Справочник кадровика. Казахстан

Офисте жұмыс істеген кезде еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық

19 июня 2019
148
Средний балл: 0 из 5

Офисте жұмыс істеген кезде еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықта қызметкерлерге, жұмыс орындарының эргономикасына, жабдықтарға және офистердің құрамына қойылатын қауіпсіздік талаптары айқындалған. Қызметін офистерде жүзеге асыратын компанияның және мердігер ұйымдардың жұмыскерлері нұсқаулықтың талаптарын орындауға міндетті.

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жалпы талаптары

1.1. Бұл нұсқаулықта әкімшілік қызметкерлері мен мамандары (бұдан әрі – Қызметкер) үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары айқындалған.

1.2. Қызметкер:

а) нормалардың, қағидалардың және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтардың талаптарын сақтауға;

б) әрбір өндірістік жарақат немесе жұмыскерлердің денсаулығына келген өзге де зақым, кәсіптік ауру (улану) белгілері туралы, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын жағдай туралы жұмыс берушіге немесе жұмыстарды ұйымдастырушыға тез арада хабарлауға;

в) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен міндетті мерзімді медициналық қарап-тексерулерден, сондай-ақ өзге де медициналық куәландырудан өтуге;

г) жұмыс берушінің талап етуімен жұмыс берушінің актісінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ басқа жұмысқа ауысқан кезде профилактикалық медициналық қарап-тексерулерден өтуге;

д) жұмыс берушіге мүгедектік белгіленгені туралы немесе еңбек міндеттерін жалғастыруға кедергі келтіретін өзге де денсаулық нашарлауы туралы хабарлауға;

е) жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарын мүлтіксіз қолдануға және мақсаты бойынша пайдалануға;

ж) мемлекеттік еңбек инспекторының, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың, ішкі бақылау мамандарының талаптарын және медициналық мекемелер жазып белгілеген емдеу және сауықтыру іс-шараларын орындауға;

и) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша оқытудан, нұсқамалықтан және білімін тексеруден жұмыс беруші айқындаған және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өтуге;

к) ішкі еңбек тәртіптемесі қағидаларын орындауға;

л) жеке гигиена қағидаларын сақтауға;

м) осы еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтың және лауазымдық міндеттерге сәйкес білу міндетті басқа да нұсқаулықтардың талаптарын орындауға;

н) кәсіпорынның өртке қарсы режимін сақтауға міндетті.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



1.3. Жұмысқа Қызметкер ретінде медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ тұлғалар жіберіледі.

1.4. Қайта келіп түсетін қызметкерлер белгіленген тәртіппен бекітілген кәсіпорын ерекшелігін ескере отырып, заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің негізінде әзірленген бағдарлама бойынша оқу орталығында кіріспе нұсқамалықтан өткеннен кейін ғана өз бетінше жұмыс істеуге жіберіледі.

ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ

Егер қызметкерлер дербес компьютерлерде жұмыс жасайтын болса, оларға кезеңдік медициналық тексеруден өту қажет пе?

Офис жұмыскерлеріне арналған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық
Альбина Третьякова эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрисконсульт, г. Алматы

1.5. Қызметкердің жұмысында мынадай қауіпті әрі зиянды өндірістік факторлар болуы мүмкін:

а) статикалық электрдің, жарық ағыны тербелісінің аса жоғары деңгейде болуы;
б) тұйықталуы адам денесі арқылы өтуі мүмкін электр тізбегіндегі (жарықтандыру құралдары, тұрмыстық техника, принтер, сканер және офистік техниканың өзге түрлері) кернеудің шамасының аса жоғарылығы;
в) зияткерлік, эмоциялық күш түсуі;
г) еңбектің бір сарындылығы, ұзаққа созылатын статикалық күш түсуі;
д) уақыт бірлігінде өңделетін көлемі үлкен ақпарат;
е) қимыл белсенділігі шектеулі, бір сарындылық болуы және көзге айтарлықтай күш түсуі мүмкін;
ж) микроклимат;
и) ұйымнан тыс (іссапарлар) қозғалатын машиналармен жұмыс, жол жабынының нашар күйде болуы (көктайғақ, кедір-бұдыр жол).

1.6. Санитариялық және гигиеналық нормалардың талаптары:

а) ауыз суды су ішетін кіші күбішелерден, су ішетін кіші бұрқақтардан немесе қанықтырғыштардан ішу;

б) арнайы жабдықталған үй-жайларда (бөлмелерде) тамақтану;

в) өндірістік және қызметтік үй-жайларда темекі шегуге жол берілмейді. Қоқыс жәшіктері немесе темекі тұқылдарына арналған ішінде суы бар бөшкелері болуы тиіс арнайы бөлінген орындарда ғана темекі шегуге рұқсат етіледі. Темекі шегуге бөлінген орындарда «Темекі шегетін орын» деген жазулар болуы тиіс;

г) киім ауыстыру және арнайы киімді тек арнайы үй-жайларда ғана сақтау;

д) ластануына қарай, бірақ айына екі реттен сиретпей арнайы киімді жуу;

е) өндірістік зиянды факторлардан жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарын қолдану (каска, демперде, көзілдірік, биялай-қолғап және т. б.).

1.7. Дербес компьютерлері бар үй-жайларда табиғи және жасанды жарық болуы тиіс.

1.8. Ауаның тозаңдылығымен күресу үшін ылғал шүберекпен тазалау және үй-жайды ұдайы желдету қажет.

1.9. Қызметкерлер қолданыстағы заңнамаға сәйкес Нұсқаулықтың талаптарын сақтауға, өздерінің кінәсінен болған өндірістік жарақаттану және апаттар үшін жауапкершілік атқарады.

1.10. Жұмыс беруші жұмыскерді жеке және (немесе) ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етпеген жағдайда және оның денсаулығыға немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде, қызметкердің тікелей басшыға немесе жұмыс берушіге жазбаша хабарлай отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға құқығы бар.

1.11. Қызметкердің жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаттамасы және ұйым аумағы, еңбек жағдайлары, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы, денсаулыққа зақым келтіру қауіп-қатері туралы, сондай-ақ оны зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғау шаралары туралы шынайы ақпарат алуға құқығы бар.

1.12. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі басшылықтың талаптарын, өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың бес тармағын орындау:

  • жұмыс орнына жақындауды тексер;
  • жұмыс орны мен жабдықты ретке келтіріп ұстау;
  • еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар және технологиялық карталар мен регламенттер бойынша жұмыс істеу;
  • өзінің және жолдасының қауіпсіздігінің қамын ойлау;
  • қауіпсіздік туралы ұмытпау.

1.13. Лаңкестік қызметтің алдын алу, сондай-ақ объектілерді лаңкестіктен қорғау және қауіпсіздікті сақтау мақсатында:

а) лаңкестікке қарсы қорғалу паспортының талаптарын сақтауға;

б) лаңкестіктің орын алу қаупінің белгілері болған кезде, күдікті заттар табылған кезде ІІД, ҰҚКД аумақтық органдарының кезекші бөлімдеріне (тел.: 62 - 00 - 65, 62 - 31 - 31), ІІМ (тел.: 102), ТЖМ (тел.: 112) хабарлау.

ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ

Кен өндіру өнеркәсібінің жұмыскерлерін ЖҚҚ-мен және арнайы киіммен қамтамасыз еткенде қай нормативтік құжатты басшылыққа алу керек?

Офис жұмыскерлеріне арналған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық
Жасулан Конисов эксперт электронной системы «ACTUALIS: Кадровое дело», автор статей журнала «Охрана труда. Казахстан», начальник отдела промышленной безопасности, охраны труда и окружающей среды АО «Tin One Mining», г. Алматы

Жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары

2.1. Асығыстықтың, соның салдарынан құлаудың және жарақаттану жағдайларының алдын алу үшін жұмысқа алдын ала келу, бұл ретте баспалдақпен жүгіріп шықпау және түспеу.

2.2. Қоршауларға және кездейсоқ заттарға отырмау және шынтақтамау.

2.3. Қауіпсіздік белгілеріне, белгілерге назар аудару және олардың талаптарын орындау.

2.4. Алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде жұмысқа кіріспеу.

2.5. Жұмыс орнының жарақтандырылуын тексеру, артық заттарды алып тастау .

2.6. Дербес компьютерді (ноутбукты) қосар алдында құрғақ шүберекпен (майлықпен) оның экранын және пернетақтасын шаңнан тазарту. Экранның биіктігі мен көлбеу бұрышын реттеу.

2.7. Креслоның биіктігін реттеу.

2.8. Жабдықтың ақаусыздығын тексеру.

2.9. Байқалған кемшіліктер мен ақаулар туралы тікелей басшыға тез арада хабарлау және ақаулар жойылғанға дейін және тікелей басшы рұқсат бергенге дейін жұмысқа кіріспеу.

Офис жұмыскерлеріне арналған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық

 Жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары

3.1. Қызметкер өзі оқытудан, еңбекті қорғау жөніндегі нұсқамалықтан өткен және тікелей басшы рұқсат берген жұмысты ғана орындауы керек.

3.2. Жұмыс уақытында жұмыс аймағын таза ұстау әрі тәртіп сақтау, оны ластамау қажет. Мерзімді түрде үстелді керексіз қағаздардан, папкалардан босатып отыру керек және т. с. с.

3.3. Жұмыс орнында мыналарды орындамаған жөн:

а) креслода (үстелде) теңселу;

б) офис креслоларына және кез келген басқа да қозғалмалы жиһазға аяқпен тұру;

в) кеңсе заттарын, ұйымдастыру техникасын және басқа құралдарды мақсатынан тыс пайдалану;

г) ұйымдастыру техникасын және басқа электр құралдарын су қолмен ұстау;

д) электр құралдары мен техниканың қоректендіруші кабельдерін созу және бүгу;

е) ұйымдастыру техникасын және басқа да құралдарды бөлшектеу, оларды жөндеумен айналысу.

3.4. Электр энергиясының берілуінде үзілістер болған кезде барлық электр жабдығын электр желісінен ажырату қажет.

3.5. Ғимараттарда жүріп-тұрған кезде белгіленген өтетін жерлерді пайдалану, асықпау, аяғының астына қарау.

3.6. Көшеде жаяу жүріп-тұрған кезде жаяужолдарды пайдалану, Жаяу жүргіншілерге арналған жол қозғалысы қағидаларының талаптарын (https://vip-kadry.mcfr.kz/#/document/93/4135/dfas3aug6x/) сақтау.

3.7. Қызметтік көлікпен қозғалған уақытта көлік құралдарында жүріп-тұру қағидаларын сақтау, қауіпсіздік белдіктерін тағу, жүргізушінің көңілін бөлмеу.

3.8. Көлік құралдарын және жүретін бөліктің көрінуіне шектеу келтіретін басқа кедергілерді аралап шыққан кезде сақ болу.

3.9. Қолайсыз ауа райы жағдайларында (көктайғақ, қар жауу, тұман) ерекше сақ болу.

3.10. Дербес компьютермен жұмыс істеген кезде экран көз деңгейінен 5 градусқа төмен болуы тиіс және тегіс жазықтықта немесе операторға 15 градус көлбей орналасуы тиіс. Оператордың көзінен экранға дейінгі арақашықтық 60–80 см шегінде болуы керек.

3.11. Электр құралдарымен және ұйымдастыру техникасымен (дербес компьютерлер, принтерлер, сканерлер, көшіру аппараттары, факстар, тұрмыстық электр құралдары, жарықтандыру құралдары) жұмыс істеген уақытта офис жұмыскеріне мынаған рұқсат етілмейді:

а) қуат көзі қосулы болған кезде жүйе блогының артқы панеліне (процессордың) тиюге;
қуат көзі қосулы болған кезде шеткері құрылғылардың интерфейсті кабельдерінің ажыратқыштарын ауыстырып қосуға;
б) құрылғылардың жоғарғы панельдеріне қағаздар және бөгде заттар үюге;
жұмыс орнын қоқырсытуға;
в) белсенді тапсырманы орындау барысында қуат көзін ажыратуға;
г) жүйе блогының (процессордың), монитордың бетінің, пернетақтаның, дискжетектердің, принтерлердің және т. б. құрылғылардың жұмыс істейтін бетінің ылғалдануына жол беруге;
д) қатты суыған (қыс мезгілінде даладан әкелінген) жабдықты қосуға;
жабдықты өз бетінше ашуға және жөндеуге;
е) компьютерге вирус кіруін болдырмау үшін сапасы төмен және басқа ұйымдардың ауыстырмалы ақпарат жеткізгіштерін пайдалануға;
ж) ақаулы электр құралдарын және электр сымдары жүйесін пайдалануға;
и) қосулы жарықтандыру аппараттарын және электр шамдарын ластан және шаңнан тазартуға;
к) электр құралдарын өз бетінше жөндеуге;
л) электр сымдарын шегелерге, металл және ағаш заттарға ілуге, сымды ширатып орауға, сым мен бауларды су жүргізетін құбырлар мен жылу батареяларына айқастыруға, сымдарға әлдебір зат ілуге, розетка ашасын бауынан тартуға;
м) дербес компьютерді және жермен байланыстырылған құрылғыларды (жылу радиаторлары, су тартқыш шүмектер, құбырлар және т. с. с.) бір мезгілде ұстауға, сондай-ақ электр құрылғыларының, аппараттар мен аспаптардың (розеткалар, патрондар, ауыстырып қосқыштар, сақтандырғыштар) электр сымдарын, оқшауланбаған және қоршалмаған ток өткізгіш бөліктерін ұстауға;
н) қолдан жасалған электрқыздырғыш құралдар мен ашық шиыршықты электр құралдарын пайдалануға;
п) еденде жатқан, тасымалданатын электр сымдарын басуға рұқсат етілмейді.

3.12. Электр энергиясының берілуінде үзіліс болған кезде және жұмыс орнынан кетерде жабдықты өшіру.

ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ

Ұйымда мемлекеттік өрт сөндіру инспекторына ұсыну үшін қандай құжаттар болуы қажет?

 Апатты жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары

4.1. Қуат беру сымдарының үзілгені анықталған, жерге қосуда ақау және электр жабдығының басқа зақымдары энергиясының берілуінде, бөгде дыбыстар (шу), ыстың иісі пайда болған барлық жағдайларда тез арада қуат көзін ажыратып, тікелей басшыға апатты жағдай туралы хабарлау. Ақаулар толық жойылғанға дейін жұмысқа кіріспеу!

4.2. Жабдық жанған кезде қуат көзін ажыратып, бастапқы өрт сөндіру құралдарымен өрт ошағын сөндіру шараларын қолдану, тікелей басшыға уақиға туралы хабарлау, қажет болған кезде 62 - 01, 101 телефоны арқылы өртке қарсы қызметті шақыру.

4.3. Апатты немесе төтенше жағдай, өз денсаулығына немесе айналадағы адамдардың денсаулығына қауіп туындағанда, қауіпті аймақтан кету, апаттың жайылуына кедергі болатын шаралар қолдану және тікелей басшыға қауіп туралы хабарлау.

4.4. Жарақаттанған, уланған және кенеттен ауырып қалған кезде ең бірінші кезекте зардап шеккен адамды жарақаттау факторынан босатып, тікелей жұмыс басшысына хабарлап, медициналық көмек шақыру, зардап шеккен адамға дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету.

4.5. Егер адамдардың өміріне немесе жабдықта, механизмдерде, ғимараттар мен құрылыстарда апат болу қаупін төндірмесе, әкімшілік алдағы уақыттағы әрекеттер туралы өкім бергенге дейін жазатайым оқиға болған жердегі ахуалдың сақталуын қамтамасыз ету.

4.6. Өрттің алғашқы белгілері (түтіннің иісі, жалынның жарығы) анықталған кезде әрбір жұмыс істеуші адам:

  • тез арада 62 - 01 телефоны арқылы өрттен қорғау қызметін шақыруға;
  • бөлімше басшысына өрт туралы хабарлауға;
  • адамдарды көшіруді және материалдық құндылықтарды аман сақтауды ұйымдастыруға;
  • өрттің басталу кезеңінде бастапқы өрт сөндіру құралдарымен өрт сөндіру шараларын қолдануға; үй-жай түтінге толып, өрт ошағы көрінбеген жағдайда, үй-жайдың терезелері мен есіктерін мықтап жауып, қауіпті аймақтан кету қажет;
  • өрт болған үй-жайды тоқтан ажыратуға;
  • өрт бөлімшелерін қарсы алып, өрт болған жерді, сондай-ақ кәсіпорын аумағындағы сыртқы су көздерінің және өрт гидранттарының орналасқан жерін көрсетуге міндетті.

ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ

Егер экономист немесе бухгалтер дербес компьютерде жұмыс істесе, бұл олардың еңбек жағдайлары зиянды екенін білдіре ме және осы жағдайларды еңбек шартында қалай көрсетуге болады?

 Жұмыс аяқталған соң еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары

5.1. Жұмыс орнын ретке келтіру.

5.2. Ұйымдастыру техникасын және басқа электр жабдығын өшіру.

5.3. Жұмыс уақытындағы барлық ақаулар мен кемшіліктер туралы тікелей басшыға хабарлау.

5.4. Ауысымдық жұмыс кезінде жұмыс орнын ауысым бойынша жұмысқа жарамды күйінде өткізу.

5.5. Қажет болған кезде арнайы киім мен аяқкиімді шаңсыздандыру.

5.6. Душ бөлмесіне өтіп, қол мен бетті жылы сумен сабындап жуу, душқа түсу.

5.7. Арнайы киімді арнайы осы мақсатқа арналған шағын шкафқа ілу.

5.8. Ғимараттан, үй-жайдан шыққан кезде қызметкер қозғалып бара жатқан көлік жоқ екеніне көз жеткізуге, жаяужолдармен және жаяу жүргінші жолымен жүруге міндетті.

 

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау» 

 

 

logo
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ ВОЙТИ ЧЕРЕЗ СОЦСЕТИ
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ ВОЙТИ ЧЕРЕЗ СОЦСЕТИ
Зарегистрироваться