Қарағанды облысының қала түзуші кәсіпорындарындағы 2015 жылғы кәсіптік ауруға шалдығушылық

83
Қарағанды облысының қала түзуші кәсіпорындарындағы 2015  жылғы кәсіптік ауруға шалдығушылық
Сусметова Галина Витальевна
Автор журнала «Охрана труда. Казахстан», главный специалист отдела санитарно-эпидемиологического надзора за промышленными и коммунальными объектами Департамента по защите прав потребителей Карагандинской области
Мақалада Қарағанды облысы өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмысшыларының кәсіптік ауруға шалдығушылығының жай-күйі, оны төмендету мен профилактикасы бойынша негізгі іс-шаралар көрініс тапқан. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысшыларының кәсіптік ауруға шалдығушылығына талдау жасау жүргізілген.

Өндірісте еңбектің толықтай қауіпсіз және зиянсыз жағдайларының болмайтыны белгілі. Статистиканың мәліметтері бойынша, еңбек жоғалтуларының  20-дан   40 %-ына дейінгісіне еңбектің қанағаттанғысыз жағдайларымен, басқаша айтқанда, кәсіптік тәуекелдермен байланысты аурулар жағдай жасайды. Кәсіптік тәуекелдер теориясын негізге ала отырып, оларды еңбек қызметінде толықтай болдырмау іс жүзінде мүмкін емес, алайда оларды әртүрлі бағыттағы профилактикалық, сауықтыру және оңалтушылық іс-шаралар өткізу арқылы басқаруға болады.

Өндірісті ұйымдастырудың аса маңызды қағидаттарының бірі – өндірістік процестің барлық сатыларында еңбектің қауіпсіз және зиянсыз жағдайларын жасау.

Қарағанды облысында өнеркәсіптік объектілерге санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бақылауында 1 321өнеркәсіптік кәсіпорын бар; жұмыс істеушілер саны – 131 612 адам, олардың – 34 913-і әйелдер; оның ішінде еңбектің зиянды жағдайларымен 75 213 адам (57,1 %) қамтылған, жалпы саннан 15 640 әйел (11,9 %) еңбектің зиянды жағдайларында жұмыс істейді.

2015 жылы  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі м.а-ның 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығымен бекітілген міндетті медициналық тексеріп-қарауларды өткізу Қағидаларына сәйкес 75 213 адам, олардың  15 640-ы – әйелдер, медициналық тексеріп-қарауларға жатады.

Ағымдағы кезең ішінде – 74 654 адам қарап-тексерілді, бұл  99,3 %-ды құрайды; олардың 15 430 (98,6 %).-ы – әйелдер.

2015 жылы  10 000 жұмыс істеушіге кәсіптік ауруға шалдығушылық көрсеткіші 51,7-ні (2014 жылы – 46,2) құрады.

2015 жылы өнеркәсіптің барлық салалары бойынша кәсіптік ауруға шалдығушылық  681 оқиғаны құрады, бұл 2014 жылға қарағанда (665 оқиға)  16 оқиғаға көп (1 кесте, 1, 2 диаграмма). Түсті металлургия саласында кәсіптік ауруға шалдығушылықтың 194 оқиғаға, өзге салаларда – 6 оқиғаға өскені байқалды. Кәсіптік ауруға шалдығушылық көмір өнеркәсібінде  173 оқиғаға, қара металлургияда –  11 оқиғаға төмендеді. 

Қарағанды облысының қала түзуші кәсіпорындарындағы 2015  жылғы кәсіптік ауруға шалдығушылық

Қарағанды облысының қала түзуші кәсіпорындарындағы 2015  жылғы кәсіптік ауруға шалдығушылық

2 диаграмма

Қарағанды облысы бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмыскерлерінің 2015 жылғы кәсіптік ауруға шалдығушылығы 

Қарағанды облысының қала түзуші кәсіпорындарындағы 2015  жылғы кәсіптік ауруға шалдығушылық

Өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы нозологиялық формалар бойынша кәсіптік ауруға шалдығушылық құрылымы мынадай болды ( 2 кесте, 3 диаграмма):

Түсті металлургия – 533 оқиға (78,3 %):

  • тірек-қозғалыс аппаратының аурулары – 147 оқиға (27,6 %);
  • тыныс алу мүшелерінің аурулары – 267 оқиға (50,1 %);
  • есту мүшелерінің аурулары – 118 оқиға (22,1 %);
  • өзгелері – 1 оқиға (0, 2 %).

Қара металлургия – 10 оқиға (1,5 %):

  • тірек-қозғалыс аппаратының аурулары  – 4 оқиға (40 %);
  • тыныс алу мүшелерінің аурулары  – 4 оқиға  (40 %);
  • есту мүшелерінің аурулары  – 1 оқиға (10 %);
  • өзгелер – 1оқиға (10 %).

Көмір өнеркәсібі – 131 оқиға (19,2 %):

  • тірек-қозғалыс аппаратының аурулары   – 82 оқиға (62,6 %);
  • тыныс алу мүшелерінің аурулары   – 35 оқиға (26,7 %);
  • есту мүшелерінің аурулары   – 14 оқиға (10,7 %).

Өзгелер – 7 оқиға (1,02 %):

  • тірек-қозғалыс аппаратының аурулары    – 1 оқиға (14,3 %);
  • тыныс алу мүшелерінің аурулары    – 5 оқиға (26,7 %);
  • есту мүшелерінің аурулары    – 1 оқиға (14,3 %);
  • өзгелер – 2 оқиға (28,6 %).

Түсті металлургия саласында кәсіптік аурулар санының 194 оқиғаға  (533 оқиға –  2015 жылы; 339 –  2014 жылы) артқаны тіркелді.

Түсті металлургия саласындағы өсу силикоздармен (+82), радикулиттермен (+43), полинейропатиямен (+25), нашар естумен (+46) және өзгелерімен (+1) ауруға ұшыраушылық есебінен болып өтті.

Кәсіптік ауруға шалдығушылықтың өсуі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кәсіпорындарында орын алды.

Түсті металлургия саласында кәсіптік аурулар өсуінің себептері: шаң басу режимін сақтамау, шаңнан қорғайтын жеке қорғану құралдарын (бұдан әрі – ЖҚҚ) тұрақты қолданбау, қолайсыз микроклиматтық факторлар, қауіпсіздік техникасын және дірілдік аспаптармен жұмыс істеу режимін бұзушылық.

Қара металлургия саласында кәсіптік ауруға шалдығушылықтың 11 оқиғаға төмендегендігі  (10 оқиға – 2015 жылы, 21 – 2014 жылы) атап өтілді.

Көмір өнеркәсібі кәсіпорындарында кәсіптік ауруға шалдығушылық 173 оқиғаға төмендеді (131 оқиға – 2015 жылы, 304 оқиға – 2014 жылы).  «АрселорМиттал Теміртау»  АҚ Көмір департаменті кәсіпорындарында  122 оқиға  (93,1 %) тіркелді.

Қарағанды облысының қала түзуші кәсіпорындарындағы 2015  жылғы кәсіптік ауруға шалдығушылық

3 диаграмма

Нозологиялық формалар бойынша кәсіптік ауруға шалдығушылық құрылымы (681 оқиға)

Қарағанды облысының қала түзуші кәсіпорындарындағы 2015  жылғы кәсіптік ауруға шалдығушылық

Көмір өнеркәсібі кәсіпорындарында кәсіптік ауруға шалдығушылықтың төмендеуіне қарамастан еңбек жағдайлары қолайсыз болып сипатталады, мұның себебі – тау-кен жұмысшыларына зиянды өндірістік факторлардың – шудың, дірілдің, шаңданғандықтың әсер етуі.

2015 жылы облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарында созылмалы кәсіптік аурулар туындауының жағдайлары мен мән-жайлары мыналар болып табылады:

  • технологиялық процестердің жетілдірілмегендігі – 32,5 %;
  • машиналардың, тетіктердің, жабдықтардың, айлабұйымдар мен аспаптардың құрылымдық кемшіліктері – 23,7 %;
  • еңбек пен демалыстың белгіленген режимін бұзу – 26,5 %;
  • ЖҚҚ-н қолданбау – 17,3 %.

4 және 5 диаграммаларда кәсіптік аурулардың жастық құрылымы мен еңбектің зиянды жағдайларындағы жұмыс өтілі бойынша кәсіптік ауруға шалдығушылық құрылымы ұсынылған.

Қарағанды облысының қала түзуші кәсіпорындарындағы 2015  жылғы кәсіптік ауруға шалдығушылық

5  диаграмма

Еңбектің зиянды жағдайларындағы жұмыс өтілі бойынша кәсіптік ауруға шалдығушылық құрылымы

Қарағанды облысының қала түзуші кәсіпорындарындағы 2015  жылғы кәсіптік ауруға шалдығушылық

Алдын ала және мерзімдік медициналық тексеріп-қарауларды өткізу кәсіптік аурулардың профилактикасы болып табылады.

 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында кәсіптік ауруларды белсенді айқындау және дәрігерлік-медициналық комиссияларды кәсіптік патологтармен толықтырудың; емдеу-профилактикалық мекемелерді, медициналық санитарлық бөлімдер мен денсаулық сақтау пункттерін қажетті диагностикалық жабдықпен қамтамасыз етудің және өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмысшыларын медициналық тексеріп-қараулардан өткізу сапасын жақсарту есебінен кәсіптік ауру күдігі  бар 537 адам айқындалды, олардың 9-ы – әйелдер.

Профилактикалық тексеріп-қараулардың барысында жалпы аурулар айқындалған тұлғалардың саны  2 302 адамды құрады, олардан бірінші рет айқындалғандары – 1500 адам.

Уақытша ауыстыруға  193 адам, тұрақты ауыстыруға – 227 адам мұқтаж болып отыр.

Медициналық тексеріп-қараулардың нәтижелері бойынша стационарлық зерттеліп-тексерілуге  736 адам, емделуге – 23 адам жіберілді.

 2015 жылы кәсіптік уланулар тіркелген жоқ.

Жұмыскерлер еңбегі жағдайларының жай-күйі кәсіптік ауруға шалдығушылық көрсеткіштерінен және кәсіптік аурулардың салдарынан болатын мүгедектіктен көрініс табады. Басқа негізгі ауруларға қарағанда, кәсіптік аурулар сирегірек кездесетініне қарамастан, олардың әлеуметтік маңызы зор, өйткені олар еңбекке қабілетті жастағы тұлғалардың елеулі бөлігін зақымдайды, көбінде ауыр өтеді және еңбекке қабілеттіліктен айырылудың себебі болып табылады.

http://eru-otruda.mcfr.kz



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль