Жазатайым оқиғаларды міндетті сақтандыру: ЕАЭО келешегі

89
Жазатайым оқиғаларды міндетті сақтандыру: ЕАЭО келешегі
Маканова Асель Куандыковна
Автор журнала «Охрана труда. Казахстан», и. о. председателя правления АО «Компания по страхованию жизни «Государственная аннуитетная компания»
Қазақстанда әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесі істейді. Зардап шеккен адамның жоғалған табысын ұзақ мерзiмдi өтеумен қамтамасыз етуге не мүмкіндік береді.

Мәскеуде болып өткен, Еуразиялық экономикалық комиссияның қолдау көрсетуімен Ресей Федерациясы әлеуметтік сақтандыру Қоры ұйымдастырған «Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріндегі әлеуметтік сақтандыру. Практика, проблемалары, перспективалары» атты Халықаралық  конференцияның шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдеріндегі әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қызмет ету мәселелері қозғалды. Мемлекеттік органдар, әлеуметтік қорлар, сақтандыру компанияларының, коммерциялық емес және халықаралық  ұйымдардың, ЕАЭО бизнес-қауымдастықтарының өкілдері Одақ мемлекеттеріндегі әлеуметтік сақтандыру қорларының құқықтық мәртебесіне салыстырмалы талдау жүргізу, сондай-ақ заманауи экономикалық жағдайларда қорлар бюджеттерін қалыптастыруды талқылау мүмкіндігін алды.

Әлеуметтік сақтандыру

Әлеуметтік сақтандыру тақырыбы әрқашанда дүние жүзінің қандай жерінде, экономика немесе сала секторында іске асырылуына қарамастан, өте өзекті болды. Өйткені азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесі – кез келген мемлекеттің ең басымдыққа ие және маңызды элементі.

ЕАЭО-қа қатысушы елдер үшін әлеуметтік қорғау жүйесінің КСРО кезінің өзінде қалыптасқан ортақ тамырлары бар, сондықтан бұл елдерде экономикалық және әлеуметтік өмір шындықтарынан туындаған ұқсас проблемалар орын алған.

Әлеуметтік қорғау жүйелері дамуының ағымдағы кезеңі үшін:

  • жер-жерде міндетті әлеуметтік сақтандыру институттарының таралуы;
  • жұмыс істейтін халықты кең қамту;
  • сақтандырылған азаматтарға ақшалай және ақшалай емес (медициналық және оңалтушылық көмек) нысандарда саналуан кепілдіктер ұсыну тән.

Бүгінгі күні өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру  – әлеуметтік қамсыздандырудың Халықаралық қауымдастығына (бұдан әрі – ӘҚХҚ) мүше көптеген елдердегі әлеуметтік сақтандыру түрлерінің ең дәстүрлі және неғұрлым кең таралғандарының бірі.  

Бұған дүние жүзінің көпшілік елдеріндегі өндірістің материалдық саласында өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіптік аурулардың жоғары деңгейі, олардың ауыр салдарлары, сондай-ақ өндірісте зардап шеккен жұмыскерлерді, олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау қажеттігі жағдай жасайды.

Жұмыскерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды ұйымдастырудың әртүрлі теориялық және практикалық нұсқалары болуы мүмкін.

Мемлекет әлеуметтік сақтандыру жүйесінің орнықтылығына кепіл ретінде

Мемлекеттің әлеуметтік модельдерін бір-бірінен ерекшелендіретін мәнді факторлар:

  • халық табыстарының қолданылатын институттарының құрылымы мен үйлесімі;
  • халықты міндетті сақтандыру жүйелерімен қамту шеңбері, зейнетақылар мен жәрдемақылардың жалақы мөлшерлеріне байланыстылық деңгейі;
  • ресурстарды сақтандырылған азаматтар мен зейнетақылар мен жәрдемақылар алушылардың арасында қайта бөлісу дәрежесі болып табылады.

Мәлім болғандай, Қазақстан дүние жүзіндегі аса ірі мұнай өндіруші мемлекеттердің қатарына жатады – оның жер қойнауынан Менделеев кестесінің 99 элементі анықталған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы дүние жүзінде түсті металдар, уран, хром кендерін және т.б. барлау мен өндіру бойынша бірінші орынды иеленеді. Осылайша, мұнай-газ және тау-кен-металлургия салалары, сондай-ақ атомдық және химиялық өнеркәсіп – бұл индустрияның неғұрлым серпінді дамушы секторлары және ел экономикасының аса маңызды құрамдастары.

Қазіргі сәтте Қазақстан Республикасында өндірістің зиянды және (немесе) қауіпті жағдайларымен 300 мыңнан астам жұмыскер қамтылған. Кәсіпорындарда жыл сайын өндірістегі  1 700-ден аса жазатайым оқиға тіркеледі, олардың 300-ге жуығы  – өліммен аяқталады. Бұл цифрлар елде өндірістік жарақаттанушылықтың жоғары көрсеткіштерінің бұрынғыша сақталып отырғандығын дәлелдейді. Бұған қоса, қазақстандық медиктер жыл сайын кәсіптік аурулардың 500-ге жуық оқиғаларын айқындайды, бұл ретте олардың 80 %-дан астамы  – өнеркәсіптік кәсіпорындарда айқындалады.

Көбінде мемлекет бұл қатерлерді дербес бағындыруға  шамасы келмейді, өйткені олар объективті әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен алдын ала анықталады, кәсіпорындағы өндірістік процеспен тығыз байланысты және іс жүзінде жекелеген адамның ерігіне байланысты болмайды. Алайда жұмыскерлер өндірісте ұшырайтын тәуекелдердің салдарлары қоғамның әлеуметтік тұрақтылығына әсер етеді, сондықтан мемлекет өзіне олардың басталуы үшін жауапкершіліктің белгілі бір үлесін қабылдайды және әлеуметтік қорғау жүйесін жасайды. Осыған байланысты 2001 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы халқын әлеуметтік қорғау Тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) [1] мақұлдады, ол ел халқын әлеуметтік қорғау жүйесін реформалаудың негізгі аспектілерін, оның ішінде кәсіптік тәуекелдерден әлеуметтік сақтандыру жүйесін ұйымдастыруды  белгіледі.

Бүгінгі күні Қазақстанда әлеуметтік қорғаудың үшдеңгейлі жүйесі қолданылады.

Жұмыскерлерді міндетті сақтандыру тетігі жазатайым оқиға жағдайында олардың мыналарды алатындығын ұйғарады:

  •  республикалық бюджеттен мемлекеттік базалық жәрдемақыны;
  • әлеуметтік сақтандырудың Мемлекеттік қорынан әлеуметтік төлемдерді;
  • сақтандыру компанияларынан төлемдерді.

Мұндай тәсіл зардап шеккен жұмыскерді немесе оның асыруындағы адамдарды жоғалтылған жалақыны өтеу бойынша ұзақ мерзімдік төлемдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жұмыскерлерді сақтандыру компаниялары арқылы әлеуметтік қорғау жүйесін іске асыру

       Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде  2005 жылы Қазақстан Республикасының  «Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы » Заңы [2] әзірленді, ол жұмыскерді әлеуметтік қорғаудың үшінші деңгейі деп аталатын деңгейін қамтамасыз етуді көздеді.

         Өткен 11 жыл ішінде міндетті сақтандыру туралы Заң бірнеше рет өзгерістерге ұшыратылды, олар тетікті іс жүзінде іске асыру барысында туындаған проблемалармен байланысты болды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда сақтандырудың шет елдердің тәжірибесін ғана емес, сондай-ақ біздің қоғамда болып өткен әлеуметтік және экономикалық өзгерістердің ерекшеліктерін де есепке алған бірегей жүйесі құрылды. Бұл саладағы құқықтық қатынастардың негізгі субъектілерінің қызметін регламенттейтін заңнамалық база әзірленді.

Міндетті сақтандырудың мақсаты  сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы өмірі мен денсаулығына залал келтірілген жұмыскерлердің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Міндетті сақтандырудың негізгі қағидаттары:

•   жұмыскерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты бойынша тараптардың өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету;

•   жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігін арттыруға экономикалық мүдделілігі болып табылады.

Міндетті сақтандыру туралы Заңға сәйкес әрбір жұмыс беруші меншік нысанына және ұжымның санына қарамастан, өз жұмыскерлерін өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті. Бұл жерде бұған мемлекеттік мекемелер ғана қосылмайтын болып табылады.

Жұмыс берушілердің міндетті сақтандыру шартын жасаудан жалтаруы әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

    Жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру сақтандырушы мен сақтанушының арасында жасалған шарттың негізінде жүзеге асырылады.  

Қазақстан Республикасының «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан  міндетті сақтандыру туралы» Заңының (бұдан әрі – міндетті сақтандыру туралы Заң) [3] 17-бабында көрсетілгендей, жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы сақтандыру сомасына көбейтілген сақтандыру тарифінің негізінде  тараптардың келісімімен айқындалады.

Сақтандыру сомасы  барлық қызметкерлер еңбекақысының жылдық қорынан кем болмауға тиіс, бұл ретте еңбекке ақы төлеудің жылдық қорын белгілеу кезінде ай сайынғы  шектеулі табыс қабылданады (міндетті сақтандыру туралы Заңның 16-бабы).

Егер сақтандыру шарты қолданылатын кезеңде жұмыскер жазатайым оқиғаға (өндірістік жарақаттану, кәсіптік ауру, өлім себепті) душар болса, сақтандыру компаниясы зардап шеккен қызметкерлер немесе олардың пайда алушылары пайдасына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Сақтандыру ұйымдары төлемдердің үш түрін жүзеге асырады:

  1. денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығындарды өтеу (бұл шығындарды растайтын құжаттардың негізінде);
  2. жоғалтылған жалақыны өтеу бөлігіндегі мерзімдік төлемдер;
  3. ол қайтыс болған жағдайда зардап шеккен жұмыскерді жерлеуге кететін шығындар.

Жұмыскер қайтыс болған жағдайда сақтандыру төлемі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, залалдың орны толтырылуға құқылы тұлғалардың пайдасына аннуитеттік төлемдер түрінде жүзеге асырылады.

Оған кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі 5-тен 29 %-ға дейінгі қосқанда, белгіленуіне байланысты жұмыскердің жалақыдан (табыстан) айырылуына байланысты келтірілген залалды өтеуді жұмыс беруші жүзеге асырады.

Кәсіптік аурулардың бастапқы белгілері бар тұлғаларға төлемдерді өздігінен жүзеге асыру еңбек жағдайларын жақсарту, жарақаттанушылық пен кәсіптік ауруға шалдығушылықтың өсуін төмендету мақсатында жүйелі профилактикалық іс-шаралар жүргізу үшін экономикалық стимул қызметін атқаруы тиіс.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша, 2015 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстанда міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 21,5 млрд теңгеден (63 млн-дай АҚШ доллары), аннуитетті сақтандыру шарттары бойынша – 6,6 млрд теңгеден (20 млн долларов США) асты. Нарық сыйымдылығы жыл сайын  орташа 14 %-ға өседі.

 2015 жылдың қорытындылары бойынша міндетті сақтандыру туралы Заңды іске асыру шеңберіндегі сақтандыру төлемдерінің көлемі 19 млрд-тан астам теңгені, немесе  57 млн АҚШ долларын құрады.

Жұмыскерлерді сақтандыру жүйесін іске асырудың проблемалары мен тәуекелдері

Жеткілікті тәжірибе мен мемлекеттік реттеуге қарамастан, қазіргі уақытта жүйеде сақтандырудың бұл түрін, сақтандыру жүйесінің қаржылық орнықтылығын және жұмыскерлерге жүзеге асырылатын төлемдердің барабарлығын  іске асыру үшін тәуекелдер туындататын бірқатар проблемалар бар. Олардың ішіндегі неғұрлым мәнділері мыналар болып табылады:

  1. міндетті сақтандырумен толықтай қамтымау. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша, жыл сайын жұмыс берушілердің тек 61 %-ы ғана өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарын жасайды. Себептері:
  2. республикада кәсіпорындардың сақтандырылуы нысанына мониторинг жасау жүйесі жоқ;
  3. міндетті сақтандыру шартын жасаудан жалтарғаны үшін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне тиісінше 400-ден 800 мың теңгеге дейінгі мөлшерде айыппұл салынады. Бұл сома кейде жұмыскерді міндетті сақтандыру шарты бойынша төлеуге жататын сақтандыру сыйлықақы мөлшерінен аз болып шығады;
  4. жұмыс берушілердің өздері өз жұмыскерлерін сақтандырушылық қорғауға деген немқұрайды көзқарастан мүмкін болатын барлық тәуекелдерді ұғынбайды;
    1. сақтандыру компанияларының қызметін реттеудің жетілдірілмеген жүйесі:
  5. қолданыстағы заңнама сақтандыру шарттарын баға демпингіне жол берумен жасауға мүмкіндік береді;
  6. сақтандырушылар клиенттер үшін күресте тәуекелдерді барабар бағалауға мән бермейді;
    1. алмастыру коэффициентін белгілеуде айқын саясаттың жоқтығы:
  7. жалпы және кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу бір мезгілде басталған жұмыскер үш көзден әлеуметтік қолдау алады, алмастыру коэффициенті еңбек қабілеттілігінен айырылуды алған жылға, өтілге, табысқа және т.б. байланысты қатты ерекшеленеді, бұл өз кезегінде бірдей жыныс-жастық топтар тұлғалары үшін әлеуметтік теңсіздікке әкеледі;

4)  оның толыққанды тіршілік қарекетін жалғастыруы және еңбек қызметіне қайтып оралуы үшін зардап шеккен жұмыскерге қатысты қалпына келтіру іс-шаралары мен оңалтуды жүзеге асыруға кешенді тәсілдің жоқтығы.

Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын (резиденттер емес) жұмыскерлер мен жұмыс берушілерге қатысты сақтандыру мен төлемдерді жүзеге асырумен байланысты проблемаларды да бөліп көрсеткіміз келеді.

Мысалы, зардап шеккен жұмыскер (аннуитент) шетелге тұрақты тұру үшін кеткен кезде көбінде оның тұратын орнын анықтау, өлі-тірі екендігі фактісін анықтау бойынша проблемалар туындайды. Бұл сақтандыру компаниясында қарыздардың қалыптасуына, сондай-ақ міндетті сақтандыру шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындамау фактілерінің анықталуына әкеп соғады.

Шетелдік компаниялардың филиалдары немесе өкілдіктері зардап шеккен жұмыскерлерге қатысты өз міндеттемелерін орындамастан, біздің ел аумағындағы өз қызметін тоқтатқан жағдайда, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру рәсімін ұйымдастыруда қиындықтар пайда болады. Бұл республика азаматтарының құқықтарына қысым жасауға әкеп соғады және тұтастай алғанда сақтандыру жүйесінің беделіне нұсқан келтіреді.

ЕАЭО елдеріндегі міндетті сақтандыру жүйесін күшейту тәсілдері

Қазақстан Республикасында жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесінің орнықтылығын күшейту мақсатында мыналар мақсатқа лайық болмақ:

  1. Мемлекеттік органдар тарапынан міндетті сақтандыру шарттарының бар екендігі нысанына мониторингтің айқын жүйесін енгізу.
  2. Міндетті сақтандыру шартын жасаудан жалтаратын тұлғалар үшін әкімшілік жауапкершілік көлемін арттыру.
  3. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкершілік деңгейін көтеру.
  4. ЕАЭО-қа қатысушы мемлекеттердің әлеуметтік қорғау жүйесі шеңберіндегі ынтымақтастығы мен өзара көмегі, ол сақтандыру төлемдерін ұйымдастыру, резидент емес-жұмыс берушілер мен сақтандырушылар арасындағы өзара қатынастарды реттеу  бойынша проблемаларды шешуге, сондай-ақ қатысушы мемлекеттер арасында тәжірибені өнімді алмастыруға септігін тигізетін болады.

ЕАЭО елдеріндегі сақтандыру жүйелері туралы айта отырып, Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясында өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардан зардап шеккендерді қорғаудың ұқсас жүйелері бар екендігін атап өткен жөн. Зардап шеккендерді қамтамасыз етудің қазақстандық жүйесінде өзіндік ерекшеліктер бар. Зардап шеккендерді қамтамасыз етудің қазақстандық жүйесінің артықшылықтарына сақтандырушылар арасындағы бәсекелестік күрестің нәтижесінде туындайтын қызмет көрсетудің жоғары сапасын жатқызуға болады: бұл әңгіме төлем алушылар саны көп кәсіпорындар туралы болған кезде, ерекше өзекті болады. Әлсіз жағы жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жоғары деңгейі бар компаниялар үшін сақтандырудың жоғары құны болып табылады. Сақтандырудың бүкіл жүйесі үшін ортақ «себеттің» жоқтығы кезінде бұл кәсіпорындар іс жүзінде залалдың орнын толтыру шығындарын өзі төлеуге мәжбүр болады, бұл түпкі қорытындыда кәсіпорындар профилактикалық іс-шаралар мен еңбекті қорғауға қаржы үнемдеуге әрекеттенетін жағдаяқа әкеледі.

Тағы да бір кемшілік ақшалардың жүйеден шығып кетуі болып табылады: сақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейін сақтандыру сыйлықақысы сақтандыру компаниясының кірісіне жазылады және акционерге дивидендтер түрінде төленетін болса, мысалы,  Беларусь пен Ресейде сақтандыру жарналары  бір  ғана сақтандырушының иелігінде қалады.

ЕАЭО-та жүйелерді үйлестіруді қорғаудың ортақ проблемалық мәселелеріне мыналарды жатқызуға болады:

•   экономикалық қызметке байланған тәуекелдерді бағалаудан қол үзудің қажеттігі.  Жарақаттанушылық пен зиянды өндірістік факторлардың жай-күйіне назар аудару мақсатқа лайық болған болар еді. Іс-тәжірибеде компаниялар бір мезгілде қызметтің мүлдем әртүрлі түрлерімен айналысуы мүмкін, бұл көбінде сақтандыру құнын қате бағалауға әкеледі;

•   жұмыскерлерді оңалту мен қалпына келтірушілік іс-шараларды жүзеге асырудың, сондай-ақ оларды еңбек қызметіне қайтарудың кешенді тәсілдерінің жоқтығы;

•   қалған көздерден төленетін төлемдерді есепке алумен, өтелетін табыс мөлшерін белгілеу үшін айқын бағдардың жоқтығы. Қазақстанда бірнеше жыл бұрын алмастыру коэффициенті (атап айтқанда, өндірісте зардап шекккен, кәсіптік аурулары бар тұлғалар үшін) туралы мәселе айтарлықтай өткір тұрды, оның деңгейі айырылған жалақының  100‒130 %-ына дейін жетуі мүмкін еді, бұл кәсіптік ауруларды айқындау қарқынын туындатты.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің жанынан міндетті сақтандырудың проблемалық мәселелерін зерделеу бойынша ведомствоаралық жұмысшы топ құрылды, оның міндетіне жұмыскерлердің, жұмыс берушілер мен сақтандыру нарығы мүдделерінің теңгерімін есепке алумен, әлеуметтік сақтандыру жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі ұсыныстар әзірлеу кіреді.

______________________

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы  «Қазақстан Республикасы халқын әлеуметтік қорғау Тұжырымдамасын мақұлдау туралы» № 886 қаулысы
  2. Қазақстан Республикасы  Премьер-министрінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі  «Қазақстан Республикасының «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына келтірген залалы үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 80-п Өкімі
  3.  Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы  «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан  міндетті сақтандыру туралы» № 30-III (24.11.2015 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) http://eru-otruda.mcfr.kz



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль