Еңбек демалысынан шақыртып алу: қадамдық рәсімді ресімдеу

484
Еңбек демалысынан шақыртып алу: қадамдық рәсімді ресімдеу
Маликова Надежда Июрьевна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрисконсульт, г. Алматы
Еңбек кодексі қосымша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруді мүгедектер мен ауыр жұмыста қамтылған жұмыскерлерге ғана көздемейді.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алудың қалай жүзеге асырылатынын қарастырудан бұрын, еңбек демалысының анықтамасын қарастырайық.

Ұғым "еңбек"

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-III Еңбек кодексінің (2015.21.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) 1-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, демалыс – жұмыс орны (лауазымы) мен ҚР ЕК белгіленген жағдайларда орташа жалақысын сақтай отырып, қызметкердің жыл сайынғы тынығуын қамтамасыз ету немесе әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату.

Демек, анықтаманың өзі «жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы» және «әлеуметтік мақсаттарға арналған демалыс» ұғымдарын саралайды. Бұл мақалада біз жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы мен одан шақыртып алуды қарастырамыз.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы:

  • қызметкердің тынығуына;
  • жұмыс қабілетін қалпына келтіруіне;
  • денсаулығын нығайтуына;
  • қызметкердің өзге де жеке қажеттіктеріне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер санына беріледі (ҚР ЕК 100-бабының 2-тармағы).

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының түрлері

ҚР ЕК 100-бабының 2-1-тармағында жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының түрлері жіктелген:

1. Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы – ҚР ЕК 22-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына, ал ҚР ЕК 23-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге міндетті;

2) Ақы төленетін жыл сайынғы қосымша еңбек демалысы – ҚР ЕК 102-бабының 1-тармақшасына сәйкес:

1) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік 6 күн болатын қосымша еңбек демалыстары;

2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік он бес күн болатын жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары беріледі.

Жыл сайынғы еңбек демалысының ең төменгі ұзақтығы

ҚР ЕК 101-бабы негізгі ақылы жыл сайынғы еңбек демалысының ең төменгі ұзақтығын регламенттейді – 24 күнтізбелік күн. Демалыстың бұл ұзақтығы қызметкерлерге атқаратын лауазымдарынан, жұмыстарынан, еңбек шартының мерзімінен, жұмыс тәртібінен тәуелсіз беріледі.

ВНИМАНИЕ Еңбек шартының мәтінінде ҚР ЕК 28-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы көрсетілуге тиіс.  

       Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының күнтізбелік 24 күннен асатын ұзақтығы нормативтік құқықтық актілермен белгіленуі мүмкін. Сөйтіп, ҚР ЕК 239-тармағында  мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық жалақысы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік 30 күннен кем болмайтын жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы беріледі.

Азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңдарымен неғұрлым ұзақ мерзімді жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы белгіленуі мүмкін.

ВНИМАНИЕ Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысының күндерін есептегенде жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысының күндері ескеріледі.

        Еңбек кодексі жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстарын тек мүгедектер мен  ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге ғана беру мүмкіндігін көздемейді. Оның ең төмен ұзақтығын жұмыс беруші өзінің білгенінше кез келген қызметкерге беруі мүмкін және оны еңбек, ұжымдық шарттарда белгілеуі мүмкін.

НА ЗАМЕТКУ Жыл сайынғы ақылы негізгі және қосымша еңбек демалыстарының, ұзақтығы күнтізбелік күндермен есептеледі. Жыл сайынғы еңбек демалыстарын есептегенде демалыс күндеріне тура келетін мереке күндері есепке алынбайды.

«Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы» ұғымына:

  • негізгі еңбек демалысы – күнтізбелік 24 күннен кем емес;
  • еңбек жағдайларына байланысты қосымша демалыс;
  • экологиялық зілзала және радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкерлерге берілетін қосымша ақылы еңбек демалысы;
  • көтермелеу демалысы – үздіксіз ұзақ жұмысы, маңызды, күрделі, жедел жұмыстарды, сондай-ақ өзге де сипаттағы жұмыстарды орындағаны үшін.

Еңбек демалыстарының кестесі

Еңбек кодексі пайдаланған және келесі берілетін еңбек демалыстары мерзімдерінің арасында қандай да бір шек қоймайды. Бұл мәселе еңбек шарты тараптарының келісімімен шешіледі.

Еңбек демалыстарының кестесінде әдетте жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының нақты басталатын күнін көрсетпейді, әдетте айын белгілейді. Қызметкер мен жұмыс берушінің арасында мүмкін болатын келіспеушіліктерден құтылу үшін, демалыстардың нақты мерзімдерін көрсетуді ұсынамыз, бірақ, көбінесе еңбек демалысының басталу күнін нақты анықтау қиынға соғады, өйткені ол жолдама алуға, отбасы жағдайына және т.с.с. байланысты болуы мүмкін.  

Еңбек демалыстарының кестесі жыл сайын қызметкерлердің пікірін сұрағаннан кейін, ұйымның ерекшелігін ескеріп, жасалады. Жасалған кесте формальдылық болмас үшін, оны басшының бұйрығымен бекітіп, қызметкерлерді онымен таныстырып, қол қойғызуды  ұсынамыз. Кестені бекіту жеке құжат емес, демалыстар кестесінің өзінде болуы мүмкін (1-қосымша).

Еңбек демалысының басталу күнін жұмыс берушінің актісімен немесе еңбек, ұжымдық шартпен бекітілуі мүмкін, мысалы, еңбек демалысы басталғанға дейін екі (үш) апта бұрын оның күні туралы екінші тарапқа ескертуі мүмкін.

НА ЗАМЕТКУ Өндірістік қажеттілік жағдайларын қоспағанда, еңбек демалыстарының кестесі, қағида бойынша, біржақты тәртіппен өзгертіледі.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан қызметкерді шақыртып алу ерекшеліктері

ҚР ЕК жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан қызметкерді шақыртып алуды регламенттейтін норма қарастырылған. ҚР ЕК 109-бабына сәйкес, жұмыс беруші жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын тек қызметкердің жазбаша келісімімен ғана үзуі мүмкін. Қызметкердің жұмыс берушінің ұсынысынан бас тартуы еңбек тәртібін бұзу болып табылмайды.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан қызметкерді шақыртып алғанда жұмыс беруші ҚР ЕК 1-бабы 1-тармағы 14) тармақшасының ережелерін бұзатынын көрсету керек. Ол бапта, демалыс – қызметкердің жыл сайынғы тынығуын қамтамасыз ету үшін оны белгілі бір кезеңге жұмыстан босату екені белгіленген. Яғни, заңнама жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан қызметкерді шақыртып алуға тыйым салмағанмен, еңбекті қорғау қағидаттарына сүйенсек, жұмыс беруші қызметкердің демалысын үзу арқылы, қызметкерлердің денсаулығын сақтау қағидатын бұзады. 

Сондай-ақ, іс-тәжірибеде, қызметкерді еңбек демалысынан өзінің өтініші бойынша шақыртып алатын жағдайлар кездеседі, бұл, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердің тынығуына, жұмыс қабілетін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына және қызметкердің өзге де жеке қажеттіктеріне арналады делінген ҚР ЕК 100-бабының 2-тармағын бұзуға әкеп соғады.

Ең алдымен, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан қызметкерді шақыртып алғанда, жұмыс беруші  еңбек демалысынан шақыртып алуға жол берілмейтін қызметкерлер санатының бар екенін ескеруі керек (ҚР ЕК 109-бабының 4-тармағы):

  • он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер;
  • жүкті әйелдер;
  • ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер.

     Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан қызметкерді шақыртып алудың қадамдық рәсімі

1-қадам. Жұмыс берушінің ақылы еңбек демалысынан шақыртып алу туралы қызметкерді хабарландыруы. Шақыртып алу тек қызметкердің жазбаша келісімімен ғана жүргізілетіндіктен, алдымен жұмыс беруші қызметкерді демалыстан шақыртып алу ниеті туралы оған жазбаша хабарлауы керек. Хабарлаудың нысанын заңнама белгілемейді, сондықтан жұмыс беруші оны ерікті түрде жасайды. Алайда легитимділік үшін хабарлама ұйымның атауын, құжаттың жасалған күнін, адресатты, шақыртып  алу туралы ұсыныстың күнін, басшының қолын қамтуға тиіс (2-қосымша).

2-қадам. Қызметкердің жұмыс берушінің ұсынысынан бас тартуы (келісуі). Хабарламаны алғанда қызметкер жазбаша бас тартуы мүмкін, өйткені қызметкердің жұмыс берушінің ұсынысынан бас тартуы еңбек тәртібін бұзу болып табылмайды, немесе жазбаша келісуі мүмкін.

Келіскен (бас тартқан) жағдайда қызметкер хабарламада бірінші басшының қолынан кейін, өз қолымен келісетіні (бас тартатыны) туралы жазады (3-қосымша).

Қызметкердің демалыстан шақыртып алуға  келісімі (бас тартуы) өтініш ретінде ресімделуі мүмкін.

 3-қадам. Еңбек демалысының қалған бөлігін пайдалану мерзімдерін белгілеу немесе өтемақыны төлеу. Бұдан әрі тараптар еңбек демалысының қалған бөлігін пайдалану мерзімдері немесе қызметкерге өтемақы төлеу туралы келісуі керек.

Қызметкердің пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін ақшалай өтемақыны алуды еңбек заңнамасымен екі жағдайда көзделген:

  • қызметкермен еңбек шарты тоқтатылған кезде (ҚР ЕК 110-бабы);
  • қызметкерді жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алғанда (ҚР ЕК 109-бабының 3-тармағы).

Осылайша, еңбек демалысының бөлігі үшін ақшалай өтемақы төленуі мүмкін. Бұл ретте қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келісім міндетті шарт болып табылады.

НА ЗАМЕТКУ Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі қызметкер демалыс ақысын (орташа жалақыны) алмаған жағдайда ғана жүргізілуі мүмкін екенін ескеру маңызды.   

Қызметкер демалыс ақысын, яғни, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының күндері үшін сақталатын орташа жалақысын  толық алған жағдайда:

  • жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі ағымдағы жыл ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез келген уақытта ақысыз беріледі;
  • қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алуға байланысты, жұмыс берушіге еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін орташа жалақыны  қайтарады, ал жұмыс беруші қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлейді немесе жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігін ағымдағы жыл ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез келген уақытта орташа жалақысын сақтай отырып, береді.

Орташа жалақыны есептеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 567 бұйрығымен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесінің негізінде жүзеге асырылады.

Қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есептеледі.

Пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны есептеу еңбек шарты тоқтатылған кездегі пайдаланылмаған жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы үшін берілетін өтемақыны есептеу тәртібіне ұқсас жүзеге асырылады. Жұмыстан босатқанда өтемақы төлеу үшін орташа жалақыны есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 3 маусымдағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1394 қаулысымен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» № 135-ө бұйрығымен бекітілді.

Пайдаланылмаған жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы үшін өтемақы төлемі істелген уақытқа барабар төленеді. Соған сәйкес, демалыстан шақыртып алғанда қалған бөлігін пайдаланудың келесі нұсқалары бар:

  • еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі ағымдағы жыл ішінде беріледі;
  • еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі келесі жұмыс жылында кез келген уақытта беріледі;
  • еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі келесі жұмыс жылының еңбек демалысына қосылады;
  • қызметкерді жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алған кезде демалыстың пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізілуі мүмкін.

Демалыстың пайдаланылмаған бөлігін пайдалану туралы шешім қабылдап, қызметкер өтініш жазады. Сондай-ақ, өзінің шешімін қызметкер хабарламаның мәтінінде шақыртып алуға келіскенін жазған соң көрсетуіне болады (3-қосымша).

 Егер қол қойған кезде шешім әлі қабылданбаған жағдайда немесе қызметкерге демалыстың пайдаланылмаған бөлігіне қатысты оның таңдау құқығы туралы хабарланбаса,  ол өтініш жазуға тиісті (4-қосымша).

4-қадам.  Қызметкерді демалыстан шақыртып алу туралы бұйрықты шығару. Ең алдымен еңбек демалысын беру туралы бұйрықты ресімдеу қажет, содан кейін қызметкердің жазбаша келісімі бойынша оны демалыстан шақыртып алған жөн.

Еңбек демалысының қалған бөлігін пайдалану туралы шешім қабылдаған соң, жұмыс беруші қызметкерді жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алу туралы бұйрық шығарады.

Демалыстан шақыртып алу туралы бұйрық қызметкерді демалыстан шақыртып алу себебін (негіздеме), сондай-ақ:

1) күнін көрсете отырып, қызметкерді шақыртып алу туралы;

2) қызметкермен келіскен уақытта демалыстың пайдаланылмаған бөлігін беру туралы немесе жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі туралы;

3) демалыстар кестесіне тиісті өзгерістер енгізу туралы, ал ол жоқ болғанда – демалысты есептеу бойынша басқа құжаттарды;

4) жалақыны қайта есептеу туралы өкімді қамтуы керек (5-қосымша).

Бұйрықта «Негіздеме:...» графасында қызметкер еңбек ететін құрылымдық бөлімше басшысының,  қызметтік хатына және қызметкердің демалыстан шақыртып алуға келісіміне сілтеме жасау қажет (егер ол келісім жазбаша – өтініш түрінде берілген болса).

Келісім бұйрықтың өзінде – қызметкердің бұйрықпен танысқаны туралы белгі қойылатын графада көрсетілуі мүмкін.http://ekz-delopro.mcfr.kz


 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль