Француз патшаларының алмас мөрі

33
Француз патшаларының алмас мөрі
Тыналин Алим Онербекович
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрист, г. Алматы
Қазан айының басында, далада өн бойыңнан өтетін жаңбырлар жиілетіп, әбсәтте күн ашылып, жып-жылы қоңыр күзге айналып кететін кезде, Әнуар бір креативті компаниядан хат алды. Әрі ол өте ерекше әдіспен жеткізілді.

Қазан айында құжаттармен жұмыс бір сәтке де тоқтамайды. Әнуар өзгеше клиенттерінің ерекше тапсырмаларын  орындауға  мәжбүр. Сонымен бірге ол құжат айналымы саласында қазақстандық заңнаманы сақтауға да тырысады!

Қазан айының басында, далада өн бойыңнан өтетін жаңбырлар жиілетіп, әбсәтте күн ашылып, жып-жылы қоңыр күзге айналып кететін кезде, Әнуар бір креативті компаниядан хат алды. Әрі ол өте ерекше әдіспен жеткізілді.

Есептемесімен айналысып кеткен жас жігіт, аяғының астындағы түкті бірдемені бірден байқамады. Төменге қарап, ол селк ете түсті: оның жанында фокстерьер тұқымының төбеті отырды. Ол құйрығын бұлғаңдатып,  Әнуарға қарап тұрды, ауызында қағаздары бар пакеті бар.

Жарнама жөніндегі менеджер бұл «Ерекше қызмет көрсету бюросымен» байланысты екенін бірден сезді. Ол пакетті алып (төбет, таң қалған қызметкерлерге бір қарады да, кеңседен шығып кетті), ашық пластикке оралған конвертке қарап, олардың тұрақты тапсырыскері –  таңғажайып компанияның жаңа тапсырмасы екеніне көзі жетті.

Жөнелтуші енді олар «Ерекше оқиғалар агенттігі» деп аталатынын ескертіп, Әнуар үшін жаңа тапсырма туралы хабарлады.

Конвертте,  мөр басуды қажет ететін «Бейбарыс» холдингінің бас директорын тағайындау туралы бұйрық болды. Әрі тапсырыскер, жай ғана мөртабан емес, ол – Париждегі Луврда сақталатын француз патшаларының жәдігерінің көмегімен қойылатын, нағыз алмас мөрді қалапты.

Басында Әнуар бұл қиын тапсырмадан бас тартқысы келді. Бірақ басшы батылсыздық көрсетуге жол бермеді. Директорды қаламақының сомасы, сондай-ақ қызметкердің назарынан тыс қалған өзге де жағдай  қызықтырды.

– Ақымақ, – деді ол Әнуарға. – Париждегі іссапардан бас тартасың ба?

Екі күннен кейін Әнуар Елисей алаңында бақыттан басы айналып жүрді.

***

Мұражай директоры үзілді-кесілді француз патшаларының мөріне қатысты амалдардан да бас тартты. Ол Әнуарға, мөрдің тарихи құндылық екенін, оны қандай да бір құжаттарды куәландыру үшін пайдалануға болмайтыны туралы жазбаша түрде жауап берді.

Жас жігіт Лувр әкімшілігінен шықты да, үмітсіздікпен мұражайды аралап, суретшілердің сансыз суреттері мен өнердің ғажайып шығармаларына қызығып жүрді.

Ол мұражай қызметкеріне пара беріп, мөрді бір минутқа болса да пайдалануға көндіруді жоспарлаған.  

Бірақ, көп ойланып, және қауіпсіздік қызметінің жөнге салынған қызметінің іс-әрекеттерін байқап, Әнуар бұл идеядан бас тартты. Олай істеген болса, шынымен жағымсыз жағдайға ұрынуы мүмкін еді.

Алмас мөрге әбден қызығып (құны жеті миллион евро, әртүрлі көлемдегі отыз алмастан тұрады, Бурбондар әулеті патшаларының таңбасы мен ұраны бейнеленген), ол қонақ үйге келді.

«Ерекше оқиғалар агенттігінің» тапсырмасын қайта оқып, ол бұрын назар аудармаған қосымша жазуды байқады.

Оның тапсырыскері, қиындықтар туған жағдайда, Мұрағат ісі мен құжаттану комитетінің басшысына жүгінуге болатынын мұқият хабарлапты.

Келесі күннің ертеңінде Әнуар комитет хатшысы месье Ферердің қабылдауында болды. Оның өтінішін тыңдаған хатшы, күлімдеді де, бір жерге қоңырау соқты, біреумен бес минут бойы сөйлесті де, содан кейін екі сағаттан кейін Әнуарды Луврда күтетінін хабарлады.

– Мөрді өз мақсаттарыңыз үшін пайдалануыңызға болады, – деді ол.

Мәселесінің шешілгеніне қуанған Әнуар, өзінің құтқарушысына алғысын айтып, Луврға асықты.

Екі сағаттан соң бұйрыққа француз патшаларының алмас мөрі басылды.      

«Бейбарыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2015 жылғы 7  қазандағы

№ 007 БҰЙРЫҚ

Алматы қ.

Бас директордың лауазымын

атқару туралы

БҰЙЫРАМЫН:

2010 жылғы  00 айындағы «Бейбарыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестікті (бұдан әрі – Серіктестік) құру туралы № 1 шешімнің негізінде 2015 жылғы 8 қазаннан бастап Жазылбеков Ораз Байғали ұлы Серіктестіктің бас директоры лауазымын атқарсын   

 Бас директор __________________________ О. Жазылбеков

Екі күннен кейін, кеңседе, Әнуар әріптестерін қызғандырып, өзінің таңғажайып іссапары туралы әңгімелеп отырды. Месье Ферерге барған сапары туралы, құпиялылық түрінде қалсын деп, үндемеді.

Тапсырыскердің таңғажайып тапсырмасы бұл жолы да орындалды.

Нөмірдің сұрағы: Аталған бұйрықты әзірлеу мен ресімдеуде іс қағаздарын жүргізуде қандай бұзушылықтарға жол берілді?

№ 9 тапсырманың жауабы

Бұл әңгімеде іс қағаздарын жүргізу туралы заңнамасында келесі жөнсіздіктерге жол берілді:

1)       хаттарды ресімдеудің барлық ережелері бұзылды. Тек адресат қана дұрыс көрсетілген;

2)       халықаралық ғылыми зерттеуді орындаудың талаптары бұзылды.

     Жауаптарыңызды «Кәсіби шеберлік мектебі» (№ 10, 2015) белгісімен мына мекенжайға: 050009, Алматы қ., Шевченко көш., 165б/72г, 712 кеңсе немесе shkola@mcfr.kz электрондық поштаға жолдаңыздар, міндетті түрде тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын, лауазымыңызды, жұмыс орныңызды және толық пошталық мекенжайыңызды көрсетіңіз. Жүлделі ойынға журналдың кез келген нөміріне жауап беріп, қатыса алатындарыңызды ұмытпаңыздар.



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль