Еңбекақыны нормативтік реттеу

357
Курасова Анастасия Михайловна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», кандидат экономических наук, специалист по вопросам труда и заработной платы, бизнес-тренер, г. Алматы
Мақалада еңбекақы мәселелерін, еңбек шартындағы еңбекақы талаптарын, еңбекақы жағдайларының өзгеруін, қызметкерлердің еңбекақысы бойынша негізгі мемлекеттік кепілдіктерін, жұмыс берушілердің жауапкершілігін реттейтін заңнамалық, нормативтік актілер мен ішкі ұйымдық құжаттар қарастырылады.

Қазақстан Республикасында еңбекақыны ұйымдастыру, қызметкерлермен еңбек және ұжымдық шарттар жасасқанда; еңбекақыны есептегенде, аударғанда және ұстап қалғанда; еңбекақыға қатысты, жұмыс берушінің актілерін әзірлегенде, барлық меншік иелерінің жұмыс берушілері ескеретін, көптеген заңнамалық және нормативтік актілермен реттеледі.

Заңнамалық актілер

Ең алдымен, бұл Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі – ҚР ЕК), оның 10-тарауы «Еңбекке ақы төлеу» жалақы мәселелеріне арналған. Ол, ұйымда жалақының құрылуын реттейтін, 19 баптан тұрады. Тарау, қызметкерлердің жалақысын төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктерді түгендейтін, 120-баптан басталады, атап айтқанда:

1) жалақының ең төменгі мөлшері;

2) еңбекақының  ең төменгі сағаттық мөлшері;

3) еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарттары;

4) үстеме жұмысқа ақы төлеу;

5) мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу;

6) түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу;

7) қызметкердің жалақысынан ұстап қалуды шектеу;

8) жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері.

Барлығы мемлекеттік кепілдіктер – 8, соған сәйкес, еңбекақы саласындағы мемлекеттік кепілдіктерді жүзеге асыру және жалақыны уақытылы және толық төлеу бойынша да мемлекеттік бақылау ескерілген.

Еңбек кодексі еңбек шартын жасасқанда жалақының мөлшерін, сондай-ақ кепілдіктер мен өтемақы төлемдерін, олардың төлеу тәртібін және өзге де еңбекақы жағдайларын регламенттейді (ҚР ЕК 28-бабы).

НА ЗАМЕТКУ Егер қызметкердің жалақысы өзгерсе, онда еңбек шартына өзгерістер енгізу тиіс.

Егер ұйымда ұжымдық шарт жасалса, ол еңбекке ақы төлеу бойынша міндетті түрде  келесі тармақтарды қамтуға тиіс:

1) еңбекке ақы төлеуді нормалау, оның нысандары, жүйелері, қызметкерлерге, оның ішінде ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерге тарифтік ставкалар мен жалақылар, үстемақылар мен қосымша ақылар мөлшері туралы;

2) жалақыны индекстеудің тәртібі туралы, жәрдемақы және өтемақы, оның ішінде жазатайым оқиғалар кезіндегі төлемдер туралы;

3) тиісті мамандықтың, ұйымдағы лауазымның ең жоғары және ең төменгі жалақысы мөлшерлерінің арасындағы жол берілетін арақатынас туралы;

4) разрядаралық коэффициенттерді белгілеу туралы.

      Еңбекке ақы төлеудің келесі заңнамалық актісі – бұл,  төлем көзінен табыс салығының мөлшерлемелері, жеке санаттағы  қызметкерлерге (мүгедек балалардың, Семей ядролық полигонында, Арал өңірінде және т.с.с. жұмыс істейтін ата-аналары) салық салу бойынша  жеңілдіктер көрсетілген, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)»  № 99-ІV Салық кодексі.

Жыл сайын Қазақстан Республикасының бюджеті туралы Заңы тиісті жылға жалақының ең төмен мөлшерін белгілейді, 2015 жылы ол мөлшер 21 364 теңгені құрайды (2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы № 259-V Заңы (2015.11.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен). Ол ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан төмен болмауы керек, ешқандай қосымша ақылар мен үстеме ақыларды, өтемақылар мен әлеуметтік ақыларды, сыйақылар мен ынталандыру ақыларын қамтымайды және істелген уақытқа барабар төленеді. Белгіленген жұмыс уақытының нормасын толық істеген және еңбек нормасын (еңбек міндеттерін) орындаған қызметкердің бір айлық жалақысының мөлшері Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмауы тиіс. 

Нормативтік актілер

Қазақстанда Еңбек кодексінің нормаларын жүзеге асыру мақсатында, бюджет саласында жалақыны есептеу тәртібін, сондай-ақ орташа жалақыны есептеу, еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарына төлем және басқа да төлемдерді жасау тәртібін анықтайтын, Үкіметтің бірқатар қаулылары қабылданды.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1400 қаулысы азаматтық қызметшілерге жалақы есептеу тәртібін реттейді.

Қаулыда:

  • азаматтық қызметшілер (білікті жұмысшыларды қоспағанда) лауазымдарының тізілімі;
  • ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшін базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттер;
  • ұйымдардың қызметкерлеріне үнемдеу есебінен сыйлықақы беру жүзеге асырылатын, материалдық көмек көрсетілетін және үстемеақы белгіленетін шығыс түрлерінің тізбесі белгіленген.

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1394 қаулысымен Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережелері бекітілді. Қаулыда Еңбек кодексінде ескерілген орташа жалақыны сипаттаудың барлық жағдайлары үшін, оны есептеудің сәйкестендірілген тәртібі белгіленген. Қаулы, бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйлықақылар және еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік (сағаттық) жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізілетінін ескереді. Бұл қаулыда орташа күндік және орташа сағаттық жалақыны есептеудің механизмі, жұмысты вахталық әдіспен орындайтын қызметкерлердің еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша ақы төлеудің ерекшеліктері анықталады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы «Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлерін айқындау туралы» № 1339 қаулысы еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерін белгілейді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы «Салалық арттырушы коэффициенттерді бекіту туралы» № 548 қаулысы ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлердің ең төмен еңбекақы стандартын есептеуге арналған салалық арттырушы коэффициенттерінің мөлшерін ескереді.

Сондай-ақ, еңбекке ақы төлеу мәселелері бойынша нормативтік базаға келесі бұрықтар жатады:

  • Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 31 шілдедегі «Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғары мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысын және еңбекақының жоғары мөлшерін беру қағидаларын бекіту туралы» № 182-Ө бұйрығы. Бұл нормативтік актілерде ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлердің қосымша еңбек демалыстарының мөлшері белгіленген: ол 6-күннен 24 күнтізбелік күнге дейін. Сондай-ақ қысқартылған жұмыс аптасының ұзақтығы мен ауыр және зиянды еңбек жағдайларындағы жұмысы үшін қосымша ақы төлеу міндеттілігі көрсетілген;
  • Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 26 қарашадағы «Жеке меншік ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» № 572-ө-м бұйрығы – жеке меншік ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді құру саласындағы басшылық болып табылады.
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» № 183 бұйрығы қызметкер ауырған жағдайда берілетін, еңбекке уақытша жарамсыздық парағына төлем жасау тәртібін, сондай-ақ төлемақылар бойынша шектеулер мен жеңілдіктерді қарастырады.

Жоғарыда аталған нормативтер, ұйымдарға, қызметкерлер қызметінің тиімділігіне байланысты және әр қызметкердің үлесін барынша ескеретін, еңбекақысын төлеу жүйесін құруда әдістемелік көмек көрсету мақсатында әзірленген.

Ішкі ұйымдық құжаттар

Ұйымда еңбекақы мәселелерін реттейтін, ішкі ұйымдық құжаттар, (атап айтқанда: еңбекақы туралы ережелер, сыйақы туралы ережелер және т.с.с.) нормативтік актілерге жатпайды. Ол жұмыс берушінің ішкі актілері, ол оларды дербес әзірлеп, бекітуге құқылы. Бұл ретте, еңбек және ұжымдық шарттарда, келісімдерде, жұмыс берушінің актілерінде белгіленген, еңбекке ақы төлеу шарттары, Еңбек кодексінде және жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының өзге де құқықтық нормативтік актілерінде белгіленген шарттарға қарағанда нашарламауға тиіс. 

Жұмыс берушілердің жауапкершілігі

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» № 235-V кодексі (2015.02.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекке ақы төлеу жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін күшейтті (87-бап), атап айтқанда:

  • Жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде төлемеуі, сол сияқты жұмыс берушінің кінәсінан төлемді кешіктірген кезеңіне өсімпұлды есептемеуі және төлемеуі:
  • лауазымды адамдарға – 20 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде (бұдан әрі – АЕК);
  • шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 40 АЕК;
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 60 АЕК;
  • iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне –  100 АЕК айыппұл салуға әкеп соғады.
  • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының үстеме жұмысқа, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу, сондай-ақ түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу жөніндегі талаптарын бұзу:
  • лауазымды адамдарға – 20 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде (бұдан әрі – АЕК);
  • шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 40 АЕК;
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 60 АЕК;
  • iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне –  100 АЕК айыппұл салуға әкеп соғады.

НА ЗАМЕТКУ әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер кезінде айыппұлдар көбейеді. 



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль