text
Справочник кадровика

Компанияның корпоративтік мәдениеті

  • 20 ноября 2015
  • 1542
Автор журнала «Справочник кадровика. Казахстан», бизнес-тренер, коуч, г. Алматы

Корпоративтік мәдениет – компанияның табысында үлкен рөл атқара алатын ұғым. Ол болмаса қызметкерлер құрамын тиімді жұмысқа, жаңа идеялар мен жетістіктерге уәждеу өте қиын. Неге? Себебі корпоративтік мәдениет қандай да бір ұйымдағы жұмыста қызметкерлердің пікірлерін, құндылықтары мен кәдімгі мінез-құлқын көрсетеді.

Мақаланы оқымас бұрын, мына сұрақтарға жауап беріңізші: «Сіз HR-маман (менеджер) болып істеп жүрген компанияда өзінің корпоративтік мәдениеті бар ма?», «Компанияда қалыптасқан мәдениетке көңіліңіз тола ма?».

Егер жауаптар жағымды болса – мақала корпоративтік мәдениет туралы пікіріңізді нығайтады, егер жағымсыз болса – мақалада корпоративтік мәдениет туралы, және қызметкерлер құрамы жөніндегі маман оның қалыптасуына немесе өзгеруіне қалай ықпал ете алатыны туралы әңгімелейміз.

Мәдениет, суда еріп кеткен Алка-Зельцердің дәрісі тәрізді: сен оны көрмейсің, бірақ ол әсерін тигізеді.

Ханс Магнус Етзенсбергер

Корпоративтік мәдениет – компанияның табысында үлкен рөл атқара алатын ұғым. Ол болмаса қызметкерлер құрамын тиімді жұмысқа, жаңа идеялар мен жетістіктерге уәждеу өте қиын. Неге? Себебі корпоративтік мәдениет қандай да бір ұйымдағы жұмыста қызметкерлердің пікірлерін, құндылықтары мен кәдімгі мінез-құлқын көрсетеді. 

Әр компанияның өзінің белгілі дәстүрлері бар. Олар басшылардан бастап, жаңадан келген қызметкерлерге дейін, барлық деңгейлерде болады.

Дәстүрлер ортақ мақсаттарды белгілеуге, жиналыстарда жаңа идеяларды ұсынуға немесе жұма күндері дресс-кодтың жоқ болуына, сондай-ақ белгілі бір қағидаларды сақтай отырып, корпоративтік іс-шараларды өткізуге қатысты болуы мүмкін. Осының барлығы тікелей корпоративтік мәдениетке қатысты.

НА ЗАМЕТКУ Корпоративтік мәдениет, басқалар қабылдайтын, жұмыс үдерісін ұйымдастыруды әдетке айналдырған белсенді қызметкерлерге негізделіп, өзінен-өзі қалыптасуы мүмкін. Ал егер солай болса, онда жұмыс үдерісі баяулай түседі, әлде орындалып жатқан жұмыстың сапасы төмен болуы мүмкін.

Америкада корпоративтік мәдениетке көп көңіл бөлінеді және әртүрлі бөлімдердің қызметкерлерімен бірге оны жасау және ұстану үшін, арнайы уақыт бөлінеді.

ПРИМЕР

Жаңа операциялық жүйелер жасаумен айналысатын Citrix компаниясында корпоративтік мәдениеттің негізгі постулаты мынандай: «Біздің компаниямыздың қызметкерлері жұмыстың қалай, қашан және қай жерде орындалуы керек екенін еркін зерттеуге құқығы бар».

Бұл, өз кезегінде, компания өз елінде ең әйгілі және қалаулы 20 жұмыс орындарының біріне кірсе, ол жерде қызмет етіп жатқан қызметкерлердің артықшылығы болады.

Қосымша бұл тізімде Apple компаниясы да бар, олар өздерін былай сипаттайды: «Біз перфекционистер. Идеалистер. Жаңашыл табушылар. Әрдайым клиенттерімізге ең жақсысын ұсыну үшін, соғұрлым өнімдер мен үдерістерді әзірлейміз».

Өздерінің корпоративтік мәдениетінде қалыптасқан, компаниялардың осындай сипаттамаларын оқығанда, солармен ынтымақтасуға және өз адамдарыңмен солар сияқты жұмыс істеп үйренуге ынталанасың! 

НА ЗАМЕТКУ Корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға болады және қалыптастыру керек.  

Міне осы кезде қызметкерлер құрамы бойынша бөлімнің рөлі маңызды болып табылады. Бұл бөлімнің қызметкерлері табысты компаниялардың жігерлендіретін үлгілері мен бастамаларын, негізгі идеяларды ұсынулары керек. Корпоративтік мәдениетпен жұмыстың кез келген кезеңінде компания басшылығының қолдауымен, қызметкерлер құрамы бойынша бөлімнің басқа бөлімнің басшыларымен ынтымақтасуы маңызды.

Жоғарыда аталған компаниялардың корпоративтік мәдениетінің үлгілері борышты еске салады.

Борыш – корпоративтік мәдениеттің басты құрамдас бөлігі. Барлығы дәл содан басталады.  

ВОПРОС Компанияңыздың борышы бар ма?

Жоқ болса, немесе ол дерексіз бір нәрсе болса, онда қызметкерлер құрамы бойынша бөлімнің, ортақ борыш, яғни, компания үшін қандай құндылықтар маңызды, және оның айналысатын ісі туралы қысқаша сипаттама-үндеу жасауды ұсынып, бұл мәселені шешуге кірісуі керек.

Ал компанияның борышы бар болса – тамаша! Онда корпоративтік мәдениеттің келесі қадамына көшу керек. Ол – дәл сіздің компанияда тиімді жұмыс істеуге болатын, ең маңызды ережелер мен әдістердің тізімі. Мұндай тізімді жасауда сізге, әр қызметкерге маңызды, ортақ құзыреттерінің жиынтығы көмектеседі. Компанияның құзыреттері мен құндылықтарына сүйене отырып, мысалы, клиенттерге бағытталуы немесе өнімнің (қызмет көрсетудің) ең жақсы сапасы, өндірістегі ең жоғары технологиялар, жұмыс істейтін әдістердің тізімін құруға болады. Бұл ретте, бұл сіздердің бірлесіп шығарған туындыларың  болу үшін, әртүрлі бөлім басшыларының қатысуы маңызды. Сонда оларға корпоративтік мәдениеттің постулаттарын өз қарамағындағыларға таратуға және оларды шынайы жұмыс тәжірибесіне енгізуге оңай болады.

Тағы бір қадам – корпоративтік мәдениеттің негізгі ережелері бекітілген құжатты жасау. Онымен әрдайым жаңадан келген қызметкерді таныстырып тұру керек.

Тағы бір тамаша қосымша, ол қызметкерлер құрамын көрсетілген жұмыс әдістеріне оқыту болады. Ол тренингтер, ойын элементтері және оларды орындағанда берілетін кішігірім сыйлықтары бар, жеке тапсырмалар және т.с.с. болуы мүмкін.

НА ЗАМЕТКУ Корпоративтік мәдениетті бір сәтте жасауға болмайды, ол уақыт пен құлшынысты талап етеді. Бұл жағдайда, қызметкерлер құрамымен жұмысты компанияның ұйымдық құрылымындағы барлық лауазымдық деңгейде жүргізу қажет екенін естен шығармаңыз.

Келешекте жаңа мәдениет жұмыс үдерістерін жандандыруы және қызметкерлерді еліктіруі мүмкін. Әр қызметкер дәл сіздің компанияңызда жұмыс істейтінін мақтан тұтуы мүмкін!

Батыл болыңыз! Корпоративтік мәдениетіңізге жаңа көзқараспен қараңыз, оған тиімділікті, құндылықты және сезіміңізді қосыңыз. Сонда қызметкерлеріңіздің тиімділігі артып, компанияға да табыс алып келеді! 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Чтобы обеспечить качество материалов и защитить авторские права редакции, многие статьи на нашем сайте находятся в закрытом доступе.
Предлагаем вам зарегистрирроваться и продолжить чтение. Это займет всего полторы минуты, а вы получите:
  • доступ к 8 500+ полезным статьям
  • 10 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль