Екі супер мемлекеттер арасында шарт жасасу талаптары

36
Екі супер мемлекеттер арасында шарт жасасу талаптары
Тыналин Алим Онербекович
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрист, г. Алматы
Әнуар бұл үміттердің ақталмайтынын жақсы біледі, біраз уақыттан соң, яғни, жарты ғасырдан соң, бүкіл көне заман, жеңімпаз – бүкіл әлемге, ал жеңілген өлімге ие болатын, қатыгез соғыстың куәгері болады.

Құрметті оқырмандар, бұл нөмірде сіздер, көне заманда шарттар қалай жасалғаны туралы білесіздер. Ол замандағы іс жүргізу өте жоғары деңгейде болған, әсіресе ресімдеу мемлекетаралық маңызы бар құжаттарға қатысты болған жағдайда.

Ваал құдайының ежелгі қаласында өте қапырық және ылғалды екен. Жерорта теңізінің жақындығы сезіледі. Әнуар  саудагерлердің және діндарлардың әйгілі қаласы Карфаген көшелерінде келе жатты.

Көптеген биік ғибадатханалық ғимараттар кіп-кішкентай кедейлердің лашықтарымен көршілес болып тұрды. Көшеде адамдар көп болды. Ұзақ және қиын күннен соң, базардағы, шеберханалардағы жұмыстарын аяқтап, карфагендіктер басты алаңға асығып бара жатты, өйткені ол жерде әйгілі адамдар, мемлекеттік бірінші басшылары Риммен бітімге келу туралы хабарлауы тиіс еді. Әнуар да сол жаққа бара жатты.

– Достық бітімге келу шарттары жөнінде ұзақ саудаласыпты дейді ғой. Бітімгершілік туралы шартын ешкім қаламайды. Көптеген данышпандар, ол бітім, алдағы уақытта жаңа алауыздық турады деп есептейді, – деп, өтіп бара жатқан бір адам екіншісіне айтып келе жатты.

– Алайда соғысты жалғастыруға мемлекеттің мүлдем қоры қалған жоқ. Қазына бітті, астық желінді, адамдар аш, соншама жараланған және өлген адам...Әрине, бітімге келу керек! – деп жауап берді оның қасындағы серіктесі.

Әнуар алаңға жақындаған сайын, ол жердегі адамдардың ағыны да көбейе бастады, ортаға бару да қиын болды.

Әнуар алаңға жақын орналасқан ғимараттардың біреуінің шатырына шығуды ұйғарды. Бақытына орай, ол күзетшілердің назарын аудармай, шатырға шығып алды. Бұл жерден алаң жақсы көрінеді екен.

Оның бүгінгі міндеті – Жерорта теңізінде қарсыласып жүрген екі супер мемлекеттердің арасында болған бітімгершілік көрінісін суретке түсіріп алу. Бұл Британдық жаратылыстану тарихы университетінің тапсырысы болған.

Құрлық пен судың билеушілері, Рим мен Карфаген, көп кешікпей оларға өмірлік маңызды аумақта өзінің ықпалы үшін күресуге тура келетінін сезіп, үлкен күреске дайындалып жатты. 

***

Әлі ұлы Ганнибал да туылмаған, Канны мен Заманың маңындағы егістер әлі сарбаздардың қанына боялмаған, ал екі құдіретті қала-мемлекеттер, күш сынасқан екі сарбаз сияқты, ықпал салаларын бөлу туралы келісім жасап жатыр.

Әнуар бұл үміттердің ақталмайтынын жақсы біледі, біраз уақыттан соң, яғни, жарты ғасырдан соң, бүкіл көне заман, жеңімпаз – бүкіл әлемге, ал жеңілген өлімге ие болатын, қатыгез соғыстың куәгері болады.

***

Алаңда жиналған жұртшылықтың саны шексіз болды. Адамдар, сенаторларды, көпестерді, абыздарды – солтүстік варварлар мемлекетімен жасасқан шарттың пайдасын атап айтып жатқан, құрметті қауым өкілдерін мұқият тыңдап тұрды.

Зор дауыспен жаршы жасасқан шарттың талаптарын оқыды:

«Римдіктер мен карфагендіктер, тириецтермен, Утика халқымен одақтастық барысында келесі шарттар қойылады: римдіктерге Тамаша мүйістің, Мастияның және Тарсеяның арғы жағына, олжа үшін және сауда үшін баруға тыйым салынады.

Егер карфагендік Лациумда римдіктерге бағынышты емес, қандай да бір қаланы шауып алса, онда олар ақша мен тұтқындарды алуына болады, ал қаланы қайтаруға міндетті. Егер карфагендіктер римдіктермен қосылған, бірақ оларға бағынбайтын халықтардан адамдарды тұтқынға алса, онда карфагендіктерге тұтқындарды римдік айлақтарға әкелуге тыйым салынады; егер солай істесе және оған римдік қолын тигізсе, онда тұтқындалған адам еркіндікке жіберіледі.

Тура сол тыйымдар римдіктерге де қатысты. Егер римдік карфагендіктердің билігіндегі қандай да бір елде су немесе тамақ алса, онда ол осы тамақтармен карфагендіктермен шарт және достықпен байланысты халықты ренжітуге тыйым салынады,. тура сол тыйымдар карфагендіктерге де қатысты. Егер осындай оқиға болса, онда ренжіткен адамға өзі үшін кек алуға тыйым салынады; егер кімде кім солай істесе, онда ол ісі мемлекеттік қылмыс болып саналады. Сардиния мен Ливияда римдіктердің ешқайсысына сауда жасауға, бір жерде кемемен тоқталуға рұқсат етілмейді, тек азық-түлік алу мен кемені жөндеуге болмаса. Егер римдік бораннан адасып кіріп кетсе, онда ол бес күндік мерзімде кетуге тиіс. Сицилияның карфагендерге бағынышты бөлігінде, сондай-ақ Карфагенде римдікке азаматтармен қатар сауда және әртүрлі мәмілелер жасауға құқық беріледі. Тура сол құқықтар карфагендіктерге де беріледі».

«Бұл шарт емес қой!» – деген таныс дауысты естіді Әнуар. Артына қарап, ол бағана көшеде көрген екі жолаушыны байқады.

– Бұл бұрыннан келе жатқан тәртіпті жай ғана растайтын шарт қой, біздің саудамызға бұның ешқандай пайдасы жоқ. Біз бұл оңбаған римдіктерді сасық солтүстік өңірлеріне лақтырып, көздерін құртуымыз керек, – деп, ашуланды жолаушы.

Әнуар фотокамерасын шығарып, асықпай барлығын түсіріп алды. Суреттер керемет болды.

Бір кезде ол: «Әй, түс алдағы жерден!» – деген бұйрықты естіді. Төменге қарап, Әнуар оған қатал қарап тұрған, бес күзетшіні көрді. Олардың біреуі: «Не істеп тұрсын ол жерде?», – деп сұрады.

Олар Әнуардың іс-қимылдарын байқады. Жағдайы нашарлап барады.

– Қазір, қазір! – деп міңгірледі Әнуар. – былай тұрыңдар, мен секіремін.

Күзетшілер шетке жылжыды, жарнама жөніндегі менеджер шатырдан секіріп, қаша жөнелді.

Жұртшылық соңынан ысқырып, «Ұрыны ұстаңдар!», – деп айқайлап жатты. Күзетшілер артынан қалмай қойды.

Әнуар алаңның шетіндегі үйлердің біріне кіріп кетті де, көзін жұмды…

...ашқанда – туған кеңсесінде – «Ерекше оқиғалар агенттігінде» болды! Артыңда қуып келе жатқан қуғыншылардың демін сезбей, мына жерде болған неткен керемет!

Нөмірдің сұрағы: Бұл әңгімеде іс қағаздарын жүргізу туралы заңнаманың қандай бұзушылықтарына  жол берілді?

№ 1, 2016 тапсырманың жауабы

Әңгімеде іс қағаздарын жүргізу туралы заңнаманың келесі бұзушылықтарына жол берілді:

1.  Хат жазбаша түрде ресімделмеді.

2.  Хаттың шығыс нөмірі, күні және өзге деректемелері жоқ.

3.  Құжаттың стилі бейресми және кейбір жерлерде адресатты тіпті қорқытады.

4.  Хатқа қол қойылмаған.

Жауаптарыңызды «Кәсіби шеберлік мектебі» (№ 2, 2016) белгісімен мына мекенжайға: 050009, Алматы қ., Шевченко көш., 165б/72г, Радостовец көш. қиылысы, 712 кеңсе немесе shkola@mcfr.kz электрондық поштаға жолдаңыздар, міндетті түрде тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын, лауазымыңызды, жұмыс орныңызды және толық пошталық мекенжайыңызды көрсетіңіз. Жүлделі ойынға журналдың кез келген нөміріне жауап беріп, қатыса алатындарыңызды ұмытпаңыздар.

Дереккөз: «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу» журналының 2016 жылғы № 2



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль