Жұмыс күні ішіндегі үзіліс. Кімнің құқығы бар?

132
Жұмыс күні ішіндегі үзіліс. Кімнің құқығы бар?
Григорьева Наталья Сергеевна
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», независимый HR-специалист, г. Алматы
Заңнамамен бекітілген жұмыстағы үзіліс – жұмыскер өзінің еңбек міндеттерін орындауды қысқа мерзімді тоқтатуы. Баласын тамақтандыратын ананың үзілісі қандай?

Үзіліс – ол қызметкер демалысының бір түрі. Ол, қызметкерлер үзіліс уақытына өздерінің еңбек міндеттерінен босатылып, бос уақыттарын өз қалауынша әлде заңнамада немесе жергілікті актіде белгіленген (баланы жылыту, тамақтандыру) мақсатта  пайдалануға  байланысты. Бірақ, демалыс уақытының бұл түрі еңбек демалысынан ерекшеленеді. Айырмашылығын, бүгінгі мақалада қарастыратын, бірнеше негіздемеден анықтауға болады.

               Үзіліс және демалыс: айырмашылықтао

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-III Еңбек кодексінің (2015.21.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) 92-бабының 1) тармақшасына сәйкес, қызметкерлерге жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде мынандай үзілістер беріледі: тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс, ауысымішілік және арнаулы үзілістер.

Ауысымішілік үзілістер жұмыстың жекелеген түрлерінде қызметкерлерге технологияға және өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруға байланысты беріледі (ҚР ЕК 94-бабының 1-тармағы).

Арнаулы үзілістер қызметкерлердің жылынуына және тынығуына (ҚР ЕК 94-бабының 2-тармағы), сондай-ақ баланы тамақтандыруға арналған (ҚР ЕК 188-бабы).

Үзілістерді беру міндеті кәсіпорындардың және ұйымдардың директорларына, сондай-ақ еңбек шарты негізінде жалдамалы жұмыскерлерді тартатын, жеке кәсіпкерлерге жүктелген.

 Жұмыстағы үзіліс – ол заңнамамен әлде жергілікті актімен бекітілген, жұмыс уақытына қосылатын (немесе қосылмайтын) белгіленген кезеңде және мерзімде алға қойған мақсаттарды орындауға арналған, қызметкер өзінің еңбек міндеттерін орындауды қысқа мерзімді тоқтатуы

Үзілістердің нысаналы мақсаты

Үзілістердің мақсатын оның атауынан білуге болады, оның не үшін қажет екенін бірден түсінуге болады.  Мысалы, жылыну мен демалуға, демалу мен тамақтануға арналған үзілістер, қысқа мерзімді ұйқыға арналған үзілістер және басқа.

Өндірістік гимнастикаға, конвейерде жұмыс істейтін (мәжбүрлі ырғақта) қызметкерлердің демалуына, компьютермен жұмыс істегенде (көзге жаттығулар жасауға болады), көп адамдарды (сатып алушыларды, клиенттерді) қабылдауға, көп күш пен зейінді талап етуге байланысты, зиянды және ауыр еңбек жағдайлары бар жұмыстарда үзілістер белгіленуі мүмкін.

Сондай-ақ үзілістердің, жергілікті және нормативтік актілерде немесе еңбек шарттарында көрсетілетін, басқа да мақсаттарды көздеуі мүмкін. 

Жұмыс күнінің (ауысымның) ішінде үзіліске құқылы субъектілер

Егер үзіліс демалы мен тамақтануға арналса, жұмыс күнінің (ауысымның) ішінде үзіліске құқылы субъектілері барлық қызметкерлер болып табылады, өйткені ол кез келген адамға қажет қой. Ал жылыну мен демалу үшін арналған ауысымішілік және арнаулы  үзілістер:

  • кейбір кәсіпорын салаларының қызметкерлеріне, технологияға және өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруға байланысты үзілістерді қажет ететін жағдайда (мұндай үзілістер берудің ұзақтығы мен тәртібі ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып қабылданған актілерінде белгіленеді);
  • жылдың суық мезгілінде ашық ауада немесе жылытылмайтын жабық үй-жайларда жұмыс істейтін қызметкерлерге;
  • тиеу-түсіру жұмыстарында істейтін қызметкерлерге жылыну және тынығу үшін беріледі.

           Тынығуға және тамақтануға арналған үзілістерге бір жарым жасқа дейінгі балалары бар барлық әйелдер құқылы. Үзілістің бұл түрі, сондай-ақ жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әйелдер мен еркектерге беріледі. Еркекке мұндай үзіліс баланы анасыз тәрбиелеп отырған жағдайда беріледі.

 Баланы тамақтандыруға арналған үзілістер, әйел бала күтіміне байланысты демалысты пайдаланбаған жағдайда беріледі. Бұл демалысты баланың әкесі пайдаланған жағдайда (ҚР ЕК бұған рұқсат етеді), онда баланы тамақтандыруға арналған үзілістерге баланың анасы бәрібір құқылы.

Үзілістердің тәртібін, орны мен ұзақтығын нормативтік (заңнамалық немесе жергілікті) белгілеу

ҚР ЕК қызметкерге күнделікті жұмыс ішінде тынығуға және тамақтануға арналған (жарты сағаттан екі сағатқа дейін) және тамақтандыруға арналған (бір бала үшін 30 минуттан кем емес және екі және одан көп балалар үшін бір сағаттан кем емес) үзілістердің ұзақтығы  белгіленген (ҚР ЕК 93-бабының 1-тармағы және 188-бабы 1-тармағының 1), 2) тармақшалары).

Басқа жағдайларда үзілістердің ұзақтығын басшы өзі дербес белгілейді. Кейбір жағдайларда ол тіпті ведомстволық актілерді, үлгілік құжаттарды және санитарлық ережелерді басшылыққа алуға міндетті. 

Сөйтіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында жұмыстағы үзілістердің ең аз уақытты көзделмеген, ал ең көп уақыты жұмыс күнінің немесе жұмыс ауысымының ұзақтығымен шектелген.

ҚР ЕК тамақтандыруға арналған үзілістердің беру тәртібін реттейді. ҚР ЕК 188-бабының 2-тармағына сәйкес, қызметкердің өтініші бойынша баланы (балаларды) тамақтандыруға арналған үзілістер тынығуға және тамақтануға арналған үзілістерге қосылады не жиынтық үзілістер жұмыс күнінің (ауысымының) басында немесе аяғында беріледі.

Үзілістерді ескере отырып, жұмыс кестесін құрғанда, бұл үзілістердің мақсаты балаға неғұрлым қолайлы тамақтану тәртібін қамтамасыз ету екенін ұмытпаған жөн. Бұл жағдайда үзілістер арасындағы болжалды уақыт үш сағаттан кем болмауы керек.

Кейде, баланың жағдайына байланысты, дәрігер оны үш сағаттан кейін емес, одан жиі тамақтандыруды тапсырады. Онда дәрігердің қорытындысы бойынша әйелге қосымша үзілістер беріледі.

Қосымша үзілістер

Қосымша үзілістердің ұзақтығы мен саны медициналық қорытындыға сәйкес белгіленеді. Бірақ, баланың денсаулығы әлсіз болса, әйел қызметкерге бала күтіміне байланысты демалыс ресімдеген тиімді. 

Егер жұмыс жағдайлары бойынша әйел тамақтандыруға арналған үзілістерді нақты пайдалана алмаса (мысалы ол теміржолда немесе ұшақта жолсерік болса және т.с.с.), ол бұрынғы жалақысынан төмен емес жалақыны сақтай отырып, басқа жұмысқа ауыстырылуы керек. 

Әдетте үзілістер әйелдің немесе үзіліске құқылы басқа адамның өтінішінде көрсетілген тәртіппен беріледі. Бұл әдеттегі үзілістерге ғана қатысты емес, сол сияқты, демалу мен тамақтануға қосылған немесе жұмыс күнінің басына я соңына ауыстырылған  үзілістерге де қатысты.

 Сондай-ақ қызметкерлердің белгілі бір санатына немесе нақты бір салада берілетін үзілістердің тәртібін анықтайтын көптеген ережелерге, нұсқаулықтарға және қағидаларға назар аудару керек. Саланың ерекшелігіне және адамның физиологиялық ерекшелігіне негізделген бұл актілердің маңызы зор, бірақ, еңбек тәртіптемесін жасағанда оны ескеретін жұмыс берушілер сирек кездеседі.

Сөйтіп, жүргізушілер үшін арнайы үзілістер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 493 қаулысымен бекітілген, Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларында белгіленген (бұдан әрі – Қағидалар).

Қағидалардың  12 және 13- тармақтарына сәйкес, үздіксіз төрт жарым сағат басқарған кезеңнен кейін, егер демалыс уақыты келмесе, жүргізуші кемінде 45 минут үзіліс жасайды. Бұл үзіліс ұзақтығы кемінде 15 минут үзіліспен ауыстырылуы мүмкін, одан кейін басқару кезеңі ішінде немесе бірден осы кезеңнен кейін үлестірілетін ұзақтығы 30 минуттан кем емес үзіліс келеді.

Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы «Кемелердегі қызмет жарғысын бекіту туралы» № 74 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) кемедегі қызметті ұйымдастыру жұмысында үзілістер көзделген.

Бұйрықтың 32-тармағына сәйкес, ішкі кеме қатынасы жолдарында, теңіздегі және жағалаудағы жүзуде пайдаланылатын шапшаң кемелер экипаждарының жұмысы бригадалық әдіс бойынша ұйымдастырылады. Егер кеменің бортында бір бригаданың болуы кезеңінде жол уақыты сегіз сағаттан аспаса, шапшаң кеменің бортында капитан (капитанның ауысым көмекшісі) басшылық ететін бір бригада бола алады. Бұл жағдайда қозғалыс кестесімен әрбір екі сағат сайын аялдамалар көзделеді, демалыс және тамақтану үшін арналған аялдамалардың бірінің ұзақтығы кемінде 30 минут болып белгіленеді, бұл ретте көрсетілген аялдамаға дейінгі және одан кейінгі жол уақыты әдетте 4 сағаттан аспауға тиіс.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 17 ақпандағы «Поездар қозғалысымен тікелей байланысты темір жол көлігі қызметкерінің жұмыс уақыты мен демалыс уақытын есепке алуының ерекшеліктерін бекіту туралы» № 74 бұйрығының 5-тармағына сәйкес, өндіріс шарттары бойынша демалуға және тамақтануға үзіліс беру мүмкін емес жұмыстарда, жұмыс беруші арнайы жабдықталған орында қызметкерге жұмыс уақытында демалу және тамақтану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Көрсетілген сағаттар (тамақтану уақыты) жұмыс уақыты ретінде есепке алынады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жұмыс сағаттарының нормасына енгізіледі.

Жоғарыда аталған бұйрықта жұмыс күні бөліктерге бөлінген қызметкерлерге арналған үзілістер жазылған. Сөйтіп, бұл бұйрықтың 15 және 17-тармақтарында, жұмысы кезең-кезеңмен жүргізілетін қызметкерлер үшін жұмыс күнін бөліктерге бөлуге жол беріледі.

Жұмыс күні бөліктерге бөлінген қызметкерлер үшін ұзақтығы екі сағаттан астам бір үзіліс не болмаса демалу мен тамақтануға арналған үзілісті қоса алғанда әрқайсының ұзақтығы кем дегенде бір сағат болатын екі үзіліс белгіленеді.

Бөліктерге бөлінген жұмыс күні аяқталған соң үздіксіз демалу уақытынан кем дегенде 12 сағат, ал локомотив бригадалары үшін кем дегенде 16 сағат болуына рұқсат етіледі.

Демалу мен тамақтану үшін үзіліс беру уақыты туралы, оның нақты ұзақтығы туралы мәселе, қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша, ішкі еңбек тәртіптемесімен шешілуі керек.

ВНИМАНИЕ Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кемінде үш сағат өткеннен кейін және төрт сағаттан кешіктірілмей белгіленуге тиіс. Ұзақтығы сегіз сағаттан асатын күнделікті жұмыста (жұмыс ауысымында) жұмыс уақытының икемді жиынтық есебі режимі кезінде тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кемінде төрт сағат өткеннен кейін белгіленуі мүмкін (ҚР ЕК 93-бабы).

Жұмыс күні толық емес қызметкерлер көбінесе үзіліссіз жұмыс істейді. Жоғарыда аталған ҚР ЕК нормаларына байланысты мұндай тәртіпті заңсыз деп санаймыз.

Ал, жұмыста үзіліс беру орнына қатысты, жұмыс беруші, белгіленген үзілістердің мақсатына қарай, қызметкерге тиісті жабдықталған бөлмені немесе қызметкер тамақтанатын, демалатын, ұйықтайтын немесе жылынатын, арнайы орын  әзірлеп береді.

Қызметкер мен жұмыс беруші алдын ала мұндай бөлменің негізгі сипаттамасын талқылайды (орналасқан жерін, мөлшерін, жарықтылығын, жылу жүйесін, жиһаздарын, теледидардың болуын және т.с.с.).

Үзілістер жұмыс уақытына кіреді және төленеді.  

ҚР ЕК нормаларын талдау, заңмен қарастырылған үзілістер екі топқа бөлінеді деген тұжырымға келтіреді:

  • жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде жұмыс уақытына кірмейтін және төленбейтін үзілістер. Осы үзілістер кезінде қызметкер жұмыс орнынан жұмыс берушіге алдын ала хабарламай кетіп қалуына болады. Бұл демалу мен тамақтануға арналған үзілістер;
  • жұмыс уақытына кіретін және төленетін үзілістер. Оларға ауысымішілік үзілістер, жылыну мен демалуға арналған үзілістер (ҚР ЕК 94-бабының 2-тармағы), сондай-ақ баланы тамақтандыруға арналған үзілістер кіреді (ҚР ЕК 188-бабы).

         Қорыта келе, ҚР ЕК көзделген үзілістер тізбесі толық қамтылған болып табылмайтынын белгілеу қажет. Жұмыс беруші жұмыс уақытына кіргізетін не кіргізбейтін, үзілістердің өзге түрлерін белгілеуі мүмкін. Бұл ретте ол тиімділік пен заңдылық қағидатын басшылыққа алуы керек. 

http://ekz-otruda.mcfr.kz



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль