Техника қауіпсіздігі бойынша микроскоптық нұсқаулық

216
Тыналин Алим Онербекович
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрист, г. Алматы
Осы жолы тынымсыз оқиғалар бюросы жұмыс орнындағы техника қауіпсіздігі бойынша микроскоптық нұсқаулық жасауға тапсырыс беріпті. Бұл, әрине миға қонбайтын нәрсе еді. Нұсқаулықты жазатын парақтың ұзындығы – 5 миллиметрден, ал ені – 1 миллиметрден аспауы керек екен.

Мамыр мерекелері қарсаңында "Ерекше қызмет көрсету бюросы" ерекше құжат дайындау бойынша қызметін жалғастырды. Ал, іс қағаздарын жүргізу туралы қазақстандық заң нормалары қаншалықты нақты сақталғанын – өздеріңіз анықтаңыздар, құрметті оқырмандар.

Мамырдың басында, мерекеден кейін-ақ, "Ерекше қызмет көрсету бюросы" «Кемпірқосақ» жарнама агенттігі үшін жаңа тапсырма жіберді. Дрон сәл ғана ашық терезеге екі минуттай қағып тұрды. Инстаграмдағы суреттерді көріп болған Таня, терезені ашты.

Ауа-райы керемет еді, көктемгі самал жел бірден кеңсеге еніп кетті.

Осы жолы тынымсыз оқиғалар бюросы жұмыс орнындағы техника қауіпсіздігі бойынша микроскоптық нұсқаулық жасауға тапсырыс беріпті. Бұл, әрине миға қонбайтын нәрсе еді. Нұсқаулықты жазатын парақтың ұзындығы – 5 миллиметрден, ал ені – 1 миллиметрден аспауы керек екен.

Оны жасауға 2 күн ғана берілген. Нұсқаулықтың мәтіні тапсырысқа қоса берілген. Әнуардың бақытына орай, мәтіннің көлемі аз екен.

Бастықтың ақ тілегін алған соң, ессіз тапсырыстардың орындаушысы әдеттегідей ғаламторды ашты. Тапсырысты жүзеге асыруға кім кіріседі екен?

Алдымен ол баспаханаларға қоңырау соға бастады. Жарты күні соған кетті, бірақ ешкім бұл тапсырманы орындауға келіспеді. Жоғары технологиялық және өте нақты құрал керек деп түсіндірді Әнуарға.  Алматы ондай құрал бар ма, белгісіз.

Дизайнерлердің бірі ғылыми зертханаға баруға кеңес берді. Оларда микроағзаларды суретке және түсірілімге түсіретін микроскоптар бар. Мүмкін солар қажетті қағазды жазып берер?

Қалған күні ғалымдармен келіссөзге кетті. Бірақ, одан да нәтиже шықпады. Ғалымдар, құралдарын ондай тәжірибелерге қолданбайтынын айтты.

Олардың ішіндегі молекулалық зертхананың меңгерушісі, Мәскеудегі бір ғылыми-зерттеу институтына барып көруге кеңес берді. Мерзім аяқталып келеді. Сондықтан Әнуар сұхбаттасынан аталған ғылыми-зерттеу институтындағы таныс ғалымның телефон нөмірін жалынып сұрап алды.

Бірақ, өкінішке орай, бұл институтта да оған көмектесуден бас тартты. Бірақ, бұл тапсырманы атқара алатын ғылыми-өндірістік кәсіпорынның байланыс телефондарын берді.

Үш сағаттық телефон арқылы келіссөзден кейін Әнуарды жоғары технологиялық құрал-жабдықтар дайындайтын  голландтық заводқа жіберді. Ол завод бет орамалдан бастап халықаралық космос станциясының құралдарына дейін жасайды екен.

Бұл жерде де келісім бергеннен бұрын, Әнуар үш адаммен сөйлесті. Йохан де Врис, бөлшек сауда департаментінің директоры, төлем жасалғаннан кейін, үш сағаттың ішінде оның тапсырмасын орындауға міндеттенді.

Басында Әнуар сенбеді. Ол, іс жүргізу бөліміндегі аудармашы Диананы, голландтықпен тағы бір рет сөйлесіп, тапсырыстың талаптарын дұрыс түсінгенін растауды өтінді.

Йоханмен бес минут сөйлесіп, Диана мақұлдап, басын изеді.

– Ол барлығын түсінді. Келісіп отыр.

Әрі қарай техниканың ісі еді. Төлемақысын тез төлеп тастады. Кешқұрым сағат он бір шамасында  Йохан Әнуарға қоңырау соғып, тапсырысының дайын екенін және жіберілуге дайын екенін хабарлады.

Әрине, алдымен орындау сапасын тексерген жөн еді. Бірақ уақыт аз. Әнуар тапсырысты Алматыға жіберуге команда берді, ал ертеңгі сағат 6-да ол аэропортта ұшақты күтіп тұрды.

Жасалған мәтіннің мөлшері кішкентай болғандықтан, оны жолаушылардың бірі қалтасында алып келді. Сақина салатын, көк барқытпен қапталған төрт бұрышты сүйкімді қорапшаны алып, Әнуар ашып көрді.

Нұсқаулық екі жағынан әйнек төртбұрыштармен қысылып тұр екен. Әнуар лупамен әрең көрінетін мәтінді зерттеді.

Нұсқаулық нақты және әдемі жазылыпты. Төбесінде компанияның – бас тапсырыскердің  логотипі.  Төменгі жағында келесі мәтін жазылған:

Пісіру аппаратында жұмыс істеу кезінде

қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық

Жұмыс кезіндегі қауіптілік 

1. Вольт доғасымен көрмей қалу. 

2. Балқытылған металлмен күю. 

3. Трансформатордың жерге тұйықталуының ақаулығына немесе мүлдем тұйықталмағанына байланысты электр тоғымен зақымдану.

Жұмыстың басталуына дейін

1. Арнаулы киімді және бас киімді киіңіз, қорғаныс маскасын, қалқаншаны немесе көзілдірікті дайындаңыз.  

2. Жұмыс орнынан керексіз бөтен заттарды алып тастаңыз.

3. Аппараттың пісіру бөлігінің дұрыстығын тексеріңіз.

4. Желдеткіш жүйесін қосыңыз.  

5. Трансформатордың жерге тұйықталуын тексеру.

6. Жұмыс орнының жанында тұтанғыш материалдардың жоқ екеніне көз жеткізіңіз.  

7. Ақаулықтар табылып жатса, оны басшыға хабарлап, оның рұқсатысыз жұмысқа кіріспеңіз.  

Жұмыс уақытында 

1. Пісіріліп жатқан бөлшекті нық жатқызыңыз. Ол үшін құрылғыларды қолданыңыз.  

2. Көздеріңізді жарық сүзгімен қорғамай, вольт доғасының алауына қарамаңыз.  

3. Электродтарды ауыстырғанда, жарамсыздарын жәшікке лақтырыңыз.

4. Қысқа мерзімді үзілістер кезінде, электроұстағышты арнайы үйкекке қойған дұрыс.

5. Нүктелі пісіруге арналған аппаратпен жұмыс істеген кезде, электродтардың жағдайын бақылаңыз. Егер электродтардың ұштары күйіп кетсе, алдын ала трансформаторды электр тоғынан сөндіріп, оларды тазалаңыз.

6. Пісірілетін құралдың бетін тазалағанда немесе балқытылған электродтардың күйігін тазалағанда қорғайтын көзілдірік тағыңыз.  

7. Жарамды, ұқыпты жасалған саптары бар егеулерді қолданыңыз.  

8. Жұмыс орнынан кету қажеттілігі болса, пісіру аппаратын өшіріп кетіңіз.

9. Сымдар жанып кеткен кезде пісіру аппаратын, содан кейін трансформаторды өшіріңіз, отты құммен немесе өртсөндіргішпен өшіріңіз.

10. Трансформаторды оқшаулаған тежеу заттары бұзылған жағдайда дереу трансформаторды өшіріңіз, ол туралы басшыға хабарлап, оның рұқсатынсыз жұмысты жалғастырмаңыз.

Жұмыс аяқталғаннан кейін  

1.Пісіру аппаратын электр желісінен ажыратыңыз.

2. Жұмыс орнын тазалаңыз, қалдықтар мен шоқтарды жәшікке жинаңыз; үстелдің үстіндегі қалдықтарды қылшақпен сыпырыңыз, құрал-жабдықтардың жағдайын тексеріңіз.

3. Желдеткіш құрылғыларды өшіріңіз.

4. Арнаулы киіміңізді шешіп, бетіңіз бен қолдарыңызды жуыңыз.

Біреу Әнуарды итеріп жіберді. Ол бұрылып қарады. Аэропортқа жаңадан келген жолаушылар кіріп жатты.

Әнуар қорапшаны жауып, қалтасына салып қойды. "Ерекше қызмет көрсету бюросының" тапсырысы уақытында орындалды.

Бұл нөмірдің сұрағы: Әңгімеде іс қағаздарын жүргізудің қандай бұзулары жіберілді?

№ 4 тапсырманың жауаптары

Әңгімеде іс қағаздарын жүргізу туралы заңнаманың келесі бұзулары болды:

1)         бұйрық компанияның фирмалық бланкісінде ресімделеді;

2)         жұмыстан босату туралы бұйрық қызметкермен еңбек шартын бұзу немесе тоқтату туралы бұйрық сияқты ресімделеді;

3)         бұйрықта, Еңбек кодексінің бабын көрсете отырып, еңбек шартын бұзудың негіздемесі көрсетілу керек;

4)         бұйрықта, оны шығаруға негіз болған құжатқа сілтеме жасалады, аталған жағдайда ол қызметкердің өтініші болу керек еді;

5)         бұдан басқа, бұйрықта қызметкердің бұйрықпен танысқаны туралы белгі болу керек.

     Жауаптарыңызды «Кәсіби шеберлік мектебі» (№ 5, 2015) белгісімен мына мекенжайға: 050009, Алматы қ., Шевченко көш., 165б/72г, 712-кеңсе немесе shkola@mcfr.kz электрондық поштаға жолдаңыздар, міндетті түрде тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын, лауазымыңызды, жұмыс орныңызды және толық пошталық мекенжайыңызды көрсетіңіз.

Жүлделі ойынға журналдың кез келген нөміріне жауап беріп, қатыса алатындарыңызды ұмытпаңыздар.



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль