text
Справочник кадровика

Жалпыға қолжетімді дефибрилляторларды орнату – жұмыс орнында өлімге ұшырау оқиғаларын болдырмаудың заманауи тәсілі

  • 11 августа 2016
  • 43
Автор журнала «Охрана труда. Казахстан», директор Общественного фонда «Ақ Жүрек»

Астанада 27-28 сәуір күндері өткен еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі көрме мен конференцияны біріктірген KIOSH 2016 VI Қазақстандық халықаралық форумында қоғамдық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тигізетін жаңа жабдықтар мен технологиялар көпшілік назарына ұсынылды. Жұмыскерлерді жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз ету проблемасын шешуге көмектесуге қабілетті экспонаттардың бірі жалпыға қолжетімді автоматты дефибриллятор болды, оның тұсаукесерін «Ақ Жүрек» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Бұл сұрақтың бәріне «Ақ Жүрек» қоғамдық қоры жауаптарды  «Әрбір секунд есепте! Жалпыға қолжетімді дефибриляция жөніндегі әлеуметтік мәні бар жобаға кіретін  «Жұмыс орнындағы қауіпсіздік» жобасының құрамдасын іске асыру шеңберінде табуға тырысады.  

            Қор өндірістік ұйымдар мен кәсіпорындар басшыларының назарын еңбектің қауіпсіз жағдайларын жасауға аудару бойынша белсенді жұмыс жүргізеді. Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша KIOSH 2016 VI Қазақстандық халықаралық конференция мен көрменің қарсаңында қор мамандары жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы көмек көрсету шараларын жүрек-өкпелік жан сақтауды бақылау функциясы бар жалпыға қолжетімді дефибрилляторды орнату арқылы  жетілдіру бойынша ұсынысы бар жүгіністі 200-ден астам ұйымға (жұмыскерлер саны 500 адамнан кем емес) жіберді.  Жүгініске ақпарат қоса берілді, оның негізінде шетелдік тәжірибені есепке алумен жұмыс орнындағы өліммен аяқталатын оқиғалардан сақтандыру шаралары мен проблеманың өзектілігі туралы түсінік алуға болады.

            Көрмеде қордың ұсынысын объективті көрсету үшін іс-шараларды ұйымдастырушы ITECA халықаралық компаниясы стенд ұсынды, онда көрменің барлық

делегаттары мен қатысушылары тек көріп қана қоймай, өздері де  ұжымдық қорғану құралы – жалпыға қолжетімді автоматты  дефибрилляторды пайдаланумен «зардап шегушіні» құтқаруға әрекеттеніп көру мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ қор өкілі конференция барысында баяндама жасады, оның негізгі мақсаты башыларды, мамандар мен мемлекеттік органдар өкілдерін отандық кәсіпорындардағы еңбек жағдайларын жақсарту және біздің азаматтардың жұмыс орнында өлімге душар болуын төмендету жұмысына тарту болды. 

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстанда еңбекті қорғау» журналының 2016 жылғы № 8 оқыңыздар (http://www.mcfr.kz/kadry-i-okhrana-truda/zhurnaly-i-knigi/journals/194/)

Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Чтобы обеспечить качество материалов и защитить авторские права редакции, многие статьи на нашем сайте находятся в закрытом доступе.
Предлагаем вам зарегистрирроваться и продолжить чтение. Это займет всего полторы минуты, а вы получите:
  • доступ к 8 500+ полезным статьям
  • 10 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль