Еңбек шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

1188
Кулинкова Виктория Викторовна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрист, г. Караганда
Еңбек шартының бұрынырақ белгіленген талаптарын өзгерту тек тараптардың жазбаша келісімдерінің негізінде жол беріледі. Бұл мәселеде қызметкер де, жұмыс беруші де бастамашы бола алады. Әдетте, еңбек шарты талаптарының өзгеруі екі тарапқа да қатысты.

Еңбек қызметі барысында жұмыс беруші мен қызметкерде еңбек шартының талаптарын өзгертуге тура келетін жағдайлар пайда болуы мүмкін. Еңбек шартының талаптарын өзгертуге тура келетін жағдайлардың себебі әртүрлі – ол, қызметкердің денсаулығы, отбасы жағдайы, жұмыс беруші өткізетін ұйымдық-техникалық іс-шаралар және басқалар.

Еңбек шартының талаптарын өзгерту рәсімі қандай? Барлық маңызды талаптарды өзгертуге бола ма? Мақалада осы мәселелерді қарастырайық.

Еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.

Еңбек шарты жұмыс орны, міндеттері, еңбек шарты жасасқан мерзім, еңбекақы мөлшері  туралы мәліметтер мен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (2015.21.07 берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) 28-бабында көрсетілген басқа да маңызды еңбек жағдайларын қамту керек.

ҚР ЕК 32-бабының 1-тармағына сәйкес, еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі дана етіп жасалады және оған тараптардың қолдары қойылады. Еңбек шарты бір-бір данадан қызметкер мен жұмыс берушіде сақталады. Қызметкердің еңбек шартының бір данасын алуы жазбаша нысанда расталады.

Еңбек шартының міндетті талаптарының өзгеруі

 ЦИТИРУЕМ ЗАКОН ҚР ЕК 32-бабының 2-тармағына сәйкес, еңбек шартына, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде, өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тараптар осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен жазбаша нысанда жүзеге асырады.

       Еңбек шартының талаптарын өзгерту туралы ұсынысты еңбек шарты тараптарының бірі жазбаша нысанда береді және екінші тарап оны берілген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қарайды.

         Еңбек шартының бұрынырақ белгіленген талаптарын өзгерту тек тараптардың жазбаша келісімдерінің негізінде жол беріледі. Бұл мәселеде қызметкер де, жұмыс беруші де бастамашы бола алады. Әдетте, еңбек шарты талаптарының өзгеруі екі тарапқа да қатысты. Мысалы:  қызметкердің жалақысын көтеру жағына өзгертіп, жұмыс беруші көтерілген жалақыны уақытылы және толық төлеу жөнінде тиісті міндеттерді қабылдайды. Өзгерістер еңбек шартының талаптарын жақсартуы да, нашарлатуы да мүмкін, бірақ, заңнамаға, жергілікті нормативтік актілерге, ұжымдық шарт пен тиісті келісімдерге қайшы келмеуі керек.

         Құқықтық және ұйымдық көзқарастан ең маңыздысы еңбек шартының бір немесе бірнеше міндетті талаптарының өзгеруі болып табылады. Мұндай талаптарға:

  • қызметкердің жұмыс орнын белгілейтін талап (оның ішінде оқшауланған құрылымдық бөлімше мен оның тұрған жерін көрсету арқылы);
  • қызметкерге тапсырылған міндетті (штаттық кестеге, кәсібіне, біліктілігін көрсете отырып, мамандығына сәйкес, лауазымы бойынша жұмысты) немесе тапсырылған жұмыстың нақты түрін белгілейтін талап;
  • еңбек шартының қолдану мерзімі туралы талап;
  • қызметкердің еңбекақысын белгілейтін талап (айлығының, қосымша ақылардың, үстемеақылардың, сондай-ақ ынталандыру төлемдерінің мөлшері мен мерзімдері)
  • қызметкердің жұмыс уақыты мен демалыс уақытының тәртібін белгілейтін талап (оның ішінде, қызметкерге қатысты бұл тәртіптер, жұмыс берушіде қолданыстағы жалпы ережелерден ерекшеленетін жағдайларда);
  • ауыр жұмысы үшін және зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары үшін өтемақы туралы талап, егер қызметкер тиісті жағдайлармен жұмысқа қабылданса;
  • қажетті жағдайларда жұмыстың сипатын белгілейтін талаптар (қозғалмалы, жүріп-тұратын, жолдағы, жұмыстың басқа сипаты);
  • еңбек заңнамасына және басқа да заңдарға сәйкес, қызметкердің міндетті әлеуметтік сақтандыруы туралы талап;
  • еңбек заңнамасында және еңбек құқығының нормаларын қамтитын, өзге нормативтік құқықтық актілерде көзделген басқа да талаптар.

Қызметкер немесе жұмыс беруші туралы мәліметтердің өзгеруі

ҚР ЕК 28-бабына сәйкес, еңбек шартында тараптардың деректемелері:

  • жұмыс беруші жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, жеке сәйкестендiру нөмiрi (бизнес-сәйкестендiру нөмiрi);
  • жұмыс беруші заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері, жұмыс беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;
  • қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, жеке сәйкестендіру нөмірі;

ЦИТИРУЕМ ЗАКОН Тараптардың деректемелері өзгерген кезде еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізіледі (ҚР ЕК 28-бабының 1-1-тармағы).

Бұл мәліметтердің барлығы өзгермейді. Мысалы: қызметкердің ЖСН өзгермейді.

ВОПРОС Егер қызметкердің, мысалы, тегі немесе құжаттағы мәліметтері өзгерсе, не істеу қажет?

ҚР ЕК 28-бабына сәйкес, қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты және жеке тұлғаны куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, қызметкер туралы мәліметтерге жатады және еңбек шартының талабы болып табылмайды. ҚР ЕК 32-бабына сәйкес, тараптардың жеке келісімі шарт талаптары өзгергенде ғана ресімделеді. Жетпейтін мәліметтер, жетпейтін талаптарға қарағанда , тікелей еңбек шартының мәтініне енгізіледі (ҚР ЕК 28-бабы). Қызметкердің тегі және (немесе) оның төлқұжатының мәліметтері өзгерген жағдайда, жаңа ақпаратты қызметкер мен жұмыс берушінің қолдарымен куәландыра отырып,  түзетулерді тікелей еңбек шартының мәтініне енгізген жөн. 

ВОПРОС Жұмыс берушінің мекенжайы ауысқан жағдайда не істеу керек?  

Егер мекенжайы еңбек шартының деректемелерінде көрсетілсе, онда ол да шарттың талаптарына жатпайды.

Еңбек шартының деректемелеріне өзгерістер енгізу үшін, қосымша келісімнің үлгісін келтіреміз (қосымша).

Келісімнің кіріспе бөлігінде базалық құжаттағы кіріспедегідей тұжырымдама болғаны жөн.

ПРИМЕР Егер қызметкер әйелдің тегі өзгерсе қосымша келісімнің кіріспесінде бұрынғы тегі көрсетіледі. Келісімнің мәтінінде тегін өзгерткені айтылады. Тегін өзгертуге негіздеме құжаттар болып табылады (неке қию туралы куәлік (немесе басқа), қызметкердің өтініші). Қызметкермен еңбек шартына қосымша келісім жасасқаннан кейін, жұмыс берушінің барлық құжаттамасында оның тегінің өзгергені туралы бұйрық шығарылады.

Қызметкердің бастамасымен еңбек шартының талаптарын өзгерту

Еңбек шартына өзгерістер енгізу қажет деп санаған қызметкер мыналарды көрсете отырып, өтініш жазуға тиісті:

  • бұрынғы мәліметтерді өзгерту себебі;
  • өзгерістердің сипаты;
  • оларды енгізу мерзімі.

НА ЗАМЕТКУ Еңбек заңнамасы қызметкер өз қалауын жазбаша түрде беруін талап етпейді, бірақ, дау-дамайдан аулақ болу үшін, жұмыс берушіге дәл осы әдіспен жүгінуді ұсынады.

Өтінішті қарастырған соң, жұмыс беруші қызметкердің өтінішін орындаудан не бас тартады, онда еңбек шартының талаптары бұрынғыдай өзгеріссіз қалады; не ұсыныспен келіседі. Бұл жағдайда:

  • тараптар еңбек шартына қосымша келісім жасап, қолдарын қояды;
  • жұмыс беруші тиісті бұйрық шығарады;
  • қызметкердің еңбек кітапшасы мен жеке карточкасына жазбаларды енгізеді (мысалы, басқа құрылымдық бөлімшеге ауыстыру кезінде).

       ҚР ЕК жұмыс беруші еңбек шартының талаптарын өзгерту туралы қызметкердің өтінішінен бас тартуға құқылы емес. Мысалы, ҚР ЕК 189-бабының негізінде жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы бар ата-ананың (асырап алушының) біреуінің, сондай-ақ отбасының ауру мүшесіне медициналық қорытындыға сәйкес күтім жасайтын қызметкердің жазбаша өтініші бойынша оларға толық емес жұмыс уақыты режимін береді.

        Жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартының талаптарын өзгерту

Тәжірибе көрсеткендей, көп жағдайларда еңбек шартының талаптары жұмыс берушінің бастамасымен өзгереді. Бір жақты тәртіппен шартқа енгізілетін өзгерістерді жұмыс беруші бұйрықпен ресімдеу керек. Бұйрықта құжатпен расталған жағдайлардың өзгерген себептері көрсетіледі. Осындай бұйрықтың негізінде қызметкерге бұрынырақ еңбек шартында ескертілген талаптарды өзгерту туралы дәлелді ұсыныс жіберіледі. Мұндай ұсынысты, қызметкер өз жауабын анықтау үшін берілетін мерзімді көрсете отырып, жазбаша түрде жасау ұсынылады. Егер қызметкер жұмыс беруші ұсынған өзгерістермен келіспесе, еңбек шартының талаптарын бұрынғыдай қалады.

Алайда ҚР ЕК 48-бабында  жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартының талаптарын өзгертуге жол берілетін жағдайлар да бар.

 ЦИТИРУЕМ ЗАКОН  Өндірісті ұйымдастырудағы, соның ішінде қайта ұйымдастыру кезіндегі өзгерістерге және (немесе) жұмыс берушінің жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты, қызметкер еңбек шартында келісілген тиісті біліктіліктегі лауазым, мамандық немесе кәсіп бойынша жұмысын жалғастырған кезде, оның еңбек жағдайларын өзгертуге жол беріледі.

Еңбек жағдайлары өзгерген кезде еңбек шартына және (немесе) ұжымдық шартқа тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі (ҚР ЕК 48-бабының 1-тармағы).

ВАЖНО! Еңбек шарты талаптарының өзгеруінің заңдылығы туралы еңбек дауы туындаған жағдайда, жұмыс берушіге тараптардың белгілеген еңбек шарты талаптарының өзгеруі ұйымдық немесе технологиялық еңбек жағдайларының өзгеру салдарынан болғанын (мысалы, өндірістің техникасы мен технологиясындағы өзгерістер, аттестаттау негізінде жұмыс орындарын жетілдіру, өндірістің құрылымын қайта құру) және ұжымдық шарттың, келісімнің талаптарына қарағанда, қызметкердің жағдайын нашарлатпағанын дәлелдеуге тура келеді.

Ұйымдық немесе технологиялық еңбек жағдайларының нақты тізбесі болмағандықтан, ұйымдық өзгерістердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:

  • еңбекті ұйымдастырудың әртүрлі нысандарын енгізу;
  • басқару құрылымының өзгеруі;
  • еңбек пен демалыс тәртібінің өзгеруі;
  • жүктемелерді құрылымдық бөлімшелерге немесе нақты лауазымдарға қайта бөлу арқылы, кәсіпорынның ұйымдық құрылымының өзгеруі;
  • еңбекақы жүйесінің өзгеруі.

        Еңбек жағдайларының технологиялық өзгерістер қатарына:

  • өндірістің жаңа технологияларын енгізу (білдектерді, агрегаттарды, механизмдерді);
  • жұмыс орындарын жетілдіру;
  • техникалық регламенттердің өзгеруі немесе жаңаларды енгізу;       

Ұйымдық немесе технологиялық еңбек жағдайларының өзгеру салдарынан қызметкермен еңбек шартын өзгерту қажеттігі туындағанда  жұмыс беруші ҚР ЕК 48-бабына сәйкес әрекет етуге тиіс.

 Сатылымның төмендеп кетуін, ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауын, соттар, жұмыс берушіге еңбек шартының талаптарын бір жақты тәртіппен өзгертуге мүмкіндік беретін себептер ретінде қарастырмайды.

Қызметкерді хабардар ету мерзімін есептеуге бөлек тоқталайық. ҚР ЕК 48-бабының 2-тармағына сәйкес, егер еңбек шарты мен ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс беруші қызметкерге және (немесе) оның өкілдеріне еңбек жағдайларының осы баптың 1-тармағында көрсетілген себептер бойынша орын алған өзгеруі туралы бір айдан кешіктірмей жазбаша түрде ескертуге тиіс. Яғни, жұмыс беруші қызметкерге алдағы уақыттағы өзгерістер туралы 10.04.2015 хабарласа, онда еңбек шартына өзгерістерді 11.05.2015 енгізуге болады. Жұмыс беруші әзірлеген хабарламаны жіберу талап етіледі. Хабарламада:

  • енгізілетін өзгерістердің себептері;
  • хабарлама мерзімінің ішіндегі қызметкердің құқықтары мен міндеттері;
  • қызметкердің шешім қабылдау мерзімдері;
  • жаңа жағдайларда жұмысын жалғастыруға келісудің немесе бас тартуының салдары көрсетілуі керек.

Егер қызметкер алдағы өзгерістермен танысқаны туралы хабарламаға қол қоюдан бас тартса, жұмыс беруші тиісті акт жасауға тиіс.

Егер қызметкер өзгерген жағдайларда жұмысын жалғастыруға келіссе, тараптар қосымша келісім жасайды.

НА ЗАМЕТКУ Еңбек шарты талаптарының өзгеруі туралы ескерту рәсімін сақтамағаны қызметкерді жұмысқа қайта алуға негіздеме болуы мүмкін.

Егер қызметкер бос лауазымға ауысуға келіссе, жұмыс беруші:

  • еңбек шартына қосымша келісім жасасуға;
  • ауыстыру туралы бұйрық шығаруға;
  • еңбек кітапшасы мен жеке карточкасына жазбаларды енгізуге тиіс.

   

Егер жұмыс берушіде тиісті орын болмаса немесе қызметкер ұсынылған лауазымнан бас тартса, онда ҚР ЕК 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес – еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты қызметкер жұмысты жалғастырудан бас тартқан жағдайда, еңбек шарты тоқтатылады.

Толық емес жұмыс уақытын енгізу

ҚР ЕК 48-бабында, егер технологиялық немесе ұйымдық еңбек жағдайларының өзгеруі қызметкерлердің санын немесе штатын қысқартуға әкеп соғуы мүмкін болса, жұмыс берушінің жұмыс орындарын сақтау мақсатында, қызметкерлер өкілдерінің пікірін ескере отырып, толық емес жұмыс уақыты режимін енгізуге құқығы бар екені ескерілген.

Егер қызметкер толық емес жұмыс күні (ауысымы) және (немесе) толық емес жұмыс аптасы тәртібінде жұмысты жалғастырудан бас тартқан жағдайда, қызметкермен еңбек шарты ҚР ЕК 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тоқтатылады.

Келесі  мақала еңбек шартының жеке талаптарының өзгеру ерекшелігіне және еңбек шартына қосымша келісім жасау тәртібі мен ережелеріне арналады.

Қосымша

201__ жылғы_____________№ ________ еңбек шартына

№___ҚОСЫМША КЕЛІСІМ

 «__»___________________2015жыл                             _________________________қ.

      (осы келісімді жасасқан күн)                                                              (келісім жасалған қала)

___________________________________      ( _____________жылғы № ____ мемлекеттік

    (кәсіпорынның толық атауы)

тіркеу туралы куәлік), бұдан әрі «Жұмыс беруші» деп аталатын, әрекет етуші ________________________________ ,бір тараптан, бұдан әрі «Қызметкер» деп аталатын (бірінші басшының Т.А.Ә.)

әрекет етуші ____________________________,  № ______ жеке куәлігі, ___________ жылы

                                   (қызметкердің Т.А.Ә.)

                                                                        

ҚР ӘМ (ҚР ІІМ) берген, ЖСН_____________________,  мекенжайы ____________________,

                                                                                                                                              (қызметкердің мекенжайы)

екінші тараптан, бұдан әрі «Тараптар» деп аталатындар, төмендегі туралы келісім жасасты:

_____________________________________ және __________жылғы № _____бұйрыққа

           (өзгерістерге негіздеме болған құжат)

сәйкес,  _____________________________________________________________ауыстыру.

          

Қызметкер:                                           Жұмыс беруші:

Еңбек шартына келісімнің екінші данасын қолыма алдым.

 «____»_______________20___ жыл  ______________/_____________/

* Өзгерістерге негіздеме болатын құжат ретінде, қызметкердің өтініші, жаңа құжаты, неке қию туралы куәлік, жұмыс берушінің мекенжайы немесе атауы өзгерген жағдайда, Директорлар кеңесінің хаттамасы болып табылады.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль