Жеке тектік құжаттар: сақталуы мен есепке алуын қамтамасыз ету

260
Ұйымның ведомстволық (жеке) мұрағатына жеке тектік құжаттарды сақтауға беру жеке тұлғаның меншік иесіндегі құжаттарды сыйлау, өсиет ретінде қалдыру, сатып алу арқылы жүзеге асырылады.

Жеке тектік құжаттар мұрағатқа сақтау үшін қабылдау процесіне қатыспайды, оларды басқа құжаттар сияқты есептелмейді, олар тұрақты мемлекеттік сақтауға тапсыруға жатпайды және олардың ақпаратын азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің  мүддесіне пайдаланбайды. Құжат айналымы туралы заңнаманың нормаларына сәйкес, жеке тектік құжаттар ұйымның ведомстволық және жеке мұрағатының сөрелерінде жатпайды. Соған қарамастан олар өздерінің есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуді талап етеді. Бұл мақала осы мәселелердің анық-қанығына жету үшін арналған.

Жеке тектік құжаттарды ұйымның ведомстволық (жеке) мұрағатына тапсыру тәртібі 

Ведомстволық (жеке) мұрағат ұйымның, саланың (жүйенің, қызмет саласының)  басшылары мен қызметкерлері жасаған жеке тектік құжаттарды уақытша сақтауға қабылдауы мүмкін.
Ұйымның ведомстволық (жеке) мұрағатына  жеке тектік құжаттарды сақтауға беру жеке тұлғаның меншік иесіндегі құжаттарды сыйлау, өсиет ретінде қалдыру, сатып алу арқылы жүзеге асырылады. Құжаттарды беру олардың иесі мен құжаттар түсетін ведомстволық (жеке) мұрағаты бар ұйым арасындағы жазбаша шарт  негізінде жүзеге асырылады. Шартта тиісті мемлекеттік мұрағатқа, яғни, ведомстволық (жеке) мұрағат құжаттарын тапсыратын мұрағатқа, жеке тектік құжаттарды берудің мерзімдері қатаң ескеріледі. Алдағы уақыттағы мемлекеттік мұрағатқа беру туралы келісімге келген жағдайда, екі жақ шартқа қол қойған соң, ведомстволық (жеке) мұрағат осы мемлекеттік мұрағатқа құжаттарды жібереді.

Құжаттың иесі тапсырған жеке тектік құжаттарға пайдаланушылардың қолжетімділігін тапсырған күннен бастап 70 жылдан көп емес шектеу мерзімін белгілеуге құқылы. 

Шарт жасасқан соң ұйымның ведомстволық (жеке) мұрағаты  иесінің өтініші бойынша жеке тектік құжаттарды уақытша сақтауға қабылдайды және қабылдауды құжаттарды уақытша сақтауға қабылдау-тапсыру актісімен ресімдейді (1-қосымша). Актіге жеке тектік құжаттардың тапсыру тізімдемесі қоса беріледі (2-қосымша). Акті мен тізімдеме үш данамен жасалады.  Акті мен тізімдеменің бір данасы құжаттардың иесіне тапсырылады, екіншісі – ұйымның ведомстволық (жеке) мұрағатында қалады, үшіншісі – тиісті мемлекеттік мұрағатқа тапсырылады. 

Жеке тектік құжат деп жеке тұлға өзінің қызметінен немесе қоғамдық міндеттерін атқарудан тыс жасаған құжатты атайды.

Ведомстволық (жеке) мұрағатқа келіп түсетін жеке тектік құжаттар жеке тектік құжаттардың мұрағаттық қорына жүйеленеді.  
Жеке тектік құжаттардың мұрағаттық қорының атауы жеке тұлғаның тегінен, атынан, әкесінің атынан, қызметінен (мамандығынан), соңғы лауазымынан және (немесе) соңғы ғылыми атағынан тұрады. 
Жеке тектік құжаттардың негізгі бөлімдері ол:
1)    қор жасаушының өмірбаянына құжаттар;  
2)    оның шығармашылық қызметі жөніндегі құжаттар; 
3)    қызметі және қоғамдық қызметі бойынша құжаттар; 
4)    қор жасаушының жеке басының хат алмасуы; 
5)    қор жасаушы туралы құжаттар;  
6)    бейнелеу құжаттар;  
7)    қор жасаушы жинаған құжаттар.
Жеке тектік құжаттарды қабылдауды ресімдеген соң ведомстволық (жеке) мұрағат қызметкері есептік құжаттарға қажетті  өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, және қордың парағы жасалады. Сонымен бірге мұрағаттық қордың парағында тапсыру тізімдемесіндегі жеке тектік құжаттар, шығыс және кіріс құжаттарын есепке алу кітабында сипатталған құжаттар ретінде ескеріледі.  

Жеке тектік мұрағат қорының хронологиялық шегі қор жасаушының туған және өлген күндері болып табылады. 

Жеке тектік мұрағат қорларында құжаттардың ең соңғы күндері мен мұрағат қорының хронологиялық шегінің айырмашылығы, өзі туылғанға дейін жасалған, қор жасаушы жинаған құжаттар (құжаттардың көшірмелері), немесе азамат өлгеннен соң, қосымша ведомстволық мұрағат жинаған құжаттардың (естеліктер, еске түсіру, мерейтой сияқты іс-шаралар және тағы басқа) есебінде.
Қор жасаушының өмірбаяны туралы құжаттар иесінің қабылданған құжаттар мен жазбаша куәліктерінің негізінде ведомстволық мұрағат қор жасаушы туралы қысқа тарихи анықтама жасайды.
Жеке мұрағат қорының ведомстволық мұрағатына өткізілетін құжаттар тиісті мемлекеттік мұрағатпен келісілген сұлба негізінде алғашқы жүйелеуге жатады.

Қор жасаушы деп, қызметінде қордың құжаттары пайда болған адамды атайды. 

Жеке тектік құжаттарды жүйелеу және сипаттау 
Ұйымның ведомстволық (жеке) мұрағатына келіп түсетін жеке тектік құжаттар, жеке тектік мұрағат қорларына жүйеленеді, ұйымның ведомстволық (жеке) мұрағатында ондай мұрағат қорлары болған жағдайда. Өзге жағдайда, жеке текті құжаттардың келіп түсуі жеке тектік мұрағат қорын жасауға негіз болады.
Жеке тектік мұрағат қоры:
1)    аталған жеке тұлғаның мұрағат қоры;
2)    күйеуінің, әйелінің, мүмкін балаларының жеке тектік құжаттарынан тұратын отбасы мұрағат қоры;
3)    бір тектің, әулеттің әртүрлі бірнеше өкілдерінің өмірі мен қызметінде қалыптасқан жеке тектік құжаттардан тұратын, тектік мұрағаттық қор болып бөлінеді.

Ресейдегі әріптестеріміз мұрағаттық қордың соңғы түрін рулық қор деп атайды, бірақ Қазақстанда ол атауды қолдану мүмкін емес, өйткені ру деп бір тек немесе бір әулет емес, шығу тарихы, шыққан аймағы, санасы, тілі, ділі бірлескен белгілі бір адамдардың қауымдастығын айтады. Біздің елде рулық мұрағат қоры табындардың, арғындар мен албандардың жеке құжаттар топтамасын білдіретін еді. Негізінде, ол мүмкін емес. 

Жеке тектік мұрағат қоры деп, жеке тұлғаның немесе отбасының өмірі мен қызметінде қалыптасқан мұрағат құжаттарынан тұратын мұрағат қорын атайды.

Қажет болғанда ұйымның ведомстволық (жеке) мұрағаты құжаттардың иесінен қор жасаушы туралы өмірбаяндық мәліметтерді, сондай-ақ, мұрағат қорының тарихы туралы сұрап, қор жасаушы туралы келесі мәліметтерді қамтитын, қысқаша тарихи анықтама жасайды:
1)    қор жасаушы туралы негізгі өмірбаяндық мәліметтер (өмірінің күндері, жұмыс уақыты мен орны туралы мәліметтер, оның баспа еңбектері, өнертабысы және өзге мәліметтер);
2)    жеке тектік мұрағат қорының тарихы туралы мәліметтер (берілген құжаттардың толықтығы, сақтауға түспеген құжаттардың тұрған жері және т.с.с.);
Ұйымның ведомстволық (жеке) мұрағатына берілген жеке тектік мұрағат қорының әрбір құжаты тиісті мемлекеттік мұрағатпен келісілген сұлба негізінде алғашқы жүйелеуге жатады.


Жеке тектік мұрағат қорының жүйелеу сұлбасының негізгі бөлімдері:
1)    қор жасаушының шығармашылық қызметінің құжаттары (қолжазбалар, суреттер, сызулар және басқа);
2)    қор жасаушының қызметтік және қоғамдық қызметінің құжаттары;
3)    қор жасаушының жеке басының хат алмасуы;
4)    қор жасаушының өмірбаяны жайлы құжаттар (жеке басының құжаттары, мерейтой туралы құжаттар тағы басқа);
5)    қор жасаушы туралы құжаттар (мақалалар, естеліктер, пікірлер тағы басқа);
6)    бейнелеу құжаттары (дыбыс-бейне, бейнелеу тағы басқа);
7)    мұрағат қорында жиналып қалған, немесе қор жасаушы өзі жинаған құжаттар (басқа адамдардың қолжазбалары мен суреттері, іріктеп алынған тақырыптық үзінділер, газеттен алынған қиындылар және т.с.с.).
Аталған бөлімдердің ішінде құжаттар тақырыптық, хронологиялық, номиналды, тілші белгілері мен өзге сыныптамалық  белгілеріне қарай уақытша қалыптасқан істерге топтастырылады.

Уақытша қалыптасқан істер үш клапаны бар папкаларға салынады. Істің мұқабасында қара графит қарындашпен: жеке тектік мұрағат қорының атауы, оның нөмірі; жеке тектік құжаттардың тапсыру тізімдемесі бойынша реттік нөмірі;  құжаттар тобының қысқаша атауы мен олардың саны жазылады. Уақытша қалыптасқан істер тігілмейді, парақтарға нөмірлер қойылмайды, тақырыптары қысқа және жалпылама жазылады.

Жеке тектік мұрағат қорының жүйелеу тапсыру тілімдемесін жасау жолымен бекітіледі.
Тапсыру тізімдемесінің сипаттау бөлімі уақытша істің реттік нөмірінен,  оның қысқа тақырыбынан, істегі құжаттар санынан және ескертпеден тұрады.
Қорытынды жазбада тапсыру тізімдемесінде құжаттардың жалпы саны, уақытша қалыптасқан істердің саны көрсетіледі. Тапсыру тізімдемесіне жасаушы қол қояды. 
Жеке тектік құжаттарды уақытша сақтауға қабылдаған соң, ведомстволық мұрағат мұрағаттың есепке алу құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді және қордың парағын жасайды.
Сонымен бірге тапсыру тізімдемесіне кірген құжаттар, қор парағында сипатталған болып ескеріледі, өйткені тапсыру тізімдемесі есепке алу құжаты болып саналады.
Ведомстволық (жеке) мұрағат тапсыру тізімдемесі бойынша саналған жеке тектік құжаттарды сақтайды, және соған сәйкес тиісті мемлекеттік мұрағатқа тұрақты сақтауға тапсырады.

Мемлекеттік мұрағатпен келісіп және соның тікелей басшылығымен ведомстволық (жеке) мұрағат жеке текті құжаттарды тұрақты сақтауға берудің дайындығын жүргізеді. Дайындық:
1)    құжаттардың құндылығына сараптаманы;
2)    құжаттардың қорға қатыстылығын анықтауды;
3)    құжаттардың мұрағат қорының, сыныптамалық топтардың, істердің шегіндегі жүйелілігін анықтауды;
4)    авторлығын және құжат жасалған уақытты анықтауды, құжаттарда ол мәліметтер болмаған жағдайда;
5)    істерді қалыптастыруды;
6)    істерді толық ресімдеуді (тігу мен түптеуден басқа);
7)    қажетті ғылыми-анықтамалық аппараты бар жеке тектік мұрағаттық қордың тізімдемесін жасауды (алғысөз, тақырыбы және басқа элементтері) қамтиды.

Жеке тектік мұрағаттық қордың тізімдемелері тұрақты сақталатын істер тізімдемесінің жылдық бөлім нысаны бойынша жасалады (3-қосымша), бұл ретте 2-баған «Істер дің индексі» – толтырылмайды.


                  Жеке текті құжаттарды тұрақты сақтауға мемлекеттік мұрағатқа тапсыру 

Жеке тектік мұрағаттық қордың тізімдемесін ұйымның Электрондық коммерция орталығы (ЭКО (ЭК)) мақұлдайды, ұйымның басшысы және тиісті жергілікті атқарушы орган (республикалық мемлекеттік мұрағат) бекітеді.
Жеке тектік мұрағаттық қордың тізімдемесін бекіткен соң құжаттардың сипаттау актісі жасалады (4-қосымша).
Актіге сәйкес қор парағына өзгерістер енгізіледі. Құжаттар мен уақытша істер шығарылған, ал «Сипатталған құжаттарды есепке алу» бағанында тақырыптары жеке тектік мұрағат қорының тізімдемесіне енгізілген, жаңа қалыптасқан істер келіп түскен болып есептеледі.
Жеке тектік құжаттарды тиісті мемлекеттік мұрағатқа тұрақты сақтауға тапсыру құжаттардың иесімен жасасқан шартта көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырылады, және құжаттарды тұрақты сақтауға қабылдау-тапсыру актісінде ресімделеді (5-қосымша).
Сонымен бірге жеке тектік мұрағаттық қордың құжаттарымен бірге құжат иесімен хат алмасуды қамтитын мұрағат қорының ісі, жеке тектік мұрағат қорының тізімдемесі және құжаттарды сипаттау актісі тапсырылады.


 1-қосымша

Жеке тектік құжаттарды қабылдау-тапсыру актісінің нысаны 

Ұйымның ресми                                                     Бекітемін
атауы                                                       Ұйым басшысының лауазым                 
                                                                                                      атауы
                                                                                                       _____________ Қолының толық
                (жеке қолы)         жазылуы
Ведомстволық (жеке) мұрағатқа
жеке тектік құжаттарды 
қабылдау-тапсырудың
№ ______АКТІСІ

Жасалған орны


_____________________________________________________________________________
    (ұйымның ресми атауы және
_____________________________________________________________________________
құжаттар иесінің тегі, аты, әкесінің аты )

арасындағы ______ жылғы № _____ (шарттың күні мен нөмірі) жеке тектік құжаттарды 
____________________________________________________________________________ 
(ұйымның ресми атауы) 
мұрағатына қабылдау-тапсыру туралы шартының негізінде және құжаттардың № ___ тапсыру тізімідемесіне сәйкес 
____________________________________________________________________тапсырды,
(құжаттар иесінің тегі, аты, әкесінің аты)

ал,  _________________________________________________________________________
                          (ұйым қызметкерінің лауазымының атауы, тегі және аты-жөні)  

 __________________________________________________________________ құжаттарды
                        (құжаттардың саны санмен және жазбаша)    
Уақытша сақтауға  _____________________________________________________________
                                        (ұйымның ресми атауы)
__________________________________________________________ мұрағатына  қабылдады.


Тапсырды                                                                                           Қабылдады                                                                                               
Құжаттардың иесі                                                                             Ұйым мұрағатының
Тегі, аты, әкесінің аты                                                                       қызметкерінің лауазым атауы
_____________    Қолының                                                              _____________ Қолының 
   (жеке қолы)            толық жазылуы                                                      (жеке қолы)        толық жазылуы


  Кіріс және шығыс құжаттарды есепке алу кітабында № ____ жазба жасалды, құжаттар 
   № ____ мұрағат қорына тапсырылды.
    

Кіріс және шығыс құжаттарды 
есепке алу кітабында жазба жасаған 
қызметкердің лауазым атауы
_____________  Қолының
  (жеке қолы)           толық жазылуы

Күні

А4 (210×297) форматы


 2-қосымша

Жеке тектік құжаттарды тапсыру тізімдемесінің нысаны 

__________ жылдардың  _________________________ құжаттарының
                                      (Құжаттар иесінің Т.А.Ә.) 

        № ___ТАПСЫРУ ТІЗІМДЕМЕСІ 

№ ____ҚОР



п/п    Уақытша істердің тақырыбы    Істегі құжаттардың саны  (құжаттар кешені)    Ескертпе
1    2    3    4

            

Барлығы тапсыру тізімдемесіне   __________ жылдардың ____________________ уақытша 
                                                                                                                                    (санмен және жазумен)
істерді құрайтын ______________________құжат есепке алынды. 
                                             (санмен және жазумен)

Тізімдемені жасаған
ұйымның мұрағат
қызметкерінің лауазым атауы
 _____________  Қолының
     (жеке қолы)          толық жазылуы

Күні 

А4 (210×292)  форматы

 3-қосымша

Тұрақты сақталатын істердің жиынтық тізімдемесінің жылдық бөлігіндегі нысаны 

                                                                                                                                  
Жергілікті атқару органының (республикалық                                    Бекітемін
мемлекеттік мұрағатының)                                                                     ұйым басшысының
«__»________ 20__ жылғы № ___                                                          лауазым атауы
СТК хаттамасымен                                                                                   ___________ Қолының
бекітілді                                                                                         (жеке қолы)    толық жазылуы                                                                                                         
                                                                 Күні

№ ___ ҚОР

 __________ жылдардың _________________________________ тұрақты сақталатын істердің 
                                                            (ұйымның ресми атауы)
№ ___ТІЗІМДЕМЕСІ 

Бөлімнің (ұйымның құрылымдық бөлімшесінің) атауы 


р/с    Істің индексі    Істің тақырыбы (томының, бөлімінің)    Істің күндері
(томының, бөлімінің)     Парақтар саны
(томының, бөлімінің)    Ескертпе
1    2    3    4    5    6
                    

Жиынтық тізімдеменің бұл бөліміне  № ___  -  № ____ дейін, _________________ іс 
                                                                                                                (санмен және жазумен) 
енгізілді, оның ішінде: 
литерлік нөмірлер: _____________________________________________________________
түсіп қалған нөмірлер: __________________________________________________________
Жиынтық тізімдеменің 
бөлімін жасаған
ұйымның мұрағат
қызметкерінің лауазым атауы
 _____________  Қолының
     (жеке қолы)    толық жазылуы

Күні

Ұйымның ОСК (СК) 
«__»__________ 20___ жылғы № ___
хаттамасымен
келісілген.

Ескертпе: тізімдеменің бұл нысаны ұйымның ведомстволық (жеке) мұрағатында жеке тектік құжаттарды сипаттау үшін қолданылады. 


 А4 (210×297) форматы


 4-қосымша

Жеке тектік құжаттарды сипаттау нысаны

Ұйымның ресми                                                     Бекітемін
атауы                                                       Ұйым басшысының лауазым                 
                                                                                                      атауы
                                                                                                       _____________ Қолының толық
                                                                                                             (жеке қолы)         жазылуы

                                                                                                          Күні

№ _______ АКТІ
Жасалған орны

Жеке тектік құжаттарды сипаттау

  ________________  жағдай бойынша № ____ ______________________________________
           (жұмыстың басталу күні)                                                               (мұрағат қорының атауы)
Есепке алу мәліметтері бойынша _________________________________ уақытша істер мен 
                                                                   (санмен және жазумен)
__________________________ құжаттардың ________________________________ тапсыру
   (санмен және жазумен)                                                                (санмен және жазумен)
 тізімдемелері есептелген.

Сипаттау үдерісінде ________________________________________ іс қалыптасты, сақтауға 
                                                        (санмен және жазумен)
жатпайтын ______________________________________________ құжат (парақ) шығарылды,
                                                    (санмен және жазумен)              
______________________________ іс;   ________________________________ құжат (парақ),  
            (санмен және жазумен)                                                      (санмен және жазумен)     
______________________________ іс,  ) иесіне қайтарылды.                    
        (санмен және жазумен)
№ ____________________  _________________________ істерге жаңадан тізімдеме жасалды.               
      (тізімдеме атауы)               (санмен және жазумен        

___________________  жағдай бойынша № ____  ________________________________
(жұмыстың аяқталу күні)                                                                      (мұрағат қорының атауы)
Есепке алу мәліметтері бойынша ____________ жылдар бойынша ___________________ істер 
                                                                                                  (санмен және жазумен)
тізімдемесі,  ___________________ істер есептеледі.
                (санмен және жазумен


_______________________________________________________________________көлемде
                        (тізімдеу көлемі; арнайы өңдеуді талап ететін істерді анықтау) 
Келесі жұмыс түрлері жүргізілді: __________________________________________________
(жұмыс түрлері жазылады) 

Тізімдемеге келесі ғылыми-анықтамалық аппарат жасалды:  ____________________________
______________________________________________________________________________.
(алғысөз, тақырыбы, қысқартылған сөздер тізімі)

Жұмысты орындаған: ______________________  ______________ Қолының
         (лауазым атаулары)                       (жеке қолдары)     толық жазылуы


Жұмысты қабылдаған:
Ұйым мұрағатының
Басшысы
______________  Қолының
  (жеке қолы)           толық жазылуы

   Күні

Істердің тізімдемесі_________________________________________________ ОСК (СК) 
                                                                 (ұйымның ресми атауы)
________________________ хаттамасымен келісілді,  ________________________________ 
 (хаттаманың нөмірі мен күні)                                                                   (тиісті мемлекеттік мұрағат 

_________________________________________________________ СТК хаттамасымен және
      кәсіпорыны ұйымының ресми атауы,  хаттаманың нөмірі мен күні)
                                            
______________________________________________________________________ бекітілді.
                                                      (ұйым басшысының лауазым атауы, бекітілген күні)

Есепке алу мәліметтеріне өзгерістер енгізілді

Ұйым мұрағатының басшысы
_____________  Қолының
(жеке қолы)               толық жазылуы
Күні

Сақтауға жатпайтын құжаттар__________________ көлемде _________________ парақтарда
                                        (санмен және жазумен)              (санмен және жазумен)


_____________________________   Қолының толық жазылуы
 (құжаттар иесінің жеке қолы) 
    Күні

Ұйымның ОСК төрағасы
          _____________ Қолының толық жазылуы
                   (жеке қолы)


А4 (210×297)  форматы


 5-қосымша

Мемлекеттік мұрағатқа істерді тұрақты сақтауға 
қабылдау-тапсыру актісінің нысаны

Бекітемін                                                                                   Бекітемін                                                                                               
Ұйымның мұрағат басшысының                                               Мемлекеттік мұрағат басшысының
лауазым атауы                                                                          лауазым атауы
_____________  Қолының                                                        _____________ Қолының 
   (жеке қолы)        толық жазылуы                                                   (жеке қолы)       толық жазылуы

Күні                                                                                             Күні

                                

№ ____ АКТІ
Жасалған орны

Мемлекеттік мұрағатқа істерді 
тұрақты сақтауға  қабылдау-тапсыру

 ____________________________________________________________________байланысты
(негіздеме: ұйым мен жеке мұрағат иесінің Т.А.Ә. арасындағы Шарттың тармағына сәйкес)
______________________________________________________________________________тапсырады, 
(ұйымның ресми атауы)
ал _________________________________________________________________ тұрақты мемлекеттік  
                  (мемлекеттік мұрағаттың ресми атауы)
сақтауға __________ жылдар бойынша істерді, сақтандыру көшірмелерін және оларға ғылыми- анықтамалық аппаратты қабылдайды.


р/с    Істердің жиынтық тізімдемесінің атауы мен нөмірі    Істердің жиынтық тізімдемесінің саны    Қабылданған істер саны 
(аса құнды істер саны)     Құжаттардың сақтандыру көшірмелерінің саны     Ескертпе
1    2    3    4    5    6
                    

Барлығы  ______________________ іс қабылданды, оның ішінде 
                       (санмен және жазумен)
______________________ сақтандыру көшірмелері. 
               (санмен және жазумен)

Тапсыруды жүзеге асырған:                     Қабылдауды жүзеге асырғандар:
Тапсыруды жүзеге асырған                                         Тапсыруды жүзеге асырған 
адамдардың лауазым атаулары                                   адамдардың лауазым атаулары
Жеке қолдары мен қолдарының                                  Жеке қолдары мен қолдарының 
толық жазулары                                                            толық жазулары
Күні                                                                                Күні

                                                                                       А4 (210×297)  форматы



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль