Қарт Уиннидің хаттары

39
Қарт Уиннидің хаттары
Тыналин Алим Онербекович
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрист, г. Алматы
Хатты оқып жатқанда Черчилл өзіне виски құю үшін бұрылғанда, КСРО елшісі хатты өзінің смартфонына суретке түсіріп алды, содан кейін оны премьер-министрге қайтарып берді. – Мен Сізден білгендерімнің барлығын Сталин жолдасқа айтып барамын, – деді ол, саяхатының аяқталуын сезіп.

«Кәсіби шеберлік  мектебі» айдарының құрметті дана оқырмандары! Бүгін біз ХХ ғасырдың тарихи құжаттары  жасалған сәттің куәгері боламыз. Сол құжаттардан қазақстандық  іс жүргізу заңнамасының талаптарын бұзатын, қателіктерді тауып көріңіздер.   

Ауыр, көңілсіз 1941 жылы Лондонда, Букингем сарайының түкпіріндегі бір кең бөлмеде үлкен үстелдің басында толық шашы түскен адам отырды.

Үстелдің үстінде қағаздар, карталар, анықтама томдары мен телеграммалар толып жатты.  Күлсауытта жуан сигара түтіндеп тұр. Оның жанында виски толы стақан тұр.

Креслода отырған адам, қабағын шытып, үнді жеріндегі британдық әскер қолбасшысының, жапон әскерінің басымдығы туралы хабарламасын оқып отырды. Британ империясының экономикасы үшін өте маңызды Индия мен Сингапурды жапондық әскерлердің басып қалу қаупі зор болып тұр.

Хабарламаны бір шетке ысырып қойып, толық адам вискиді ұрттап, қалың ойға кетті.

Бірнеше жылдар бойы оның бар ойы, бүкіл әлемге жайылған және туған Англиясына қауіпті, талқандағыш соғыс болды.

Бұл адам, бәрін тоқтату үшін, кез келген құралды және күшті пайдалануға дайын. Бірнеше жыл бойы ол өзінің халқына, ешқандай кедергіге қарамастан, қайтсе де жеңіске қол жеткізуге уәде берген. Англияның Премьер-министрі, пэр, герцог, әйгілі текті жердің ұрпағы бола тұра, Уинстон Черчилл, қиын-қыстау кезеңде, өзінің елін басқарды.

***

Есікті біреу ақырын қағып, оның ойын бұзды.

Бұл Черчиллдің көмекшісі еді. Ол, Британ империясының Премьер-министрі күткен адамның келгенін хабарлады. Черчилл оны кіргізуді өтінді.

Ағылшын үкіметі басшысының бөлмесіне келген адам азиялық болды. Ол өзін Әнуар деп таныстырды және оны Черчиллдің өзі қабылдағаны үшін қуанышты екенін  айтты. Содан кейін елші Кеңес Одағының бас қолбасшысынан хабарлама берді.

Құпия хатта Сталин Черчиллге КСРО-ның  фашистік Германиямен күресуі үшін одақтастар екінші майданды ашуы керек екенін хабарлаған. Егер немістерге шабуылды биыл жасамаса, онда елге материалдық көмек керек. Кеңес Одағы Англияның АҚШ үкіметін екінші майданның ашылуына қатысуға және  кеңес одағының адамдарын соғысты жүргізу үшін қажетті нәрселермен қамтамасыз етуді ұйымдастырып, көмектесуге көндіре алатынына сенетінін хабарлаған.

Черчилл КСРО жетекшісінің жолдауын оқып, басын изеді.

– Мен бұл мәселе туралы ойланғам, – деді ол Әнуарға. – Тіпті, ол іс-әрекеттің жоспарын жасап, президент Рузвельтке хаттың жобасын дайындап қойдым. Бұл мәселеге көзқарасымды білу үшін, сол жобамен танысуыңызды ұсынамын.

Ол таң қалған Әнуарға бір парақ қағазды берді.

Сонау болашақтан Екінші дүниежүзілік соғыс уақытына келген саяхатының біраз уақыттан соң аяқталатынын сезбей, Әнуар хаттың жобасын алып, оның мазмұнына үңілді:

«Қымбатты Франклин!

Егер бізге 40–50 ең кәрі эсминецтерді, бірнеше жүз ұшақ пен болатты жіберу мүмкін болса ғой... Оған қоса – Өзіңіздің, жапондықтар орналасқан, Тынық мұхитта болатын уәдеңіз. Біз қолымыздан келгенше доллармен төлейміз. Бірақ, төлеуге шамамыз келмегенде, Сіз сонда да бізден көмегіңізді аямайтыныңызға сенемін.

Біздің шешіміміз – соңына дейін күресу. Ал егер қазіргі үкімет жойылса, Сіз келген жаңа биліктің бейбітшілік туралы келіссөз жүргізетініне немқұрайлы қарамауыңыз керек. Көзір ретінде олар, түбінде немістердің қолында қалатын, флотты ұсынуы мүмкін. Мен, үмітсіздіктен Германияның еркіне көнетін, менің орнымды басатын адамдар үшін кепіл бола алмаймын. Бірақ, ол кезде  сіз Гитлерге бағынатын, бүкіл қорын соған тапсыратын Еуропаны көресіз. Бірақ...әзірше жақсылыққа үміттенуге болады. Біз соңына дейін шыдаймыз. Сізге жақсы тілектеріңіз үшін тағы да алғысымды білдіремін».

Хатты оқып жатқанда Черчилл өзіне виски құю үшін бұрылғанда, КСРО елшісі хатты өзінің смартфонына суретке түсіріп алды, содан кейін оны премьер-министрге қайтарып берді.

– Мен Сізден білгендерімнің барлығын Сталин жолдасқа айтып барамын, – деді ол, саяхатының аяқталуын сезіп.

Алайда Черчилл оны жібергісі келмеді.

Ол Әнуарға Британ империясының қазіргі уақыттағы қиыншылықтары туралы айтып, оның алдында үлкен картаны жайып, Евразиялық құрлық пен үш мұхиттың суларында болып жатқан бүкіл дүниежүзіндегі соғысты көрсетті. Миллиондаған адам өз өмірін құрбан етіп, туған жерін жауыздықтан қорғап жатты. Англия да, Кеңес Одағы да бүкіл адамзат күресіп жатқан «семсердің» ең ұшында тұрды.

– Сондықтан біз, Сіздің еліңіздің басшылығы көтерген мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз, және оны шешуге тырысамыз, – деп сендірді Уинстон Черчилл Кеңес Елінің елшісін.

Жоғары қабылдауды хатшының келгені үзіп жіберді. Ол Премьерге Сыртқы істер министрінің  келгенін хабарлады.

Әнуар сыпайы түрде Черчиллмен қоштасып, Букингем сарайынан ақырын шығып, ғайып болды. Оның  жоғалып кеткенін ешкім білмей қалды. 

Нөмірдің сұрағы: Бұл оқиғаның кейіпкерлері хатты ресімдегенде іс қағаздарын жүргізу заңнамасының қандай бұзушылықтарына жол берді?

№ 2, 2016 тапсырманың жауабы

Әңгімеде іс қағаздарын жүргізу туралы заңнаманың келесі бұзушылықтарына жол берілді: шартта жасасу күні көрсетілмеген, өкілетті тараптардың қолдары қойылмаған, олардың деректемелері мен өзге де мәліметтері жоқ.

Жауаптарыңызды «Кәсіби шеберлік мектебі» (№ 3, 2016) белгісімен мына мекенжайға: 050009, Алматы қ., Шевченко көш., 165б/72г, Радостовец көш. қиылысы, 712 кеңсе немесе shkola@mcfr.kz электрондық поштаға жолдаңыздар, міндетті түрде тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын, лауазымыңызды, жұмыс орныңызды және толық пошталық мекенжайыңызды көрсетіңіз. Жүлделі ойынға журналдың кез келген нөміріне жауап беріп, қатыса алатындарыңызды ұмытпаңыздар.

Дереккөз: «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу» журналының 2016 жылғы № 3



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль