Сақ патшайымының жолдауы

33
Сақ  патшайымының  жолдауы
Тыналин Алим Онербекович
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрист, г. Алматы
2016 жылы Әнуар «Ерекше оқиғалар агенттігіндегі» біртүрлі қызметкерлердің басқаруына аутстаффингке ұсынылды. Әрі бақандай бір жылға. Ол желтоқсанда болған уақыт кеңістігіндегі саяхаттан кейін есін әрең жиды, бірақ, биылғы жылы одан да ұзақ сапарлар күтіп тұрғанын бірден түсінді.

Құрметті оқырмандар, сіздерді Жаңа жылмен құттықтаймыз! 2016 жылы жаңа биіктерге жетулеріңізді тілейміз! Сіздерге журналымыздың былтырғы басылымдарынан таныс болып қалған, «Кемпірқосақ» жарнамалық агенттіктің қызметкері – кейіпкеріміз Әнуарға да, жаңа, 2016 жылы берілетін барлық тапсырмаларды абыроймен орындап шығу үшін, көп күш салу қажет. 

2016 жылы Әнуар «Ерекше оқиғалар агенттігіндегі» біртүрлі қызметкерлердің басқаруына аутстаффингке ұсынылды. Әрі бақандай бір жылға. Ол желтоқсанда болған уақыт кеңістігіндегі саяхаттан кейін есін әрең жиды, бірақ, биылғы жылы одан да ұзақ сапарлар күтіп тұрғанын бірден түсінді.

Болжамдары тура келді. Тек қана компьютердің экранынан сөйлесетін, біртүрлі күдікті адам – капитан Немо, бірден оған жаңа тапсырма берді.

Әнуарды тағы да көне, есте жоқ ежелгі заманға іссапарға жіберді.

***

Ыстық күн қақтап тұрған, шөбі сирек тақыр далада, жалғыз тұрған Әнуарға аттылар құйғытып келе жатты...

Бастарында үшкір қалпақтары бар, қалың шапандар киіп, кең белбеулермен белдерін байлаған, садақтармен  және қылыштармен қаруланған  аттылар жарнамалық агенттіктің қызметкеріне жақындап келеді. Әрі жақсы ниетпен емес екені көрініп тұр. Бір уақытта олар Әнуарды қоршап алды.   

Бір күн бұрын Әнуар бірнеше күнін ежелгі сақ говорын зерттеген болатын, сондықтан қазір ол қоршап алған сарбаздардың нені талқылап тұрғанын жақсы түсінді.

– Бұның парсы тыңшысы екеніне күмәнім жоқ! – деп айқайлады олар. – Қараңдаршы киіп алған киімін.

Әнуар олай емес екенін, оның сақ патшайымына маңызды тапсырмамен жіберілгенін түсіндіруге тырысып көрді.

Осы кезде шулап кеткен сарбаздардың командирі оларға айқайлап жіберді де, Әнуардан бұл жерде не істеп жүргенін сұрады.

Әнуар алғашында өзінің «Кемпірқосақ» жарнамалық агенттігінің қызметкері екенін және әртүрлі креативті жарнамалық ұрандар жазатыны туралы айтып қала жаздады. Бірақ, дер кезінде есін жинап, Тұмар патшайымына жедел жолдаумен бара жатқанын хабарлады.

– Оның ұлы Спаргаписті парсылар тұтқынға алды, – деді ол. – Соны патшайымға хабарлау  керек.

Жаман хабарды естіген соң, аттылар Әнуарды бос атқа отырғызып, оны патшайымның сарайына алып кетті.  

Олар массагеттер тұрағына үш саған шапқан соң жетті. Әнуар, аттылардың күлкісін келтіріп,  аяғында әрең тұрды.

***

Оны ежелгі сақтардың дәуіріне, олардың Парсы қалаушысы, Ұлы Кирмен болған шайқасты зерттеуге жіберді. Осындай тапсырма бір беделді еуропалық ғылыми институтынан түскен. Әнуар мұндай қалың тарихи оқиғаның ішінде болатынын мүлде ойламаған.

Әнуарды әскери лагердің ішімен тікелей патшайымның үлкен шатырына апарды.

Алдында үлкен тақта сарбаздардың  қоршауында шашы ұзын сұлу әйел отырды. Басында патшайымға арналған алтын тәжі.

Әнуар сақтардың аңызға айналған Тұмар патшайымының қасында тұрғанын бірден білді.

Патшайым оған қатаң қарады да, ханзада туралы айтқаны шындық па, соны сұрады.

Әнуарға өзінің сөздерін қайталауға тура келді.

– Сенің айтқаныңды маған қазір ғана барлау басшысы растады, – деді патшайым. Содан соң ол көзін жұмып, ішіндегі шым ете қалған жан ауруынан сәл шайқалды. Айналасында тұрған сарбаздар парсыларға лағынет жаудырды. Тұмар тұрып, шатырға кіріп кетті.

Әнуарды кішігірім шатырға жайғастырды. Оның іс-әрекеттерін ешкім шектемеді, бірақ қасында үнемі, үшкір дулығалар киген, екі еңгезердей сарбаз жүрді.

Ертесі оны тағы да патшайымның алдына апарды.

Тұмар оған патша өкілдерінің құрамында парсылар билеушісіне баратынын, оның негізгі міндеті – Кирге сөзбе сөз келесі жолдауды жеткізу керек екенін айтты...Осы кезде ол жанында тұрған қартқа басын изеді, қарт кісі салтанатты түрде: «Қанішер Кир! Жеңісіңе масаттанбай-ақ қой. Енді менің кеңесіме құлақ сал: ұлымды өзіме қайтар да, басың аманда менің жерімнен табаныңды жалтырат. Егер сен тыңдамайтын болсаң, массагеттер  әміршісі Күн құдайының атымен ант етемін, қаншалықты тойымсыз болсаң да, мен сені өзің аңсаған қанға кеңірдектен батырамын!»

Әнуар жолдауды дауыстап қайталады.

Патшайым қолын бір сілтеп, оны жіберді. Ресми қабылдау сонымен аяқталды.

***

Бір күннен соң патшайымның елшілері парсы тұрағына келіп жетті. Әнуарды ол жердің түрлі-түстілігі, халықтың көптігі және  шатырлардың байлығы таң қалдырды.  

Ұлы Кир, көп елдердің жаулаушысы, өзінің құдіреттілігінің шыңында жүрген кезі. Оның құзырында  жүз мың адам болған, оның бақылауында әлемнің дамыған және бай саналатын елдері болған. Тынымсыз әскери рухы және қаһарлы сақтарды жеңу «патшалардың патшасын» жердің шетіне алып келді. Тіпті жорықта да Парсы империясының билеушісі байлық пен молшылыққа батып жүрді. Айналасының бәрі алтын болды: тағы, шатыры, жиһаздар. Осындай керемет жылтыраған байлықтан көзін сығырайтып, Әнуар патшайымның жолдауын сөзбе сөз жеткізді.

... Айтқан сөздерін жанында тұрған тілмаш аударып берген кезде, айналасындағы Кирдің қолбасшылары наразылық білдіре бастады.

Ұлы Кир патша сөздерінің қадірін білген, сондықтан елшілерге сөзін қор қылмады, тек қабағын шытты. Дәл сол кезде патша тағының жанында тұрған кеңесшілердің бірі тілмашқа бір нәрсе сыбырлады, тілмаш иіліп, қонақтарға аударды:

– Дүниенің төрт бұрышын ұстап тұрған Билеушіге сондай дөрекі және әдепсіз сөздер айтқаны үшін елшілер дарға асылады. Сендер варварлардың өкілдері болғандықтан, өркениетті халықтың  қабылданған  дербес құқықтық ережелері сендерге қатысты емес.

Сарбаздар елшілерді ұстап патшаның кең шатырынан алып шықты.

Әнуар тұрақтың қасындағы қоршауды байқады, ішінде дар ағаштарын көрді. Ол өзінің міндетінің қауіпті болып бара жатқанын сезіп, көзін жұмды...

Әнуар көздерін ашқанда, «Ерекше оқиғалар агенттігінің» таныс кеңсесінде отырғанын көрді. Құлағында әлі де әскери тұрақтағы у-шу жаңғырып тұр, ал иықтары оны дарға апара жатқан сарбаздардың қолақпандай қолдарын сезіп тұрды.

– Біз Сіздің сапарыңыз ұзақ болып кетті деп санадық, – деген директор Немоның дауысы естілді динамиктердің бірінен. – Сіз өз міндетіңізді табысты орындадыңыз. Енді демалыңыз, содан кейін көргеніңіз туралы есеп жазып беріңіз. Сәттілік!

Әнуар шаршағаннан кеңседен әрең шықты. Оның, тіпті, қазіргі заманға аман-есен оралғанына қуанатын күші де қалмады.

Нөмірдің сұрағы: Бұл әңгімеде іс жүргізу заңнамасының қандай бұзушылықтарына  жол берілді?

 № 12 (2015) тапсырманың жауабы

Әңгімеде іс қағаздарын жүргізу туралы заңнаманың келесі бұзушылықтарына жол берілді: хатта жөнелтушінің қолы, хаттың шығыс нөмірі және хат жазу күні жоқ.

Жауаптарыңызды «Кәсіби шеберлік мектебі» (№ 1, 2016) белгісімен мына мекенжайға: 050009, Алматы қ., Шевченко көш., 165б/72г, 712 кеңсе немесе shkola@mcfr.kz электрондық поштаға жолдаңыздар, міндетті түрде тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын, лауазымыңызды, жұмыс орныңызды және толық пошталық мекенжайыңызды көрсетіңіз. Жүлделі ойынға журналдың кез келген нөміріне жауап беріп, қатыса алатындарыңызды ұмытпаңыздар.



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль