Ежелгі папирустағы жұмыстан босату туралы бұйрық

49
Тыналин Алим Онербекович
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрист, г. Алматы
Ешқандай хат жазылмаған немесе сурет салынбаған таза папирустың бағасы бір жарым миллион доллардан басталады екен. Бұл өте сирек кездесетін түрі екен, ол еш жерде табылмайды, бүкіл әлем бойынша ондай папирус бірнеше дана ғана.

Бұл нөмірде қызметкермен еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты қандай ерекше тәсілмен ресімдеуге болатынын білесіздер. «Ерекше қызмет көрсету бюросының» шеберлері оны есте қаларлықтай етіп жасайды. Ал, сіздерге, қазақстандық іс қағаздарын жүргізу туралы заңдар бойынша жөнсіздіктер болды ма, соны анықтау ұсынылады.

Алматыда көктемнің әдемі бояуларын оранып сәуір басталғанда, Әнуар «Ерекше қызмет көрсету бюросынан» жаңа тапсырма алды.

Бұл жолы ол дәстүрлі тәсілмен келді: арнайы киім киген курьер келіп, хатты алғаны туралы қол қоюды өтінді.

Тапсырма алдыңғы тапсырмаға ұқсас екен. Маркетингілік компаниядан мысырлық ежелгі перғауын уақытындағы папируста жұмыстан босату туралы бұйрық шығару талап етілген.

Оның үстіне уақыт шеңбері қатаң ескертілген болатын: материалдың екі мың жылдық жасы болу керек.

Әрине, ақша төлеген адам ғана әуенге тапсырыс береді. Әнуар шетелдік сайттарға көзін жүгіртіп,  таң қалды. 

Ешқандай хат жазылмаған немесе сурет салынбаған таза папирустың бағасы бір жарым миллион доллардан басталады екен. Бұл өте сирек кездесетін түрі екен, ол еш жерде табылмайды, бүкіл әлем бойынша ондай папирус бірнеше дана ғана.  

Бір британдық археология институтымен келіссөз өткізіп, Әнуар жеті жүз елу мың доллар мөлшерінде ежелгі мысырлық қағаз материалдың кішкентай бір кесегі үшін прайс алды.

Басшылықпен ақылдасып, атқарушы бұл прайсты келісу үшін электрондық пошта арқылы тапсырыс берушіге жіберді. Жауап бір минуттан кейін келді: сатып алыңдар!

Мәміле жылдам ресімделді. Британдық археология институты ақша алғанын растап, тиісті қағаздарға бірден қол қойды. Содан кейін қымбатты қағазды арнайы рейспен Алматыға жіберді.

Құнсыз сәлемдемені Әнуар аэропортта күтіп алып, бірден, оны күтіп отырған арнайы типографияға жөнелді.

Папирустің түрі ерекше екен. Ол тығыз, қатты, сәл сарылау, қоңыр нүктелері бар. Оны майыстыруға болады, бірақ ол майыспайды, үгітілмейді, тіпті, суға малып жатса да, материал одан бүлінбейді.

Арнайы сиямен шебер қолмен құнсыз материалға келесі мәтінді жазды:

«Дельта плюс»  Жауапкершілігі шектеулі серіктестік».

Қызметкерді жұмыстан босату туралы бұйрық

2015 жылғы 15 мамырдан тараптардың келісімімен атқарушы директор В.К. Линейкинді  жұмыстан босатуды бұйырамын.

 Директор   ________   Е. Лизутин».

Мәтінді мысыр жазуын еске түсіретін арнайы шрифтпен жазды. Өте салтанатты және әдемі болды.

Әнуар тапсырысты орындағаны туралы хабарлама жіберді, белгіленген уақытта «Кемпірқосақ» кеңсесіне бұйрықты алуға сенімхаты бар басқа курьер келіп, сирек кездесетін папирусты алып кетті.   

Бұл нөмірдің сұрағы: Әңгімеде іс қағаздарын жүргізудің қандай бұзулары жіберілді?

№ 3 тапсырманың жауаптары

Әңгімеде іс қағаздарын жүргізу туралы заңнама бойынша келесі жөнсіздіктер болды:

  1. бұйрық пен грамота компанияның фирмалық бланкісінде жазылады;
  2. бұйрық пен грамота мемлекеттік органның немесе компанияның басшысымен куәландырылады.  

     Жауаптарыңызды «Кәсіби шеберлік мектебі» (№ 4, 2015) белгісімен мына мекенжайға: 050009, Алматы қ., Шевченко көш., 165б/72г, 712-кеңсе немесе shkola@mcfr.kz электрондық поштаға жолдаңыздар, міндетті түрде тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын, лауазымыңызды, жұмыс орныңызды және толық пошталық мекенжайыңызды көрсетіңіз. Жүлделі ойынға журналдың кез келген нөміріне жауап беріп, қатыса алатындарыңызды ұмытпаңыздар.

Дереккөз: «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу» журналы



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль