Қымбат пергамент

32
Тыналин Алим Онербекович
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрист, г. Алматы
Тасқа жазылған хат пен алтын мақтау грамотасынан кейін бұл тапсырма басында Әнуарға оңай болып көрінді. Тапсырыс беруші аса көрнекті қызметкерге сыйақы беру туралы бұйрықты қолдан жасалған пергаментке дайындауды өтініпті. Мерзімі де аз емес – бес күн.

        Қымбатты кәсіби шеберлік мектебінің оқырмандары, бұл нөмірде біз сіздерге «Ерекше қызмет көрсету бюросы» өзіндік консалтингілік агенттіктің жаңа оқиғасын ұсынамыз. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бойынша жіберілген жөнсіздіктер туралы сіздердің ескертпелеріңізді күтеміз.

Халықаралық әйелдер күнін тойлағаннан кейін «Кемпірқосақ» жарнама кеңсесіне «Ерекше қызмет көрсету бюросынан» жаңа тапсырыс келді.

Оны, әдеттегідей, үлкен ара тәрізді ызыңдайтын, жылтырауық металл дрон алып келді.

Әнуар амалдап, пластик контейнерді қолына ұстап алды. Дрон шыр айналып, «күрмеліп петля жасап», қабырғада ілініп тұрған кеңсе сағатына соқтығысып қала жаздады да, терезеден ұшып кетті.  

Тасқа жазылған хат пен алтын мақтау грамотасынан кейін бұл тапсырма басында Әнуарға оңай болып көрінді. Тапсырыс беруші аса көрнекті қызметкерге сыйақы беру туралы бұйрықты қолдан жасалған пергаментке дайындауды өтініпті. Мерзімі де аз емес –  бес күн.

Сондықтан Әнуар асықпай, интернетке үңіліп қарап, бағалы пергаментті табу мақсатында сайттарды ақтара бастады.

Алайда барлығы ол ойлағандай оңай болмай шықты.

Пергаментке басқа елдерде тапсырыс беру керек екен, тіпті алыс шетелде.

Пергаменттің бағасы да арзан емес екен, ал оны дайындау екі айдан кем емес. Әнуар бірнеше американдық және еуропалық компаниялармен хат жазысты, бірақ олар пергаментті жуық арада беруден үзілді-кесілді бас тартты.

Қолдан жасалған пергамент жеткілікті талап етілген және сирек кезедесетін өнім болып шықты. Оның өндірушілерін бір жыл бұрын тапсырыстармен үйіп тастаған, және олар ешқандай ақша үшін өз кестелерін ауыстырмайтынын білдірді.

Бұл факт берілген мерзімнің екінші күнінің соңында белгілі болды. Әнуарға берілген тапсырманың сәтсіздікке ұшырайтын қаупі төнді. Оның бастығы бір нәрсені «сезіп», қызметкеріне тапсырысты орындау үшін барынша күш салуын талап етті. 

Дегенмен, көп кешікпей Әнуар бір амалын тапты.

Көрші Өзбекстанда Бұқара мен Самарқанд шеберлері мың жарым жыл бойы қолдан қағаз дайындап келеді. Тіпті желіде олардың сайтының гильдиясы да бар екен. Кезінде Самарқандтың пергаменті бүкіл әлемде бағаланған және қымбат болған. Сонымен бірге пергамент өндірушілер Әнуарға бос қағаздың бір бумасын жіберуге бірден келісті.

Қымбат бума келесі күні таңертең жетті. Әнуар буманы алып, таныс баспаханашыға келді. Ол өзінің әдемі, түсінікті жазуымен қағазға мына мәтінді жаза бастады:

 «2015 жылғы 4 наурыздағы № 134.

 Қызметкер К.А. Белонозовты марапаттау туралы.

«Семирамида» ЖШС басшылығының берген ерекше тапсырмасын аса біліктілікпен және жедел түрде орындағанына байланысты, сол сияқты орындалған тапсырманың Қазақстан Республикасының ұлттық игілігі үшін ерекше құнды болуына  байланысты БҰЙЫРАМЫН:

  1. Белонозов К.А. мақтау грамотасымен марапатталсын.
  2. К.А. Белонозовқа үш лауазымдық қызметақы мөлшерінде сыйақы берілсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Б.Б. Резунцеваға жүктелсін.

Бұқара пергаментінің келесі парағында алтын әріптермен тікелей грамота өзінің мәтінін жазды:

«Мақтау грамотасы

              2015 жылғы 4 наурыздағы № 134 бұйрыққа сәйкес, Қазақстан Республикасының мәдениеті мен өнеріне баға жетпес үлес қосқаны үшін Белонозов Кирилл Анатольевич марапатталады».

Өте әдемі жазылды.

Тура сағат 12-де «Кемпірқосақ» кеңсесіне ұшқышсыз жылтырақ ұшып келді. Ол Әнуардың үстеліне ұшып келіп, ішіне құнсыз грамоталар бар пластик контейнерді тиеп алды. Содан соң, терезеден ұшып шығып, аспанда ғайып болды.

Бұл нөмірдің сұрағы: Әңгімеде іс қағаздарын жүргізудің қандай бұзулары жіберілді?

№ 2 тапсырманың жауаптары

Әңгімеде іс қағаздарын жүргізу туралы еңбек заңнамасы бойынша мынандай жөнсіздіктер жіберілді:

  1. Грамотада әдетте қызметкер жұмыс істейтін мемлекеттік органның немесе ұйымның атауы жазылады;
  2. Бұл жағдайда грамота  Қазақстан Республикасының атынан берілгендіктен, мемелекеттік елтаңбаны қосу керек еді;
  3. Марапаттайтын адамның аты-жөні атау септігінде жазылады;
  4. Грамота соңында мемлекеттік органның немесе ұйым басшысының қолы қойылады, сол сияқты, мақтау құжатының негізі болып саналатын бұйрықтың күні мен нөмірі жазылады;
  5. Барлық күндер мен атаулар қысқартусыз жазылады.

Жауаптарыңызды «Кәсіби шеберлік мектебі» (№3, 2015) белгісімен мына мекенжайға: 050009, Алматы қ., Шевченко көш.,165б/72г, Радостовец көшесінің бұрышы, 712-кеңсе немесе shkola@mcfr.kz электрондық поштаға жолдаңыздар, міндетті түрде тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын, лауазымыңызды, жұмыс орныңызды және толық пошталық мекенжайыңызды көрсетіңіз.                         

Жүлделі ойынға журналдың кез келген нөміріне жауап беріп, қатыса алатындарыңызды ұмытпаңыздар.



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль