Артық аңқылдақтықтың құны

63
Артық аңқылдақтықтың құны
Немировская Елена Александровна
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», менеджер по работе с персоналом, г. Алматы
Егер қызметкердің жеке өмірі барлығына белгілі болса, басшы оның сенімділігіне күмәндануы мүмкін. Оның пікірін өзгерту одан кейін оңай болмайды. Сіздің оқиғаңыз бастыққа қандай күйде жетеді, және ол оқиғада оның көз алдында сіз қандай рөлді атқарасыз, оны айту қиын.

Жеке басының өмірін талқылау кез келген адамның қалауы мен қажеттілігі. Қазіргі уақытта достарымызбен кездесуге уақыт болмағандықтан жеке өміріміздегі жағдайларды әріптестерімізбен талқылаймыз. Әрине, адамдар жұмыста еркін бейресми сөйлесуді қалайтыны таңқаларлық емес. Бірақ, артық аңқылдақтықтың құны қымбат:  мансабыңыздың даму жолында кедергі мүмкін немесе, тіпті, жұмысыңыздан айырылуыңыз болуы.

Қызметте достары, күйеулері (әйелдері), балалары, енелері (қайын аталары) арасындағы қарым-қатынастар туралы әңгімелерді өте жиі естуге болады. Біреудің жеке басының өмірі жалпы талқылауға айналуы мүмкін. Ал сырласына сеніп, ешкімге айтпауын өтінген, бұл оқиғаның авторы бұл жағдайда ештеңе істей алмайды.

 Көптеген адамдар, құпияда сақтауды өтініп, сіздің жағдайыңыз туралы басқаларға айтып береді. Аз уақыт ішінде сіздің жеке өміріңіз туралы бүкіл кеңсе білетін болады, оған күмәніңіз болмасын. Бұның несі жаман? Сіздің мансабыңыздың дамуы туралы шешім қабылдауға өкілетті адам, сіздің кеңседе әр нәрсені ашық айта беретініңізді жағымсыз қабылдауы мүмкін.

          

Сақтық, тағы да сақтық …

Егер қызметкердің жеке өмірі барлығына белгілі болса, басшы оның сенімділігіне күмәндануы мүмкін. Оның пікірін өзгерту одан кейін оңай болмайды. Сіздің оқиғаңыз бастыққа қандай күйде жетеді, және ол оқиғада оның көз алдында сіз қандай рөлді атқарасыз, оны айту қиын.

Әсіресе жаңа жұмыс орнында бейімделу кезеңінде әріптестеріңізбен жеке басыңызды талқылағанда өте мұқият болу маңызды.

 Бұл жағдаятта артық сөйлеу өте оңай және қауіпті. Жаңадан келген қызметкер автоматты түрде бұрынғы жұмыс орнында қалыптасқан қарым-қатынасты ұстануы мүмкін. Жаңа әріптестері оны адам ретінде аз біледі, сондықтан жеке басы туралы ақпаратты дұрыс түсінбеуә мүмкін.

Мансапқа талпынатын адамдардың жеке өмірі туралы әңгімелеріне өте байсалды қарау керек. Әріптестермен қарым-қатынаста болғанда, ол әңгімелерді жоққа шығаруға болмайды, бірақ өте мұқият бақылау керек.

Ақпарат адам өзі жасауға талпынатын бейнесіне барынша нақты сәйкес болуға тиіс және оны қолдау керек.

Саясатқа немесе дінге деген көзқарасын ашық білдіріп, кейде мансабынан және жұмысынан айырылуы мүмкін.

Халықаралық компанияда АҚШ азаматшасының тікелей басшылығымен жұмыс істейтін біздің отандасымыз, америка әкімшілігінің саясаты туралы жағымсыз пікір білдірген. Оны ешкім бірден жұмыстан босатқан жоқ, бірақ, жұмысы бағаланбай, оған деген қарым-қатынастың жағымсыз болып кеткені соншалықты, ол жұмыстан өз еркімен кетуге мәжбүр болды.

Әрине, ашық сөйлесу, өз пікіріңді айту, оның ішінде жұмыста да, әр адамның даусыз құқығы болып табылады. Алайда: ұжым қандай керемет болып көрінгенмен, сіздер бұл жерге дос табу үшін немесе саясатты талқылау үшін емес, жұмыс істеу үшін келдіңіз. Кез келген ашық қарым-қатынастар немесе ашық пікірлер қиындықтарға әкеп соғады.

«Тек қана өзім туралы...»

Кейбір қызметкерлер жұмыста өздерінің махаббат хикаялары, отбасындағы келеңсіз жағдайлары, қаржылық мәселелері туралы әңгімелеуді өте жақсы көреді, тіпті, әріптестері жақтырмаса да, айтудан жалықпайды.

Бес қызметкердің үшеуі, аптасына бір рет жеке өміріндегі өзгерістер туралы бөлісетін, кем дегенде бір әріптесін тыңдауға мәжбүр (бұл, Survey Monkey Audienc агенттігі өткізген сауалнама мәліметтері).

Жеке ақпаратпен бөлісуге талпыну, айналадағы адамдармен байланыс жасау арқылы, солардың алдында өзінің бейнесін қалыптастыратын адамның қажеттілігін білдіреді. Бұл үдеріс адамның миындағы тамақ және секс сияқты орталықтармен бірге, сүйсіну орталықтарын  жандандырады. Адамдар, өздері туралы айтқанда, биохимиялық қуат алады (Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланған ақпарат).

Әріптесі қызметкер әйелді жеке басының жай-жапсары, ауруларын емдеудегі жеке тәжірибелері туралы сырларын айтып, шаршатты. Қызметкер әйел жұмыс орнын ауыстырды (әріптесінен алысырақ), құлағына құлаққап тағып істейтін болды, тіпті, оған қарамай, монитордан көз алмай: «Мен тез арада мына жұмысты аяқтауым керек», – дейтін.  Ал, әріптесі болса, әртүрлі кітаптарды әкеліп, солар туралы өз пікірін айтуды талап ететін болды. Қызметкер әйел уақыты мен қалауының жоқ екенін айтып, бұл қарым-қатынасты үзгісі келді, бірақ бұл көмектеспеді. Нәтижесінде, «әңгімешіл» әріптесіне жай ғана дос керек болғаны анықталды. Көп кешікпей ол досты кеңседен тыс жерден тапты.

Өте ашық адамдар жұмысқа кедергі ғана келтірмей, өзінің де, басқаның да мансабына зиян келтіреді. Оларды тыңдаудан дұрыс бас тарту керек, өйткені олар өте ренжігіш болып келеді, әрі қоғамда қабылданған белгілерге назар аудармайды. Олардың көбісіне, әріптестерімен ашық сөйлесуге мәжбүрлейтін қажеттілікті жеңу үшін,  кері байланыс қажет.

Бір қызметкер әйел өзінің отбасы мәселелері туралы шексіз әңгімелерінің әріптестерін соншалықты ашуландыратынын түсінбейтін. Ол жұмысын, шер тарқататын, отбасы мәселелерін талдап, оларға шешім табатын орын сияқты пайдаланды. Басшыға ол әйелді өзіне шақыртып, оған ескерту айтып, өзінің мұндай қылықтарынан жұмысынан айырылатыны туралы ескертуге тура келді. Ол кеңсені өзінің жеке басының мәселелерін шешу үшін пайдаланбауын сұрады, осыдан кейін әріптестері бұл әйелдің шаршататын әңгімелерінен құтылды.

Ашық сөйлесуге асықпаңыз!

Кейде өзің туралы кейбір ақпаратты жасыру зиян келтірмек түгілі, көмектеседі. Барлығымен іскерлік қарым-қатынаста болып, ашық сөйлесуге асықпаған жөн. Әрине, әріптестеріңнің ішінде өзіңе жақынырақ адамды таңдап, әңгімелесуге болады, алайда сонда да сақтық керек.

Кез келген ұжым коммуналдық пәтерге ұқсайды, сондықтан кез келген шындық бізге жағымсыз қызмет істеуі мүмкін: біреуге біздің өмірге деген көзқарасымыз жақпайды, ал біреу мұндай ақпаратты өзімізге қарсы пайдалануы мүмкін.

Белсенді адамдар өз өмірін қарым-қатынассыз елестете алмайды, бірақ олар: «Ұжымға табыстарымыз бен мәселелерімізді әрқашан аша беруге болама?», – деп, ойлану керек.

Кез келген қарым-қатынаста «алу» мен «беру» арасында теңгерім болу керек. Сұхбаттасыңыз қаламаса, көп сөйлеудің қажеті жоқ.

Егер әріптестеріміз бізді сыйлап, тыңдаса, бізбен араласқысы келсе, тамаша. Дегенмен, мұндай жағдайда да тым артық кетуден абайлаңыз: артық аңқылдақтық та әріптестеріңізбен байланысыңызды алшақтатуы мүмкін. Бұл, жұмыста достарыңыз болмау керек дегенді білдірмейді, достық орны бір бөлек, қызметтің орны бір бөлек. Одан басқа, басшылық жұмыс орнында өзге әңгімелерді жақтырмайды.

Біз жұмыста көп уақыт өткізетініміз соншалықты, тіпті, кейде оны үйімізбен шатастырамыз, өйткені әріптестерімізді туыстарымызға қарағанда жиі көреміз ғой. Нәтижесінде, достарым деп санайтын әріптестерімізге ең маңызды сырларымыз туралы айтамыз. Оларға соншалықты сенуге бола ма? Ең дұрысы – сырласудың кесірінен мүмкін болатын жағымсыз нәтижелерді болдырмау үшін, жеке өміріңнің жай-жапсарын ешкімге айтпаған дұрыс.

Қауіп-қатер неде?

Біз әріптесіміз N-ге өте сенуіміз мүмкін, бірақ, оның біздің орнымызға үміттенбейтініне жүз пайыздық кепілдік бере алмаймыз. Оған бар құпиямызды айтып, өзімізді қауіп-қатерге итереміз. Сондықтан, күндердің бір күнінде басшы: «Сізді басқарушылық лауазымға дайын емес деп ойлаймын. Алдымен жеке басыңыздың мәселелерін шешіп алыңыз. Ал, әзірше, N – менің орынбасарымның орнына ең лайықты үміткер», – дегенде, таң қалмаңыз.

Кейбір әріптестер пайдасы бар адамдармен ғана «дос» болатыны ешкімге құпия емес. Егер сіз қандай да бір мәселеде білікті болсаңыз, ал басқалары, сіздің күрделі міндеттерді жеңіл шешетініңізге таң қалып жүрсе, айналаңызда сіздің жан күйзелісіңізді түсініп, әңгімелеріңізді тыңдайтын «достарыңыздың» көбейетініне дайындала беріңіз. Алайда, олар мұны сізді сыйлап, сізге көмектесу үшін емес, қиын жағдайда көмектесетін әріптес тапқаны үшін істейді. Бұл жағдайда, сенімді әріптестер таптым деп дәмеленбеңіз.

Кез келген басшы, жеке басының мәселелерін кеңсе шегінен тысқары қалдыра алатын, жинақы қызметкерді көргісі келеді. Басшымен дос болған – ол өте тиімді деген пікірге қарсы, басшыға жеке өміріңіз туралы айтпаңыз деп кеңес бергіміз келеді. Сонда сіз әріптестеріңіздің жағымсыз көзқарасына ұрынбай, жұмыста іскерлік қарым-қатынасыңызды сақтап қаласыз.

 «Өзіңіз туралы айтып беріңізші…»

HeadHunter зерттеу орталығы, жұмысқа қабылдау кезіндегі әңгімелесу кезінде өзіңнің жағымсыз қабілеттерің туралы ізденушілерге айту керек пе деген сұрақ қойып, 623 компаниялардың және 3 630 адамдардың арасында сауалнама жүргізді. Сауалнаманың күтпеген нәтижесі болды.

Жұмыс берушілердің жартысынан көбі, өзінің кемшіліктері туралы ашық айтқан үміткердің шындық қабілетін оң бағалағаны анықталды. Алайда әңгімелесу кезіндегі тым аңқылдақтық жұмыспен қатылатынына себеп болуы екіталай. Осылайша, 37 % жұмыс берушілер, мұндай мінез үміткерді, бос лауазымға қол жеткізуге мүдделі, саналы адам ретінде сипаттамайды деп есептейді.

Ізденушілерге келсек, олардың көбісі өздерінің әлсіз жақтарына көңіл бөлмеуге тырысады. Әрбір төртінші адам, жұмыста ең бастысы – адамның қасиеттері емес, біліктілік екенін айтып,  өзі туралы барлық ақпаратты айтып беруге дайын.

Сөзсіз, әрбір ізденуші әңгімелесу барысында жақсы қасиеттерін айтып, өзін таныстыруға тырысады.Дәл сол себептен өзінің кемшіліктері туралы айтқанда өте сақ болу керек: олар сіздің құндылықтарыңыздың шынайы жалғасы болып көрінуі керек.

Сіз, жақын арада үйреніп алуды жоспарлап жүрген (жұмысыңызда қажеті жоқ) компьютер бағдарламасын толық білмегеніңізді өзіңіздің кемшілігіңіз деп санауыңызға болады. 

Әріптестермен қалай және не туралы сөйлесу керек?

Қызметтегі қарым-қатынас жағымды да болуы мүмкін, көптеген мәселелер тудыруы да мүмкін. Жұмыс күнінің «бастауы» әрқашан үйдегі жағдай болып табылады және сіздің көңіл-күйіңіз бен денсаулығыңыз, сіздің демалғаныңыздан, отбасыңыздағы қарым-қатынасыңыздан және т.с.с. анықталады.

Қызық сұхбаттас болу үшін, ақпаратты жақсы білетін адам болу керек. Соңғы саяси жаңалықтар туралы түсінігің болу керек, музыка, кино, спортты талдай білуің керек... Басыңыздан өткен оқиғаны қызықты әңгімелеп бере алсаңыз, өте жақсы. Сондықтан жаңа фильмдер мен телебағдарламалар қараңыз, музыка тыңдаңыз, газеттерді, журналдар мен кітаптарды оқыңыз...

Әңгімені сыпайы аяқтаған өте маңызды. Бұны, сұхбаттасыңызды ренжітіп алмай, қатаң, бірақ сыпайы істеу керек.  Егер алдыңғы тақырып аяқталса, жанталасып басқа тақырып іздеп, қиналмаңыз. Сұхбаттасыңызды ұстап қалуға тырыспаңыз, бірақ өзіңіз туралы жағымды пікірді бекіту үшін, сыпайы түрде қоштасыңыз.

Егер әңгімені жалғастыруға уақытыңыз болмаса, сағатыңызға қарап немесе орындықтан тұрып, сұхбаттасыңызға жұқалап кететініңізді білдіріңіз. Әдепсіз болып көрінбеу үшін: «Өкінішке орай, мен кетуім керек. Біз бұл туралы міндетті түрде келесі жолы әңгімелесеміз!», – деп әңгімені аяқтау керек.

Обходите это стороной

Барлық әріптестеріне талғаусыз ашық әңгімесін айта беретін адам, ерте ме кеш пе, өзі туралы бөтен адамдардан қызықты күтпеген нәрселер естуі мүмкін.

Ерекше көңіл аударайық: бүкпесіз әңгімелер, сізді басшылығыңыздың және басқа әріптестеріңіздің алдында жағымсыз көрсетіп, ұжымда қарым-қатынасыңызды бұзып, алдағы уақыттағы мансабыңыздың өсу мүмкіндігін жоюы мүмкін.

Сонымен, жұмыста әріптестеріңізбен не туралы ашық әңгімелеспеу керек.

1. Үлкен құпия. Ешқашан жұмыста өзіңізге зиян тигізетін ақпаратпен бөліспеңіз. Қиындықтар туралы жақын достарыңызбен және туыстарыңызбен сөйлесуге болады. Әріптестеріңіздің, ініңіздің алкоголизмнен емделгенін, ал кеше сіз жұмыста қателік жіберіп, сол үшін ашуланған клиенттеріңіздің звондағанын білуге тиіс емес. Егер сіздің қателіктеріңізді ешкім байқамаса, оларға назар аудартудың қажеті жоқ. Жеке өміріңіз туралы аз айтуға тырысыңыз. Бүгін сіз әріптестеріңізге отбасыңыздағы мәселелеріңіз туралы сырыңызды айтсаңыз, ертең олардың біреуі міндетті түрде: «Оның жұмыс істеуге уақыты жоқ, ол отбасының қамын ойлауда», – деп айтуы мүмкін.

2. Сын. Басшыны сыртынан өсектеп, ұрысуға қатысып, жаңа ұжымға қосылу оңай деп ойламаңыз. Әрине мұндай әдіспен басқаларға жақындауға болады, бірақ бұл қате стратегия. Сіздің кекетіп жасаған ескертулеріңіз бастыққа жетпейтініне кім кепіл? Қарапайым қағиданы ұстаныңыз: адамның көзінше айта алмайтын нәрселерді, ешқашан оның сыртынан айтпаңыз. Егер біреу сіздің көзіңізше бастық немесе жоқ әріптестеріңіз туралы мысқылдап сөйлесе, әңгімеге араласпаңыз, бір сылтаумен кетіп қалуға тырысыңыз. Сондай-ақ: «Ал маған ол өз ісінің шебері болып көрінеді! Есіңізде ме...», – деп, басшыны (әріптесіңізді) жақсы жағынан көрсететін оқиғаны айтып беруге болады.

3. Аурулар. Ас қорытуыңыздағы қиындықтар туралы, ұйқысыздық туралы әріптестеріңізге емес, дәрігерге айтқаныңыз жөн. Денсаулық туралы әңгімелер әдепсіздіктің белгісі екенін ұмытпағаныңыз дұрыс. Әрі, біздің ауруларымыз туралы қауесет сөздер әріптестеріміздің арасында тез тарайды. Ерте ме кеш пе бұл сөздер басшылыққа жетеді, ал мансабыңыздың өсу мүмкіндігі пайда болғанда, ол сізді айналып өтеді: ауру қызметкерлерді қызмет баспалдағымен жылжытудың ешқандай мағынасы жоқ.

4. Жұмыс үдерісі. Жалақыңызды ешкімге жарияламау туралы шартқа қол қоймасаңыз да, өзіңіздің және өзгелердің табысын талқылаудың қажеті жоқ.

Жаңа жұмысқа алатынына сенімді болмағанға дейін, ешкім сіздің жұмысыңызды ауыстыруға шешім қабылдағаныңыз туралы білмеу керек. Егер сіздің іздестірулеріңізді басшылық біліп қойса, онда барлық жағымсыз тапсырмалар сізге беріледі; одан басқа, сіз өз еркіңізбен өтініш жазғанға дейін, сізді жұмыстан босатуы мүмкін.

Өзіңіз қатысатын жеке жұмыс жобалардың егжей-тегжейі туралы айтудың қажеті жоқ. Кез келген компанияда әріптестер бәсекелес болып келеді, сондықтан сіздің әзірлеген бағдарламаңызды епсіз әріптесіңіз пайдаланып кетуі мүмкін.

           

Мақаламыздың соңында, тағы да баса айтамыз: көп уақытымызды, мүдделеріміз бір адамдармен араласып, жұмыста өткіземіз. Бірақ әріптестерімізбен қалыптасқан достық қарым-қатынас оларға жеке өміріміздің жай-жапсарын хабарлап отыруға бізді міндеттемейді.

Бейресми қарым-қатынас жанымызға жайлы екені сөзсіз, бірақ, бөлісетін ақпаратты шектегеніңіз жөн. Біз, ашық сөйлейміз деп, мылжың адамға ұқсауымыз мүмкін. Ал мылжың адам, сенімнен тез шығып қалады. Одан басқа аңқылдақтық жағымсыз өсектер тудырады, кейде тіпті, сол үшін жұмыстан да, достардан да айырылып қалу мүмкін.

«Үндемеген – алтынмен тең!» – әрдайым жұмыста біреумен ашық әңгімелескіңіз келгенде, осы фразаны іштей қайталай беріңіз.



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль