Шифрлама-хат – барлығын есте сақтап, жою!

29
Шифрлама-хат – барлығын есте сақтап, жою!
Тыналин Алим Онербекович
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрист, г. Алматы
Хатта, үш күннің ішінде оған бір адам келіп: «Соңғы кезде бір гигабайтты флешканы табу қиын болып кетті», – деген негізгі фразаны айтады. Әнуар оған: «Бес гигабайтты флешкаларды пайдаланған дұрыс», – деп жауап беруі керек.

Қараша айында жаңаланған бюро өзінің тұрақты қызметкеріне жаңа жұмыс дайындап қойды. Оған тағы да заңды бұзу қаупімен, берілген тапсырманы орындауға тура келеді.

Қараша бойы «Ерекше оқиғалар агенттігінен» ешқандай хабар болған жоқ. Тек айдың соңында пошташы бұл компаниядан хат әкелді. Әнуар, бұл жолы хатты бұрынғыдан да қызық, экзотикалық: әуе шарымен жеткізіледі немесе оны сусиырдың ауызынан шығаруға тура келетін шығар деп ойлаған еді. Бірақ бәрі әдеттегідей болды: Әнуар алғанын растап қол қойып, кері мекенжайы жоқ кәдімгі конвертті ашты.

Басында ол тапсырманың мағынасын түсінбеді. Бірнеше рет оқыған соң, ол тапсырманың ерекшелігіне таң қалды.

Ол хат «Кемпірқосақ» агенттігіне емес, оның жеке басына жіберілген екен. Ол бұл хат туралы компанияның басқа қызметкерлеріне, тіпті, басшылыққа да жарияламауы керек екен. Хатта, үш күннің ішінде оған бір адам келіп: «Соңғы кезде бір гигабайтты флешканы табу қиын болып кетті», – деген негізгі фразаны айтады. Әнуар оған: «Бес гигабайтты флешкаларды пайдаланған дұрыс», – деп жауап беруі керек. Бұл сөздерге жауап: «Мен жеті гигабайтты флешканы ұнатамын»,– болады.

Егер ол адам басқаша жауап берсе, онда оның келесі сөздеріне емес, іс-әрекеттеріне назар аудару керек. Ал, фразалармен алмасу ойдағыдай болса, онда оның нұсқаулықтарын нақты және жедел орындау керек.

«Әнуар, бұл қалжың да емес, әзіл ойын да емес. Әңгіме біздің еліміздің қауіпсіздігі туралы болып тұр. Біз, бұл тапсырманы орындау, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне ешқандай залал келтірмейтініне кепілдік береміз. Керісінше, ол осы факторларды күшейтуге көмектеседі. Сіз бұл тапсырмаға барынша байсалдылықпен және сақтықпен қарағаныңыз жөн», – деп жазылған жолдауда.

Біртүрлі жолдаудың соңында келесі тапсырма болды: Әнуар фразалармен алмасу рәсімін есіне сақтап алған соң, ол тез арада хатты жоюы керек.

Басында Әнуар шынымен әзіл деп ойлады. Бұл компаниядан бәрін күтуге болады. Бұның немен аяқталарын ешқашан білмейсің...

Алайда біраз ойланып, ол бұл тапсырманы орындаған дұрыс деп шешті. Фразаларды жаттап алып, ол хатты майда жапырақтарға жыртып, унитазға лақтырды.

Келесі күндері ол сақ болып жүрді, бірақ, ешнәрсе болмады. Үшінші жұмыс күнінің соңында компанияның жүйелік әкімшісі Анастас Әнуарға келіп: «Артық флешкаң бар ма?», – деп сұрады.

Әнуар бастыққа істелген жұмыс туралы тоқсандық есебін апаруға асығып тұрған, сондықтан:

– Жоқ, ренжіме, – деді.

Сол кезде Анастас ұқыпсыз дауысымен:

‒ Ал мен сүйікті флешкамды жоғалтып қойдым. Соңғы кезде бір гигабайтты флешканы табу қиын болып кетті. Менікі тура сондай болған, – деді.

‒ Қайтесің енді, – деді ойланып кеткен Әнуар.

Бірақ, содан кейін, ол, көптен күткен фразаны естігенін түсініп, қобалжып кетті. Анастас, бұдан қажетті жауапты күткендей, басқа жаққа қарап тұрды.

Шатысып, Әнуар:

  • Бес гигабайтты флешкаларды пайдаланған дұрыс, – деді.

Анастас оған қарап:

  • Мен жеті гигабайтты флешканы ұнатамын. Олар ыңғайлы, – деп жауап берді.

Оны естіген Әнуар бір орында мелшиіп тұрып қалды.

  • Жарайды, тауып алармын кейін. Машинам жөндеуде еді, бүгін мені апарып тастайсың ба, алыс емес – бес квартал? – деп сұрады Анастас.

Бір сөз айтпастан, Әнуар келісіп, басын изеді.

Олар жұмыстан соң Әнуардың машинасының жанында кездесті. Ол әріптесін айтқан жеріне апарды. Ал Әнуар әлдебір интернет-кафеге барды.

Ол компьютерге отырып, жаңадан жасаған пошталық аккаунттан хабарлама жіберді. Хабарлама өте қысқа болды: «Орион» компаниясының кеңсесіне төрт жүз дана жиынтықтаушы жүкті жіберуіңізді өтінемін».

Содан кейін интернет-кафеден шығып, машинаға отырып, кетіп қалды.

Екі аптадан соң «Ерекше оқиғалар агенттігінің» қызметкері оның үйіне бір бума доллары бар пакет әкеп берді.

Нөмірдің сұрағы: Аталған хатты ресімдегенде және іс-әрекеттер барысында іс қағаздарын жүргізу және ұлттық қауіпсіздік туралы заңнаманың қандай бұзушылықтарына жол берілді?

№ 10 тапсырманың жауабы

Әңгімеде іс қағаздарын жүргізу туралы заңнамасында келесі жөнсіздіктерге жол берілді: тағайындау туралы бұйрық, холдингтің мөрі болмағандықтан, өз күшіне енген жоқ.

     Жауаптарыңызды «Кәсіби шеберлік мектебі» (№ 11, 2015) белгісімен мына мекенжайға: 050009, Алматы қ., Шевченко көш., 165б/72г, 712 кеңсе немесе shkola@mcfr.kz электрондық поштаға жолдаңыздар, міндетті түрде тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын, лауазымыңызды, жұмыс орныңызды және толық пошталық мекенжайыңызды көрсетіңіз. Жүлделі ойынға журналдың кез келген нөміріне жауап беріп, қатыса алатындарыңызды ұмытпаңыздар.



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль