Іскерлік кездесулер барысында қазақтың ұлттық әдебінің ерекшеліктері

397
Жамболов Акан Амангельдыевич
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», преподаватель и переводчик казахского языка, г. Семей
Осы жүзжылдықтың соңында қазақтарда азды-көпті қарым-қатынас мәдениетінің моделі қалыптастырылды. Оның ерекшелігі қазіргі замандағы (қалаланған, еуропалық) және дәстүрлі (көне, шығыс) мәдениет элементтерінің үйлесуі болып табылады.

Халықаралық қарым-қатынастардың дамуымен бірге біздің еліміз бүкіләлемдік бизнес-алаңындағы  маңыздылыққа талпынатыны сөзсіз, және Қазақстанның іскерлік әдебін азиялық емес, еуропалыққа жатқызуға болады. Алайда, кейбір қазақтың мәдениетті дәстүрлері іскерлік әдеппен қосылып, қазақстандық бизнесмендердің «визит карточкасы» болды, сол туралы осы мақалада әңгімелейміз.

Әдептілік қана қымбат бағаланып, арзанға беріледі.

Мигель де Сервантес Сааведра

Қазақы іскерлік әдеп

Осы жүзжылдықтың соңында қазақтарда азды-көпті қарым-қатынас мәдениетінің моделі қалыптастырылды. Оның ерекшелігі қазіргі замандағы (қалаланған, еуропалық) және дәстүрлі (көне, шығыс) мәдениет элементтерінің үйлесуі болып табылады.

Қазақ мәдениетінің ашық көрінген бәсекелестігі төмен сипаты бар. Қазақтар ынтымақтастықты, ымыраларды, үйлесімділікті, қарым-қатынастарды сақтау және дамытуды, адамның жеке басының қасиеттерін жоғары бағалайды.   

Қазақстандағы бизнес – ол қатаң бәсекелес шеңберіндегі ынтымақтастық. Қазақстанда  бизнес әріптестермен  қарым-қатынаста болу – ол мәмілелер, үйлесімділік, дипломатия, қарым-қатынастарды сақтау және дамыту. Әріптестің жеке басының қасиеттері, бизнес-ұсыныстан түсетін пайда сияқты маңызды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда бизнес-әдеп үнемі дәстүрлі қазақи болып өзгеріп жатыр, өйткені Қазақстан – халықаралық ынтымақтастық мүдделерінде өзінің дәстүрлерін бейімдеуге қабілетті ел. Сондықтан қазақ ұлттық іскерлік әдептің кейбір ерекшеліктеріне назар аудару қажет.

1. Кез келген адамдардың бірінші кездесуі амандасудан басталады. Амандасу Қазақстанда «сәлем беру» деп аталады. Егер сіз дұрыс амандаспасаңыз, сол себептен ғана ынтымақтастық жасасудың процесі қиындық келтіруі мүмкін. Ер адамдардың амандасуының негізгі формуласы «Ассалаумағалейкүм!» (араб тілінен «Бейбітшілік Сізге!»), жауабы «Уағалейкүмассалам!» (араб тілінен «Сізге де соны тілеймін!»).

     Сөзсіз амандасудың көп таралған нысаны – қол алысу. Қазақстандық қол алысу туралы кейбір нәрселерді білу керек.

  • Қол алысқанда міндетті түрде адамның көздеріне қарап, күлімдеңіз.
  • Қолды қатты қыспаңыз. Қазақстанда қолды жұмсақ қысады. Қолды екі қолмен   
  • қысуға болады немесе оң қолымен амандасып, сол қолын кеудесіне қояды.
  • Құшақтасу – бір жынысты достарға ғана рұқсат.
  • Әйелдермен қол алыспайды, бірақ бизнес-кездесуде – болады. Қазақстанда әйел адам бизнес-кездесуде қолын бірінші ұсынбайды.
  • Бастысы барлығымен амандасу. Егер сіз танысыңызбен ғана амандасып, басқаларын елемесеңіз, сізді тәртіпсіз деп қабылдайды. Айтпақшы, мұндай қылығы немесе жаман әдеті үшін жергілікті шенеунікті немесе кеңсе қызметкерін оп-оңай жұмыстан шығарып жіберуі мүмкін.

2. Кездескенде жасы кіші адам жасы үлкен адаммен бірінші болып амандасады, сол сияқты, жай қызметкер де – басшысымен бірінші амандасады. Үлкендіктің қағидаты Қазақстанда бүкіл қарым-қатынастың негізінде жатады. Жасы кіші адам әрқашан жасы үлкен адамға көмектесу немесе жағу керек болған.

3. Құрбылар немесе әріптестер кездескенде бір мезгілде амандасады.

Алыстан келген адамға Қазақстанда үлкен құрмет көрсетеді. Тіпті, «Алыстан келген алты жасар балаға алпыстағы ақсақал сәлем береді», – деген мақал бар ғой. Сондықтан лауазымыңыз немесе жасыңыз кіші болса, бірінші болып амандасқан дұрыс.

Жасы үлкен немесе мәртебесі жоғары адамдардың сөзін бөлмеңіз.

4. Егер сіздің ғылыми атағыңыз болса, мысалы, магистр немесе ғылым кандидаты, оны айтудың жолын табыңыз. Байыпты халықаралық саясат білгірі-бизнесменнен Қазақстанда екі тілді визитка күтеді – орысша және ағылшынша. Визиткаңызда жазылған лауазым алдыңыздан талай есікті ашуы мүмкін. Дұрыс ресімделген визитка қажетті кездесуге мүмкіндік беріп, тіпті бюрократиядан аулақ болуға көмектеседі.

5. Бизнес кездесуге тақиясыз барыңыз!

Сізбен бизнес кездесуге келетін адамдар, батыстағылар сияқты киінуі мүмкін. 

6. Ұзаққа созылатын келіссөзге уақытыңызды есептеңіз. Қазақстанда ешкімге жылдам өтетін келіссөздер ешкімге ұнамайды, кездесуді 40 минутқа белгілегеннің мағынасы жоқ, кездесу 2-3 сағат өткен дұрыс. Іскерлік келіссөзде шыдамдылық таныту қажет. Қазақ халқы ұжымдық мәдениетті білдіреді. Ұзақ және өзіндік этногенез барысында тарихи, әлеуметтік-саяси және экономикалық дамуының әсерімен,  қазақтардың ұлттық психологиясының келесі ерекшеліктері қалыптасты:

  • алдына қойған мақсаттарға жетуде табандылық таныту, қайсарлық;
  • шыдамдылық, үлкен қиыншылықтарға төзу қабілеті;
  • үнемі өзгеріп тұратын өмірдің ағымына тез бейімделу қабілеті;  
  • бірыңғай қатыстылығын сезіну, конформизм, ұйымшылдық;
  • шиеленістерге негативті қарау, оларды «аралық соттың» көмегімен шешу бейімділігі.

Қазақстан кәсіпкерлері төзімді, қайсарлы, жылдам бейімделеді, ұйымшылдықпен жұмыс істеуге дайын, адал. Алайда, олар адамдармен, олардың әлеуметтік мәртебесіне қарай, әртүрлі қарым-қатынаста болады.

7. Сізге бір сұрақты әртүрлі он тәсілмен қояды. Бұл қазақтардың көп ойланатыны емес, олардың ақпаратты қайта-қайта тексергені.

8. Егер келіссөз кезінде қазақ өзінің көзқарасын қатты сөйлеп, қорғаса, оны агрессия көрсету деп ойламаңыз. Ол оның қанында бар – көшпенділер өздерін қорғауға әдеттенген. Бірақ еуропалықтармен немесе қонақпен келіссөздерді дипломатты түрде өткізуге тырысады.

9. Келіссөз барысында бар күшіңізбен шиеленісті болдырмауға тырысыңыз – қазақтар оны ұнатпайды.

10. Бизнес-кездесулер кезінде тікелей сауалдарды күтпеңіз.

Сіздің әлеуетті әріптесіңізге алғашқы уақытта, сіздің бизнесіңіз туралы емес,  сізбен жақсы қарым-қатынас құру керек. Осыған көніңіз. Сіздің жағдайыңыз туралы сұрақтар соншалықты дипломатты түрде қойылады, тіпті сіз ол адамның сізбен ынтымақтасуға мүдделі емес екен деп ойлап қалуыңыз мүмкін. Бұл мүлдем олай емес. Сізге бірден тікелей жауап беруге дайын емес, сондықтан тамырыңызды басып отыр.

11. Өзіңіздің көзқарасыңыз бен бизнесіңізді өте белсенді, ашулы, қатты дауыспен қорғамаңыз. Ал егер қазақтар жағынан агрессия болса, ешбір жағдайда да оған тура солай жауап бермеңіз.

12. Жасы үлкен немесе мәртебесі үлкен адамға, оныкі дұрыс емес екенін айтпаңыз, әсіресе оның қоластында істейтін қызметкерлерінің көзінше. «Әрине ол солай ғой, бірақ біз айтып үлгермеген бір қызық нәрсе бар... Мүмкін сол сіздің көзқарасыңызға әсер етер», – деп өте сыпайы болу керек.

13. Қазақтарға, олар туралы басқалардың ойлары өте маңызды. Неғұрлым ауқатты және тәкаппар бизнесменмен әріптес болсаңыз, соғұрлым оған айналасындағы адамдардың ойы маңызды. Мысалы, кедей үйінен алып шыққан бір кесе қымыздан бизнесмен бас тартпайды – оны тәкаппарлығы үшін халық оны айыптауы мүмкін.

14. Іскер кездесуден кейін дұрыс қоштасу керек.  Бұл жерде бастысы – әңгімені қорытындылау, сұхбаттасыңызға қарым-қатынастарыңыз қалай дамиды, сол түсінікті болатын жағдай жасау.

Қазақтармен табысты бизнес жасау үшін қазақ тілін үйрену керек пе?

Әлбетте. Тура ағылшын, қытай, жапон және әзербайжан сияқты. Егер бизнес тығыз болуды көздесе, онда сізге аудармашы жалдау немесе тіл білетіндердің ішінен дос табуыңызға тура келеді. Бірақ еліміздің 65 % халқы қазақ тілде де, орыс тілде де сөйлейді.

Егер сіз күндердің бір күнінде дипломат болғыңыз келгенде, Қазақстан – өз отаныңыздың аэропортына келгенше, өзіңізді дипломат ретінде сезінетін, ең жақсы жер.

Іскерлік түскі астың қағидалары

Қазақтар өздерінің дәстүрлі шәй ішуімен әйгілі және қонаққа да жай шәй ішу үшін шақыра салады. Егер бизнес-әріптесіңіз сізді қонаққа шақырса – міндетті түрде келісіңіз!  Бұрында егер ауылдың маңынан өтіп бара жатып, қонаққа кірмесе, оны ұры деп санаған екен. Сол сияқты егер сіз кешкі асқа немесе қонаққа келмесеңіз, сізбен ешкім ынтымақтастыққа талпынбайды.

Іскерлік түскі асқа немесе кешкі асқа келісіп, қонақжайлылықтың келесі қағидаларын ұстануды ұмытпаңыз.

  1. Міндетті түрде, кішігірім болса да, сыйлықпен келіңіз. Тәтті кәмпиттер сыйлауға болады, бірақ ешқашан ішімдік алып келмеңіз.
  2. Егер сізбен өтетін түскі асқа (кешкі асқа) қарияны алып келсе – ол сізге үлкен құрмет көрсеткені.
  3. Сізге жартылай толы кесе беруі мүмкін. Кесені толтырып беру, қонақты сыйламау деген сөз, ал жартылай толтырып берсе, оны қайта-қайта толтырып тұруға болады. Егер шәй ішкіңіз келмесе, кесені төңкеріп қоясыз.
  4. Егер үстелге үлкен табақпен тағам алып келсе, өз жағыңыздан ғана жеу керек. Егер басқа адамның алдында тұрған тамақтан алсаңыз, біреудің бизнесінен де бір кесек жұлып алатыныңызды білдіреді.
  5. Үндемей, түнерген жүзіңізбен тамақ жеуге болмайды. Мұндай қылығыңызды сыйламағандық деп түсінеді, және сізден үнемі тамақ ұнады ма деп сұрай береді. Тамақ ұнамаған да ғана немесе шақырған адам ренжіткен де ғана адам түнеріп отырады.
  6. Табақта ештеңе қалдырмай жеп қоюдан аулақ болыңыз. Егер түгел жесеңіз, сізге тағыда әртүрлі тағамдар салып береді, ал табақта тамақ қалса – сіздің тоқ екеніңізді білдіреді.

        Егер сіз түскі асқа (кешкі асқа) бара алмасаңыз, оны мұқият дәлелдеуіңіз керек, әйтпесе, шақырған адам жақтырмады деп түсінуі мүмкін.

       Әдептіліктің негізгі дағдылары болмаса, адамның мәдениеті де болмайды. Сондықтан әдептілікті сақтау қабілеті маңызды болып саналады, ал оны кәдімгі жанды үздіксіз қарым-қатынаста игеру қажет.

Дереккөз: «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу» журналы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль