text
Справочник кадровика

Ауысымдық жұмыс режиміндегі уақытша алмастыру үшін ақы төлеу

  • 13 августа 2016
  • 193
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», магистр юридических наук, директор Института профессиональных экспертов и криминалистов Республики Казахстан, профессиональный бухгалтер
Ауысымдық жұмыс режиміндегі уақытша алмастыру үшін ақы төлеу

Cенбі және жексенбіге түсетін ауысымдық жұмыскердің жұмыс күндері жұмыс күндері болып табылады және бір есе мөлшерде төленуге жатады, бірақ, уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаны (алмастырғаны) үшін еңбекақыны қолдану арқылы.

ҚР ЕК 1-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, ауысымдық жұмыс - тәулік ішінде екі не үш немесе төрт жұмыс ауысымындағы жұмыс.

Ауысымдық жұмыс кезінде жұмыс ауысымының ұзақтығы, бір жұмыс ауысымынан екіншісіне өту ауысым кестелерімен белгіленеді. Өндірістік процестің ұзақтығы күнделікті жұмыстың жол берілетін ұзақтығынан асатын жағдайларда ауысымдық жұмыс белгіленуі мүмкін.

Бұл ретте жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс.

ҚР ЕК 75-бабының 1-тармағында, жұмыс уақытының жиынтық есебі үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде, цехтарда, учаскелерде және өндіріс (жұмыс) жағдайлары бойынша жұмыскерлердің осы санаты үшін белгіленген жұмыс уақытының күнделікті немесе апта сайынғы ұзақтығы сақталмайтын жұмыстардың кейбір түрлерінде қолданылатыны туралы айтылған.

Демек, ауысымдық жұмыс кезінде жұмыс уақытының жиынтық есебі жүргізіледі.

ҚР ЕК 1-бабы 1-тармағының 48) тармақшасына сәйкес, жұмыс уақытының жиынтық есебі – жұмыс беруші белгілеген есептік кезеңдегі жұмыс уақытын жинақтау жолымен есептелген жұмыс уақытының есебі.

Оның шегінде жұмыскерлердің осы санаты үшін белгіленген күнделікті және (немесе) апта сайынғы жұмыс уақыты ұзақтығының нормасы орташа алғанда сақталуға тиіс кезең жұмыс уақытының  жиынтық есебі кезіндегі есептік кезең деп танылады.

Кез келген, бірақ бір жылдан аспайтын күнтізбелік кезең немесе белгілі бір жұмысты орындау кезеңі жұмыс уақытының жиынтық есебі кезіндегі есептік кезең болуы мүмкін (ҚР ЕК 75- бабының 3- тармағы).

Жұмыс уақытының көлемі тиісті кезеңнің өндірістік күнтізбесіне сәйкес жұмыс уақытының теңгерімімен белгіленеді.

Жұмыс уақытын жиынтық есепке алу кезінде еңбекке ақы төлеу ауысымдық кесте (вахталар кестесі) бойынша нақты жұмыс істеген жұмыс сағаттарының саны бойынша жүргізіледі. Бұл ретте жалақыны есептеу тиісті күнтізбелік жылға арналған жұмыс уақыты балансына сәйкес тарифтік мөлшерлеме (лауазымдық айлықақы) және жұмыс уақытының айлық нормасы негізге алына отырып есептелген сағаттық тарифтік мөлшерлеме бойынша жүргізіледі (ҚР ЕК 10-бабының 2-тармағы).

ҚР ЕК 84-бабына сәйкес, жұмыс берушілердің міндетіне жұмыскерлерге апта сайын демалыс күндері беру кіреді.

Атап айтқанда:

  • бес күндік жұмыс аптасында жұмыскерлерге аптасына екі демалыс күні беріледі;
  • Үздіксіз өндірістерде немесе өндірістік-техникалық жағдайлар бойынша немесе халыққа ұдайы үздіксіз қызмет көрсету қажеттілігі салдарынан демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын өндірістерде істейтін, сондай-ақ вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлерге (жұмыскерлер тобына) демалыс күндері ауысымдық кестелерге (вахталар кестелеріне) сәйкес аптаның әр күндері кезекпен беріледі.

Алайда, өндірістік қажеттілік жағдайында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында жұмыс берушінің жұмыскерді оның демалыс күндері кезеңінде еңбекке тартуы көзделген.  

ҚР ЕК 109-бабына сәйкес, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде жүргізіледі...

*Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Кадрлар және іс қағаздарын жүргізу. Сұрақтар мен жауаптар» журналының 2016 жылғы № 8 оқыңыздар 

Сондай-ақ келесі сұрақтардың жауаптарын оқыңыздар:

  • Қандай нормативтік-құқықтық актілерде «ресми құжат» ұғымының анықтамасы кездеседі?
  • Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыскерлердің өз бетінше жұмысқа орналасуына арналған кәсіптердің тізбесі бар ма?
  • Жеңілдікті шарттармен зейнетақыны ресімдеген жұмыскер әйелмен (көп балалы анамен) жұмыс берушінің еңбек шартын бұзуға құқығы бар ма?
  • Кәсіподақ жұмыскерін-мүшесін кәсіподақ төрағасының келісімінсіз басқа жұмыс кестесіне ауыстыруға бола ма?
  • Жұмысқа қабылдағанда немесе жұмыскерді ауыстырғанда тағайындау немесе ауыстыру туралы бұйрықта Қазақстан Республикасының екі бабын көрсетуге бола ма?
  • Еңбек демалысы кезіндегі еңбекке жарамсыздығы: кадрлар бөлімі маманының бұдан кейінгі іс-әрекеттері қандай болмақ?
  • Университет түлегіне көтерме төлемақы тиесілі ме?

Дереккөз: «Кадрлар және іс қағаздарын жүргізу. Сұрақтар мен жауаптар» журналы

Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Чтобы обеспечить качество материалов и защитить авторские права редакции, многие статьи на нашем сайте находятся в закрытом доступе.
Предлагаем вам зарегистрирроваться и продолжить чтение. Это займет всего полторы минуты, а вы получите:
  • доступ к 8 500+ полезным статьям
  • 10 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль