Жұқа қабатты оттан қорғайтын, ісінетін жабындар

73
Жұқа қабатты оттан қорғайтын, ісінетін жабындар
Мақалада Алматы қаласындағы «Жану проблемаларының институты» РМК-нда оттан қорғайтын жабындарға өткізілген сынаудың нәтижелері ұсынылған

Өнеркәсіптік және қоғамдық ғимараттардың заманауи құрылысын болат салмақ көтеруші құрылымдарды пайдаланусыз көз алдына келтіру мүмкін емес. Салмақ көтеруші құрылымдардың бұл үлгісінің артықшылығы дау тудырмайды. Алайда өрт шыққан жағдайда болат құрылымдар осал болып келеді, өйткені бұл материал өзінің құрылымдық беріктігін  500 °С температура кезінің өзінде-ақ жоғалтады. Болатта жоғары жылу өткізгіштік қасиет бар,  сондықтан тіпті шомбал болат құрылымдардың өзіндегі отқа төзімділік шегі 15 минуттан аспайды.

Металл құрылымдарының оттан қорғануы

Соңғы 10–15 жылда металл құрылымдарды металл бетіне оттан қорғайтын жұқа қабатты  жабындарды (жабынның құрғақ қабатының қалыңдығы 0,5-тен 3 мм-ге дейін) жағудың көмегімен оттан қорғау кең таралды. Бұл дүниежүзілік және отандық нарықтарда заманауи жылу кеңейтуші оттан қорғау жабындарының пайда болуының арқасында болып өтті [1–3]. Бұл материалдарда оттан қорғаудың жоғары тиімділігі ғана емес, сондай-ақ тамаша сыртқы түрі де бар, бұл оларды қосымша әсемдік жабындарынсыз-ақ өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

Оттан қорғайтын материалдар  әзірлеудегі неғұрлым перспективалық бағыттардың бірі – жылу мен жалын әсер еткен кезде көбіктенген карбондалған қабат (көбіккокс) түзу қабілетін иеленген композициялар жасау. Бетте түзілген көбіккокс  жылуөткізгіштіктің төмендігі мен жоғары кеуектілікті иелене отырып, жылудың жалыннан көшірілуін баяулатады, оттектің қорғалатын материал бетімен диффузиясына кедергі келтіреді, жануды газдық фазасында тежейді. Мұның бәрі қорғалатын материалдар температурасының артуына кедергі келтіреді және олардың отқа төзімділік шегін арттырады.

 [4, 5] жұмыстарда өткен ғасырдағы 50-жылдардың бас кезіндегі көбіктенуші кокс қалыптасу процесіндегі физикалық айналулар мен құрамдастарының  химиялық реакциялары туралы белгілі мәліметтерді жалпылау жолымен   аммоний полифосфаты негізіндегі көбіктенетін оттан қорғау жабындары материалтануының негіз қалаушы ұғымдары тұжырымдалған.

Жану проблемалары институтында металл құрылымдарға арналған, жылтырсыр негізіндегі «X-Flame» және су-дисперсиялық негіздегі  «Покрозан»  оттан қорғайтын көбіктенуші жабындар әзірленді және өндірілуде. Ағаш құрылымдар үшін  «Пос-Био» сіңірілетін құрам өндіріледі.

Комозициялардың от және жылу оқшаулағыш қасиеттерін сынаулар Ресей Федерациясы ТЖМ Бүкілресейлік өртке қарсы қорғаныстың ғылыми-зерттеу  институтының әдістемесі бойынша Қазақстан Республикасы ТЖМ өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныстың Арнаулы ғылыми-зерттеу орталығының мамандарымен бірге  жүргізілді. Құрамдарды сынаулар ауа жанарғысынан шығатын газдар (пропан) ағынымен  25–900 °С температура аралығында біржақты  қыздыру режімінде өтті.  900 °С температураға бір сағаттың ішінде қол жеткізілді.

Сынақтардың  нәтижелері  «X-Flame» жабынының оттан қорғаушылық жоғары сипаттамаларға ие екендігін және үздік дүниежүзілік аналогтардан қалыспайтындығын көрсетті. Оның келтірілген қалыңдығы  6–10 мм пластиналар үшін оттан қорғау тиімділігі  120-дай  минутты құрайды. Қазіргі уақытта бұл жабынға тауарлық белгі тіркелген [6], оның сериялық өндірісі басталды.

1 кестеде қазіргі уақытта оттан қорғаушы құрамдардың Қазақстан Республикасында ұсынылатын сипаттамалары келтірілген. Бұл кестеден «X‑FLAME» жабынының болат құрылымдарды өрттерден қорғауға арналған неғұрлым тиімді құрамдардың бірі болып табылатындығы көрініп тұр, бұл оған шетелдік аналогтармен ойдағыдай бәсекелесуге мүмкіндік береді.

1 кесте

Жабындардың Қазақстан Республикасында ұсынылатын салыстырмалы оттан қорғау сипаттамалары

Оттан қорғау жабынының аталуы

tp, мм

h, мм

Q*, кг/м2

R60

X-FLAME

3,4

0,6

1,1

ФОСКО-1

3,4

1,0

1,2

ПОКРОЗАН-М

3,2

0,8

1,6

АВАНГАРД

3,4

1,20

2,25

ТЕРМА ЛЮКС-Z

3,4

1,2

2,0

ПЕНТАФОС

0,6

АРМОФАЙЕР

3,4

0,85

1,51

R90

X-FLAME

5,6

1,0

1,8

АВАНГАРД

7,4

0,94

1,69

ТЕРМА ЛЮКС-Z

5,9

1,6

2,6

ПЕНТАФОС

5,7

0,8–0,9

АРМОФАЙЕР

5,8

1,25

2,2

R120

X-FLAME

5,6

1,3

2,4

ПОКРОЗАН-М

3,2

0,9

1,8

ФОСКО-1

3,5

2,0

2,5

АВАНГАРД

5,7

2,0

3,9

ТЕРМА ЛЮКС-Z

7,7

2,1

3,15

ПЕНТАФОС

АРМОФАЙЕР

2,2

3,9

Ескерту:

R60, R90, R120: оттан қорғау тиімділігі – тиісінше 60, 90 және 100 минут.

(tp) – металдың келтірілген қалыңдығы;

h – жабын қабатының қалыңдығы;

Q* – жабын шығыны.

Көбіктенуші жабындардың оттан қорғаушы жоғары сипаттамаларын алуда металл және ағаш құрылымдарының өңделетін беттерін алдын ала дайындаудың маңызы зор. Бетті нашар дайындау, жабындар жабудың технологиялық режімдерін сақтамау, оттан қорғау жабынының қате жүйесін таңдау жабындар ақауларының түзілуіне, және осының салдары ретінде еңбек шығындары мен өңдеудің өзіндік құнының артуына әкелуі мүмкін.

Оттан қорғау жабындарының мүмкін болатын ақауларының негізгі үлгілері айқындалды:

·                    жабындарды пайдалану процесінде туындайтын ақаулар;

·                    бетті дұрыс дайындамағандықтан, дұрыс боямау мен жабындарды қатырмаудан туындайтын технологиялық ақаулар.

Оттан қорғау жабынының ақауы

1. Шегірен. Жабынның бұлдыр және толқын тәріздес  тегіс еместігі түрінде көрініс береді. Негізгі себептері:

1. Пневмотозаңдандыруды жүргізу кезінде бояу тозаңдатқыштың шүмегі боялатын беттен тым алыс орналасты, немесе өңдеу кезінде сығылған ауаның өте жоғары қысымы пайдаланылды.

2. Бояушы ағыншаның мөлшері реттелмеген.

3. Жабынды жұмыстық тұтқырлыққа дейін араластыру үшін пайдаланылатын еріткіш оттан қорғайтын материалдың бұл үлгісіне  сәйкес келмейді.

4. Жабынды жағу кезінде ауаның қанағаттанғысыз температурасы мен ылғалдылығы.

5. Қорғаныс материалының боялатын астарға нашар жағылуы.

6. Боялған беттің әртүрлі учаскелеріндегі жабын қалыңдығының біркелкі еместігі.

7. Жабынды жағу және қатаю кезінде ауаның  өте жоғары қайта айналысы (еріткіштің боялатын беттен өте жылдам буланып кетуі).

2. Ағындылар немесе шорлар. Өңделетін құрылымдардың вертикаль және көлбеу учаскелерінде жағу және қатаю кезінде оттан қорғау материалының ағуынан түзілетін, жабындар қалыңдығының жергілікті әртектіліктері. Ағындылар жоғарыда көрсетілген себептерден бөлек, бояу тозаңдандырғыштың боялатын бет жазықтығына  қатысты дұрыс орналастырмаудан (бояу тозаңдандырғышты боялатын бетке қатысты перпендикуляр ұстау қажет); бояу тозаңдатқыштың шүмегі мен боялатын беттің арасындағы қашықтықтың өте жақындығы немесе бояу кезінде бояу тозаңдандырғышты өте баяу қозғалтудан туындауы мүмкін. Сондай-ақ ағындылар мен шорлар жабын тұтқырлығы мен сығылған ауа қысымының арасындағы арақатынастың дұрыс еместігінен; вертикаль бетке жабынның өте қалың қабатын жағу кезінде (1 өту кезінде 0,5-0,6 мм құрғақ қабат алу мүмкін болады) түзілуі мүмкін. Боялатын құрылымдардың өткір жиектеріндегі жоғары қарай биіктік тарту да ағындылар мен шорларға әкелуі мүмкін.

3. Жарықшақтар. Жабын бетіндегі өрнектік шытынаулар, ол қолтырауын терісін еске салады. Бұл ақау көбінесе жабындарды пайдалану процесінде пайда болады, бірақ оларды жағу кезінде де туындауы мүмкін.

Ақаудың пайда болу себебі толық кеуіп үлгермеген төменгі қабатқа тез кебетін жоғарғы қабатты жағу; өзара үйлеспейтін материалдар кешенін пайдалану  болуы мүмкін.

4. Көпіршіктер. Жабынның жекелеген учаскелерінің ісінуі. Көпіршіктер – бетті сапасыз дайындау мен жабынды ылғалды бетке жағудың нәтижесі; оттан қорғау жабынында немесе сығылған ауада су немесе минералды май бөлшектерінің болуы; сондай-ақ жабынды тікелей күн сәулелері кезінде қызған бетке жағу және кеппеген бетке ылғалдың келіп түсуі.

Оттан қорғау жабындары ақауларының негізгі бөлігі бетті сапасыз дайындаудан түзілетіндіктен, ластықтан, құмнан, шаңнан, зеңнен, майдан, майлаудан, таттан, тотығудан, ескі жабындардың қалдықтарынан және басқаларынан мұқият тазартуды жүргізу қажет. Бетті дайындау мен бояудың арасындағы уақыттық арақашықтық  – беттің жаңадан ластануын болдырмау үшін мүмкіндігінше аз болуы тиіс.

Жабындарды жағу мен қатуының технологиялық режімдерін (ауа температурасы, ылғалдығы, уақыт) сақтау қажет. Құрылымдарды өңдеуді жабық үй-жайларда жүргізу. Металл беттерді бояу кезінде металл температурасы шық температурасынан 3°-қа жоғары болуы (ауа конденсациясын болғызбау үшін) тиіс.

Бояу таза және ақаусыз жабдықтың көмегімен жүргізіледі.

Шегірен, ойықтар, былғаныштық, қатпарлылық, жарықшақтар, ағындылар, көпіршіктер, тесіктер, «балық көзі» сияқты ақаулардың көпшілігі ақау түзілген жердегі жабынды ажарлап, негізгі технология бойынша жабынның жаңа қабатын одан әрі жағумен кетіріледі. Жөндеу жүргізілетін аймақтағы жабынның қалыңдығы негізгі жабынның қалыңдығына сәйкес келуі тиіс.

Металл құрылымдарын сапалы өңдеу, туындаған проблемаларды жою мен жұмыстар сапасын арттыру үшін мынадай ұсынымдарды сақтау қажет:

·  сапалы бояу қабатын (ХС-031 және ФЛ-03К үлгісіндегі) пайдалану.  ГФ-021 бояу қабатын егер ол технология қатаң сақталған жағдайда жасалса, пайдалануға болады;

·  Бұл оттан қорғау жабыны үшін тура келетін еріткішті пайдалану. Ауамен тозаңдандыру аппараттарын пайдаланған және жұмыстарды ыстық ауа райында (25 °С-тан жоғары) жүргізген кезде жабынға қайнауы неғұрлым жоғары еріткіштерді (толуол, ксилол) қосу қажет. Қарама-қарсы жағдайда еріткіштің көп бөлігі ауаның өзінде буланып, органикалық байланыстырғыш пен жабынның құрғақ құрамдастарынан тұратын  «тор» түзеді.

 «X-Flame» оттан қорғайтын  көбіктенуші жабынның тәжірибелік партиялары Қазақстандағы аса ірі құрылыс корпорациялары: «Базис-А», «СИМБЛ»,  «Туркуаз Констракшен» компаниясы салған объектілерде металл құрылымдарын өрттерден қорғау үшін пайдаланылды. «Астана Коммерц», «Аист-Сервис», «Пожцентр Восток» және басқа компаниялардың қатысуымен «X-Flame» жабыны Астана қаласындағы  Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы, Қазақстан тарихының Ұлттық мұражайы, әуежай мен «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының құрылысында; Өскемен қаласындағы орталық стадион мен «Казцинк» корпорациясының өнеркәсіптік корпустары; Алматы қаласындағы  «Hyundai Auto» және «Carlux» автосалондарының, «Бавария»сауда үйінің және т.б. құрылысында пайдаланылды.

Әдебиет тізімі

  1. Ефремов В. Л., Лейман З. А., Хабибуллин Ф. Х. Тонкослойные огнезащитные вспенивающиеся покрытия: исследование и применение их в Республике Казхахстан // Тезисы докл. Proceedings of the Joint International YIII Symposium «Combustion & Plasmochemistry» and Scientific & Technical conference «Еnergy Efficiency–2015». – Алматы, 2015. –  133–136 б.
  2. Корольченко А. Я., Корольченко О. Н. Средства огнезащиты. – Москва: Пожнаука, 2009. – 553 с.
  3. Корольченко А. Я., Корольченко О. Н. Средства огне- и биозащиты. - Москва: Пожнаука, 2010. – 253 б.
  4. Ненахов С. А., Пименова В. П. Влияние концентрации газообразующего агента на закономерности развития пенококса огнезащитных составов // Пожаровзрывобезопасность – 2010. – Т. 9, № 3. –  14–26 б.
  5. Ненахов С. А., Пименова В. П. Физико-химия вспенивающихся огнезащитных покрытий на основе полифосфата аммония // Пожаровзрывобезопасность. –2010. – Т. 10, № 8. –  51–58 б.
  6. Товарный знак на огнезащитное покрытие «X-Flame». Номер заявки 48486 от 29.10.2009. 

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»   



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль