Жұмыскерді еңбек демалысынан кері шақыртып алғанда өтемақыны есептеу және төлеу

134
Жұмыскерді еңбек демалысынан кері шақыртып алғанда өтемақыны есептеу және төлеу
Садуева Гульжан Сайлаубековна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», магистр юридических наук, директор Института профессиональных экспертов и криминалистов Республики Казахстан, профессиональный бухгалтер
Жұмыскерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алған кезде демалыстың пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына, жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.

Жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысының ең аз ұзақтығы ҚР ЕК 88-бабында айқындалған және кемінде 24 күнтізбелік күнді құрайды. Сонымен бірге құқықтың осы нормасы жұмыс берушіге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы үшін жұмыскерлерге көбірек күнтізбелік күндер беруге рұқсат береді.  Алайда құқықтың осы нормасын, егер жұмыс берушінің бұл шешімі (жұмыскердің келісімі болғанда) еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің өзге актілерінде көрсетілгенде ғана қолдануға мүмкін болып табылады.

Жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын беру уақыты, сондай-ақ оны пайдалану мерзімділігі тараптардың келісімімен жұмыс беруші мен жұмыскер арасында жүзеге асырылады. Бұл демалыс бөліктерге бөлінуі мүмкін. Бұл орайда міндетті шарт ретінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының бір бөлігі жұмыскердің еңбек шартында көзделген демалыс ұзақтығының күнтізбелік екі аптасынан кем болмауға тиіс. Бұл норма 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді және жұмыскермен бірге жұмыс берушіге де міндетті болып табылады (ҚР ЕК 92-бабы).

Жұмыскердің тынығуына, жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына және жұмыскердің өзге де жеке қажеттіліктеріне арналған еңбек демалысын толық пайдалануы мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасы жұмыс берушінің міндеттеріне жұмыскерге төлемақы төлеу жатады. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына төлейтін сома тұрмыста «демалыс төлемақысы» деп аталады.

ҚР ЕК 92-бабының 4-тармағына сәйкес, жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу – ол басталғанға дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал еңбек демалысы демалыстар кестесінен тыс берілген жағдайда, ол берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Жоғарыда айтылғаннан Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын бергенде төлемақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері айқын регламенттелгені көрінеді.

Заңмен белгіленген мерзімдерді бұзу жұмыс берушіні әкімшілік жауаптылыққа тартуға алып келеді. Мысалы, егер жұмыскерге жұмыс беруші тарапынан жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы 2016 жылғы 16 мамырдан берілсе, онда жұмыс беруші оған:

  • еңбек демалыстары кестесіне сәйкес– еңбек демалысы басталғанға дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей, яғни 12.05.2016;
  • демалыстар кестесінен тыс берілсе – еңбек демалысы ол берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, яғни 18.05.2016. еңбек төлемақысын жүзеге асыруға тиіс.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасында жоғарыда көрсетілген нормалармен қатар жұмыскерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алуды регламенттейтін құқық нормасы көзделеді (ҚР ЕК 95-бабы). Бұл ретті ҚР ЕК 95-бабының 1-тармағына сәйкес, жұмыс беруші өндірістік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана үзуі мүмкін.

Бұл ретті кері шақыртып алуға байланысты жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша:

  • ағымдағы жұмыс жылы ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез келген уақытта беріледі;
  • не келесі жұмыс жылының жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына қосылады;
  • жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алған кезде еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.

ҚР ЕК 1-бабы 1-тармағының 69) тармақшасына сәйкес, өтемақы төлемдері жұмыстың ерекше режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысынан айырылуына, жұмыскерлерге еңбек міндеттерін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауына байланысты шығындарды өтеуге байланысты ақшалай төлемдер, сондай-ақ жұмыскерлерді немесе еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге адамдарды кәсіптік даярлаумен, қайта даярлаумен және біліктілігін арттырумен байланысты төлемдер болып табылады.

Тиісінше, жұмыскерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алған кезде демалыстың пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына, жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі (ҚР ЕК 95-бабының 3-тармағы).

ҚР ЕК 87-бабының 2-тармағына сәйкес, жұмыс беруші жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын келесі шарттарды сақтаумен беруге міндетті:

  • еңбек демалысын кемінде күнтізбелік 24 күн болатын белгілі бір күнге беру (ҚР ЕК 88-бабы);
  • еңбек демалысы кезеңіне жұмыскердің жұмыс орнын (лауазымын) сақтау;
  • жұмыскердің еңбек демалысы кезеңіне оған орташа жалақысын (еңбек демалысы төлемақысын) төлеу.

Жалақының орташа көлемін есептеу Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларының 7-тармағына сәйкес,  қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есептеледі.

Өз кезегінде, орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларының 8-тармағына сәйкес, барлық жағдайларда орташа күндік (сағаттық) жалақы есеп айырысу кезеңде есептелген жалақы сомасын есеп айырысу кезеңдегі жұмыс күндерінің (сағаттарының) санына бөлу жолымен айқындалады.

Қаралатын мәселеде оқиға кезеңі жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы болып табылады.

Демек, осы оқиғадағы есептік кезең еңбек демалысының алдындағы күнтізбелік 12 ай ұзақтығы бар кезең, немесе жұмыскер жұмыс берушіде күнтізбелік 12 айдан кем істесе, жұмыскер нақты істеген уақыты болып табылады.

Өз кезегінде, күнтізбелік ай деп, белгілі бір күндер санын қамтитын белгілі бір атауы бар кезең болып табылады. Атап айтқанда, күнтізбелік ай 1-не 28-не (29-на) дейінгі кезең болып белгіленетін ақпан айын қоспағанда, тиісті айдың 1-нен 30-на немесе 31-не дейінгі кезең.

Осылайша, еңбек төлемақысын есептеу үшін, келесі іс-шараларды жүзеге асыру тиіс: ...

*Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Кадрлар және іс қағаздарын жүргізу. Сұрақтар мен жауаптар» журналының 2016 жылғы № 7 оқыңыздар 

Сондай-ақ келесі сұрақтардың жауаптарын оқыңыздар:

  • Құрылтайшы ауысқанда жұмыс істейтін қызметкерлердің алдында ЖШС қандай міндеттемелері туындайды?
  • Жеке және ұжымдық материалдық жауапкершіліктің айырмашылықтары қандай және соңғысы қандай жағдайда орын алады?
  • Заңгер өзінің кәсіби қызметін жүргізу ретінде істейтін жұмыспен қоса атқара ала ма?
  • Жарты мөлшерлеме бойынша жұмыс туралы бұйрықты қалай дұрыс ресімдеу керек?
  • Жұмыс берушілерге еңбек шарттарында долларға немесе еуроға сілтеме жасай отырып, жалақыны индекстеу тәртібі туралы шартты жазуға бола ма?
  • Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес, зейнетақыны есептеу тәртібі қандай?
  • Қадағалаушы кеңес мүшелеріне еңбек шартын қалай дұрыс ресімдеу керек?

Дереккөз: «Кадрлар және іс қағаздарын жүргізу. Сұрақтар мен жауаптар» журналы



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль