«Мердігерлік ұйымдармен жұмыс» стандарты (2-бөлім)

52
«Мердігерлік ұйымдармен жұмыс» стандарты (2-бөлім)
Ұйымның объектілерінде өздерінің қызметін атқаратын мердігерлердің берілген стандарттың шарттары бойынша қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалау, таңдау, бақылау.

(Жалғасы. Басталды)

2.2. Шартты әкімшілік қамтамасыз ету

Мердігердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау бойынша басқару бағдарламасы келісімшартты әкімшілік қамтамасыз ету процесін көздейді, ол өзіне:

  • келісімшарт немесе баға ұсыныстарын сұрату құжаттары бойынша тендер дайындау үшін жауаптыны  (Әкімшіні) тағайындауды;
  • шарт (келісімшарт) жасасу үшін тендерді немесе басқа жағдайларды дайындауды;
  • шартты (келісімшартты) жасасу үшін басқа да іс-шараларды өткізуді;
  • келісімшарттарды жасасқанға дейін кездесулер ұйымдастыруды;
  • мәлімделген ұсыныстар мен келісімшарт жасасу жөніндегі ұсынымдарды үйлестіру процесін;
  • шарттың орындалуын бақылауды қамтиды.

Табысты үміткер тендерді дайындауға жауапты адамға және шарт кураторына (Әкімшісіне) өз ұйымының тендер талаптары мен шарттарына жауап бере алатындығын көрсетуі тиіс.

Ұйым іріктеу кезінде мыналарға сай келетін мердігерге ғана әділетті шешім шығаратын болады:

  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау бойынша жобалық талаптарға жауап беретін;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау бойынша қанағаттанарлық ақпарат ұсынған;
  • техникалық жағдайларға сәйкестігі алдын ала бағалаудан өткен;
  • шарт (келісімшарт) бойынша талаптарды қауіпсіз және тиісті сапамен орындауға қабілетті.

Келісімшарт жөніндегі әкімші:

  • мердігер таңдау рәсімін өткізу үшін техникалық тапсырманы әзірлеуге және анықтауға. Қажет болған кезде тәуекелдерді, рәсімдер мен ерекше талаптарды қосқанда жобаны талқылау үшін мердігердің өкілдерімен алдын ала кездесулер өткізуге;
  • мердігермен қауіпті факторлар мен экологиялық аспектілерді бағалауды есепке алумен жұмыстар көлемін талқылауға;
  • мердігерге ұйым қауіпсіздігінің қолданыстағы барлық талаптарын беруге;
  • жұмыстар жүргізу жобасын/жұмыстар ұйымдастыру жобасын, тәуекелдерді бағалау жөніндегі жоспарды және т.б. қарап шығуға;
  • «Мердігерлік ұйымдармен жұмыс» стандарты (2-бөлім) келісімшарт бойынша үміткерлердің біліктілік талаптарына жауап беруіне, олар берген ақпараттың дұрыстығына кепілдік беруге;
  • Заңнамалық және корпоративтік стандарттарды орындау шарттарының тендерлік құжаттамаға (баға ұсынысы) және келісімшарттық құжаттарға енгізілуіне кепілдік беруге міндетті.

 Мердігерді таңдау процесі аяқталғаннан кейін мердігердің шартты орындауға қатысушы қызметкерлерінің бәрі мыналарды орындағанын қамтамасыз ету және бақылау жүргізу:

  • жеке біліктілік куәлігінде көрсетілуімен жұмысқа жіберуге медициналық рұқсат алуы (медициналық тексеріп-қараудың нәтижелері);
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау бойынша кіріспе нұсқама алуы;
  • ұйым қауіпсіздігінің қолданыстағы стандарттарымен және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ерекше талаптармен таныстырылуы;
  • жұмыс орнында жұмыстар басталардың алдында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау бойынша нұсқама алуы.

«Мердігерлік ұйымдармен жұмыс» стандарты (2-бөлім)2.3. Мердігерді бақылау және мониторингі

Мердігер өз жұмысында ұйым талаптарына сәйкес келуі және ұйым стандарттарын ұстануы тиіс.

Шарттың орындалуын бақылау – мердігердің шарт бойынша қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтауына кепілдік беретін процесс. Ұйымның кез келген қызметкері бақылаушы болуы мүмкін.

Ұйым өкілдері (бақылаушылар) мердігердің қауіпсіздік саласындағы стандарттардың талаптарын сақтауына мониторингті тұрақты негізде өткізеді. Жұмыстарды орындаудың әрбір учаскесін тексерулер аптасына ең аз дегенде екі рет өткізіледі.

Ұйымның бақылаушысы егер қауіпсіздік тәуекелдері тиісті дәрежеде реттелмеген болса, немесе экологиялық талаптар көпе-көрінеу орындалмаса немесе экологиялық талаптарды орындамау салдарынан қоршаған ортаға жағымсыз әсер ету жүріп жатса, онда жұмысты тоқтатуға құқылы. Бақылаушы бақылаулардың және тексерулердің нәтижелерін шарт әкімшісіне жібереді.

«Мердігерлік ұйымдармен жұмыс» стандарты (2-бөлім) Мердігер ауысым алдындағы (немесе жұмыс күні ішінде) персоналды таңдамалы медициналық куәлендірудің өткізілуіне бөгет жасамауы тиіс.

Егер жұмыстарды орындау кезеңінде мердігердің қызметкері қауіпсіздік техникасы талаптарын өрескел бұзуға жол беретін болса, онда бұзушылық Актісі жасалады және мердігерлік ұйым кәсіпорынға жоғарыда көрсетілген бұзушылықтардың әрбір оқиғасы үшін шарт құнының 0,1 %-ы мөлшерінде айыппұл төлейді және мұндай бұзушылыққа жол берген қызметкер жұмыс орнынан бүкіл кезеңге шеттетіледі.

Қауіпсіздік талаптарының елеулі бұзылуы айқындалған жағдайда ұйым шартты біржақты бұзуға, сондай-ақ жұмыстарды орындауды айқындалған бұзушылықтар толық жойылғанға дейін тоқтата тұруға, бұзушылыққа жол берген жекелеген қызметкерлерді шеттетуге, оларды жұмыстарды бұдан кейінгі орындау құқығынсыз немесе құқығымен  тартуға құқылы.

Мердігер есептік айдан кейінгі әрбір айдың 5-күніне дейін, ай сайын ұйымның ҚТ департаментіне 2 қосымшада көрсетілген форма бойынша ақпарат ұсынуға міндетті.

2.4. Мердігер қызметін бағалау

Жұмыстар аяқталғаннан кейін аудиттер, тексерулердің, оқыс оқиғаларды тергеп-тексерудің көрсеткіштері мен нәтижелеріне негізделген, мердігерлік ұйым қызметін бағалау жүргізіледі. Әрбір мердігердің нәтижелері тізілімге енгізіледі.

Тізілімге енгізілетін ақпарат мыналарды қамтиды:

  • мердігердің аталуы;
  • орындалған жұмыстардың түрі;
  • «Мердігерлік ұйымдармен жұмыс» стандарты (2-бөлім) жұмыс істелген адам/сағат саны;
  • жазатайым оқиғалар саны;
  • жазатайым оқиғалардың дәрежесі;
  • кперсоналдың еңбекке қабілетсіздік уақытының мөлшері;
  • айқындалған бұзушылықтар саны;
  • тіркелген қауіпті жағдаяттар (жазатайымға жедеғабыл оқиғалар) саны;
  • ұйым аудиттері ескертулерінің саны;
  • шеттетілген персонал саны;
  • қызметті бес баллдық межелік бойынша бағалау.

Бағалаушы бес баллдық межелік:

  1. ҚТ нормалары мен ережелерінің толықтай жоқтығы;
  2. ҚТ талаптары мен нормаларын өте нашар орындау;
  3. қауіпсіздіктің жеткіліксіз деңгейі;
  4. ұйым талаптарына сәйкес келеді;
  5. ұйымның күтулерінен асып кетеді.

Мердігерлік ұйым  «4» немесе «5» бағасын алған жағдайда мердігерлік ұйым басшылығына алғыс хат жолданады.

Мердігер қызметін бағалаудың нәтижелері жаңа келісімшарттар жасасу кезінде есепке алынады. Ең жоғары баға алған ұйымдар мердігерлікті таңдау кезінде басымдыққа ие болады.

2-қосымша

МЕРДІГЕРДІҢ АЙ САЙЫНҒЫ ЕСЕБІНІҢ  ФОРМАСЫ

 _________________________________________ҚТ бойынша Есеп

(ұйымның аталуы)

 ___________________________ 201__ж. үшін

Аталуы

Көрсеткіш

1

Тартылған қызметкерлердің тізімдік орташа саны

2

Жұмыс істелген адам/сағат саны

3

Көліктік құралдардың километражы

4

Өліммен аяқталған ЖО саны

5

Жұмыс уақыты жоғалтылған ЖО саны

6

Еңбекке уақытша қабілетсіздік күндерінің саны

7

Мүліктің зақымданулары болған (авариялар, өрттер) оқыс оқиғалар саны

8

Оқыс оқиғалардан келген залал

9

ЖКО-ның саны

10

ҚТ бойынша өткізілген тексерулер саны (аудиттер, инспекциялар)

11

ҚТ бойынша айқындалған ескертулер саны

12

ҚТ бойынша жойылған ескертулер саны

13

Ауысым алдында өткізілген медициналық куәлендірулер саны

14

Шеттетілген персонал саны

15

ҚТ бойынша өткізілген кеңестер саны

16

Тіркелген шағын жарақаттар саны

17

Тіркелген жазатайым оқиғаларға жедеқабыл оқиғалардың  саны

3-қосымша

           ЖАУАПТЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ  ҚҰЖАТТЫ  КЕЛІСУ  ПАРАҒЫ

ҚҰЖАТ ӘЗІРЛЕНГЕН:

Жауапты тұлғаның Т.А.Ә.

      Лауазымы

Құжат әзірленген күн

     Қолы

ҚҰЖАТ КЕЛІСІЛДІ:

Жауапты тұлғаның Т.А.Ә.

     Лауазымы

Құжат келісілген күн

     Қолы

http://eru-otruda.mcfr.kz



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль