text
Справочник кадровика

Цицеронның клиенттері

  • 11 августа 2016
  • 46
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрист, г. Алматы
Цицеронның клиенттері

Ғимарат биік қоршаумен қорғалған екен. Қақпаны қағып және күзетшіге өздерінің алыс жақтан Цицерон үшін жолдау алып келгенін түсіндірген саяхатшы қыздар ішке кіруге рұқсат алды.

Бүгін біз Ежелгі Римдегі шытырман еңбек қатынастарымен танысуды ұсынамыз.  Қазақстандық заңнама шын мәнінде рим заңына негізделген. Сонымен қатар оның өзінің ерекшелігі бар (әсіресе, еңбек құқығы аспектісінде). Ал, енді, бірнеше айырмашылықты тауып көріңдерші.

Мәңгі қаланың тамыздағы ыстығы жерді және ауаны шыдай алмайтын жағдайда дейін қыздырды. Ақ колонналармен қоршалған үйлер, және алыстан көрініп тұрған Колизей бұлдыр сағымда буланып, дірілдеп тұрған секілді. Легатқа қожайынның тапсырмасымен жіберілген азат етілген Фарнак, бір сәтке беліне байланған күбіден су ішіп алуға тоқтады. Ол зәйтүн майын сататын дүңгіршектің қасында тұрған. Түскі ыстықтан дүкенде сатып алушылар жоқ. Фарнак рақаттана суық суды ішті де, бір сәтке көзін жұмды.

Ал, көзін ашқанда қасында екі жас қыз тұр, киімдеріне қарағанда патрицийлер тегінен. Олар жан-жағына жалтақтап қарап тұрды.

Азат етілген құл аузын ашып қарап: «Бір минут бұрын бұл көшеде ешкім болған жоқ еді! Бұлар қайдан шықты – аспаннан салбырап түсті ме?! Бәлкім, басымнан күн өткен шығар», – деп ойлады.

Қыздар өте оғаш көрінді. Олар қарапайым Рим әйелдері сияқты емес. Біреуі сары шашты, галл әйелдеріне ұқсайды; екіншісі қара шашты, қысық көздері бар, азиялық болу керек.

Ақ шаштысы Фарнактан:

– Құрметті Цицеронның үйі қай жерде? – деп сұрады.

Фарнак қолын сілтеп жақын жерде тұрған биік ғимаратқа көрсетті, ал өзі тез жүріп кетті, өйткені ақсүйек қызбен сөйлескені үшін оны жазалауы мүмкін. Бақытына орай айналасында ешкім болмады.

Ал, қыздар әйгілі рим шешенінің үйіне қарай  жүрді.

Ғимарат биік қоршаумен қорғалған екен. Қақпаны қағып және күзетшіге өздерінің алыс жақтан Цицерон үшін жолдау алып келгенін түсіндірген саяхатшы қыздар ішке кіруге рұқсат алды.

Сенатор Цицеронның сол кезде атағы дүркіреп тұрған еді. Ол қонақжайлылықтың діңгегі болған, тамаша үйде тұрды.

Қызметшілер қыздарды қонақ бөлмесіне шығарып салып, оларға жемістер мен сусындарды ұсынды. Бір кезде үйдің қожайыны да келді. Ол сенатордың аппақ киімін киіп шығып, өзінің қонақтарына қызығушылықпен қарады.

Олеся мен Айнұрда оған таңырқап қарап тұрды, риторика өнерінде есімі әйгілі қайраткерді білдіретін адаммен күнде кездесе бермейсің ғой!

– Қандай көмегім керек еді, қымбатты бойжеткендер? – деп сұрады Цицерон.

Айнұрға қарағанда Олеся латынша жақсы сөйлеуші еді, сондықтан ол үйдің иесіне қандай мақсатпен келгенін хабарлап, Аэций сенатордың жолдауын ұсынды. Жолдауда Аэций Цицероннан қыздарды сотта сөз сөйлеу негіздеріне үйретуді өтінген. Хатта қыздардың галл көсемдерінің және селевкид әміршісінің ақсүйек туыстары болып табылатыны, сондықтан бұл өтініш Рим Республикасының тікелей мүдделеріне байланысты екені жазылған.

Жолдауды оқыған соң Цицерон ойланып: ...

Дереккөз: «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы»

*Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2016 жылғы № 8 оқыңыздар 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Чтобы обеспечить качество материалов и защитить авторские права редакции, многие статьи на нашем сайте находятся в закрытом доступе.
Предлагаем вам зарегистрирроваться и продолжить чтение. Это займет всего полторы минуты, а вы получите:
  • доступ к 8 500+ полезным статьям
  • 10 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль