Жұмыс пен жеке өміріңнің арасындағы теңгерімді қалай табуға болады (1-бөлім)

109
Жұмыс пен жеке өміріңнің арасындағы теңгерімді қалай табуға болады (1-бөлім)
Немировская Елена Александровна
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», менеджер по работе с персоналом, г. Алматы
Жұмыс пен жеке өміріңнің арасындағы теңгерім – олардың арасындағы уақытты бөлу емес. Ол пайызбен көрсетуге мүмкін емес, біздің ішкі теңгеріміміз. Ол икемді және жылжымалы. Өміріміздің әр кезеңінде біздің мақсаттармыз өзгереді.

Қазіргі уақытта жұмыс пен жеке өміріңді қатар алып жүру өте қиын. Біз үй мен кеңсе арасында жарылып кетеміз, біз бәріне үлгергіміз келеді... Нәтижесінде кейде керісінше болады – екеуінің біреуі міндетті түрде шеттетіліп қалады. Мақалада сіздер өміріміздің осы екі маңызды құрамдас бөліктерінің арасындағы теңгерімді қалай табуға болатыны туралы кеңестер табасыздар.

Жұмыс пен жеке өміріңнің арасында сақталатын теңгерім – өте көп талқыланатын тақырып. Тіпті өткен жүзжылдықтың 80-ші жылдарының соңында пайда болған арнайы термин бар, «work-lifebalance».                  

Жұмыс пен жеке өміріңнің арасындағы теңгерім – олардың арасындағы уақытты бөлу емес. Ол пайызбен көрсетуге мүмкін емес, біздің ішкі теңгеріміміз. Ол икемді және жылжымалы: бүгін біз жұмысқа беріліп кетеміз, ертең көңіліміз тек отбасымызда, бүрсүгіні – достарымызда болады... Өміріміздің әр кезеңінде біздің мақсаттармыз өзгереді.

Көбісі жеке өмірді – қарама-қарсы жыныспен қарым-қатынас: махаббат, отбасы деп ойлайды. Шын мәнінде жеке өмір – ол біздің жанымыздың эмоцияларын, сезімін, қозғалысын көрсететін жеке тұлғамыздың өмірі. Біреулер үшін сезім дереккөзі – ол отбасы, тағы біреулер үшін – өзінің ісі, үшіншілер үшін – шығармашылық, ал төртіншілер үшін – саяхат.

Жұмысқа толық берілген адамдар, үйлесімділікті ішкі жан-дүниесінен табады, өйткені жұмыс барысында олар ақша үшін ғана істемейді, олар белгілі бір қарым-қатынастар жасайды, өздері сезімге бөленеді және оны басқаларға сыйлайды. Керісінше, кейбір адамдар отбасымен айналысып, соған байланысты өте көп мақсаттар қойып, жоспарлар жасаған адамдар, формалдық жұмысы жоқтығының орнын толтырады.

Жеке өмірі мен жұмысын бәсекелестер, татулықты қажет ететін қарсыластар ретінде қабылдауға болмайды.

Егер біз шын мәнінде бізге ұнайтын өмір сүрсек, онда ешқандай қарсылық болуы мүмкін емес. Керісінше, біздің сезімдеріміз бен біздің рационализм бірін-бірі қолдап, біздің өнімділігімізді арттырады.

Жалпы қабылдаған нормаларды ұстанбай, теңгерім қағидаларын сақтамай, өз жолымен жүріп, үйлесімдік табатын адамдар бар.

Ал кейбіреулері жұмыс пен  жеке өмірін теңестіруге қанша талпынса да, бақытты болмауы мүмкін. Өмірінде бәрі жақсы екенін көрсетуге тырысады, дегенмен қанағатсыздығы пен шаршағаны көрініп тұрады.

Егер біз әлеуметтік мақұлданған стандарттарды ұстанбасақ, бірақ өзімізді бақытты сезінсек – демек, бізге сол ұнайды: өйткені ол біздің таңдауымыз ғой.

Теңгерімді қалай табуға болады екен?

Көп адамдар жеке өмірі мен жұмысты тең ұстауға тырысады. Оларға бақытты болатын және өз өміріндегі қарама-қайшы аспектілерді бақылауға болатын тепе-теңдікті тапқысы келеді.

Ол үшін шынымен маңызды нәрселерді тауып, олардың қажетті минимумын бегілеу қажет. Қалғанын өзінің көңіл-күйі бойынша, істердің мерзімділігі бойынша және т.с.с. жасау керек. Кейде бір нәрсені үлгермеуге де болатынын мойындау керек –  мұның ешқандай қауіптілігі жоқ.

Істер әрдайым, уақыттан да көп болады, сондықтан барлығын істеу мүмкін емес, тіпті адам ұйықтамай, тамақтанбай жұмыс істесе де. Жұмыс пен қалыпты жеке өмірде ең бастысы – саналы ымыраға келу.

Жақындарыңызбен жұмысыңыздағы жетістіктермен бөліскенде немесе қиын-қыстау кезеңдерде олардан қолдау күткенде, отбасыңыз бен достарыңызға өз мәселелеріңіздің ауыртпалығын салмаңыз.

Кері жағдай – телефон арқылы әріптестеріңіздің көзінше сіз жақындарыңыздың немесе достарыңыздың біреуімен ұрысып жатқанда.

Сол сияқты жұмысты өзіңіздің жеке өміріңізге айналдырудың қажеті жоқ.

Еңбек қызметі барысында көптеген адамдар демалу қабілетінен айырылады, отбасымен немесе достарымен жиналып отырған кезде, бес минут сайын іскерлік поштасын тексеріп, қобалжып отыратын адамдар да бар.

Бұл қаншалықты маңызды

Ішкі теңгерім жағдайы көптеген себептер бойынша маңызды:

  • Ол өмірдің қуанышы мен қанағаттануды сезінуге мүмкіндік береді. Өмірдің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік беретін, жұмысқа да, отбасына да, спортқа да, денсаулыққа да уақыт табылады;
  • Теңгерімді сақтау жұмысты бар күшіңмен жалғастыруға  жігеріңді, тонусыңды және ниетіңді сақтауға мүмкіндік береді. Тиімділіктің шыңында ешкім ешқашан жұмыс істей алмайды. Демалу, жеңілдену қажет... Әйтпесе жұмыста «күйіп кетуден», дауншифтингтен, толық шаршағандықтан және т.с.с. құтылу екіталай. Мұндай олқылықтар – энергетикалық теңгерімсіздіктің айқын көрсеткіші. Теңгерім, күнделікті міндеттермен айналысудан басқа, «Мен неге талпынамын?», «Менің құндылықтарым не?», «Өзімді, балаларымды болашақта қалай елестетем?», – деген сұрақтарға жауап беру үшін маңызды. 

Дауншифтинг – адамның саналы түрде, ұзақ және байыпты ішкі күйзеліспен, бірақ, кенеттен, тіпті, түсініксіз болып көрінетін, мансабының өсу жолынан бас тартуы немесе жоғары лауазымнан «ғайыпқа» кетуі.

Теңгерімнің бұзылғанын қалай түсінуге болады?

Адам өзіне мұқият болса, ол мәселені бастапқы кезеңде-ақ байқауға болады.

Өзін келесі өлшемдер бойынша тестілеуге болады:

  1. Жеке басының тиімділігі, сондай-ақ еңбек өнімділігінің төмендеуі, жаңа жобаларды дамыту ниетінің жоқтығы.
  2. Бизнес-айналасымен қарым-қатынасының күрделілігі: серіктестерімен, басшылықпен, менеджерлермен, қарамағындағы қызметкерлермен, клиенттермен.
  3. Күш-қуатының және жаңа жетістіктерге жету ниетінің жоқтығы, ішкі күйзеліс. Созылмалы шаршағандық.
  4. Денсаулық мәселелері.
  5. Жеке басының және отбасы мәселелері.
  6. Өзіне уақытының жетіспеушілігі: денсаулық, спорт, жеке қызығушылықтары мен дамуы.

Егер аталған мәселелердің көп бөлігі сіздің өміріңізде бар болса, онда күш-қуатыңыз бен уақытыңызды дұрыс бөлуді ойластыруыңыз қажет.

Олар шынымен бақытты ма?

Көптеген адамдарда бақытты және үйлесімді өмір сүру үшін бәрі бар: сүйікті отбасы, табысты ісі мен достары. Бұл адамдарға өмірде басқа ешнәрсенің қажеті жоқ сияқты. Олар өздері де бұл туралы жиі айтады.

Бірақ іс жүзінде әлдеқайда осындай керемет емес. Үнемі болатын күйзеліс, сары уайым, шаршағандық, қанағаттанбаушылық олардың сенімді достары болып кетеді.

Бұл адамдар бақытты болып көрінбейді. Біреулер балаларымен және отбасымен көп уақыт өткізгісі келеді, бірақ мансабы үшін балаларын бала-бақшаға береді және оларды тек кешке қарай көреді. Демалыс күндері мәдениет шараларына арналады (білімді адам болу керек), достарымен жиналу керек (әйтпесе ренжіп қалады), спортпен айналысу (өзін қажетті формада ұстау керек). Мұндай жан-жақты болғанына адам өзін қуанышты сезіну керек сияқты, бірақ, шын мәнінде мұндай жағдаятта адамның жүйкесінің тозуына да алыс емес.

Жалпы қабылданған нормаларды ұстанған адам әрдайым бақытты емес.

Барлық адамдар, жалақысы төмен, бірақ сүйікті жұмысыңнан бас тартып, тез арада жоғары жалақы төлейтін жұмыс табу қажет дейді.

Бұл жерде адамның жасқаншақтайтын тәуекел бар: ол жалпы қабылданған нормалардан қысылады. Сондықтан ол үнемі өзін толыққанды сезінбейді. Ол, өмірін өзгертетіні, үйлесімділік табатыны, жұмыс пен жеке өмірінің арасында теңгерімді табатыны туралы барлығын сендіреді, бірақ, ол үшін ешнәрсе істемейді. Көптеген адамдар work-life balance қағидаларын ұстанбай-ақ, жақсы өмір сүріп жатыр ғой.

Жеке өмір = жұмыс?

Жоқ, олай емес! Бұл жөнінде бірнеше қателік бар.  

1. Қызметкердің адалдығы мен нәтижелілігі оның жұмыста өткізген сағат санымен өлшенеді.

Ұжымда қызметкерлердің үш түрі бар:

1) еңбекқорлар, олар төмен жалақы үшін жұмыс істейді, демалыс күндері еңбектенеді, материалдарды үйге алады, отбасы мен жеке өмірін ысырып тастайды – сол үшін басшылық оларды бағалайды. Бірақ, жеке өмірі мен кәсіби саласын ажырата білмейтін қызметкер, тиімді бола алмайды. Компанияға табысты, бас көтермей міндеттерін атқару емес, жаңа мақсаттар мен міндеттерді түрлендіру әкеледі.

Уақыт өткен сайын еңбекқор мүлдем шаршайды, әрі қарай ешқандай шығармашылық туралы әңгіме болуы мүмкін емес. Оның есесіне еңбекқорларды үнемі созылмалы шаршағандық мазалайды.

2) люмпен-кадрлар – кері тартатын қызметкерлер, арамтамақтар, бүкіл жұмысты еңбекқорларға итеретін жалқау адамдар. Олардың еңбек уәждемесі де жоқ: олар ешнәрсе істемей, өмір сүргісі келеді;

3) жауапты, ұқыпты, шығармашылыққа қабілетті қызметкерлер, олар үстеме жұмыстарды тек билікке жақындататын тапсырмаларды орындағанда ғана істейді. Егер атқарылатын жұмыс мақсатына жетуіне мүмкіндік бермесе және оларға пайдасыз болса, олар дереу ол жұмыстан кетеді.

        Барлық көрсетілген жұмыскерлердің түрлері жеке өмір мен жұмыс арасындағы теңгерімді бұзады. Әрі ол тек басшының салғырттығынан болады.

2. Жеке өміріндегі қиындықтар, жұмысы көп уақытын алатынына байланысты болады. Отбасылық өмір оңға баспағанда, үйге баруға ниеті болмағанда, жұмыс ішкі күйзелісін жасыратын қорғанысы болады.

Егер адам отбасына (жеке өміріне) уақытының жетпейтінін айтса, онда ол үшін қазіргі уақытта басқы нәрсе басым болып тұр.

Жеке өміріндегі мәселелерді шешуді үйрену қиын, сондықтан көбісі жұмысқа көп уақыт бөледі. Бұл ретте мәселелер көбейе беретінін атап өтеміз.

3. «Жеке өмір» ұғымы отбасының барымен түсіндіріледі. Жеке өмір – жеке тұлғаға қатысты барлық нәрсе екенін, тағы да айрықша атап өтеміз. Бұл ретте жұмыс – ол да жеке өмір. Оған ата-аналармен, ағайындармен, жұбайы және балаларымен, жақын айналасымен, яғни, біз араласатын адамдармен қарым-қатынастарды жатқызуға болады.

4. Жұмыс пен жеке өмір бәсекелестер, ал біреуінің жеңісі, екіншісінің жеңілісінен сияқты қаралады. Шын мәнінде табысты адамдар бүгінгі күні отбасына да, табысты кәсіби мансапқа да ие болғысы келеді. Мұндай өмірлік стратегия олар үшін өте тиімді.

Теңгерімді бұзатын белгілер

Жеке басыңыздың және кәсі кәсібі өміріңіздің арасындағы теңгерімнің бұзылғанын қандай белгілер бойынша түсінуге болады?

Талдап көрейік:

  • балаларыңызға қарамағаныңыз үшін, ата-аналық кінәңізді сезінесіз;
  • жалпы денсаулық жағдайыңыз бұзылады, үнемі ауырасыз, бірақ жұмысқа баруыңызды жалғастырасыз;
  • «демалыс күні неврозы» пайда болады – отбасындағы жанжалдан құтылу мақсатында демалыс күндеріндегі және еңбек демалысындағы жұмыс;
  • күшіңіздің жоқтығын жұмыста шаршағаннан деп түсіндіресіз;
  • отбасындағы теңгерімсіздіктен жұмыста жеке қарым-қатынастар пайда болады;
  • үнемі жұмыста болғандықтан өз отбасыңызды құра алмайсыз.

Жеке басыңыздың және кәсіби өміріңізді басқарыңыз

Сөзсіз, үнемі жұмыс істеп басқа ешнәрсені ойламау – өте оңай. Егер сізге сол ұнаса, мойындау керек, ол сіздің таңдауыңыз, сізге солай ыңғайлы. Сіз қалған барлық нәрсе үшін жауаптылықта болмайсыз, оның ішінде – отбасы және балалар үшін, өйткені сіздің салмақты себебіңіз бар – сіздің жұмысыңыз.

Қалыптасқан жағдайды өзгерткіңіз келсе, көп жұмыс істеуге емес, өнімді жұмыс істеуге үйрену қажет. Бұл жағдайда сізді физикалық және шығармашылық әлсірететін жұмыс тәулік бойы уақытыңызды алмайды. Жаңа идеялар мен энергетикалық ресурстарды адам әртүрлі дереккөздерден алады: ол отбасы және достарымен қатынас, табиғат, музыка, спорт. Егер сіз тез шаршап қалсаңыз – демек, із әлі өзіңізді, уақытыңызды және өміріңізді басқара алмайсыз, табиғи қажеттіліктеріңіз бен сезімдеріңізді тұншықтырасыз.

Ештеңеге мүлдем уақыт жетпейді

Бұл жағдайда бұл кері қайтып, жоспарларыңызды қайта қарап шығу деген белгі.Ең алдымен орындайтын істерді атқарып, қалғанын кейінге қалдыру қажет.

Ол үшін:

  1. Істеуге қажет істеріңіздің тізімін жасап, әрқайсысын бағалаңыз.
  2. Қызметтік міндеттеріңізді «маңызды – маңызды емес» қағидаты бойынша ажыратыңыз.
  3. Өзіңізге артық керексіз міндеттеме алмаңыз.
  4. Ақша табам деп, өзіңізді қинамаңыз.
  5. Назарыңызды материалдық жақтан отбасыңызға, шығармашылыққа, өміріңіздегі құндылықтарға аударыңыз.
  6. Айналаңызды саналы түрде қалыптастырыңыз: сізді дамытпайтын адамдармен уақытыңызды өткізбеңіз; энергия емес, күйзеліс әкелетін адамдармен араласпаңыз; сіз үшін қызығушылық тудыратын адамдармен қарым-қатынаста болыңыз.
  7. Мағынасыз әңгімелер – босқа уақыт өткізушілік. Телефон арқылы қажетсіз әңгімелер айтпаңыз және өсек айтудан аулақ болыңыз.
  8. Бос уақыт табуға тырысыңыз! Демалыс – ол істеген істеріңді талдауға, жаңа сценарийлер әзірлеуге, жай ғана сезімге беріліп, өміріңе қуануға мүмкіндік.

Диагноз қоямыз

Егер

  • отбасыңызбен аз уақыт өткізетініңіз үшін кінәлі екеніңізді сезсеңіз;
  • әріптестеріңіз сізге дұрыс қарамаса;
  • денсаулығыңыз нашарласа;
  • демалыс кезінде сіз жеке істеріңіз емес, өндірістік мәселелерге көп уақыт бөлсеңіз;
  • шаршағаныңызға жұмысыңыз себеп болса;
  • үйдегі кикілжіңнен кеңседе жеке қатынастар құра бастасаңыз... – демек, дабыл қағып, өміріңізде бір нәрсені өзгерту қажет.

Қалыптасқан жағдайға қарамастан, табысты басшылар work-life balance маңыздылығын түсінді. Жұмысы мен жеке өмірінің арасындағы теңгерімге қол жеткізген адамдар, кәсіби өмірінде одан да табысты, денсаулығы мықты және айналадағы өмірге қуана біледі.

Германияның кейбір ірі кәсіпорындарында мансабы мен жеке өмірінің арасындағы теңгерімді табуға көмектеседі. Жұмыс істеп жатқан ата-аналарға ізгі ниетпен қарау саясаты енгізіледі. Әдеттегі жұмыс кестесі икемді кестеге ауысады. Көп уақыт қызметкерлердің денсаулығы мен физикалық дамуына бөлінеді.

Жапонияда work-life balance мәселелері бірте-бірте мемлекеттік деңгейде шешуді бастады. Штаттық кестеге өмірдің негізгі салалары – «жұмыс (жеке уақыты)» теңгерімін жасау жөніндегі басшы енгізіледі. Жапония үкіметі, 14-тармақтан тұратын, жұмысы мен жеке өмірінің арасындағы теңгерім туралы жарлық шығарды. Солардың бірінде, мысалы, қашықтықта жұмыс істейтін қызметкерлердің санын көбейту ұсынылады.

Сонымен, біз жұмыс пен жеке өмір арасындағы теңгерімсіздіктің кейбір сәттерін қарадық. Журналымыздың келесі санында, бұл құбылыстың керексіз және ауыр салдарынан құтылуға көмектесу мақсатында, осы теңгерімсіздік байқалатын адамдарға тәжірибелік кеңестер береміз. 

Дереккөз: «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу» журналының 2016 жылғы № 2



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль