«Арыстанның» талабы

39
Тыналин Алим Онербекович
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрист, г. Алматы
Талаптың басып жазылған мәтінімен Әнуар «Арбат» компаниясының кеңсесіне келіп, оны басшылыққа тапсырды. Талаптың нысанымен есеңгіреп қалған фирманың директоры, тіпті, құжаттың кіріс журналында тіркелуіне де қарсы болмады, сөйтіп Әнуар талапты алғаны туралы растау қағазын алды.

Жаздың басы "Ерекше қызмет көрсету бюросының " қосалқы  мердігерлеріне айрықша және бірегей құжаттаманы ресімдеу бойынша біраз әуреге салды. Тапсырысты жедел және сапалы орындау, сонымен бірге іс қағаздарын жүргізу саласындағы қазақстандық қатаң заңнаманы бұзбауға тырысу қажет.

Маусымның екінші жартысында, күні бойы жауған жаңбырдан соң, Әнуар "Ерекше қызмет көрсету бюросынан" жаңа тапсырма алды.

Бұл жолы ол жаңа, мүлдем ерекше әдіспен келді.

Ертеңгісін, әдеттегідей, Таня кеңсенің терезесін ашты, кенет, кеңсенің ішіне үлкен аппақ кептер ұшып кірді. Моншақтай қара көздерімен адамдарға қарап шықты да, Әнуардың үстеліне ұшып келіп, қонды.

– Қараңдаршы, ол мүлдем адамдардан қорықпайды! – деп айқайлап жіберді Таня.

Бұл құстың "Ерекше қызмет көрсету бюросымен"  байланысы бар екенін сезген Әнуар, оны сипалап тұрып, хат тауып алды. Оны полиэтилен дорбасына салып, кептердің оң аяғына байлап қойған. Хатта ерекше консалтингілік агенттігінің жаңа тапсырысы жазылып, Әнуарға жолданған екен.

Тапсырысты оқып, таң қалған Әнуар, ысқырып жіберді. Оған бес күннің ішінде, тауарды сатудан түскен қаражатты қайтару туралы талаптың мәтінін жазу ұсынылған. Бірақ, мәтін қағазда емес, кенепте емес, тіпті темір мен бетонда емес. Талапты кәдімгі арыстанның терісінде жазу керек болған!

– Қазақстанда нағыз арыстанның терісін қайдан табуға болады екен? – деп ойланып қалды Әнуар. Ол бастыққа кіріп, оның батасын алды.

Содан соң Интернеттің тұңғиығына шомып, арыстанның терісін Қазақстанда ғана емес, тіпті Ресей мен ТМД жазықтарында да табу қиынға соғатынын білді. Оған мұхиттың арғы жағындағы халықаралық деңгейге шығуға тура келді, тек Еуропа мен АҚШ-та ғана  осындай тауарды сататын сирек сатушылар табылды.

Бірақ қиындық мынада болды: олардың ешқайсысында қажетті материал табылмады. Барлығында леопардтың, қаншырдың, қабыланның және аюдың терілері бар. Олар төлем жасалған соң, жиырма күннің ішінде затты жеткізіп береді екен. Әнуар, мүмкін басқа жыртқыш аңның терісіне қанағаттанатын шығар деген үмітпен,   "Ерекше қызмет көрсету бюросы"  арқылы тапсырыскермен байланысты, бірақ тапсырыс беруші бой бермеді: оған тек қана тамаша жалы бар, арыстанның терісі керек екен. Оның үстіне бес, ары кетсе жеті күннің ішінде.

Кейінгі екі күнді де Әнуар арыстанның терісін іздеумен өткізді, бірақ таппады. Қажығаннан, ол тіпті, өзі сафариге барып, олжаны алып келуді ойлады.

Ақыры әріптестерінің біреуі оған туристік агенттіктер арқылы, арыстандарды аулайтын адамдарды табуға кеңес берді. Мүмкін төлемақысы жақсы болса, біреу артық тері беріп қалар.

Ресми түрде бірде-бір компания Африкаға аң аулауға барып жүрген адамдардың байланыс телефондарын бермейтін еді. Бірақ, таныстары арқылы Әнуар, сыйақы үшін арыстандарды аулайтын аңшылардың телефондарын алуға келісімін берген, туризм жөніндегі менеджерлермен байланысты.  Біраз уақыттан кейін ол, соңғы кезде экзотикалық сафариге барып келген төрт ер адамның телефон нөмірлерін алды.

Олардың екеуі ешқандай қомақты ақша үшін олжаларын сатуға келіспеді. Тағы біреуі шетелге іссапармен кетіпті, екі аптадан соң келеді екен. Соңғысына Әнуар  үмітсіздене қоңырау соқты. 

Бірақ оның сұхбаттасы күтпеген жерден келісе кетті. Ол адамда арыстанның үш терісі бар екен, соның біреуін беруге келісті. Бірақ теріні тым жоғары бағалап жіберді. Қуанып кеткен Әнуар еш ойланбастан келісе кетті. Ол бірден тауарды алу үшін аңшының үйіне кетті.

Оның үйінде Әнуар үй иесінің арыстандарды аулағаны туралы мақтанып айтқан әңгімесін тыңдауға, атылған аңдардың суреттері мен тұлыптарын көруге тура келді. Содан кейін ғана ол ақшаны беріп, көптен күткен тауарын алды. Құтқарушысымен тез қоштасып, Әнуар, мәтінді басып шығару үшін өзін күтіп отырған баспаға жүгірді.

Талаптың мәтінінде төмендегілер жазылған:

 «Арбат» ЖШС

Бас директорына


 

Дауды сотқа дейін реттеу

ТАЛАБЫ
 

2015 жылғы 13 наурызда біз бен «Арбат» ЖШС (бұдан әрі – Комиссионер) арасында № 22 Комиссия шарты жасасқан (бұдан әрі – Шарт). Осы Шартқа сәйкес, Комиссионер Комитенттің тапсырысы бойынша, сыйақыға, мен үшін өзінің атынан құрылыс материалдарын (бұдан әрі – тауар) сату бойынша мәміле жасау міндеттемесін өз мойнына алды.    

Тауар Комиссионерге қабылдау-тапсыру актісі бойынша тапсырылды. Тауардың жалпы құны 625 460 580 теңге мөлшерінде белгіленген.

ҚР АК сәйкес, комиссияның шарты бойынша бір тарап (Комиссионер) екінші тараптың (Комитенттің)  тапсырысы бойынша сыйақыға өзінің атынан, бірақ Комитенттің есебінен, бір немесе бірнеше мәміле жасауға міндеттенеді. Тауардың сатылуын Шартта көрсетілген баға бойынша Сіз жүзеге асырдыңыз.

Шарттың 10-тармағының «е» тармақшасына сәйкес, Комиссионер тауар сатылған күннен 30 күннен кешіктірмей, Комиссионерге арналған ақшалай сыйақының сомасын ұстап қалуды есепке алып, Комитентке оған тиесілі ақшалай соманы аударуға міндетті.

Менің 125 000 000 теңге мөлшерінде ақшалай соманы алғанымды растау ретінде маған ұсынған кассалық шығыс ордерлері, Сіздің тауарды сатып, ол үшін қаражат алған фактіні растау болып табылады.

Сөйтіп, Сіздің, негізсіз және қолданыстағы заңнамаға қарсы қайтармай отырған берешегіңіз 187 730 290 теңгені құрайды.

Сіздің, нарықтағы осындай қызмет көрсету саласындағы әйгілі компанияңыз, қызметін жүзеге асырғанда заңнаманың нормаларын бұзуға жол бергеніне түсінбедім, және оны әдепсіздік деп санаймын. Бұны, өз қызметін жүзеге асырғанда Сіздің ұйымыңыз ұстанатын норма емес, жаңсақтық  деп сенемін.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, сол сияқты ҚР АК басшылыққа ала отырып, бізге тиесілі 187 730 290 теңгені өтеуіңізді сұраймын.

Менің заңды талабым орындалмаған жағдайда, сіздің ұйымыңыздың әрекеттеріне бақылау органдарына тиісті шағым жолдауға мәжбүр боламын. Одан басқа, ақшалай қаражатты толық көлемде төлемегендіктен, Сізге берілген тауардың құнын өтету туралы, бөтен қаражатты пайдаланғаны үшін пайызын өтеу туралы, сондай-ақ Сізге барлық сот шығындарын жүктеу туралы сотқа арыздануға мәжбүр боламын.

Жоғарыда аталған мәселені сотқа дейін шешу қажеттігін түсінеді деп сенемін, және жоғарыда аталған талаптарды қанағаттандырған жағдайда, өз тарапымнан мемлекеттік бақылау органдарына Сіздің ұйымыңыздың әрекеттеріне шағым жасамауға кепілдік беремін.

«Көктем» ЖШС бас директоры Рашид Абдулгаппаров».

Талаптың басып жазылған мәтінімен Әнуар «Арбат» компаниясының кеңсесіне келіп, оны басшылыққа тапсырды. Талаптың нысанымен есеңгіреп қалған фирманың директоры, тіпті, құжаттың кіріс журналында тіркелуіне де қарсы болмады, сөйтіп Әнуар талапты алғаны туралы растау қағазын алды. Ол құжаттың кіріс нөмірі мен тіркеу күнін жазып алды да, тапсырманың табысты орындалғаны туралы баяндау үшін, өзінің басшылығына асыға жөнелді.

Бұл нөмірдің сұрағы: Әңгімеде іс қағаздарын жүргізудің қандай бұзулары жіберілді?

№ 5 тапсырманың жауаптары

Әңгімеде іс қағаздарын жүргізу туралы заңнаманың келесі бұзулары болды:

1) егер тапсырысты жолаушы кедендік ресімдеусіз және тіркеусіз өткізсе – ол кедендік заңнаманы және бухгалтерлік есептің қағидаларын бұзу;

2) нұсқаулық ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі;

3) бұдан басқа, нұсқаулыққа қызметкердің қауіпсіздік ережелерімен танысқаны туралы белгі, оның қолтаңбасы мен Т.А.Ә. қоса берілу керек.

Жауаптарыңызды «Кәсіби шеберлік мектебі» (№ 6, 2015) белгісімен мына мекенжайға: 050009, Алматы қ., Шевченко көш., 165б/72г, 712 кеңсе немесе shkola@mcfr.kz электрондық поштаға жолдаңыздар, міндетті түрде тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын, лауазымыңызды, жұмыс орныңызды және толық пошталық мекенжайыңызды көрсетіңіз.

Жүлделі ойынға журналдың кез келген нөміріне жауап беріп, қатыса алатындарыңызды ұмытпаңыздар.



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль