«Актөбе хром қосылыстары зауыты» ақ еңбекті қорғауды басқару жүйесіндегі бақылау түрлері

190
«Актөбе хром қосылыстары зауыты» ақ еңбекті қорғауды басқару жүйесіндегі бақылау түрлері
Зайцева Галина Ивановна
Автор журнала «Охрана труда. Казахстан», главный технический руководитель по охране труда – начальник отдела безопасности и охраны труда, г. Актюбинск
Мақалада «Ақтөбе хром қосылыстары зауыты» АҚ-нда өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды басқаруға кешенді және жүйелі көзқарастың әдістері сипатталады. Техникалық және ұйымдық шаралар өткізу жолымен денсаулық сақтау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мақсаттарға қол жеткізу бойынша менеджмент Бағдарламасын іске асыру жөнінде ұсынымдар берілген. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі, экологиялық қауіпсіздік, технологиялық тәртіп және т.б. жай-күйіне үшсатылы бақылауды қолдану туралы әңгімеленеді. Бұл әдістер оларды өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы кәсіпорындардың іс-тәжірибесінде қолданылу үшін пайдалы болуы мүмкін.

«Ақтөбе хром қосылыстары зауыты» акционерлік қоғамы  (бұдан әрі  –  «АХҚЗ» АҚ) – жоғары сапалы хром қосылыстарын өндіру мен экспортқа шығаруда дүниежүзілік нарықтағы жетекші кәсіпорындардың бірі, оның өнімдері дүние жүзінің 40-тан астам еліне экспортқа шығарылады.

Зауытта  ISO 14001:2004, ISO 50001:2011, ISO 9001:2008, OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттарына сәйкес басқарудың кіріктірілген жүйесі әрекет етеді.

 «АХҚЗ» АҚ басшылығы менеджмент жүйесі қағидаттарын сақтай отырып, бірінші кезекте сапа, экология, энергетикалық менеджмент, денсаулық сақтау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында бекітілген саясатты ұстанады.

Зауытта жыл сайын халықаралық стандарттар талаптарын растау бойынша ішкі аудит жүргізіледі. Мысалы, 2015 жылғы қарашадағы сыртқы аудит кәсіпорын қызметінің мынадай стандарттарға сәйкес келетіндігін көрсетті:

  • OHSAS 18001:2007 «Кәсіптік денсаулық және еңбек қауіпсіздігі менеджментінің жүйелері» (бұдан әрі ‒ OHSAS 18001:2007) [1];
  • ISO 14001:2004 (Е) «Экологиялық менеджмент жүйелері» (бұдан әрі ‒ ISO 14001:2004) [2];
  • ISO 50001:2011 «Энергетикалық менеджмент жүйелері» (бұдан әрі ‒ ISO 50001:2011) [3];
  • ISO 9001:2008 «Сапа менеджменті жүйелері» (бұдан әрі ‒ ISO 9001:2008) [4].

Сондай-ақ кәсіпорын бөлімшелерінде қауіпті және зиянды факторларды қайта есептеу негізінде және цехтар жұмыскерлерінің ұсыныстары есепке алынумен мақсаттары, іс-шаралар мен оларды орындау мерзімдері көрсетілумен денсаулық сақтау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы менеджмент бағдарламасының жобасы әзірленеді. Қажет болған кезде менеджмент бағдарламасына өзгерістер енгізіледі.

Кәсіпорында жыл сайын:

  • Денсаулық сақтау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мақсаттарға қол жеткізу бойынша менеджмент Бағдарламасы;
  • экология саласындағы мақсаттарға қол жеткізу бойынша менеджмент Бағдарламасы;
  • энергетикалық менеджмент саласындағы мақсаттарға қол жеткізу бойынша менеджмент Бағдарламасы;
  • сапа саласындағы мақсаттарға қол жеткізу бойынша менеджмент Бағдарламасы  әзірленеді.

Денсаулық сақтау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мақсаттарға қол жеткізу бойынша менеджмент Бағдарламасына сәйкес 2015 жылы техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар жүргізу жолымен 21 жұмыс орнында қауіпті және зиянды факторлардың әсер ету тәуекелі төмендетілді, сондай-ақ 58 жұмыс орнының еңбек жағдайлары жақсартылды. Денсаулық сақтау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы менеджмент бағдарламасы бойынша шығындар 2015 жылы  59 млн 875 мың теңгені құрады.

Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің OHSAS 18001:2007 талаптарына сәйкестігін, жүйенің қызмет ету сапасын, мақсаттарға жетудің нәтижелілігін бағалау, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша міндеттердің (іс-шаралардың) орындалуы және оларға түзетулер енгізудің өз уақыттылығын  анықтау үшін кәсіпорын бөлімшелерінде ішкі аудиттер жүргізіледі.

  «АХҚЗ»  АҚ-нда бақылаудың мынадай түрлері  жүзеге асырылады:

  • өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралардың орындалуы мен өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті үйлестіруді бақылау (жауапты ‒ басқарма төрағасының бірінші орынбасары);
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша үшсатылы бақылауды зауыттық кешенді комиссия, басқармалар (бөлімдер) басшылары, инженерлік-техникалық қызметкерлер жүзеге асырады;
  • қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілер талаптарын сақтауына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылау;
  • өндірісте еңбектің қауіпсіз және салауатты жағдайларын қамтамасыз ету мен жасау және өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардан сақтандыру бойынша іс-шаралардың орындалуына бақылауды еңбек қаупсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің қызметкерлері жүзеге асырады;
  • жүк көтеру тетіктерінің, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстырдың жай-күйіне бақылауды өндірістік бақылаудың аға инженері жүзеге асырады;
  • электр қауіпсіздігі, бу мен ыстық су құбыржолдарын, қазан-кәдеге жаратушылар, газ шаруашылығын қауіпсіз пайдаланудың жай-күйіне бақылауды  бас энергетик басқармасы жүзеге асырады;
  • жабдықтарды пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жоспарлы-сақтандыру жөндеуі, техникалық қарап-тексеру мен жабдықтарды сынауға бақылауды  бас механикашының басқармасы жүзеге асырады;
  •  технологиялық тәртіпті сақтау, авариялар мен олардың салдарларын оқшаулауға дайындықты қамтамасыз етуге бақылауды  оөндіріс басқармасы жүзеге асырады;
  • жұмыскерлерді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестаттау мен дайындауға бақылауды  кадрларды дайындау жөніндегі жетекші инженер  ‒ кадрларды дайындау жөніндегі орталық басшысы жүзеге асрады;
  • аумақ пен объектілердің өртке қарсы жай-күйіне бақылауды  зауыттың мемелекеттік емес өртке қарсы қызметі жүзеге асырады;
  • жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттар құрамы, өнеркәсіптік шығарындылар, ағыстарға бақылауды қоршаған ортаны қорғау зертханасы жүзеге асырады;
  • жаңа объектілер құрылысы және ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйіне бақылауды  күрделі құрылыс басқармасы жүзеге асырады;
  • экология саласында белгіленген нормалар мен нормативтердің сақталуын бақылауды  қоршаған ортаны қорғау басқармасы жүзеге асырады.

Еңбек қауіпсіздігі жүйесіне үшсатылық бақылау жасауды қолданудың іс-тәжірибесі

 Кәсіпорында еңбекті қорғауды басқару жүйесі (бұдан әрі – ЕҚБЖ) Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілеріне, OHSAS 18001:2007 халықаралық стандартына сәйкес әзірленген. Жүйемен еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі, экологиялық қауіпсіздік, технологиялық тәртіп, қауіптілігі жоғары объектілерді қауіпсіз пайдалану, өндіріс процесінде туындайтын тәуекелдерге жедел жауап әрекет жасау, оларды төмендету мен болдырмау жөнінде шаралар қабылдау, еңбек жағдайларын тұрақты жақсарту, моральдық және материалдық ынталандырудың әралуан түрлерін қолданумен жұмыскерлердің жауапкершілігін арттыруға үшсатылық бақылау жасау көзделген. ЕҚБЖ «АХҚЗ» АҚ-ның барлық бөлімшелерінде қолданылады, оның жұмысына кәсіподақ ұйымы мен еңбекті қорғау және экология жөніндегі қоғамдық инспекторлар белсене қатысады.

             Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды бақылаудың I сатысы

Кәсіпорын құрылымдық бөлімшелерінің инженерлік-техникалық қызметкерлері ауысым сайын жұмыс басталардың алдында өндірістік журналдардағы жазбалармен танысады, жұмыс орындарын аралап шығады, олардың санитарлық жай-күйін, ерекше қауіпті жерлердің, жабдықтардың, сигналдандыру мен бұғаттау құралдарының жай-күйін, жұмыскерлерде жеке және ұжымдық қорғану құралдарының барлығы мен ақаусыздығын, қарамағындағы персоналдың технологиялық параметрлер нормаларын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нормалар, ережелер, нұсқаулықтар  талаптарын, технологиялық регламенттерді сақтауын тексереді.

Цехтардың инженерлік-техникалық қызметкерлері мақсатты тексерулер графигіне сәйкес, бекітілген тақырыптама бойынша және белгіленген мерзімдерде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйіне мақсатты тексерулер жүргізеді.

            Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды бақылаудың II сатысы

Цех бастығы (жеке бөлімшенің):

  • апта сайын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау күні цехтағы еңбек қауіпсіздігі мен жағдайларының жай-күйін тексеруді жүргізеді;
  • аптасына кемінде бір рет барлық ауысымдық журналдардағы және еңбекті қорғау бойынша профилактикалық жұмыс журналдарындағы барлық жазбалармен танысады;
  • сәйкессіздіктер бар болған кезде бұзушылықтарды талқылау мен сәйкессіздік себептерін айқындауды жүргізеді.

      Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды бақылаудың IIІ сатысы

Басқарма төрағасының бұйрығымен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерінің, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария, экология ережелерінің, ауруға шалдығушылықтың алдын алу, бекітілген графикке сәйкес цехтарға, бөлімшелерге кешенді тексерулер өткізуге арналған менеджменттің кіріктірілген жүйесінің ішкі құжаттарының сақталуын кешенді тексеру бойынша зауыттық комиссия тағайындалады.  

Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – КҚБ) кешенді тексерулер өткізу үшін үш топқа бөлінеді, олар бойынша кешенді тексерулер коэффициенті (Кт КО) белгіленеді:

I топ –  натрий  монохроматы -1 өндірісі, натрий монохроматы-2  өндірісі – № 2 цех,  № 3 цех, № 4 цех,  № 5 цех;

II топ – энергоцех, автокөліктік цех, жөндеу-механикалық цех, жөндеу-құрылыс цехы, электр жөндеу цехы;

III топ  – бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика, өндірісті дамыту және бақылау цехы, қойма шаруашылығы, тұрмыстық корпус, жерастылық суларды хромнан тазарту және оқшаулау учаскесі.

Кешенді комиссияның әрбір мүшесі қызмет көрсеткіштерінің тізбесі бойынша кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінде заңнамалық және нормативтік құжаттардың, жұмыстың өз ерекшелігі бойынша менеджменттің кіріктірілген жүйесінің ішкі құжаттарының талаптарын сақтау бойынша тексеру жүргізеді. Тексеру нәтижелері бойынша бөлімшеге қорытынды баға қойылады. Басқарма (бөлім) есебі ресімделеді.

Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесінің қызметі кешенді тексерудің қорытындылары бойынша заңнамалық және нормативтік құжаттарға, менеджменттің кіріктірілген жүйесінің ішкі құжаттарына сәйкес келеді немесе сәйкес келмейді деп танылады. Кешенді тексерудің қол жеткізілген коэффициенті әрбір сәйкессіздік үшін баллдарды төмендету нормасы есепке алына отырып, 5 баллдық жүйе бойынша есептеледі. Комиссия тексеру нәтижелері туралы бөлімше жұмыскерлеріне кеңестер кезінде хабарлайды, кешенді тексерудің акт-ұйғарымы беріледі.

Кешенді тексеру кезінде айқындалған сәйкессіздіктерді жою. Сондай-ақ әрбір сәйкессіздік үшін сәйкессіздік себептеріне талдау жасау актісі бойынша бөлімше бастығы кешенді тексерудің акт-ұйғарымын алғаннан кейін, акт тармақтарын орындау үшін инженерлік-техникалық қызметкерлердің қатарынан жауапты тұлғаларды тағайындайды: ұйғарым мен сәйкессіздік себептерін талдау актісін әзірлеуге өкімдер Журналына өкімдер ресімделеді.

Кешенді тексерудің белгіленген коэффициентіне қол жеткізілмеген кезде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау үшін жауапты тұлғалар (бөлімше, учаске, қызмет) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімі тексерілуге қайта жіберіледі. Кешенді тексерудің қол жеткізілген коэффициенті бөлімшенің инженерлік-техникалық қызметкерлеріне бір айдағы жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақылар есептеу кезінде  ескеріледі.

Цехтар қызметіне талдау жасаудың негізінде бөлімшелердің бір жыл ішіндегі кешенді тексеру коэффициенттеріне қол жеткізуі зауыт бойынша бұйрықпен цехтардың әрбір тобы бойынша келесі жылға кешенді тексерудің жоғары коэффициенті белгіленеді.

«АХҚЗ» АҚ ӨТҚ-нің бекітілген графигіне сәйкес 2015 жылы 45 кешенді тексеру жүргізілді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша бекітілген графиктерге сәйкес басқармалардың (бөлімдердің) қызметкерлері 2015 жылы 70 мақсатты тексеру жүргізді.

Бұған қоса, кәсіпорында бөлімшелердің бастықтары, басқармалар (бөлімдер) қызметкерлері, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бөлімінің қызметкерлері бөлімшелердегі, кәсіпорын аумағындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйіне күн сайын оперативтік бақылау  жүргізеді. Бұзылушылықтар айқындалған кезде оларды фотосуретке түсіру жолымен тіркеу жүргізіледі, цехтағы еңбекті қорғау жөніндегі алдын алу Журналына жазба жасалады немесе ұйғарым беріледі, немесе  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша айқындалған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы нұсқаулар береді.  Бұзушылықтардың фотосуреті зауыттың жергідлікті желісіне орналастырылады.

2015 жылы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімі бөлімшелердің басшыларына еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметінің 21 нұсқауын ресімдеп, берді.

Жұмыскерлермен  коммуникация және оларды хабардар ету

Жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жай-күйінің көрсеткіштері туралы хабардар ету үшін әрбір бөлімшеде еңбекті қорғау бойынша стенд, ақпараттық хабаршы ресімделеді.  

Жұмыскерлердің өзара әрекеттестік және ақпарат алмасу тәртібі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтардың талаптарымен белгіленеді.

Денсаулық сақтау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ақпарат қызметкерлерден басшылықтың тиісті деңгейлері арқылы белгіленген арналар бойынша беріледі:

  • баянаттар, ауысымдарды қабылдау (тапсыру) журналдарындағы, еңбекті қорғау бойынша профилактикалық жұмыс журналдарындағы, шағымдар мен ұсыныстар Кітабіндегі (асхана бойынша), кәсіпорынның денсаулық пунктіне жасалған жүгіністер туралы ақпарат;
  • жұмыскерлердің ұсыныстары мен ескертулері еңбекті қорғау мен экология жөніндегі қоғамдық инспекторларға жеткізіледі, олар бұл ұсыныстарды ресімдейді және оларды орындау үшін бөлімшелердің бастықтарына және бақылауды жүзеге асыру үшін кәсіподақ комитетіне береді;
  • бітімгерлік комиссиясы жұмыс істейді, онда жұмыскерлердің еңбек даулары бойынша жүгіністері қаралады.

Кәсіпорында жыл сайын, 28 сәуірде Бүкіл дүниежүзілік еңбекті қорғау мен денсаулық күні  атап өтіледі ‒ жұмыс қорытындылары шығарылады, үздік жұмыскерлер көтермеленеді,  «АХҚЗ» АҚ мен облыстың басқа да кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы ақпарат беріледі.

Мысалы, 2015 жылы Бүкіл дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне мынадай іс-шаралар өткізілді:

  • Бүкл дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін өткізу тақырыбы бойынша ақпараттық үнқағаз шығарылды, оның мазмұны жұмыскерлердің қаперіне жеткізілді (зауыттың жергілікті желісіне, еңбекті қорғау бойынша зауыт стендісіне және еңбекті қорғау жөніндегі стенділерге орналастыру жолымен);
  • Еңбекті қорғау және экология жөніндегі қоғамдық инспекторлар үшін семинар Бағдарламасы мен білімді тексеруге арналған тестілер әзірленді;
  • Зауыт жұмыскерлері Бүкіл дүниежүзілік денсаулық күні шеңберінде  «Мен – салауатты өмір салтын жақтаймын» атты қалалық спорттық жарыстарға қатысты және командалық бірінші орынды иеленді;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мен экология жөніндегі заңнамалық талаптарды жеткізу мақсатымен жымыскерлерге арналған оқытушы семинар өткізілді;
  • зауыт бөлімшелеріне еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, сондай-ақ ауруға шалдығушылықтан сақтандыру жөніндегі плакаттар мен жаднамалар берілді;
  • көгалдандыру өсімдіктеріне көктемгі күту жұмысы мен цехтарға бекітіліп берілген аумақтарды жиыстырып-тазарту жүргізілді;
  • зауыт жұмыскерлерімен еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма өкілінің қатысуымен  «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау»тақырыбында кеңес өткізілді.
  •  «Еңбекті қорғау және экология жөніндегі үздік қоғамдық инспектор» конкурсының жеңімпаздары, сондай-ақ кәсіпорын жұмыскерлері  ‒ еңбектің қауіпсіз және салауатты жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған белсенді профилактикалық жұмысы үшін көтермеленді.

Жұмыскерлерді қауіптіліктерді айқындауға, тәуекелдерді бағалау мен тәуекелдерді басқару шараларын таңдауға тарту

Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінде қауіптіліктерді айқындау мен тәуекелдерді бағалауға барлық жұмыскерлер, оның ішінде кәсіподақ органының өкілдері болып табылатын еңбекті қорғау және экология жөніндегі қоғамдық инспекторлар да тартылады. Айқындалған тәуекелдердің бәрі бөлімшедегі еңбекті қорғау бойынша профилактикалық жұмыс Журналына, ақаулықтар журналына, цех бастығының еңбекті қорғау және экология бойынша Күнделігіне, баянаттар, ауысымдарды қабылдап алу-тапсыру журналдарына және т.б. жазылады, бұл ретте айқындалған тәуекелдерді жою жөніндегі іс-шаралар, орындау мерзімдері мен жауапты тұлғалар белгіленеді.  

Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлерін қауіптіліктерді айқындауға, тәуекелдерді бағалау мен тәуекелдерді басқару шараларын таңдауға тарту үшін жұмыс орнында тәуекелдерді (қауіпті және зиянды факторларды) талқылау Парағы толтырылады (қосымша).

Жауапты тұлғалар мен инженерлік-техникалық қызметкерлер құрылымдық бөлімшедегі персоналмен жұмыс орнында тәуекелдерді (қауіпті және зиянды факторларды) талқылау Парағын ресімдеумен талқылау өткізеді.

Кәсіпорын жұмыскерлерінің денсаулығын сақтау мен олардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етуі мүмкін барлық өзгерістер құрылымдық бөлімшелердің ұжымдарында мынадай жолмен талқыланады:

  • нұсқамалар (бастапқы, қайталау, жоспардан тыс, мақсатты) өткізу;
  • жұмыстарды орындауды бастаудың алдында ай сайынғы нұсқаманы өткізу;
  • кәсіп пен арнайы рұқсат бойынша білімді тексеруді өткізу;
  • авариялық жағдаятты жою Жоспарының оперативтік бөлігін, аварияларды жою Жоспарын, газ шаруашылығында ававрияларды оқшаулау мен жою Жоспарын зерделеу және оқу-жаттығу сабақтарын өткізу;
  • еңбек ұжымдарының кеңестерінде, зауыттық кеңестерде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша ережелер, нормалар, нұсқаулықтар талаптарының айқындалған бұзушылықтары талқыланады (талдау жасалады);
  • өндірістік орта параметрлерін іс жүзінде өлшеулердің нәтижелері мен денсаулық сақтау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басқа да ақпаратты цехтардың ақпараттық стенділері мен еңбекті қорғау жөніндегі стенділер арқылы қаперге жеткізу;
  • жұмыскерлерге заңнамалық, нормативтік құжаттар, ішкі құжаттар мен оларға енгізілген өзгерістер бойынша кеңестер беруді өткізу.

«АХҚЗ» АҚ-нда жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша дайындауға үлкен көңіл бөлінеді.

 За 2015 жылы зауыттың инженерлік-техникалық қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексеру жөніндегі зауыттық емтихан комиссиясы 22 отырыс өткізді. 183 жұмыскердің білімі тексеруден өткізілді.

Оқу орталығы базасында  734 инженерлік-техникалық қызметкер, 576 жұмысшы оқытудан өткізіліп, емтиханды ойдағыдай тапсырды; 1 432 жұмысшы білімі мерзімдік тексеруден өткізілді; 138 жұмысшы разрядын көтерді; өрт қауіпсіздігі бойынша 96 жұмыскер, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша  ‒ 546 жұмыскер дайындықтан өтті; 84 иинженерлік-техникалық қызметкер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі курстардан өтті.

Қызмет көрсеткіштерін өлшеу және мониторинг

Өндірістік орта (бұдан әрі ‒ ӨО) мониторингі еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету, жұмыскерлер денсаулығын сақтау үшін жүзеге асырылады және өзіне:

  • физикалық өндірістік факторлар (жұмыс аймағы ауасының газданғандығы, шаңдануы, микроклимат, шу, діріл, жарықтандыру) деңгейлеріне бақылауды;
  • желдету жүйелерінің өнімділігіне бақылауды;
  • жұмыскерлер денсаулығы жай-күйін бақылауды қамтиды.

Бақылау Қазақстан Республикасы нормативтік құжаттарына сәйкес жасалған, «АХҚЗ» АҚ бойынша өндірістік орта мониторингі Бағдарламасына сәйкес  жүзеге асырылады.

ӨО параметрлерін бақылауды «АХҚЗ»  АҚ қоршаған ортаны қорғаудың аккредиттелген зертханасы (Аккредиттеу аттестаты 27.07.15., 2015-жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге берілген № KZ.И.05.0916) жүзеге асырады.

Бақылау:

  • құрылымдық бөлімшелердің өндірістік орта факторларын бақылауға арналған өндірістік объектілер тізбесі мен объектідегі (учаскедегі) өндірістік орта факторларын өлшеу нүктелерінің эскиздеріне;
  • «АХҚЗ» АҚ бойынша газдану мен шаңдануға, шу мен діріл деңгейіне, жарықтандырылуға, желдету жүйелерінің өнімділігіне, жұмыс аймағындағы микроклиматқа өлшеулер жүргізу графиктеріне сәйкес жүргізіледі.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімі мен құрылымдық бөлімшелер бастықтарының өндірістік ортаға талдау жасауының нәтижелері бойынша еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар әзірленеді.

Жұмыскерлер денсаулығының жай-күйін бақылау  жұмыскерлердің  денсаулығы жай-күйі бойынша өздерінің кәсіптік міндеттерін орындауға жарамдылығын анықтау мақсатымен алдын ала және мерзімдік медициналық тексеріп-қарау кезінде жүргізіледі.

Зауыт жұмыскерлерін алдын ала және мерзімдік медициналық тексеріп-қарауларды  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы№ 175 бұйрығымен бекітілген  олар болған кезде міндетті медициналық тексеріп-қараулар жүргізілетін зиянды өндірістік факторлар, кәсіптер Тізбесіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі м.а-ның 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығымен бекітілген міндетті медициналық тексеріп-қарауларды өткізу Қағидаларына сәйкес бөгде емдеу-профилактикалық ұйым жүргізеді.

 «АХҚЗ» АҚ жұмыскерлерін ауысым алдындағы медициналық куәлендіруді басқа емдеу-профилактикалық ұйымның медициналық қызметкерлері күн сайын «Ауысым алдындағы медициналық куәлендіруді талап ететін кәсіптер тізіміне» (Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің  23 ноября 2015 года № 414-V (06.04.2016 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) 185-бабының 2-тармағы) сәйкес жүргізеді. Автокөліктік цех жұмыскерлерін рейс алдында және рейстен кейінгі медициналық тексеріп-қарауларды басқа емдеу-профилактикалық мекемесі жұмыскерде аурудың бар немесе жоқ екендігін анықтау, денсаулығының  жай-күйін, сондай-ақ механикалық көліктік құралдар жүргізушілерінен рейс алдында және ол аяқталғаннан кейін алкогольдік масаңдану мен есірткілік заттарды тұтыну жай-күйін анықтау мақсатымен жүргізеді.

Тексеріп-қарауға клмеген жұмыскерлер жұмыстан шеттетіледі.

Жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтауға жеке жауапкершілігін арттыру мақсатында білімдерін тексеруден ойдағыдай өткеннен кейін дербес жұмыс істеуге жіберу кезінде оларға ескертудің жыртылып алынатын талондарымен толықтырылған, дербес жұмыс істеу құқығын беретін куәлік беріледі.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі, экология жөніндегі талаптарды, ережелерді, нормалар мен нұсқаулықтарды бұзған, еңбектің қате (қауіпті) тәсілдері мен әдістері қолданылған кезде куәліктен шаралар қабылдау үшін талон алып алынады. Цех бойынша өкімнің үзінді көшірмесімен және бұзушының түсініктеме жазбасының көшірмесімен, алынған ескерту талондарын ӨЕҚ бастығы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөліміне береді.  

 № 1 ескерту талонын (қауіпсіздік талаптарын бірінші рет бұзу) алған кезде:

1) бұзушылықты талқылау және бұзушыны тыңдау жүргізіледі (ауысымда (бригадада) хаттама ресімдеумен тікелей басшының қатысуы кезінде);

2) ай үшін сыйлықақы беру пайызы 25 %-ға төмендетіледі.

№ 2 ескерту талонын (бір жылдың ішінде қауіпсіздік талаптарын қайта бұзу) алу кезінде:

1) бұзушылықты талқылау мен бұзушыны тыңдау жүргізіледі (ауысымда (бригадада) хаттама ресімдеумен тікелей басшының қатысуы кезінде);

2)  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі білімін қайтадан тексеру ұйымдастырылады;

3)  ай үшін сыйлықақы беру пайызы  50 %-ға төмендетіледі.

 № 3 ескерту талонын  (қауіпсіздікті әлденеше өрескел бұзу) алған кезде:

1) жұмыскер орындайтын жұмысынан шеттетіледі және цехтық біліктілік комиссиясына орындалатын жұмыс бойынша біліктілігін (разрядын) растау үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі білімін тексеруге жіберіледі;

2) сол ай үшін сыйлықақы төленбейді.

 2015 жылы кәсіпорында барлығы  59 ескерту талоны алынды:

  • цехтардың инженерлік-техникалық қызметкерлерімен – 41 талон;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің қызметкерлерімен – 14 талон;
  • өндірістік бақылаудың аға инженерімен – 4 талон.​

«Актөбе хром қосылыстары зауыты» ақ еңбекті қорғауды басқару жүйесіндегі бақылау түрлері

Әлеуметтік әріптестік

Зауыттың кәсіподақ ұйымы кәсіпорын әкімшілігімен еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Зауытта ұжымдық шарт қабылданған, оның құрамында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы келісім бар:

  • кәсіпорын жұмыскерлерін тегін жеке қорғану құралдарымен (бұдан әрі – ЖҚҚ), жуушы заттармен, оның ішінде еңбек жағдайлары өзгерген жағдайларда қосымша ЖҚҚ-мен қамтамасыз ету;
  • жұмыскерлерді тұрмыстық үй-жайлармен, демалыс бөлмелерімен, газдандырылған су қондырғыларымен (сатураторлармен), ауызсулық бұрқақшалармен, өзіне-өзі көмек беру душтарымен; профилактикалық және медициналық қобдишалардың медикаменттерімен қамтамасыз ету;
  • ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз ету;
  • арнаулы киім мен арнаулы аяқ киімді жуу, жөндеу;
  • емдік-профилактикалық тағам;
  • мерзімдік медициналық тексеріп-қарауларды өткізу;
  • жұмыскерлерді арнаулы дайындықты талап ететін қызметке оқыту, дайындау мен қайта дайындау, межелес кәсіптерге оқыту;
  • жұмыс істеушілерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі көрнекті үгітпен, плакаттармен , нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету.

 2015 жылы кәсіпорын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау іс-шараларына ұжымдық шартпен көзделген 456 млн теңгені жұмсады, олардан:

  • жеке қорғану құралдарына – 60 млн 619 мың 691 теңге;
  • емдік-профилактикалық тағамға – 190 млн 467 мың 260 теңге;
  • тұрмыстық корпус көрсететін қызметтерге – 79 млн 094 мың 586 теңге;
  • зауыт жұмыскерлерін олар еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаған кезде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға – 19 млн 062 мың 584 теңге;
  • оқытуға кеткен шығындар – 8 млн 238 мың 920 теңге;
  • денсаулық пунктін ұстау, емхана көрсететін қызметтер –18 млн 780 мың теңге;
  • денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы 2015 жылға арналған Бағдарлама бойынша шығындар – 59 млн 875 мың 288 теңге.

Облыс әкімдігі, облыстың кәсіподақ орталығы мен «АХҚЗ» АҚ басшылығының арасында өндірістік процестерді тұрақтандыру, жұмыскерлерді жұмысқа орналастыру мен құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.

 АХҚЗ-нда дене шынықтыру мен спортқа да көңіл бөлінеді. Кәсіподақ ұйымдастырады, ал жұмыс беруші спорт залдарын, жаттығу құрылғыларын жалға алу, шейпинг сабақтарының ақысын төлейді, бұл жерде кәсіпорынның кез келген жұмыскері айналыса алады.

Кәсіпорында спортты дамытуға жұмыс беруші еңбекке ақы төлеу қорынан 0,15 % мөлшерінде ақшалай қаражат бөледі.

Зауыттың негізгі жеті командасының арасында мини-футболдан, волейболдан, баскетболдан, қол добынан жарыстар өткізіледі. Мини-футбол мен волейбол бойынша кубоктар ойнатылады. Спартакиадаға волейболдан әйелдердің құрама командасы да қатысады. Барлық спорттық шаралар салауатты өмір салтын насихаттау және зауыт жұмыскерлерінің денсаулығын нығайту үшін өткізіледі.

Еңбекті қорғау, басшылардың, мамандар мен жұмысшылардың дайындық деңгейін арттыру, ескірген жабдықтарды неғұрлым заманауи және қауіпсіздеріне алмастыру жөніндегі бағдарламаларды орындау, технологиялық процестерді тұрақты жетілдіру, жұмыскерлердің еңбек және өндірістік тәртібін нығайту жөніндегі жұмысқа жүйелі кешенді тәсіл зауытта өндірістік жарақаттанушылық деңгейінің төмендеу үрдісінің анық байқалуына жағдай жасайды.

«Актөбе хром қосылыстары зауыты» ақ еңбекті қорғауды басқару жүйесіндегі бақылау түрлері

 «АХҚЗ» АҚ-ның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметі  қауіпті және зиянды факторлардың әсер ету тәуекелдерін төмендетуге, жарақаттанушылықтан, кәсіптік аурулардан сақтандыруға, жұмыскерлер денсаулығын сақтауға, сондай-ақ жұмыс орындарында еңбек жағдайларын тұрақты жақсартуға бағытталған.

_________________

  1. OHSAS 18001:2007 Кәсіптік денсаулық және еңбек қауіпсіздігі менеджментінің жүйелері ‒ Талаптар/Occupational health and safety management systems ‒ Requirements
  2. ISO 14001:2004(Е) Экологиялық  менеджмент жүйелеріТалаптар және қолдану жөніндегі басшылық / Environmental management systems ‒ Requirements with guidance for use
  3. ISO 50001:2011  Энергетикалық менеджмент жүйелеріТалаптар және қолдану жөніндегі басшылық / Energy management systems ‒ Requirements with guidance for use
  4. ISO 9001:2008  Сапа менеджментінің жүйелері – Талаптар/Quality management systems ‒ Requirements

Қосымша

МЕНЕДЖМЕНТТІҢ КІРІКТІРІЛГЕН  ЖҮЙЕСІ

OHSAS 18001:2007 (4.3.1.)

Жұмыс орнындағы тәуекелдерді (қауіпті және зиянды факторларды) талқылау парағы ____________                                                                                                                                                 цех

1. Т.А.Ә.:_________________________________

2. Кәсібі:____________________________

3. Кәсібі бойынша жұмыс өтілі:__________________________

4. Сіздің жұмыс орныңызда қандай тәуекелдер (қауіпті және зиянды факторлар) бар?

Қауіпті өндірістік факторлар

р/с

Аталуы

Тәуекелді белгілеу +/-

1.

Технологиялық және басқа жабдықтардың айналатын, жылжымалы бөліктері.

2.

Көтеруші-көліктік тетіктер мен жылжытылатын жүктер.

3.

Қозғалатын машиналар мен тетіктер.

4.

Разрушающиеся конструкции технологиялық жабдықтың, технологиялық құбыржолдардың, бу мен ыстық су құбыржолдарының қирайтын құрылымдары.

5.

Ғимараттар мен құрылыстардың қирайтын құрылымдары.

6.

Технологиялық жабдықтың, бу мен ыстық су құбыржолдарының жоғары температурасы.

7.

Ерітінді, бу, конденсат, материалдың жоғары температурасы.

8.

Газ тұтынатын жабдық.

9.

Газға қауіпті жұмыстар.

10.

Аспаптардың, айлабұйымдардың, химиялық ыдыс пен жабдықтың беттеріндегі кедір-бұдырлық пен қылауықтар, өткір жиектер.

11.

Аспаппен, білдекте  жұмыс істеген кезде материалдан ұшатын бөлшектер.

12.

Балқыған металдың ұшқындары, шашырандылары.

13.

Химиялық жемір заттар (қышқыл).

14.

Биіктіктегі жұмыс.

15.

Электр тогының әсер етуі.

16.

Тосқауылдар.

17.

Тұтану, өрт.

18.

Адам факторы (қате іс-әрекеттер немесе шешімдер, өз міндеттерін толықтай орындамау, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын бұзу, жұмыстар жүргізуді қанағаттанғысыз ұйымдастыру, нашар үйретілгендік пен практикалық дайындалғандық, персоналдың өрескел абайсыздығы).

Зиянды өндірістік  факторлар

1.

Химиялық заттардың уытты, тітіркендіруші әсер етуі.

2.

Жеткіліксіз жарықтандыру.

3.

Өндірістік шу, діріл.

4.

Ауаның жоғары  температурасы.

5.

Қысқы кезеңдегі ауаның төмен температурасы.

6.

Пісіру аэрозолінің құрамындағы газ тәріздес уытты заттар.

7.

Пісіру доғасының қарқынды  инфрақызыл сәулелендіруі.

8.

Физикалық асқын жүктемелер.

5. Сіздің жұмыс орныңызда қосымша тәуекелдер (жоғарыда көрсетілмеген) бар ма және қандай?

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

6. Сіздің жұмысыңыздың орындалуын не нәрсе қиындатады?______________________________________________________________

__________________________________________________________________________

7. Өзіңіздің жұмыс орныңызда жұмысты орындау қолайлы болу үшін нені ұсына аласыз?_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

Жұмыскер: ________________________________________

                                          (күні, қолы, қолдың анық оқылуы)

Тікелей басшы: ____________________________________

                              (күні, қолы, қолдың анық оқылуы )

Цех бастығы: ______________________________________

                                 (күні, қолы, қолдың анық оқылуы )

http://eru-otruda.mcfr.kz



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль