Визит карточкасы – қазіргі кездегі іскер адамның міндетті белгісі

293
Визит карточкасы – қазіргі кездегі іскер адамның міндетті белгісі
Кокымбеков Еркин Даулетович
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», бизнес-тренер, г. Алматы
Іскерлік ортадағы визит карточкасының негізгі міндеті – өкілдік және ақпараттық функцияларды орындау. Сондай-ақ бұл тиімді және қымбат емес жарнама нысаны.

Біздің заманда визит карточкасы іскер адамның міндетті белгісі болып табылады. Ол мамандар немесе бизнес-құрылымдар арасындағы коммуникациялық байланыс орнату процесінде, ресми келіссөз, кездесулер өткізгенде және т.с.с.таптырмайтын құрал.

Дәл сол визит карточкасы, сіздің кім екеніңізді және немен айналысатыныңызды айтып, кез келген басқа құжаттан да артық, сіздің оппонентіңізге сіз туралы қысқаша дербес ақпарат беруі мүмкін.

Осы мақалада визитка деп аталатын визит карточкасы іскер адамдардың өмірінде қандай рөл атқаратыны, сондай-ақ оны ресімдеу және әзірлеудің кейбір жалпы қабылданған қағидалары туралы ақпарат береміз.

Бірнеше жыл бұрын елімізде көптеген менеджерлер өздерінің әріптестеріне визит карточкаларын бере алмайтын. Бүгін жағдай түбегейлі өзгерді. Егер әйгілі мәтелді заманға лайықты өзгертсе, онда: «Киіміне ғана емес, визиткасына қарап қарсы алады», – болар еді.

Іскерлік ортадағы визит карточкасының негізгі міндеті (фр. la carte de visite, ағылш.business card) – өкілдік және ақпараттық функцияларды орындау. Сондай-ақ бұл тиімді және қымбат емес жарнама нысаны.

Визит карточкасы таныстыру болғанда қажет: қабылдау, конференциялар, тұсаукесулер, көрмелер, фестивальдар барысында; сондай-ақ ол саяхат кезінде қажет болады. Кейбір елдерде, мысалы Жапония мен Кореяда, визит карточкасына жеке тұлғаның куәлігі ретінде қарайды.

Визитканы сырттай байланыс құралы ретінде пайдалану мүмкін:

  • жеке немесе қызметтік хат алмасуда;
  • ұсыным ретінде;
  • танысу, шақыру, құттықтау ретінде;
  • сыйлықтармен, сувенирлермен бірге жіберу үшін және т.с.с.

Сонымен қатар визит карточкасына жалықтырмайтын және байсалды таныстық нысаны ретінде қарауға болады,  өйткені визитканы беру сіздің әріптесіңізді алдағы уақытта байланысты жалғастыру міндетті болып табылатын жағдайда қалдырмайды; оған жай ғана осы мекеменің және нақты лауазымды тұлғаның болғаны туралы ақпараттандырады.

Тарихи анықтама

«Визитка» сөзі «бару» дегенді білдіретін, француздық visite сөзінен шыққан.

Алғашқы визиткалар пайда болған елдің атағы үшін Франция, Германия және Қытай таласып жүр.  

Дүниежүзі тарихының мектеп курсынан моңғол шапқыншылығы кезінде хабаршыларда, елшілер мен ханның құзырындағы басқа да адамдарда ерекше оқиғалар кезінде қазіргі кездегі визит карточкасының прототипіне жатқызатын арнайы тақтайшалары болған.

Францияда визит карточкасының белгі ретінде пайда болуы Людовик XIV басқару кезеңіне жатады. «Күн патшасы» сарайында визитка ең алдымен зиялы қауым өкілдері арасында таратылған. 

Осы тарихи кезеңде неміс студенттерінде өзіндік бір салт қалыптасқан: демалысқа кеткенде мұғалімдеріне түрлі-түсті миниатюралар – өзінің қолы қойылған және берген күні жазылған ата-тегінің елтаңбасын қалдырған.

Қытайда визит карточкаларын Аспан асты елінде соңғы бірнеше жүзжылдықта қолданылады деп санайды. 

Ресейге алғашқы визит карточкалары Франциядан келген, бұл Екатерина II билік еткен дәуірде болған. Ол кезде визит карточкаларын визит билеттері деп атайтын, ал визитка деп арнайы сапарларға тігілген еркектердің немесе әйелдердің көйлегін айтатын.

Революцияның басында патшалық Ресейде визит карточкаларына деген қызығушылық едәуір сөнді.

Қазақстанда алғашқы визиткалар қашан пайда болғаны белгісіз, бірақ, олар өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында белсенді түрде қолданды.

Визит карточкаларының түрлері

Визит карточкаларының үш негізгі түрі бар: корпоративтік, іскерлік және жеке.

Корпоративтік визит карточкаларында...

Дереккөз: «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу» журналы

*Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу» журналының 2016 жылғы № 8 оқыңыздар 



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль