Бірлескен кәсіпорындардың құпия ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету туралы өзара келісімі

82
Жамболов Акан Амангельдыевич
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», преподаватель и переводчик казахского языка, г. Семей
Бірлескен кәсіпорынның тараптары құпия ақпарат пен материалдарды қорғауды қамтамасыз ету ниетімен, «үшінші» тұлғаларға құпия ақпаратты таратпау туралы өзара шарт (келісім) жасасу туралы шешім қабылдайды.

Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін әртүрлі саладағы бірлескен кәсіпорындардың қызметі туралы мазмұндары әртүрлі шарттардың арасында, осындай кәсіпорындар арасындағы, кодтары мен құпиялылық белгілері көрсетілген, «Құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы» келісімнің маңызы зор. Мақалада осындай келісімді жасау әдісі мен қағидаттары қарастырылады.

Құпия ақпаратты қорғау

Бірлескен кәсіпорынның тараптары құпия ақпарат пен материалдарды қорғауды қамтамасыз ету ниетімен, «үшінші» тұлғаларға құпия ақпаратты таратпау туралы өзара шарт (келісім) жасасу туралы шешім қабылдайды.

Тараптардың әрқайсысы өзінің құпия ақпаратына (нысанына, табиғаты мен беру әдісіне қарамастан, әзірленген немесе әзірлеу процесіндегі материалдар немесе құжаттар) құпиялылық дәрежесіне сәйкес, белгілі құпиялылық белгісі беріледі.

Бірлескен кәсіпорын – бұл, бірлескен капитал мен әртүрлі елдерден  бірлесіп енгізген шаруа қызметі субъектілерінің меншігіне, пайда мен тәуекелді бірлесіп бөлуіне және ортақ басқаруға негізделген кәсіпорын. Халықаралық экономикалық қарым-қатынастар саласында бірлескен кәсіпкерліктің нысаны болып табылады.

Құпиялылық белгісі - беру көзінің өзінде және (немесе) оған ілеспе құжаттамада көрсетілетін, беру көздерінде қамтылған мәліметтердің құпиялылық дәрежесін куәландыратын деректемелер

         Мұндай белгілі құпиялылық белгісі бар, ұлттық қауіпсіздік мүддесінде және тараптар мемлекеттерінің заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, кез келген бұзушылықтан, жойылудан, иемденуден, жария етуден, жоғалып кетуден, рұқсатсыз  қол жеткізуден немесе беделін түсірудің басқа да түрінен қорғауды талап етеді.

          Егер бірлескен кәсіпорындар (бұдан әрі – БК) әзірленуі мен орындалуы құпия ақпаратқа қолжетімділікті талап ететін қызметті жүзеге асырса, олар құпия жұмыстарды орындауға шарт (келісім) жасайды.

Құпия жұмыстарды орындауға арналған шарт – әзірленуі мен орындалуы құпия ақпаратқа қол жеткізуді немесе құпия ақпаратты пайдалану мен жасауды талап ететін шарт немесе қосалқы мердігер туралы шарт.

Осы шарт (келісім) БК тараптарының арасында құпия ақпаратты кез келген алмасуға қолдануға болатын немесе олардың осы ақпаратпен алмасуға уәкілеттік берілген әрі БК тараптарының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілері қолданылатын ұйымдары арасындағы жалпы тәртіпті белгілейді.

Мемлекеттік тіркеуді өткізу кезінде заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге бірыңғайланған сәйкестендірілген және басқа жүйелік-есептік кодтар беріледі, және олар туралы мәліметтер Мемлекеттік статистикалық тіркелімге енгізіліп, содан кейін салық төлеушінің мемлекеттік тіркеуден өтуін жүзеге асыру үшін салық органдарына хабарлама жіберілетіні жұртқа мәлім.

Құпиялылық белгісі

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы «Мемлекеттік құпиялар туралы» № 349-I заңының (2014.07.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (бұдан әрі – Заң) 18-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің құпиялылық дәрежесі аталған мәліметтерді тарату салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен мемлекеттің, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін залалдың ауырлық дәрежесіне сәйкес келуге тиіс.

Заңның 18-бабының 2-тармағына сәйкес, мәліметтердің құпиялылық үш дәрежесі белгіленеді және құпиялылық белгілері беріледі:

«аса маңызды»мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерге;

«өте құпия»мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерге;

«құпия»қызметтік құпия болып табылатын мәліметтерге.

Құпиялылық белгілерін мемлекеттік құпияға жатқызылмаған мәліметтерді құпияландыру үшін пайдалануға, сондай-ақ көрсетілген мәліметтерге өзге де шектеу белгілерін беруге жол берілмейді.

Шартты (келісімді) жасаудың әдістемесі мен қағидаттары

БК тараптары, өз мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес құзыретті органдарды белгілейді, ол туралы дипломатиялық арналар арқылы бірін-бірі хабардар етеді. Бұдан әрі төменде келтірілген талаптар енгізілетін, шарт (келісім) әзірленеді.

Құпия ақпаратын қорғау қағидаттары

  1. Бірлескен кәсіпорындардың тараптары өз мемлекеттерінің заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осы келісім шеңберінде берілген, алынған немесе бірлесіп жасалған құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету жөнінде тиісті шаралар қабылдайды және осы ақпаратқа арналған олардың жеке құпия ақпаратына қатысты қабылданатын шараларға сәйкес келетін қорғау шараларын белгілейді.
  2. Жөнелтуші тараптан құпия ақпаратты алған сәттен бастап бұл ақпаратқа алушы  тарап құпиялылық белгісін береді.

Жөнелтуші тарап – екінші арапқа құпия ақпарат беретін тарап, оның ішінде құпия ақпарат алмасуға уәкілеттік берілген, осы тарап мемлекетінің заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілері қолданылатын ұйым.

Алушы тарап – екінші тараптан құпия ақпарат алатын тарап, оның ішінде құпия ақпарат алмасуға уәкілеттік берілген, осы тарап мемлекетінің заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілері қолданылатын ұйым.

  1. Құпия ақпаратқа рұқсат тиісті құпиялылық дәрежесіндегі ақпаратқа рұқсаты бар БК құзыретті органдарына ғана, осы ақпаратқа рұқсаттың қажеттілігі негізінде беріледі.
  2. Алушы тарап оған берілген құпия ақпараттың құпиялылық белгісін төмендетуге, құпиясыздандыруға немесе құзыретті органның немесе жөнелтуші тараптың тиісті уәкілетті органдарының алдын ала жазбаша келісімінсіз, осы Келісімнің шеңберінде алынған және (немесе) бірлесіп жасаған құпия ақпаратты халықаралық ұйымға, үшінші тараптың заңды жеке тұлғасына беруге құқығы жоқ.
  3. Тараптар алынған немесе бірлесіп жасалған құпия ақпаратты қорғауға әсер ете алатын кез келген өзгеріс туралы бірін-бірі дереу хабардар етеді.
  4. Берілген құпия ақпарат беруге арналған мақсаттардан басқа, өзге де мақсаттарға пайдаланыла алмайды.
  5. Тараптар құпия ақпаратты қорғау жөніндегі қажетті талаптардың БК тараптарының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиісті ұйымдарда бақылау іс-шараларын жүзеге асыру жолымен орындалуын қамтамасыз етеді.
  6. Баламалы қорғау нормаларын қолдау мақсатында тараптардың бірінің сұрауы бойынша екінші тарап құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету үшін қолданылатын ұлттық заңдарға, өзге де нормативтік құқықтық актілер мен рәсімдерге қатысты қажетті мәліметтерді береді.
  7. БК тараптарының құзыретті органдары немесе уәкілетті органдары тараптардың өзара әрекеттесу барысында берілген немесе жасалған кез келген қосымша белгі, сондай-ақ тиісті қорғау шаралары туралы бірін-бірі хабардар етеді.

Рұқсат беру рәсімі

  1. Құпия ақпаратқа рұқсат беруді қамтамасыз ету үшін әрбір тарап өз мемлекетінің заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес құпия ақпаратқа қол жеткізу мақсатында өз кәсіпорындарының қызметкерлеріне тексеру рәсімін жүргізеді.
  2. Әрбір тарап өзара негізде екінші тарап кәсіпорынның қызметкерлерінің құпия ақпаратқа берілген рұқсатын мойындайды.
  3. Бірлескен кәсіпорындар тараптарының құзыретті органдары өз кәсіпорын қызметкерлерінің рұқсатына қатысты өзгерістер туралы, атап айтқанда, құпия ақпаратқа рұқсат қайтып алынған немесе оның деңгейі төмендетілген жағдайда бірін-бірі хабардар етеді.

Ақпаратты аудару, көбейту және жою

  1. Алушы тарап құжаттардың түпнұсқаларының құпиялылық белгісіне сәйкес олардың көбейтілген көшірмелеріне және аудармаларына құпиялылық белгісін қояды және осы көшірмелер мен аудармаларға түпнұсқаларындағы сияқты дәл сондай қорғауды қамтамасыз етеді.
  2. "SECRET DEFENSE/ӨТЕ ҚҰПИЯ/ СОВЕРШЕННО СЕКРЕТНО" құпиялылық белгісі бар ақпаратты аудару және көбейту тек жөнелтуші тарап мемлекетінің құзыретті органының немесе уәкілетті органдарының жазбаша келісімімен ғана жүзеге асырылады.
  3. Құпия ақпарат оны толық немесе ішінара қалпына келтіру мүмкіндігі болмайтындай етіліп жойылады немесе жөнелтуші тарапқа оның жазбаша сұрау салуы бойынша қайтарылады.

Тараптар арасында ақпарат беру

1. Құпия ақпарат тараптар арасында жөнелтуші тарап мемлекетінің заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес дипломатиялық арналар арқылы беріледі.

2. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары мен уәкілетті органдары құпия ақпаратты басқа жолмен беру туралы дипломатиялық арналар оларды беруге қабілетсіз болған немесе дипломатиялық арналар арқылы мұндай беру қиындық келтірген жағдайларда ғана уағдаласа алады.

3. Құпия ақпараттың үлкен көлемін беру тәсілін әрбір нақты жағдайда тараптардың құзыретті органдары айқындайды.

4. Құпия ақпаратты электрондық байланыс арналары арқылы беру бірлескен кәсіпорындар тараптарының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тек шифрленген түрде жүзеге асырылады. Мұндай беру үшін пайдаланылатын құралдар мен техника тараптардың құзыретті органдары арасындағы келісім бойынша айқындалады.

Құпия жұмыстарды орындауға арналған шарт

  1. Құпия ақпаратты контрагенттерге бергенге дейін алушы тарап мемлекетінің уәкілетті органдары контрагенттерде құпия ақпаратты тиісінше қорғауды қамтамасыз ету және объектілерде құпия ақпаратты қорғау жөніндегі талаптарды орындау үшін бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігінің бар екендігімен куәландырылады.
  2. Жөнелтуші тарап мемлекетінің уәкілетті органдары құпия ақпаратпен алмасу басталғанға дейін алушы тарап мемлекетінің тиісті уәкілетті органдарын құпия жұмыстарды орындауға арналған әрбір шартты жасасу туралы хабардар етеді.

          Осы хабарламада пайдаланылуы құпия жұмыстарды орындауға арналған тиісті    

          шартта көзделетін ақпараттың ең жоғары құпиялылық белгісі көрсетіледі.

  1. Тарап немесе екінші тарап мемлекетінің контрагентімен құпия жұмыстарды орындауға арналған шарт жасасу немесе өз мемлекетінің контрагенттерінің біріне жасасуға рұқсат беру ниеті бар оның мемлекетінің уәкілетті органдары екінші тарап мемлекетінің құзыретті органында немесе уәкілетті органында осы екінші тараптың контрагентінде құпия жұмыстарды жүргізуге арналған рұқсаттың, ал контрагенттің қызметкерлерінде құпия жұмыстарды орындауға арналған шартты іске асыру үшін қажетті тиісті құпиялылық дәрежесіне рұқсатының бар екендігі куәландырылады.

Тиісті рұқсат қағазы және рұқсаты болмаған жағдайда алушы тараптың құзыретті органы немесе уәкілетті органдары оларды алу рәсімін жүргізуді ұйымдастырады.

  1. Тарап немесе оның БК уәкілетті органдары басқа тараптың заңдық құзыретіндегі контрагентпен құпия жұмыстарды орындауға арналған шартты жасасу немесе өз кәсіпорынның контрагенттерінің біріне басқа тарап кәсіпорынның аумағында құпия жұмыстарды орындауға арналған шарт жасасуға рұқсат беру алдында басқа тараптың құзыретті органынан болжалды контрагенттің тиісті құпиялылық дәрежесіне рұқсатының бар екендігі және құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті барлық шараларды қабылдағаны туралы алдын ала жазбаша растауын алады.
  2. Құпия жұмыстарды орындауға арналған әрбір шартқа ақпаратты қорғау жөніндегі шараларды қамтитын қауіпсіздік жөніндегі ереже мен құпиялылық белгілерін беру тәртібі туралы ереже жасалады. Бұл ережеде жөнелтуші тарап мемлекетінің құзыретті органы немесе уәкілетті органдары алушы тараптың қорғауы тиіс мәліметтердің тізбесін белгілейді. Мұндай ережеде айқындалған ақпараттың құпиялылық белгісін өзгерту құқығы тек жөнелтуші тарапта ғана болады.
  3. Жөнелтуші тарап мемлекетінің құзыретті органы немесе уәкілетті органдары алдыңғы тармақта айтылған қауіпсіздік жөніндегі қосымшаның көшірмесін алушы тараптың құзыретті органына немесе уәкілетті органдарына береді.
  4. Кәсіпорынның аумағында құпия жұмыстарды орындауға арналған шарттарды іске асыру жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылатын тараптың уәкілетті органдары осы тарап өз кәсіпорнының контрагенттерімен жасасқан құпия жұмыстарды орындауға арналған тиісті шарттарға сәйкес келетін құпия ақпараттың қорғалу деңгейінің сақталуын қадағалауға міндетті.
  5. Әрбір контрагент қосалқы мердігермен құпия жұмыстарды орындауға арналған шартты жасасу алдында өз кәсіпорнының уәкілетті органдарының рұқсатын алуы тиіс. Қосалқы мердігерлер құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз етудің контрагент сақтаған талаптарын сақтауы тиіс.

                                                              Объектілерде болу

1. Құпия ақпаратқа рұқсаты бар басқа тарап өкілінің тараптардың бірінің объектілерінде болуы немесе құпия ақпаратқа тікелей қол жеткізу мүмкіндігі бар объектілерде болу тек қабылдаушы тараптың құзыретті органының немесе уәкілетті органдарының алдын ала жазбаша рұқсаты негізінде мүмкін болады.

2. Тараптар берген немесе жасаған құпия ақпаратқа қол жеткізуді ұйғарған бірлескен кәсіпорындар келісімінің бірлескен шартының құрамына кірмейтін  үшінші тарап азаматтарының бірінің объектілерінде болуы, сондай-ақ бұл азаматтардың осы ақпаратқа тікелей қол жеткізу мүмкіндігі бар объектілерде болуы тек тараптардың құзыретті органының жазбаша келісімімен ғана мүмкін болады.

3. Объектілерде болу үшін әрбір келушінің тиісті құпиялылық дәрежесіне рұқсаты болуы және ақпаратқа қол жеткізу қажеттілігін растауы қажет.

4. Болуға арналған өтінімді тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары уәкілетті органдармен бірлесіп тікелей қарайды. Өтінімдер болжалды болу күніне дейін үш аптадан кешіктірмей жіберіледі.

 5. Әрбір тарап объектіде болуға арналған рұқсатты 12 айдан аспайтын мерзімге сұрата алады. Егер болуды белгіленген мерзімде жүзеге асыра алмайтын жорамал бар болған жағдайда немесе рұқсаттың қолданылу мерзімін қажеттілігіне қарай ұзарту қажет болса, сұрау салушы тарап ағымдағы рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 3 аптадан кешіктірмей жаңа рұқсат алу туралы өтініммен жүгінуге құқылы.

 6. Бірлескен кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қабылдаушы тараптың заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ қабылдаушы тараптың құпия ақпаратты қорғау шараларына қатысты басқа да нұсқаулықтарын сақтауы тиіс.

Көп мәрте болу

      1. Тараптар екі  тараптың құзыретті органдары айқындаған жалпы талаптарға сәйкес нақты жобалар немесе шарттар шеңберінде көп мәрте болуға рұқсат берілетін тұлғалардың тізбесін жасай алады. Бастапқыда тізімдер 12 айға жасалады, бұл мерзім тараптар бірлескен кәсіпорындардың құзыретті органдарының келісімі бойынша бір немесе жалпы алғанда 12 айдан аспайтын бірнеше кезеңге ұзартылады.

      2. Тұлғалардың тізімдері қабылдаушы тараптың заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалады. Оларды қабылдаушы тарап бекіткеннен кейін әрбір келушінің жалпы талаптарын осы тізімге енгізілген тұлғалар келетін ұйымдардың тікелей өздері айқындай алады.

Құпия ақпаратты қорғауға қатысты заңдар мен өзге де

нормативтік құқықтық актілерді бұзу

      1. Тараптардың бірінің мемлекетінің осы келісімнің шеңберінде берілген құпия ақпаратты қорғауға қатысты заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілері болжалды бұзылған жағдайда, не осындай бұзушылық анықталған кезде, атап айтқанда, құпия ақпараттың жоғалғаны немесе беделін түсірудің кез келген басқа да түрі анықталған немесе болжанған жағдайда, осы тараптың құзыретті органы бұл туралы басқа тарап кәсіпорынның тиісті органдарын қысқа мерзімде жазбаша хабардар етеді.

      2. Бұзушылық туралы хабарлама жөнелтуші тарап бұзушылықтың салдарын жан-жақты бағалауға кірісе алатындай болуы үшін жеткілікті түрде егжей-тегжейлі болуы тиіс.

      3. Бұзушылықты тапқан немесе бұзушылықтың болуын болжаған тарап өз кәсіпорынның аумағында қолданылатын заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес тексеруге (қажет болған кезде басқа тараптың көмегімен) дереу кіріседі.

      Тексеруді жүргізуші Тарап тексерудің мән-жайлары, нәтижелері, бұзушылықты жою жөнінде қабылданған шаралар мен іс-қимылдар туралы қысқа мерзімде басқа Тарап мемлекетінің құзыретті органын хабардар етеді.

Бірлескен кәсіпорындар тараптарының шығыстар бабы

     Келісімнің қолданылуына байланысты тараптардың біреуінде шығыстар туындаған жағдайда мұндай шығыстарды сол тарап өз кәсіпорнының ішкі заңнамасында көзделген бюджет қаражаты шегінде дербес көтереді.

Бірлескен кәсіпорындар арасындағы дауларды реттеу

     1. Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты кез келген дау қандай да болмасын үшінші тарапқа немесе халықаралық сот органына өтініш жасамай-ақ, тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер жолымен ғана реттеледі.

     2. Кез келген дау реттелгенге дейін тараптар келісімнен туындайтын міндеттемелерді сақтауды жалғастырады.

Бірлескен кәсіпорындардың қызметі туралы қорытынды ережелер

      1. Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және оның күшіне енуі үшін қажетті рәсімдерді бірлескен кәсіпорындар тараптарының орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алғаннан кейінгі екінші айдың алғашқы күнінен бастап күшіне енеді.

      2. Келісімнің шеңберінде әрбір тарап өз кәсіпорнының құпия ақпаратты қорғауға ықпал ете алатын заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің барлық өзгерістері туралы басқа тарапты дереу хабардар етеді. Мұндай жағдайда тараптар келісімге тиісті өзгерістер енгізудің орындылығы туралы консультациялар жүргізеді. Айтылған консультациялар кезеңінде берілген құпия ақпаратты қорғау келісімнің ережелеріне сәйкес қамтамасыз етіледі.

      3. Келісімге тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.

      4. Келісім бір тарап екінші тараптың оның қолданылуын тоқтату ниеті туралы соңғысының жазбаша түрде хабарламасын алған күннен бастап алты ай өткенге дейін күшінде қалады. Осы келісімнің қолданылуын тоқтату тараптардың осы келісімнің шеңберінде берілген құпия ақпаратқа қатысты құқықтары мен міндеттемелерін тиісті құпиялылық белгісінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қозғамайды.

Құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы бірлескен кәсіпорындардың келісімдерін төменде көрсетілген келісімдердің негізінде әзірлеуге болады:

  • Қазақстан Республикасының Yкіметі, Ресей Федерациясының Yкіметі мен Украина Министрлер Кабинетi арасындағы "Ядролық отын өндiру жөніндегі бiрлескен украиндық-қазақстандық-ресейлiк кәсiпорны" жабық акционерлік қоғамының дамуына және оның қызметiне жәрдемдесу туралы келісім (Астана қ., 2003 ж. 13 мамыр);
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісім;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы келісім (Астана қ., 2009 жылғы 6 қазан) 


Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль