Қазақстан Республикасында өрт сөндіру және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарының сәйкестігін растаудың өзекті мәселелері

110
Қазақстан Республикасында  өрт сөндіру және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарының сәйкестігін растаудың өзекті мәселелері
Мақалада Қазақстан Республикасында өрт сөндіру және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарының сәйкестігін растау проблемалары мен оларды Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) қабылдаған актілерге байланысты шешу жолдары ұсынылады.

Сәйкестікті бағалау, оның ішінде сертификаттау дүниежүзілік қауымдастықта өнімнің, көрсетілетін қызметтердің, процестердің және өзге де объектілердің сапасы мен қауіпсіздігін куәлендірудің көпшілік мойындаған тетігі болып табылады, бұл объектілердің сәйкестігі нормативтік құжаттардың талаптарымен белгіленген.

Қатаң бәсекелік жағдайларында өз өнімінің сапасын сөздермен растау жеткілікті қиын. Бүгінгі күні көшбасшылықты құжаттық растаудың басты дәлелдемесі – сапа сертификаты, өнімнің немесе көрсетілетін қызметтің стандарттар ережелері мен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін растайтын ресми құжат болып табылады.

Сертификаттау – бұл бұйым немесе көрсетілетін қызметтің белгілі бір (оларда көрсетілген) стандарттардың немесе техникалық шарттардың талаптарына жауап беретіндігін сертификат немесе сәйкестік белгісі арқылы куәлендіруші іс-әрекет. Сертификаттау идеясы мен жалпы мағынасы бұрыннан белгілі. Дайындаушы өз өніміне таңба қойған кезде, бұл ежелден бұйымның жоғары сапасын растау болып табылды. Сатушының сатып алушыны тауар сапасына сендіруі де сертификаттаудың өте ежелгі формасы болды.

Қазіргі уақытта дүниежүзілік қауымдастықта сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметке бірыңғай көзқарас қалыптасты.Сәйкестікті бағалау – техникалық реттеудің заманауи жүйесінің негізгі элементтерінің бірі, оның негізгі қағидаттары мен ережелері Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымының құжаттарымен және техникалық реттеу саласындағы ұлттық заңнамамен анықталады [1, 2].

Кедендік одақты қалыптастыру жөніндегі іс-әрекеттер Жоспарына сәйкес мыналар орындалады:

  • Кедендік одақтың (ЕАЭО) құқықтық базасын қалыптастыратын халықаралық шарттардың ережелерін іске асыру жөніндегі жұмыс жалғастырылуда;
  • бірыңғай кедендік аумақты қалыптастыру кезеңдерімен көзделген, Кедендік одақтың нормативтік-құқықтық базасын әзірлеу аяқталды;
  • техникалық реттеу нормаларын біріздендіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Кедендік  одаққа мүше мемлекеттердің техникалық реттеу саласындағы орын алған айырмашылықтары (техникалық талаптар, сәйкестікті растау формалары мен сұлбалары, бұл кезде қолданылатын зерттеулер (сынақтар) мен өнімді өлшеу әдістері) Кедендік одақтың бірыңғай техникалық регламенттерін қабылдау жолымен ғана жойылуы мүмкін.

Бұл мақсатта Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары мен ережелері туралы Келісімге қол қойылды. Бұл Келісім қабылданғаннан кейін Кедендік одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу жоспары мен Кедендік одақтың техникалық регламентін әзірлеу, қабылдау, өзгерістер енгізу және жою тәртібі туралы Ереже бекітілді.

Тараптарда оларға қатысты техникалық талаптар, сәйкестікті растау формалары мен сұлбалары, бұл ретте қолданылатын зерттеулер (сынақтар) мен өнімді өлшеулердің әдістері сәйкес келетін өнім өнімдердің Бірыңғай тізбесіне енгізілген, олардың сәйкестігіКедендік одақ шеңберінде бірыңғай құжаттар берумен расталуға жатады. Ол Кедендік одаққа мүше мемлекеттердің кез келгенінің аумағында сәйкестікті растаудың белгіленген рәсімдерінен өткізілгеннен кейін, бірыңғай кедендік аумаққа айналысқа жіберіледі [3].

Кедендік одақта өнім сәйкестігін растау рұқсат ететін құжаттарды алу үшін негізгі рәсім болып табылады.  Сәйкестікті растау сұлбалары Кедендік одақтың Техникалық регламенттерімен келісілген, олар өнімнің нақты түрлеріне қолданылады.

Бұл ретте ұлттық заңнамалармен белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі міндетті бағалауға жататын өнімдер тізбелері әзірше өз күшінде қалады. Әрбір елде сәйкестікті бағалаудың ұлттық техникалық регламенттерін, стандарттарын, сәйкестікті бағалау рәсімдерін қабылдауға егеменді құқығы бар; мұның бәрі халықаралық саудада артық тосқауылдар жасауға тиіс емес.

Кедендік одақты құру техникалық реттеу мен сертификаттау саласындағы елеулі проблемаларды айқындады, осыларға байланысты көптеген өндірушілер өз өнімін Кедендік одақ  пен Бірыңғай экономикалық кеңістік нарығына шығара алмай отыр.

Кедендік одақ енгізген «Өрт қауіпсіздігі мен өрт сөндіруді қамтамасыз ету құралдарына қойылатын талаптар туралы» Техникалық регламенттің өрт қауіпсіздігі мен өрт сөндіруді қамтамасыз ету құралдарының сәйкестігін растау саласындағы техникалық реттеудің өзекті проблемасы  – сәйкестікті растау органдары мен толықтай сынақтарды және қауіпсіздіктің барлық көрсеткіштері бойынша сәйкестікті растауды қамтамасыз ететін зертханалардың жоқтығы.

Әлеуетті өрттер мен өнімнің тұтануын болғызбау – бұл тауарлар шығаратын кез келген кәсіпорынның алдында тұрған аса маңызды міндет.

Қазақстан Республикасының «Объектілерді қорғауға арналған өрт сөндіру техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентімен өрт сөндіру техникалық өнімі мен өрт сөндіру құралдарын дайындаушылар немесе берушілерде өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның қорытындысы болуы тиіс екендігі белгіленген [4]. Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның қорытындысы (рұқсаты)  – Қазақстан Республикасы аумағында бұдан кейін іске асыру мен пайдалану үшін тағайындалған, әкелінетін өнімді қолдану мүмкіндігі туралы сұратуға берілген ресми жауап.

Қорытынды зертханалық сынақтар нәтижелерінің (хаттамасының) негізінде берілді. Осы уақытқа дейін өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның қорытынды беруі нарықты сапасыз өнімнен қорғаудағы мәжбүр болған шара болды және өнім сәйкестігін растау жөніндегі тиісті органдар желісі құрылғаннан кейін жойылуы мүмкін еді.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі  «Азаматтық қорғау туралы»  № 188-V Заңы мен 2014 жылғы 16 мамырдағы  «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы»  № 202-V Заңының қабылдануымен уәкілетті органның куәліктер беруі жойылды [5, 6].

Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің құрылымында сынақтық өрт сөндіру зертханасы бар, алайда онымен бір мезгілде өрт-техникалық мақсаттағы өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органның жоқтығы проблемасы орын алып отыр.

Ағымдағы жай-күйге талдау жасау бірқатар негізгі проблемаларды айқындады:

  • сынақтармен техникалық регламенттермен белгіленген қауіпсіздіктің барлық көрсеткіштерінің қамтылмағандығы;
  • сынақ зертханаларының жеткіліксіз жарақталуы;
  • өрт қауіпсіздігі мен өрт сөндіруді қамтамасыз ету құралдарының сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды дайындау мен тағылымдамадан өткізу үшін жағдайлардың жоқтығы;
  • мәлімделген салада жаңа бағыттар бойынша мамандар дайындау мәселесінің шешілмегендігі, тағылымдамалардан өтуге арналған базаның жоқтығы.

Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы Қазақстанда өрт қауіпсіздігі саласында өнім сәйкестігін растау органын құру үшін тосқауылдар қызметін атқарады, бұл қазақстандық нарықта сәйкестікті растаудың шетелдік органдарының белсенді жұмыс істеуіне септігін тигізеді.

Сәйкестікті растау органын құру үшін өрт-техникалық өнімнің, жеке қорғану құралдарының, тікелей төтенше жағдайларды жоюмен қамтылған бөлімшелер үшін арнайы әзірленген өнімнің, сондай-ақ халық пен аумақты қорғау мен азаматтық қорғанысқа арналған өнімнің сәйкестігін растау бойынша сарапшы-аудиторларды дайындау қажет.

Мұның арасында Қазақстанда қазірдің өзінде жуырдағы бес жылдың ішінде техникалық реттеудің қолданыстағы жүйесін түбегейлі жаңғыртуға арналған бағдарлама әзірленді. Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет республикалық бюджет қаражатының есебінен ведомстволық зертханаларды кеңейту және жаңғырту бойынша нақты ұсыныстар енгізді. Бұл зертхананы жаңғырту жөніндегі ұсыныстар «2020 жылға дейін техникалық реттеу мен метрология жүйесін жетілдіру бойынша Кешенді жоспар» мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Қазіргі уақытта техникалық базаны толықтыра жарақтандыру үшін сынақтық өрт сөндіру зертханасын қаржыландыру басталды.

Сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізудегі маңызды рөл сертификаттау жөніндегі органдарға тиесілі, олар ретінде меншік формаларына қарамастан, өз құрылымында белгіленген талаптарға жауап беретін сынақ зертханалары (орталықтары), өнімді  өндірушілер, оны берушілер мен тұтынушылары бар заңды тұлғалар әрекет ете алады.

Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласында жұмыстардың халықаралық практикасына өтуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК «ӨҚжАҚ ҒЗИ» АҚ құрылымында өрт қауіпсіздігін сертификаттау орталығын құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Өрт қауіпсіздігін сертификаттау орталығының негізгі міндеттері:

  • бұйымдар мен материалдардың өрт қауіпсіздігі көрсеткіштерін тексеру жөніндегі сынақ зертханасын жетілдіру;
  • сынақтық өрт сөндіру зертханалары жабдықтарын жаңғырту мен оларды аккредиттеуді жүргізу;
  • кадрлық қамтамасыз етуді қалыптастыру: арнайы дайындалған және аттестатталған сарапшылар мен басқа мамандар;
  • өрт қауіпсіздігін сертификаттау орталығын аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз ету.

Өрт қауіпсіздігі саласындағы өнімді сертификаттау өнімнің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін растау мақсатымен жүргізіледі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бұл саладағы міндетті және ерікті сертификаттаудың объектілері мыналар болып табылады:

  • азаматтарды өрттің қауіпті (зиянды) сыртқы әсер етулерінен қорғауға арналған өнім, оның ішінде: табу құралдары; өрт сөндірушілер мен азаматтардың жеке қорғану құралдары; өрттің орын алғандығынан хабардар ету құралдары; ауа ортасы мен жарықтандыруды қалыпқа келтіру құралдары; өрттер мен олардың әсер етулерін оқшаулау немесе жою құралдары; өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған басқа да өрт-техникалық өнім;
  • өрт қауіпті өнім (азаматтардың жеке (тұрмыстық) мұқтаждықтарына арналған тауарлар, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнім мен құрылыс өнімі).

Қажет:

  1. өрт-техникалық өнімді сертификаттауды қызмет бағытының дербес түрі ретінде бөліп шығару. Қазавқстан Республикасында сондай-ақ бұл бағыттар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар жоқ, сондықтан мұндай мамандарды сертификаттау жөніндегі органдар үшін ел шектерінен тыс жерлерде дайындауға тура екеледі;
  2. өнімнің Кедендік одақтың техникалық регламенттерімен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау әдістемесін, өрт-техникалық өнімді сертификаттау жөніндегі органдар үшін сарапшы-аудиторлар дайындау ережелерін, сондай-ақ сарапшы-аудиторлар дайындау бағдарламасын әзірлеу.

Өрт қауіпсіздігі мен өрт сөндіруді қамтамасыз ету құралдарының сәйкестігін растау жөніндегі органды құру:

1) өрт қауіпсіздігін сертификаттаудың толыққанды органын құруға;

2) өнімнің, процестердің, көрсетілетін қызметтердің сапасын және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға;

3) кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыруға;

4) өнімнің заманауи халықаралық нормаларға сәйкес өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестігін растауды қамтамасыз етуге;

5) өнімнің өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі көрсеткіштері мен оларды бақылау әдістерін белгілейтін нормативтік базаны құруға;

6) білікті кадрлық әлеуетті қалыптастыруға септігін тигізетін болады.

http://eru-otruda.mcfr.kz



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль