз. Бұл іскерлік әйелдің тағы бір маңызды қағидасы. Көбірек табысқа жету үшін, көп әйелдер еркекке ұқсап кетеді. Бірақ бұл әйелдерге де, ерлерге де ұнамайды.

Өз қадіріңізді біліңіз. Іскер әйел өз қадірін білу керек және бірінші орынға өзінен басқа барлығын қоймау керек. Дәл осындай әрекет әйелді өзінің бизнесі болуға лайық емес деген ойларға итермелейді.

Өте жиі кешірім сұрамау керек: ол тек сіздің қателеріңізге назар аудартады. Бір рет кешірім сұраңыз – сол жеткілікті.

Мақтаныш қажет. Іскер әйел жеткен жетістіктеріне мақтану керек, және ол туралы басқа адамдарға айтудан қорықпау керек. Бірақ, шектен шығып, масаттанып кетпегеніңіз жөн.

Жиналыңыз. Шынымен қажетті нәрсе үшін ғана жұмыс істеу керек. Бәріне  жағуға тырыспаңыз, күш-қуатыңыз бен уақытыңызды жұмсамаңыз.

Тағы бір принципті нәрсе – қол жеткізгіңіз келген нәрсені айқын анықтау.

Бейне – маңызды нәрсе

Іскер әйелдің бейнесі қандай болу керек?

 Негізінде ер адамдармен келіссөз жүргізетін іскер әйел, іскер әйел болып қабылдану керек. Алайда, егер жыныс белгілері толық бүркелсе, дұрыс байланыс болмауы мүмкін. Сондықтан әйел өз қасиетін жоғалтпауы тиіс.  

Іскерлік кездесуге, тіпті керемет әзірлеген бизнес-жоспарыңыз болса да, ашық түсті қысқа көйлек киіп, әшекейлерді іліп алып келмеу керек. Сондай-ақ, ашық косметика мен өкшесі өте биік аяқ-киім киюге де рұқсат етілмейді. Өте ашық боялған ұзын тырнақтар да  талғамсыздықтың белгісі деп есептеледі.

Іскер әйел өзінің киім кию үлгісі әбден ойластыруы қажет.

Костюмы жайлы және жарасымды болу керек. Әдетте бұл классикалық стильде тігілген қара немесе ашық түсті, костюм, бірақ жарқыраған болмауы тиіс. Аяқ-киімді де сәйкес алу қажет – классикалық жай табанды аяқ-киім немесе биік өкшесі бар туфли.

 Макияж да орынды болуға тиіс. Басшы екенін көрсете отырып, өзінің тартымдылығына акцент жасау дұрыс емес.

Қымбат әшекейлер таққан дұрыс, бірақ олар қарапайым және жеңіл болуы керек. Егер әйел тұрмыста болса, неке сақинасын тағуы керек.

Тырнақтарға  арналған  бояуы далаптың түсімен түстес болуы керек – олардың ашық түсі болғаны дұрыс. Тырнақтарының  қысқа, таза болғаны абзал.

Кең ойылған блузка киюге, қолдарын жалаңаштауға, қымбат парфюмді шектен тыс себуге, қырыңдауға, қылымсуға болмайды.

Іскер әйелдің жұмыс орнына барын киіп, сәнденіп келгені – күлкілі.  Сол сияқты кешкі іс-шараға іскерлік костюмын киіп келгені де ағат болады. Әр нәрсе өз уақытында және орнымен болуы тиіс.

Іскер әйел өзінің сүйкімділігін жұмысындағы мақсаттары үшін пайдаланбауы керек – бұл қателік. Мәселе сіздің пайдаңызға шешілмейді. Іскер әріптесіңіз, сізді серіктес ретінде көре алмаса, бизнес пен келіссөз жүргізіп жатқан әйел затының арақатынасын белгілей алмайды.

Біз, іскер әйелдерге тән негізгі қасиеттерді, сондай-ақ оларға, күнделікті қызметінде қақтығысуға тура келетін қиындықтарды қарастырдық. 



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль