Әскери есеп: жұмыс беруші нені білуі керек?

72
Әскери есеп: жұмыс беруші нені білуі керек?

Қызметкерді әскери қызметке шақыру

Азаматтарды әскери қызметке шақыру – бұл, әскери міндеттілік негізінде Қарулы Күштерді жеке құраммен жасақтауға бағытталған мемлекеттік органдар жүргізетін iс-шаралар кешенi.

Әскери қызмет туралы заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес азаматтарды:

  • азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды;
  • запастағы офицерлердi әскери қызметке шақыруды;
  • әскери жиындарға шақыруды;
  • жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерге шақыруды қамтиды.

Әскери қызмет туралы заңның 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті әскери басқару органдарының әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген және Қарулы Күштерге әскерге шақыруға жататын Қазақстан Республикасының ер азаматтары – әскерге шақырылушылар болып табылады.

Ұйымдардың басшылары әскерге шақыру жасына дейінгілердің және әскерге шақырылушылардың әскери қызметке даярлықтан өту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті (Әскери қызмет туралы заңның 9-бабының 4-тармағына). Ұйымның қандай қызметкерлері әскери қызметке шақырылуы мүмкін, осыны анықтап алайық. Ұйымның барлық қызметкерлерін, Әскери қызмет туралы заңға сәйкес, төрт топқа бөлуге болады:

  • әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар;
  • әскери қызметке шақырылуға жатпайтын азаматтар;
  • әскери қызметке және әскери жиындарға шақырылудан босатылған азаматтар;
  • әскери қызметке шақырылудан босатылуға құқығы бар азаматтар.

Әскерге шақырылуға жататын азаматтар. Әскерге шақырылудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ 18 жастан жиырма 27 жасқа дейінгі азаматтар, Қарулы күштерді жеке құраммен жасақтауға қажетті сан бойынша, мерзімді әскери қызметке шақырылуға жатады.

Келесі санаттағы адамдар:

  • бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқандар;
  • әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдер;
  • әскери қызмет туралы заңға сәйкес, әскери міндеттерін орындаудан босатылғандар;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратындар (Әскери есепке алуды жүргізу қағидаларының 3-тармағының 3) тармақшасы);
  • соттылығы бар азаматтар бейбіт уақытта) әскери есепке алуға жатпайды (Әскери қызмет туралы заңның 36-бабының 6-тармағы.

Әскери қызметке шақырылудан босатылған азаматтар санатына:

  • денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған;
  • жиырма жеті жасқа толған, заңды негiздер бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақырылмаған;
  • туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-інілерi немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңiнде қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе бiрiншi немесе екінші топтағы мүгедек болып қалған;
  • басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткерген;
  • ғылыми дәрежесi бар азаматтар;
  • тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлері жатады (Әскери қызмет туралы заңның 36-бабы).

Әскери жиындарға шақырудан:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында қорғанысты, қауiпсiздiк пен құқықтық тәртiпті қамтамасыз етуге байланысты лауазымдарда жұмыс iстейтiн адамдар;
  • мемлекеттiк, азаматтық және эксперименттік авиацияның авиациялық персоналы;
  • ауыл шаруашылығында және ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу ұйымдарында жұмыс iстейтiн адамдар, егіс және егiн жинау жұмыстары кезеңiне;
  • күндiзгi нысанда оқытатын бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi, оқу жылы кезеңiне;
  • күндiзгi нысанда оқытатын бiлiм беру ұйымдарында оқитындар;
  • әскери мiндеттi әйелдер;
  • әскери мiндеттілер, запасқа шығарылғаннан кейiнгі екi жыл ішінде;
  • он сегiз жасқа дейiнгі үш және одан да көп баласы бар адамдар;
  • оларға қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргiзiлiп жатқан немесе сот қылмыстық iсін қарап жатқан адамдар;
  • Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе жергіліктi өкілді органдардың депутаттары болып сайланған әскери міндеттілер босатылады.

Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру құқығына Әскери қызмет туралы заңның 35-бабында аталған әртүрлі санаттағы азаматтар ие болады.

 Әскери жиындарға шақыру кейінге қалдырылмайды (Заңның 35-бабының 7-тармағы).

Азамат облыстың (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жергiлiктi әскери басқару органы (бұдан әрі – ЖӘБО) бастығының оны әскери қызметке шақыру туралы бұйрығы шыққан сәттен бастап әскери қызметке шақырылды деп есептеледi (Әскери қызмет туралы заңның 27-бабының 6-тармағы).

Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар, ЖӘБО органының шақыру қағазы бойынша шақыру комиссиясына келуге міндетті. Азаматтарға шақыру қағазын ЖӘБО  лауазымды тұлғалары немесе жұмыс (оқу) орны бойынша ұйым басшысы қол қойғызып табыс етеді.

Қызметкерді әскери қызметке шақыру кезіндегі жұмыс берушінің міндеттері

Ұйымның мекенжайына жіберілген әскерге шақыру қағазын алған кезде, әскери-есепке алу жұмыстарына жауапты қызметкер:

  • бұл туралы шақыру қағазы бағышталған қызметкерге хабарлауға,
  • шақыру қағазын алғандығы туралы қызметкерден қолхат алуға міндетті.

Бұл жағдайда, әскери есепке алу жұмыстарына жауапты қызметкердің шақыру қағазы тапсырылатын қызметкерден қолхат алуы маңызды сәт болып табылады. Бұл қолхат, шақыру қағазын қызметкерге тапсыру фактісіне дәлел болады, ал қызметкер шақыру комиссиясына бармаған жағдайда ұйым кінәлі болмайды.

ВАЖНО Ұйымдардың басшылары әскерге шақырылуға жататын азаматтарды iссапарлардан шақыртып алуға, оларды хабардар етуді және азаматтарды, олар әскери қызметке шақырылған кезде медициналық куәландырудан өткізу үшін әскерге шақыру пунктіне уақтылы келуiн ұйымдастыруға міндетті (Әскери қызмет туралы заңның 27-бабының 4-тармағы).

Осы кезеңде қызметкердің жұмыста болмауы жұмыс уақытын есепке алу табелінде белгіленеді. Жұмыс уақытын есепке алу табелін толтыру үшін бір ізге салынған әріптік немесе сандық кодтар жоқ. Тиісінше, әр ұйым осы кодтарды ұйымның ішкі құжаттарымен әзірлеп, белгілейді.

Қызметкер қайтып оралған соң шақыру қағазын табыс етеді, онда шақыру комиссиясының мөрі, осы ұйымда қызметкердің болу күні мен уақыты көрсетіле отырып, қойылуға тиіс.

(Әскери есепке алуды жүргізу қағидаларының 15-тармағына сәйкес, мыналар аудандық ЖӘБО (қалалық) белгілеген мерзімде азаматтардың әскерге шақыру учаскелеріне келмеуінің дәлелді себептері болып танылады:

  • еңбекке қабілеттілігін жоғалтуға байланысты ауру (жарақат);
  • жақын туысының қайтыс болуы немесе ауыр науқастануы;
  • азаматты өзі келу мүмкіндігінен айырған табиғи сипаттағы кедергілер немесе басқа да жағдайлар.

Келмеу себептері тиісті құжаттармен расталуға тиіс.

Келмей қалудың дәлелді себептерінің жан-жақты тізімі заңнамада берілген, олардың арасында еңбек міндеттерін орындау жоқ. Осылайша, ұйым шақыру қағазын алған қызметкерді жұмыстан босатуға міндетті.

Сондай-ақ, ұйымға қойылатын осы талап ҚР ЕК 149-бабында да бекітілген. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қызметкерлер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға тартылған уақытта оларды жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, еңбек міндеттерін орындаудан босатады. Әскери қызмет – бұл, мемлекеттік қызметтің ерекше түрі, сондықтан ұйым қызметкер өзінің міндеттерін орындау кезеңінде оны жұмыстан босатады.

Қызметкерлерге мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындағаны үшін аталған міндеттерді орындайтын жері бойынша, бірақ негізгі жұмыс орнындағы орташа жалақысынан төмен емес жалақы төленеді (ҚР ЕК 149-бабының 2-тармағы).

Қызметкерді жұмысқа қабылдау кезіндегі әскери есепке алу

1-қадам Егер жұмысқа қабылданатын қызметкер әскери қызметті немесе  әскерге шақыруға жататын болса, онда Әскери есепке алуды жүргізу қағидаларына 14 қосымшаға сәйкес, жеке карточкасында (Т-2 нысан) ІІ Әскери есепке алу туралы мәліметтер бөлімін толтыру қажет.

2-қадам Әскери есепке алынуға жататын қызметкердің жұмысқа қабылдау туралы мәліметтерін ресімдеу қажет.

Әскери есепке алу жұмыстарын жүргізуге жауапты тұлғалар ай сайын 25-күні ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-ға Әскери есепке алуды жүргізу қағидаларына 34-қосымшаға сәйкес жұмысқа (оқуға) қабылданған немесе жұмыстан босатылған (білім беру ұйымынан шығарған) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы мәліметтерді береді. Қызметкердің тұрғылықты орны немесе келген орны бойынша ЖӘБО-ға жіберілген мұндай мәліметтерде, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, жұмысқа (оқуға) қабылданған (жұмыстан босатылған, шығарылған) күні және лауазымы, бұйрықтың №, шығарылған күні, сондай-ақ ұйымның толық атауы, оның мекенжайы және әскери есепке алу бөлімшесінің (әскери есепке алуға жауапты қызметкердің) телефондарының нөмірі  болады.

 3-қадам Әскери есепке алынуға жататын қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы ресімделген мәліметтерге ұйымның басшысы және әскери-есептік жұмысқа жауапты адам қол қояды.

 4-қадам Әскери есепке алынуға жататын қызметкердің жұмысқа қабылдау туралы мәліметтері Шығыс құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі.

5-қадам Әскери есепке алынуға жататын қызметкердің жұмысқа қабылдау туралы ресімделген мәліметтерін ауданның (облыстық мағынасы бар қаланың) ЖӘБО-ға пошта (факс, e-mail) арқылы жіберу қажет.

Қызметкерді жұмыстан босату кезіндегі әскери есепке алу

      1-қадам Әскери есепке алынуға жататын қызметкердің жұмыстан босату туралы мәліметтерді Әскери есепке алуды жүргізу қағидаларына 34 қосымшаға сәйкес ресімдеу қажет.  

2-қадам  Әскери есепке алынуға жататын қызметкердің жұмыстан босату туралы ресімделген мәліметтерге ұйымның басшысы және әскери-есептік жұмысқа жауапты адам қол қояды.

3-қадам  Әскери есепке алынуға жататын қызметкердің жұмыстан босату туралы мәліметтер Шығыс құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі.

4-қадам Әскери есепке алынуға жататын қызметкердің жұмыстан босату туралы мәліметтер ауданның (облыстық мағынасы бар қаланың) ЖӘБО-ға  пошта (факс, e-mail) арқылы жіберіледі.



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль