text
Справочник кадровика

Жоспарлау – кадрлық қызметі өкілеттігінің маңызды бөлігі

  • 11 августа 2016
  • 513
Автор журнала «Справочник кадровика. Казахстан», руководитель подразделения юридической службы КГКП «Региональный центр переподготовки и повышения квалификации государственных служащих» акимата Костанайской области, г. Костанай
Жоспарлау – кадрлық қызметі өкілеттігінің маңызды бөлігі

Кадрлармен жұмыс істеу – өте ауқымды жұмыс және қызмет бағытының кең ауқымын қамтиды, дәл сондықтан ол жүйелеуді талап етеді. Кадрлар бөлімінің жұмысын тиянақты жоспарлау еңбек заңнамасының бұзушылықтарына жол бермеуге көмектеседі.

Жоспарлау басқарудың жетекші функцияларының бірі болып табылады, ол алға қойылған мақсатқа қол жеткізуге арналған ресурстарды тиімді бөлуге мүмкіндік береді.

Кез келген ұйымда ұйымның жалпы стратегиясына сәйкес бөлімшелердің қызметін жоспарлау қажет. Жоспарлау кадрлар бөлімінің маңызды бөлігі болу керек, өйткені сапалы жоспарлау арқылы өнімділікке қол жеткізуге болады. Осы мақалада ұйымда барлық қызметкерлердің жұмысы нәтижелі болу үшін кадрлар бөлімінің іс-шаралар жоспары қалай жасалатыны туралы әңгімелейміз.

 Кадрлармен жұмыс істеу – өте ауқымды жұмыс және қызмет бағытының кең ауқымын қамтиды, дәл сондықтан ол жүйелеуді талап етеді. Кадрлар бөлімінің жұмысын тиянақты жоспарлау еңбек заңнамасының бұзушылықтарына жол бермеуге көмектеседі, олай болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы № 235-V кодексіне сәйкес (2016.21.04 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК), әкімшілік жауаптылыққа және айыппұл төлеуге әкеп соғуы мүмкін.

 Мұндай құқықбұзушылыққа:

•        Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу – ҚР ӘҚБтК 79-бабы;

•        адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберу –  ҚР ӘҚБтК 86-бабы; 

•        демалыс бермеу  – ҚР ӘҚБтК 88-бабы;

•        жұмыс уақытының нормасын заңсыз асыру  – ҚР ӘҚБтК 89-бабы;

•        әскери мiндеттiлер, әскерге шақырылушылар мен азаматтар туралы мәлiметтердi хабарламау  – ҚР ӘҚБтК 646-бабы және т. б.

Іс-шаралар жоспарын жасағанда мақсаттар мен міндеттердің рөлі

Іс-шаралар жоспарын жасасуды кадрлар бөлімінің алдына қоятын мақсаттар мен міндеттерді айқындаудан бастауды ұсынамыз.

Ол үшін мақсат пен міндеттің арасындағы айырмашылықты қарайық.

Мақсат – адам немесе бір топ адам қол жеткізуге талпынатын нәрсе; қол жеткізуге бар күш салынатын қорытынды жағдай, нәтиже.

Әдетте, мақсат айқын тұжырымдалған болады және оның уақыт шеңбері бар – ол қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болуы мүмкін.

Міндет дегеніміз алдына қойған мақсатқа қол жеткізу үшін қажетті іс-әрекеттер.

Міндетті қажетті нәтижеге жетудегі кезеңдер деуге болады.

Мақсатқа жету үшін тиісті нәтижеге жетуге арналған міндеттерді сауатты жоспарлап, орындау қажет.

Кадрлар бөлімінің алдына қоятын мақсаттарды белгілейік:

1)    білікті мамандардың жаттыққан ұжымын қалыптастыру;

2)    қызметкерлердің кәсіби дағдыларын, тәжірибесін, жұмысқа қабілеттілігін, шығармашылық күш-қуатын тиімді пайдалану;

3)    еңбек және қызмет тәртібін  көтеру;

4)    еңбек заңнамасы бұзушылықтарының болмауы;

5)    кадрлар бөлімінің өнімді жұмысы.

Келесі қадам аталған мақсаттарға жетуге көмектесетін міндеттерді айқындау болады.

Дереккөз: «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы»

*Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2016 жылғы № 8 оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Чтобы обеспечить качество материалов и защитить авторские права редакции, многие статьи на нашем сайте находятся в закрытом доступе.
Предлагаем вам зарегистрирроваться и продолжить чтение. Это займет всего полторы минуты, а вы получите:
  • доступ к 8 500+ полезным статьям
  • 10 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль