Шетелдіктерді жұмыспен қамту: бұзушылықтар үшін айыппұлдар

92
Шетелдіктерді жұмыспен қамту: бұзушылықтар үшін айыппұлдар
Шетелдік мамандарды жұмысқа қабылдау кезінде қандай негізгі заңнаманың бұзушылықтары болады, оларды болдырмауға бола ма

Жарылыс-өрт қауіпті объектілерде қолданылатын тыныс алу мүшелерін жеке қорғау құралдары (бұдан әрі – ТМЖҚҚ) жұмыс істеу қағидаты бойынша екі топқа бөлінеді: сүзгілік: өнеркәсіптік сүзгілік газтұтқы немесе эвакуациялық сүзгі, тұмылдырық; оқшаулаушы: ПШ-1 құбыршекті газтұтқысы, «Airgo», «Омега» ауа-тыныс алу аппараты, сығылған ауа берудің құбыршекті жүйесі (бұдан әрі – САҚЖ).

Қорғаныстың сүзгілік құралдары

Шетелдіктерді жұмыспен қамту: бұзушылықтар үшін айыппұлдарӨнеркәсіптік сүзгілік газтұтқы және эвакуациялық сүзгі тыныс алу және көру мүшелерін органикалық заттар (ацетон, бензол, спирттер, эфирлер, көмірсутек булары, метанолдың) буларының, шаң, түтін, тұманның зиянды әсер етуінен қорғаудың жеке құралдары болып табылады.

Сүзгілік газтұтқыны немесе эвакуациялық сүзгіні қолдану ауадағы бос оттектің көлемдік үлесі 20 %-дан кем болмаған және бу және газ тәріздес зиянды қоспалардың қосынды көлемдік үлесі 0,5 %-дан көп болмаған кезде мүмкін болады.

Сүзгілік газтұтқыларды ауада (сыйымдылықтарда, цистерналарда, құдықтар мен осыған ұқсас үлгідегі басқа да оқшауланған үй-жайларда) бос оттектің мүмкін болатын жетіспеушілігі (20 %-дан аз) жағдайларында қолдануға тыйым салынады.

Жұмыс аймағы ауасының құрамында шекті жол берілетін мөлшердегі төменгі температурада қайнайтын, нашар сорылатын органикалық заттар (метан, бутан, пропан, этилен, ацетилен, метанол және т.б.) бар болған кезде қорғаныстың сүзгілік құралдарын қолданады, жоғарыда көрсетілген булар мен газдардың мөлшері артқан кезде тыныс алу мүшелерін қорғаудың оқшаулаушы құралдарын пайдаланады.

Өнеркәсіптік сүзгілік газтұтқыны тыныс алу мүшелерін шығу тегі белгісіз газдар мен булардан қорғау үшін қолдану ұсынылмайды.

Эвакуациялық сүзгі (MSR-1, MSR-2, МSA ) көмірсутектік газдардан, метил-трет-бутилдік эфир буларынан, метанолдан қорғайды. Сүзгі белдікке бекітуге арналған тоқылған бауы бар, тасымалдауға арналған берік қорапшаға салынған. Эвакуациялық сүзгі жылдам ашылады, санаулы секундтар ішінде киіледі,жартылай бетперде мен оңай реттелетін белдікше мінсіз қымталғандықты қамтамасыз етеді. Дем шығару клапанының есебінен тыныс алуға аз қарсылық көрсетілуімен жоғары жайлылық қамтамасыз етіледі. Сүзгінің артықшылықтары: мөлшерінің шағындығы, қарапайым және жылдам киілуі, дем шығару клапаны, тамаша сүзгілік жұмысы, алмастырылатын сүзгілер, белдікте алып жүру мүмкіндігі. Жартылай бетперделер құрылымдық жағынан бетперденің бетке қандай да бір жайсыздық туындатпастан, орнықты жатуын қамтамасыз ететіндей етіп орындалған. Дем шығару кезінде күш жұмсауды азайту үшін арнаулы дем шығару клапаны қарастырылған. Сүзгілік жүйе жеңіл пластикалық контейнерге орналастырылған және салмағы бар-жоғы 300 граммды құрайды.

Ыс газына қарсы және оттектің жетіспеушілігінен қорғау қамтамасыз етілмейді. MSR сүзгілік өзін-өзі құтқарушылары оттек бермейді.

MSR  сүзгілік өзін-өзі құтқарушылар тек біржолғы қолдануға ғана арналған. Қауіпті аймақтан шығу кезінде байсалдылықты сақтап, үрейленуге берілмеу керек. Өзін-өзі құтқарушылардың тыныс алуға қарсылығының салдарынан тыныс алуда қиындықтар туындауы мүмкін, – әсіресе жаттықпаған тұлғаларда.

MSR сүзгілік өзін-өзі құтқарушылар тек қана қауіпті аймақтан эвакуациялау үшін тағайындалған. Өзін-өзі құтқарушыларды таңдау мен қолдануды пайдаланушы жүргізеді.

MSR сүзгілік өзін-өзі құтқарушылардың қолданылу уақыты – 15 минут.

MSR сүзгілік өзін-өзі құтқарушылардың түр өзгерістері

  • MSR-1 – органикалық газдар мен қайнау температурасы 65 °С-тан жоғары булардан, бейорганикалық, қышқылдық және сілтілік газдар мен булардан қорғайды;
  • MSR-2 – органикалық газдар мен қайнау температурасы 65 °С-тан жоғары булардан, бейорганикалық, қышқылдық және сілтілік газдар мен булардан, сондай-ақ зиянды аэрозольдерден қорғайды.

 Тұмылдырық тыныс алу мүшелерін шаң, түтін, тұман түріндегі зиянды аэрозольдердің әсер етуінен қорғау үшін ұсынылады, бұған қоса, тұмылдырықты жоғары және төмен температуралар, жоғары ылғалдылық жағдайларында пайдаланады. Тұмылдырықтарды тыныс алу мүшелерін уыттылығы жоғары заттардан (тотияйынды, фосфорлы сутек пен басқалар), сондай-ақ бу, газ түрінде ағзаға тері арқылы өтіп кетуге қабілетті заттардан (көкшілдік қышқыл, этиленамин және т.б.) қорғау үшін қолдануға тыйым салынады.

Оқшаулаушы тыныс алу аппараттары

Оқшаулаушы тыныс алу аппараттары тыныс алу мүшелерін атмосфера құрамында оттектің көлемдік үлесі 20 %-дан аз болған кезде, сондай-ақ кез келген мөлшерлердегі улы заттардан немесе тұншықтырушы газдардан қорғауға арналған.

ПШ-1 құбыршекті газтұтқысын жұмыс аймағы ауасында оттек жеткіліксіз болған немесе онда улы газдардың, булар, аэрозольдердің шоғырлануы жоғары болған кезде қолданады. Қолданылу саласы: тұйық кеңістіктер, сыйымдылықтар, құдықтар, бөліктер және т.б. Құбыршекті газтұтқыларды газ қауіптілігі бар  жұмыстарды орындау кезінде қолданады. Олармен авариялық-құтқару жұмыстарын орындамайды, өйткені бұл газтұтқылардың қолданылу саласы құбыршектің ұзындығымен шектелген. Мұндай жағдайларда оқшаулаушы ауа-тыныс алу аппараттары қолданылады.

 «Airgo» оқшаулаушы ауа-тыныс алу аппараты тыныс алуға жарамсыз атмосферада тыныс алу және көру мүшелерін қорғау үшін тағайындалған.

Сығылған ауа қоры 1 600 л-дей болатын, баллондық үлгідегі «Airgo», «Омега» аппараттарында қысым бәсеңдеткіш, өкпелік автомат, тұмылдырықты бетперде және баллондарды бекітуге арналған салмақ көтеруші қаңқа бар.

Ауа-тыныс алу аппараттары ашық алаңшаларда және жабық үй-жайларда газ қауіпті, сондай-ақ авариялық-құтқаружұмыстарын жүргізу үшін пайдаланылады.

САҚЖ тыныс алу үшін жарамсыз атмосферада жұмыс істеген кезде тыныс алу және көру мүшелерін қорғау үшін тағайындалған және  жұмыс істеушіге сығылған ауаны беру тәсілі бойынша екі түрге (компрессорлық және баллондық үлгіде) бөлінеді.

Шетелдіктерді жұмыспен қамту: бұзушылықтар үшін айыппұлдарБаллондық үлгідегі САҚЖ мыналардан құралады:

  • қысымы 300 бар, сыйымдылығы 50 л металл баллон;
  • сақтандыру клапаны, сақтандырудың акустикалық құрылғысы, жоғары және орта қысымдық манометрлері бар қысым бәсеңдеткіш;
  • қауіпсіздіктің біріктіретін, біржүрісті жалғастырғыштары бар, ұзындығы 10 және 20 м болатын сығылған ауаны беру құбыршектері;
  • бір мезгілде екі жұмыс істеушіні ауамен қамтамасыз етуге арналған таратқыш (үштармақтың);
  • тартылу өкпелік автомат пен бетпердеге берілмес үшін қызмет ететін, белбеу мен біріктіру элементінен тұратын, белдегі бекітпе;
  • Шетелдіктерді жұмыспен қамту: бұзушылықтар үшін айыппұлдар ауаны бетпердеге мөлшерлеп беретін құрылғы болып табылатын, артық қысымды өкпелік автомат;

  • «Циклоп»  үлгісіндегі тұмылдырықтық бетперде.

Компрессорлық үлгідегі САҚЖ мыналардан құралады:

  • кернеуі 220 В болатын  V‑MEKO-400 тасымал электрлік компрессоры;
  • компрессор ажыратылған жағдайда ауа берудің авариялық жүйесі, ол қысымы  300 бар сығылған ауасы бар алты литрлік баллонға орнатылатын қысым бәсеңдеткіштен, компрессорға және тұтынушының құбыршектік желісіне қосуға арналған  – Y-манифольді бар құбыршектен құралады;
  • қауіпсіздіктің біріктіруші біржүрістік жалғастырғыштары бар, ұзындығы 10 және 20 м, сығылған ауа беру құбыршектері;
  • аспаптарды тасымалдауыштардың екеуін бір мезгілде тыныстау үшін ауамен қамтамасыз етуге арналған таратқыш (үштармақтың);
  • тартылу өкпелік автомат пен бетпердеге берілмес үшін қызмет ететін, белбеу мен біріктіру элементінен тұратын, белдегі бекітпе;
  • ауаны бетпердеге мөлшерлеп беретін құрылғы болып табылатын, артық қысымды өкпелік автомат;
  •  «Циклоп» үлгісіндегі тұмылдырықтық бетперде.

САҚЖ ашық алдаңшаларда, сондай-ақ жабық үй-жайларда да газ қауіпті жұмыстарды жүргізу үшін пайдаланылады. САҚЖ-ны белгілі бір жерде ұзаққа созылатын жұмыстарды жүргізу, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары және сыйымдылықтарда, цистерналар мен сұйыққоймаларда техникалық қызмет көрсету жұмыстарында, сондай-ақ кірмелік тар ойықтары бар, тар жерлердегі және т.б. жұмыстарда пайдалану ерекше тиімді. САҚЖ жұмысының режимі газ қауіпті жұмыстардың наряд-рұқсатында белгіленеді.

http://ekz-otruda.mcfr.kz



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль