Мақтау грамотасы

54
Тыналин Алим Онербекович
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрист, г. Алматы
Тасқа жазылған талаптар туралы оқиға БАҚ пен ғаламторда жарық көріп, қоғамды дүрліктірді. Тасқа жазылған хатқа тіпті Еуропа мен АҚШ-та да қызықты. «Кемпірқосақ» бүкіл елге танымал болып, өзінің қызметі үшін қомақты қаламақы алды.

Біз, «Ерекше қызмет көрсету бюросында» ойластырылған ессіз идеяларды жүзеге асыруға көмектесуге мәжбүр болған жас жігіттің қызметі туралы әңгімемізді жалғастырамыз, ал сіздер бізге ол өзінің іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасында қабылданған құжат айналымының қандай бұзушылықтарына жол бергені туралы хабарлауды жалғастырыңыздар.

Тасқа жазылған  талаптар туралы оқиға БАҚ пен ғаламторда жарық көріп,  қоғамды дүрліктірді. Тасқа жазылған хатқа тіпті Еуропа мен АҚШ-та да қызықты. «Кемпірқосақ» бүкіл елге танымал болып, өзінің қызметі үшін қомақты қаламақы алды.

Ал үш аптадан соң металл дрон тағы да жарнамалық агенттіктің кеңсенің терезесіне ұшып келді.

Әнуарды бастығы алдын ала «Ерекше қызмет көрсету бюросының» жаңа тапсырмасы туралы ескертіп қойған, сондықтан ол еш кідірмей терезені ашып, ақпанның аязынан сәл бүрісті де, темір құсты офистің ішіне кіргізді.

Бұл жолы ұшқышы жоқ ұшақ Әнуарды4 үстеліне келмеді. Ол жігіттің төбесіне ұшып келді де, оның қолына суық және теп-тегіс пластик контейнерді лақтырып жіберді. Содан соң қанаттарымен қағып, ызыңдап, сыртқа ұшып шықты да, көзден таса болды.

Жаңа тапсырмамен танысқан Әнуар, бес минут мелшиіп қатып қалды.

Оған, аты-жөні үнемі теледидар мен газеттердің бетінен түспейтін, әйгілі саясат қайраткері үшін мақтау грамотасын дайындауға тапсырыс беріліпті. Орындауға болады ғой, бірақ, ең қызығы, грамотаны таза алтынға жазу керек екен. Мерзімдері тағы да өте қысқа – құжатты бүгінгі сағат 19.00 дайындау керек!

Қаламақының сомасын көргенде бастық бәріне ағымдағы жұмыстарын тастап, Әнуарға көмектесуді бұйырды.

Алға қойған міндетті тағы да, кезекпен орындайтын,  бірнеше бөліктерге бөлшектеу керек болды.

Алдымен  тиісті нысан мен көлемдегі алтын парақ құятын қолөнершіні іздеп, бүкіл зергерлік шеберханалар мен дүкендерге қоңырау шала бастады. Алайда олар, бұл өте күрделі және қымбат жұмыс екенін айтып, бұл тапсырыстан бас тартты. Әйтеуір, бұл жұмысты орындайтын фирма табылды, бірақ олардың бағалы сары металының мөлшері жеткіліксіз болып шықты.

Әнуардың бұйрығы бойынша Әлібек есімді дизайнер дүкендер мен көше саудагерлерінен алтын сатып алуға жүгіріп кетті. Екі сағаттан соң ол керекті мөлшердегі алтынды алып келгені туралы айтты. Ол үшін оған тіпті Қазақстан Ұлттық банкінің қоймасынан бірнеше кесек алтын алуға тура келіпті.

Әнуар Әлібекке өзі бара жатқан шеберханаға келуді бұйырды.

Екі сағаттан соң, зергер, көздің жауын алып, жылтырап тұрған алтынға Әнуар берген дайын мәтінді нақыштап жатты.

Мақтау грамотасында:  

«Ерекше құрмет грамотасы ерекше қымбатты қызметкер Мырқымбаев Әлихан Ермекұлына!!! Қазақстанның игілігіне арнаған көп жылғы ерен еңбегі үшін, жоғары шеберлігі мен мемлекеттің дамуына қосқан зор үлесі үшін!!!»

Төменгі жағында кішірек жазумен «Астана – 2015 ж.» деп жазылған.

Содан соң зергер аса қымбатты құттықтауды әйнек қақпағы бар, қызыл ағаштан жасалған  әдемі қорапқа салып, салтанатты түрде тапсырушыларға берді. Жұмыстың ақысын төлеген соң, Әнуар грамотасын қолтығына қысып алып, жоғары деңгейде өтетін, ресми марапаттау рәсіміне үлгеру үшін, жедел рейспен Астанаға ұшып кетті.

Бұл нөмірдің сұрағы: Әңгімеде іс қағаздарын жүргізудің қандай бұзулары жіберілді?  

№ 1 тапсырманың жауаптары

Әңгімеде іс қағаздарын жүргізу туралы заңнаманың  келесі бұзулары болды:

  1. хатты тиісті емес тасығышта ресімдеді;
  2. хатты алу туралы тіркеудің болмауы;
  3. құжаттың стилі ресми емес және кейбір жерлерінде хатты алушыны тіпті қорқытады.

Өздеріңіздің жауаптарыңызда «Кәсіби шеберлік мектебі» (№ 2, 2015) белгісімен мына мекенжайға: 050009, Алматы қ.,Шевченко көш., 165б/72г, 712-кеңсе немесе shkola@mcfr.kz электрондық поштаға жолдаңыздар, міндетті түрде тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын, лауазымыңызды, жұмыс орныңызды және толық пошталық мекенжайыңызды көрсетіңіз.

Сіздер жүлделі ойынға журналдың кез келген нөміріне жауап беріп, қатыса алатындарыңызды ұмытпаңыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль