Періштелердің көмегі

33
Періштелердің көмегі
Тыналин Алим Онербекович
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрист, г. Алматы
Жаңа жылдық мерекелер өтіп кетті, екі айрйлмас құрбы, "Ерекше оқиғалар агенттігінің" қызметкерлері Олеся мен Айнұр, демалып, күш жинап, қайтадан жұмысқа кірісті және бірден өздерінің жұмыс берушісінен жаңа фантастикалық тапсырма алды. Оны орындау оңай болмас, тіпті, үлкен қаупі бар. Ал бұны орындауда Еңбек кодексінің бірде бір нормасын бұзбау мүмкін емес!

Олеся мен Айнұр өздерінің кәсіби саласында көп нәрсені көрді, сондықтан оларды таң қалдыру мүмкін емес еді...

Бырақ, Немо мырзаның қаңтар айындағы тапсырмасы шектен шығып кетті.

–... Осылайша сендер бұл адамның ата-бабасының өмірлік кезеңін аяқтап, қайтадан ізді заманымызға қайтасыңдар, – деп, нұсқамасын аяқтады. – Сұрақтарың бар ма?

Есеңгіреп қалған құрбылар үндемей қалды.  

­– Демек, сұрақ жоқ! ­– қорытындылады бастық. – Істің қалған егжей-тегжейі, мен пошталарыңа жіберген файлда. Ал енді, алға – іске кірісіңдер! Сол заманның киімін киіп, тапсырманы орындаңдар.

Соны айтты да, ол экранды өшірді.

Орнаған үнсіздікті Олеся бұзып жіберді.

­– Қалай ойлайсың, бұл рас па? – деді ол.

­­­­– Білмеймін, – деді Айнұр, – жүрші көрейік уақыт машинасын көрейік.

Тапсырма бойынша, қыздар Жанұзақ атты әлдебір адаммен танысып, оған Қытай империясымен сауда туралы ақпарат беру керек. Ең қызығы, ол адам XVIII ғасырдың басында өмір сүреді.

Немо қыздар уақыт машинасымен саяхатқа баратынын айтты.

Құрбылар осының барлығы - бір керемет әзіл деп тұжырымдады. Олар бұл кеңседе істегендеріне біраз болды. ЕОА-нен, әлбетте, осындай уақыт кеңістігіндегі саяхатты да күтуге болады.

Айнұр мен Олеся файлдағы тапсырманы мұқият оқып шықты. Содан кейін Наурыз мерекесін тойлайтын кезде киетін киімдерді киіп, келесі бөлмеге кірді. Ол жерде кәдімгі массаж креслоларын еске түсіретін екі кресло тұрды.

Қыздар соларға отырып, бір сәтке көздерін жұмды. Ал ашқанда, екеуі кең далада тұр екен.

***

Күн күйіп тұрды. Айнала  жусан қаптаған теңізге ұқсайды.

Алыста киіз үйлер көрініп тұр, жанында адамдар жүр, одан әрі жылқылар жайылып жү

Таң қалған қыздар, осының бәрі түс емес екеніне сену үшін, өздерін шымшылай бастады.

– Егер бұл елес болса, онда өте сенерлік екен! – деді абыржыған Олеся.

Қыздардың бұл жерде тұрғаны бірден байқалды. Ауыл жақтан бұлардың қасына құйындата үш атты жігіт шауып келді. Бес минуттан соң олар Айнұр және Олесямен қатарласты.

– Қайдан боласыңдар? – деп сұрады ішіндегі ең үлкені, жасы қырыққа келіп қалған сақалды ер адам.

Сөздері біртүрлі болса да, Айнұр оны түсінді. Ол,  қазіргі тіліміздің ата-бабасы болып келетін, біртүрлі бұрмаланған қазақ тілінде сөйледі.

Ол файлда көрсетілген, нұсқама бойынша жауап беріп, өзін Жанұзақтың алыс туысқаны екенін айтты. Қыздар оның қазір осы ауылда екенін білген.

– Бұл Құлымбет байдың ауылы ғой? – деп сұрады Айнұр.

Ер адам оларға біртүрлі қарап тұрды.

– Сен өзің біртүрлі сөйлейді екенсің! – деді ол қорытындылап. – Киімдерің де басқаша. Сен солтүстік ұлыс мусковитсің бе?

Соңғы сұрақ Олесяға қойылды. Олеся сұрақты түсініп, басын изеп: «Иә», – деді.

– Ол  менің құрбым, өзінің үйіне, батысқа қайтып барады. Сіз менің сұрағыма жауап бермедіңіз. Бұл Құлымбет байдың ауылы ма? – деді Айнұр.

Оларға тағы да мұқият қарап, ер кісі өзін Шайдар деп таныстырды, содан кейін олардың Құлымбет ауылына келгендерін растады.

– Сендердің Жанұзақтарыңды білемін, – деп жымиды Шайдар. – Ол Құлымбет ағаның үйінде күшік-күйеу ретінде баяғыдан бері жұмыс істейді. Бірақ оның ешқандай туысы жоқ болатын. Жарайды, кеттік!

Қыздарды міңгестіріп алып, аттылар ауылға қарай шаба жөнелді.

Ауылда аттыларды, би міндетін атқарып жүрген және Құлымбет болмаған кезде оның орнына ауылды басқаратын, Түзе есімді ақсақал қарсы алды. Қыздарды қонақ үйге апарып, қымыз, ет берді. Біраздан кейін Жанұзақты алып келуге уәде берді.

Түзе би қыздардың қасына жайғасып салқын айран ішіп отырып олардың келген себебін барлай бастады.

– Демек, Сайрамнан келе жатыр екенсіңдер ғой? – деп қайта сұрады ол Айнұрдан. – Оңтүстік жерлерінде тыныштық па? Бұқаралық және хивалық билеушілер біздің құдай берген ханымыз, дана Тәукеге қарсы арамдық дайындап жатқан жоқ па?

Айнұр, сөз аңдыған ақылгөй қартқа, білдірмей, байсалды жауап беруге тырысып отырды.

Қарт кісі Олесяға да қайта-қайта қарап, сол туралы сұрамақшы болды.

Қыздарға киіз үйге кіріп келген, жиырма жастағы жігіт көмектесті. Қыздар бірден оны таныды, өйткені файлда, осы араға қыздарға дейін келген, уақыт кеңістігінде жүрген саяхатшылар жасаған, оның суреті болған.

Бұл олардың келу себебі – Жанұзақ болды.

Айнұр онымен амандасып, оның алыс туысы болып келетінін түсіндірді. Ол көрші ауылдан Жанұзақтың осы жерде тұратынын біліп, оның қал-жағдайын білуге әдейі келгенін айтты. Ол құрбысы екеуі солтүстікке, Астрахан хандығына жақын, шекараның қасында тұратын Олесяның туысқандарына кетіп бара жатқанын айтты.

Жанұзақ ұялып, ол туралы ешнәрсе білмейтінін айтты. Айнұр оның жеті атасын атап бергенде, оның күмәні басылды. Олар әңгімелесіп кетті, жігіт бала кезінен осы ауылда тұратынын айтты. Әкесі Түркістанға сатуға мал апара жатқанда, барымташылар оны тонап, өлтіріп кеткен, сондықтан Жанұзақ анасымен осы ауылда қалған. Ол он екіге толғанда, анасы қайтыс болыпты.

Жанұзақ Құлымбет байдың қоластында жұмыс істейді, жақында оның бір жиен қарындасын алған, оған қалың мал төлей алмағандықтан, оны өтеуге мәжбүр.

– Ол заманда егер күйеу жігіт және оның туысқандары қалыңдық үшін қалың мал төлей алмаса, онда оған қажетті соманы қайын атасының үйінде өтеуге болады. Сол үшін оны күшік-күйеу деп атаған. Оған кез келген қара жұмысты тапсырған, бірақ ақы төлемеген, күйеу балаға тек тамақ пен жататын орын берген, – деп Айнұр сыбырлап, Олесяға түсіндірді.

Таң қалған Олеся тек басын шайқап отырды.

Түзе би маңызды істерінің барын айтып, кетіп қалды. Айнұр Жанұзаққа оның мына мүшкіл жағдайына көмектескісі келетінін айтты.

– Бірнеше өткелден соң әр көктемде Долматов деген орыс көпесінің керуені өтеді, – деді Айнұр, мұқият тыңдап отырған жігітке. – Сол кісіге Цин империясына тауарды жеткізу үшін ақылды көмекшілер керек. Сен соған барып, өз көмегіңді ұсынуың керек. Көпес кәсібін меңгеріп ал. Біраз уақыттан соң қытайлармен және солтүстіктегі княздармен өзің саудаласасың. Олардың барлығы жақсы аттар мен қойларға мұқтаж.

Жанұзақтың жайнаған жүзінен, ол бәрін түсінгені байқалды.

– Біз қайтуымыз керек, – деді Айнұр.

Қыздар киіз үйден шықты. Күн батып барады.

Жанұзақ қыздардың түнделетіп жүрмей, қалуларын өтініп еді, қыздар көнбеді. Олар жолға шығып, көздерін жұмды...

... ал, ашқанда массаж креслоларында отыр екен.

– Біз шынымен сол заманда болдық па, әлде маған солай көрінді ме? – деп сұрады Олеся, өзіне басынан аяғына дейін қарап.

– Жоқ, бәрі шынымен болған сияқты, – деді Айнұр, көйлегінің етегіне жабысып қалған тікенекті алып тастап.

Бірнеше күннен соң риза болған директор Немо, тапсырманың табысты орындалғанын хабарлады.

– Клиентіміздің ата-бабасы жас кезінде саудамен айналысып, бірнеше жылдан соң, Цин империясы батыс округы қолбасшысына асыл тұқымды жеткізу арқылы, таңқаларлықтай байып кетіпті. Ол өмірінің соңына дейін өзінің кедейліктен көтерілгені, оған дұрыс жол сілтеген, періштедей екі қыздың ғажайып пайда болғанына байланысты деп айтып жүрген екен. Ол қыздарды өзінің қорғаушылары деп санаған! – деп, әңгімеледі Немо. – Бұл оқиғада ешкімді танып тұрған жоқсыңдар ма?

Нөмірдің сұрағы: Әңгіме кейіпкерлері еңбек заңнамасының қандай бұзушылықтарына жол берді?

№ 12 тапсырманың жауабы

Актёрдың ертегі жерінде жұмысқа тартылғаны көптеген бұзушылықтармен жүзеге асырылды:

1.  Қызметкердің келісімі алынбады.

2.  Еңбек шарты жасалмады.

3.  Жұмыс аяқталған соң тиісті сыйлықақы төленбеді.

Жауаптарыңызды «Кәсіби шеберлік мектебі» (№ 1) белгісімен мына мекенжайға: 050009, Алматы қ., Шевченко көш.,165б/72г, Радостовец көшесінің қиылысы, 712 кеңсе немесе shkola@mcfr.kz электрондық поштаға жолдаңыздар, міндетті түрде тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын, лауазымыңызды, жұмыс орныңызды және толық пошталық мекенжайыңызды көрсетіңіз. Жүлделі ойынға журналдың кез келген нөміріне жауап беріп, қатыса алатындарыңызды ұмытпаңыздар.



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль