Үстеме жұмысқа, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқатарту жағдайлары және еңбекақы төлеу тәртібі

193
Жұмыскердің құқығын қорғау мақсатында жұмыс беруші үстеме жұмыс кезінде әр жұмыскерге қатысты жұмыс уақытының есебін жүргізуге міндетті, өйткені үстеме жұмыс кезіндегі жұмыс жоғарылатылған ақымен немесе қосымша демалыс уақытымен өтеледі. Мақалада біз жұмыскерді үстеме жұмыстарға және мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа тарту тәртібі туралы, сондай-ақ мұндай жұмысқа ақы төлеу туралы айтып береміз.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 80) тармақшасына сәйкес, үстеме жұмыс – жұмыскер жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан (есептік кезеңдегі жұмыс сағаттарының қалыпты санынан артық) тыс орындайтын жұмыс.

Жұмыс беруші жұмыс уақытының, оның ішінде әрбір жұмыскер орындайтын үстеме жұмыстардың, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, ауыр жұмыстардың есебін жүргізуге міндетті (ҚР ЕК 23-бабы, 2-тармағының 20) тармақшасы).

Үстеме жұмысқа тартуға қойылатын шектеулер

ҚазақстанРеспубликасының заңнамасы үстеме жұмысқа тартуға жол берілмейтін жұмыскерлердің толық тізбесін белгілейді:

1) жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдер;

2) он сегіз жасқа толмағандар;

3) мүгедектік тобына қарамастан, мүгедектер.

Жұмыскер әйел жұмыс берушіні өзінің жүктілігі жайлы хабардар етумен бірге, бұл фактіні, медициналық ұйым белгіленген тәртіппен берген, жүктілігі туралы анықтамамен растауға тиіс.

Жұмыскердің келісімі қажет пе?

Жалпы қағида бойынша, үстеме жұмыстарға тартуға жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.

Жұмыскердің келісімінсіз мынадай жағдайларда:

1) елдің қорғанысы үшін, сондай-ақ төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін қажетті жұмыстарды жүргізу кезінде. Халықты тарту арқылы, елдің қорғанысы үшін іс-шаралар өткізу, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» № 29-III заңына (2015.16.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) сәйкес жүзеге асырылады.

2) төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» № 188-V заңындағы тәртіппен (2015.29.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (бұдан әрі – Азаматтық қорғау туралы заң) қажетті жұмыстарды жүргізу кезінде.

Азаматтық қорғаныс туралы заңның 1-бабының 66) тармақшасына сәйкес, төтенше жағдай – адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, елеулі материалдық нұқсанға және адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан аварияның, өрттің, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей немесе өзге де зілзаланың салдарынан қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай.

3) сумен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың, жылумен жабдықтаудың, энергиямен жабдықтаудың және тіршілікті қамтамасыз етудің басқа да жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуін бұзатын өзге де мән-жайларды жою үшін

Дереккөз: «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы»

*Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2016 жылғы № 5 оқыңыздар



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль